Тарих | Аңырақай шайқасының маңызы

Өткен мен бүгіннің арасындағы терең тағылымды төл тарихымыз күннен-күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігімен азаттығы үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батырлардың ғажайып ерлігі барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті.
Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымызды терең ойға шомдырған бір құбылыс – еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі – Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы алып қашпа пікірлер, кейбір жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар туғызатынын байқап жүрміз. Мәселенің анығына көз жеткізу бұрынғы және шаң басқан архив құжаттары негізіндегі жаңа мәліметтерді сыни көзбен қарап, сараптауды талап етеді.
Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес. Тарихтан белгілі, 1723-1727 жылдары «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ел тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген жантүршігерлік қасірет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының көзін ашты, батырларының тізесін қосты. Тек қана халықтың қорғаныс мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға жол ашатынын байқатты. Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ. ....
Рефераттар
Толық

Тәуекел Мүслім (1988 жылы 9 желтоқсан)

Тәуекел Мүслім (1988 жылы желтоқсанның 9 жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген.) – әнші, тележүргізуші және актер. Кішкентай кезінен Тәуекел спортқа жақын болған. Әрқашан футбол ойнағанды жақсы көрген, тіпті футболист болу оның бала кезгі арманы болған. Сонымен қатар жүзумен және күреспен айналысқан. Әртурлі спорттармен айналыса Тәуекел өзінің формасын сақтауға тырысқан. Алматы қаласындағы №140 мектеп-гимназиясын бітірген соң анасы Тәуекелге шарт қойды: өз күшімен грантқа түсу немесе әскерге бару. Тәуекел түндерін кітаптармен өткізіп, нәтижесінде емтиханды жақсы тапсырып институтқа түсті. Тәуекел Мүслім машина жасау мамандығын бітіріп «инженер-механик» мамандығын алған. Студенттік жылдары тек қызықты кездер ғана емес, өмірінің маңызды кезеңі болған. Себебі,Тәуекел өнер саласында өзін сынап көргісі келді. Бастапқыда модель болып, кейіннен жарнамаларға түсті. «Махаббатым жүрегімде» телесериалында басты рөлді сомдап, қазір Хабар телеарнасындағы «Жаңа күн» бағдарламасының жүргізушісі. Сонымен қатар,Тәукелді әншілік жағынан тануға болады. Өкінішке орай, әкесі оның өнер саласындағы жетістіктерін көре алмады. Тәуекел Мүслім әкесінен 22 жасында айырылды.
Түсірілімнен қолы босамай жүретін сері биылғы жазды демалысқа, жеке өміріне арнаған сыңайлы.
“Шынымды айтсам, дəл қазір алдыңғы маусымдағыдай қыруар жұмыс жоқ. Түсірілімдер азайып, өзіме, отбасыма, достарыма көңіл бөлудемін. Жуырда жаңа отандық комедияға түстім. Бірақ, басты рөлде емес, қосалқы кейіпкер образын сомдадым.
“Сырт келбеті үшін басты рөлді сомдаған” деп кінə артқыш жандарға бұл үлкен жаңалық болмақ»,-дейді актер.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Химия | Аминолиттік ферменттер


Организмде байқалатын барлық тіршілік белгілерін оның ішкі ортасында жүріп жатқан сан қилы реакциялардың тікелей нәтижесі деп қарауға болады. Бұл реакциялардың тіршілік қимылына сәйкес жылдамдықпен жүріп отыруы фермент арқылы жүзеге асады, яғни фермент дегеніміз – организмде барлық химиялық реакциялардың жылдамдығын, бағытын және оның сипатын реттеп отыратын биологиялық катализатор. Алғашында фермент ашытқыдан табылғандықтан, латын тіліндегі – «fermentum» - ашытқы деген сөзден шыққан.
Ферменттік реакцияларда бейорганикалық катализатордың ерекшеліктері бар, олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие:
1) энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдейді.
2) Реакцияның тепе-теңдігін немесе тепе-теңдік константасын өзгертпейді, тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады.
3) Реакцияның бағытын өзгерпейді
4) Реакцияның соңғы өніміне айналмайды, яғни реакцияның бас-аяғанда өзінің санын және сапасын өзгертпейді.
Фермент субстратпен әрекеттескенде тұтас молекуласымен емес, үшіншілік құрылымдағы белгілі бір аймақ арқылы әрекетескенде ферменттің активті орталығы пайда болады. Осы активті орталық арқылы фермент өз субстратын таниды және катализдейді. Активті орталық бір-біріне сәйкес отырып, қызмет атқаратын 2 аймақтан тұрады. Оның бірі-субстраттық аймақ, ал екіншісі катализдік аймақ.
Субстраттық аймақ - өз субстратын тану, онымен байланысу қызметін атқарса, ал катализдік аймақ химиялық реакцияның сипатын анықтайды.
Ферменттің активті орталығы пашпептид тізбектеріндегі амин қышқылының функционалды топтарынан құралады. Оған бос – СООН және –NH2 тобы, аргиннің гуанидин тобы, триптофанның индол сақинасы, гистидиннің имидазои сақинасы, серин мен теориннің – он тобы, меотиннің тиоэфир тобы, фенилаланиннің ароматты сақинасы, цисттеиннің тио топтары қатысуы мүмкін. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қала экологиясы


“Менің уәделерім ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер”, деді Пре¬зидент. Халқына қаратып айтылған аталы сөз осындай болмақшы.
Елімізде шағын және орта бизнесті да¬мы¬¬тып жатырмыз, шын мәніндегі халықтық капитализмге бет бұрдық дейміз; тәуелсіздік алғалы бері шетел инвестициясы¬нан елімізге қырық миллиард доллардан астам қаржы бұлағы бұрылды дейміз; кешірім жасалған көлеңкелі бизнестен жарты миллиард доллар қайтып оралып, ел игілігіне жұмыс істей бастады дейміз; ішкі жалпы өнім жылма-жыл жоғарылап, көңіл көншітеді дейміз. Әлемдік экономикада Қазақстан моделі өз алдына отау тікті. Білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде бюджеттен орасан мол қаржы босатылды. Ауыл шаруашылығына бөлінген дотация көлемі де айтарлықтай. Ендеше, елде қиын жүріп жатқан реформалар, атап айтсақ, білім және ғылым, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, жерге жекеменшік, осылардың баспалдақтап көтерілу динамикасы көңілге орасан зор қуаныш шуағын құяды.
Осының мәнісін көп ойландым.
Бюджет халықтың маңдай тері мен табан ақысынан құралады. Оның үстіне шетелге шығып жатқан қазба байлықтарымыздың қарымтасынан толады. Енді осы екеуінен бас құрап, қазынамызды толтырған ырзық-несібені көздің қарашығындай сақтап, сыбайлас жемқорлардың апан аузынан арашалап алып қалу – мәселенің бергі жағы, ал сол қомақты қаржыны халықтың бүгінгі тоқшылығы үшін, ертеңгі болашағы үшін орнымен жұмсай білу – ыждаһатты есепқойлықты қажет етеді.
Осы жерде хакім Абайдың сөзі еске оралады. Азаматтарымыздың “…көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады”, – дейді. Осындағы байлаулылық сөзінде терең мән жатыр. Байлаулылық көбіне білімге, зеректікке келеді. Сол білімді, сол зейін, зеректікті қажет жеріне жұмсамай, жанып жүріп шаруа тындырмай, көштің соңынан еріп, жұрт жүрген жолды шаңдатып жөңкіле беру бәрімізге сын болмақшы. Атымыздың басын ұлы көштің бас жағына түзейікші, деді Президент өз Жолдауында.
Өз басым Президенттің әуел бастан екі мінезін ұнатамын, құлай құптаймын.
Бірінші мінезі – нені ойға алса да екі¬ұш¬ты сөйлемей, екіұдай жүрмей, екі жаққа жалтақтамай, сүйейсалды қылмай, жанып жүріп істейтіні. Жанып жүріп істеген іс әрдайым оңынан бітеді. Президент туралы жазылған бірді-екілі көркем шығармаларды, дерекке табан тіреген очерк кітаптарын оқып шыққанда, санаға сап ете қалатын ой – Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі бала жастан маңдай терін тамшылатып, бейнеттің от-жалынында қайнап піскендігі. Жастайы¬нан ауыр жұмыстан бойын тартпай өскен¬дігі. ....
Рефераттар
Толық

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған Автор: Малика Хадид Қазақстандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин режимі өзіне қалай әсер еткенін айтты. Төрт қабырғаға қамалған әнші шектеу шаралары салдарынан күйзеліске түскенін мойындады. Әрдайым гастрольдік сапарларда жарқырап жүретін өнер иесі үй шаруасының күйбең тіршілігіне үйренісе алмай жатқан көрінеді деп жазады nur.kz "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Мадина Сәдуақасова шығармашылығы тоқтап, күнделікті үй шаруасымен айналысамын деп күйзеліске ұшыраған. Ол карантин уақытында түңіліп жүргенін жасырмай айтты. ...
Жаңалықтар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу

КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуi объективтi түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етедi. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндiрiс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелi түрде қамтамасыз етiп отыр. Ақпарат қазiргi кезде Коммерциялық стратегиялық ресурстың бiр түрiне айналды, және де ол айрықша тауар ретiнде жалпы Коммерциялық өнiмнiң айрылмас бөлiгi бола тұра, ақпараттық өнiмдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектiсiнiң қызмет етуi мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңiстiкте жариялау арқылы, оны қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиiмдi әсерлесуiн қамтамасыз ететiн ғылымға негiзделген ақпараттық технологиялардың көмегiмен басқаруға мүмкiндiк бередi.
Көптеген кәсiпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлiк секiлдi сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететiн бағалы ресурс ретiнде қарастырады. Өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi басқаруға қажеттi ақпарат алу мақсатында кәсiпорын бухгалтерлiк ақпараттық жүйесiн құрады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Эстетикалық тәрбие әдістемесі

Жаратылысында өнерге бай, әдебиеті мен мәдениетін тең өрбіткен қазақ халқы сонау VІІ-VІII ғасырлардағы Қорқыт атаның қобыз үндерінен өмір нәрін танып, өркендеп, қаншама қиын замандарда да өшпей, өзгермей сақталып, қайта заман ағымымен астасып өсіп келеді.
Қазақ тарихындағы улы ойшыл тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж.) әйгілі шығармаларының бірі "Музыканың үлкен кітабы" атты еңбегінің мәдениет өркениетіне айқын жол салғанын аңғарамыз. Ғұлама ғалым бұл еңбегінде математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспейміз. Күні бүгін Отырар музейінде осы домбыраның жұрнағы сақтаулы. Ал, бұған дейін қазақ халқында домбыраға ұқсаған екі ішекті аспап болуы мүмкін. Толық музыкалық дыбыс беретін домбыра әл-Фараби қолымен жасалған.
Әл-Фараби бұл кітабында музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байпанысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған.
Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде әл-Фараби музыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Әл-Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. ....
Рефераттар
Толық

Халықаралық қатынастар | Солтүстік Корея ядролық дағдарысын шешу мәселесі

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Кеңес Одағының және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастардың бүкіл тұтас жүйесі құлауымен байланысты әлемдік саясатта ғаламдық өзгерістер орын алды.
Биполярлы жүйе құлауымен байланысты әлемдік екі саяси жүйе арасында әскери және қарулы күштер саласындағы жарыс тоқтатындай көрінді. Алайда, биполярлы жүйелен кейін жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің алуан түрлілігіне орай геосаяси қарама-қайшылықтың орнады. Сол себепті халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери және қарулы күштер қолданылмайтын жаңа дәуір басталды деп айту қате тұжырым. Халықаралық қатынастардың жаңа заманға өтпелі кезеңінде ядролық қарудың жаңа әскери-саяси жағдайдағы ролін анықтау маңызды мәселеге айналды. Оның себебі, қазіргі ғаламдану жағдайындағы әлем мемлекеттердің арасындағы бұрынғыдай идеологиялық емес, өркениеттік діл және дін қарама-қайшылығының өсуі, дамушы мемлекеттерде тұрақсыздықтың орын алуы. Бүгінгі заманда мемлекетте ядролық қарудың бар болуы ғана емес, сол мемлекеттердің ядролық қару жасауға ниеттелуінің өзі де үлкен мәнге ие болып отыр. Бұл мәселенің жарқын мысалы ретінде КХДР-дың ядролық бағдарламасына байланысты туындаған 2002-2003 жылдары қалыптасқан халықаралық қатынастардың тұрақсыздық жағдайы бола алады. Алайда КХДР-да қалыптасқан тоталитарлық тәртіп пен сыртқы дүниеге жабық саясатын жүргізу саясатына байланысты бұл мемлекеттің ядролық қару жасау мүмкіндігі мен нақты жоспарлары бүгінде анық белгісіз күйінде қалып отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ

Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделеріне қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы – реттеуші ықпалын тигізетін әлеуметті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір-бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.
Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі

Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесінде сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түмсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысымен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелермен зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі аңықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымның дамуына игі әсерін тигізбейді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Мұхаммед Хайдар Дулати

Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.

Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін тқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.

Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.

Күншығыс әдебиетінің іргелі салаларын ақтарып отырсаңыз, Мұхаммед-Хайдардың кім болғаны, оның адамшылық тұлғасы көз алдыңызда суреттеліп, бұл кісіде сол кездегі Мір Әлішер Науаи, Бабыр сияқты Орта Азия көлемінен шыққан атақты данышпан, ғалым жазушылардың бірі екенін көресіз. Бұл кісінің сәулетті даңқын дүние жүзіне әлпештеп таратқан, әсіресе, оның парсы тілінде жазылған “Тарихи Рашиди” деген кітабы болды. Бұл кітап бүгінде барлық мәдениетті елдердің тіліне аударылып, мәңгі өшпейтін дүние жүзілік әдебиет мұрасының бірі болып отыр. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

1953 жылғы наурызда әміршіл - әкімшіл жүйесінің идеологы, КСРО басшысы И.В.Сталин қайтыс болды. Осы жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, куғын -сүргін ұйымдастырушысы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л.П.Берия барлық лауазымдық қызметкерлігінен босатылып, атылды. Осылай Кеңес Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік дәуірі аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенінен, оларға мұраға қалған әміршіл-әкім жүйе жойылмады. 1953 жыл шілде, қыркүйек айларында болған КОКП орталық Комитетінің пленумында әміршіл жүйеге байланысты біраз мәселелер көтерілді.
Бұл мәселенің барлығы КОКП XX съезінің басты тақырыптарының бірі болды. Съезде мемлекет басшысы Н.СХрущев кеке адамның басына табынудың жай-жоспары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И.В.Сталин мен Н.Ежовтың, Л.Берияиың заңға кайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасалған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғаны, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені де туралы да айтылды. Съезде «жеке адамға табыну және осының салдары туралы қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды.
Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н.С.Хрущев орны жайлы ештеңе де айтылмады. Мемлекет басшылығының осыдан кейінгі саясаты да дұрыс жүргізілмеді. Мемлексттік дәрежедегі көптеген мәселелер тек қана бірнеше адамның касында болды. Одақтас республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Н.С.Хрущев кезінде соңы пікір айтқандар қуғындала бастады. М.С.Хрушев басқарған кездеде биократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП – ның ХХІ съезінде Н.Хрущев социализмнің толық жеңгені, еиді коммунизимге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтылды. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды. ....
Рефераттар
Толық

Сәбира Майқанова (1914 - 1994)

Сәбира Майқанова (1 қаңтар 1914, Сырдария ауданы – 14 ақпан 1994, Алматы қаласы) – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі.
Өмірбаяны
1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты.
1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Ойнаған рөлдері
Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В.М. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»), Толғанай (Ш.Айтматов, «Ана - Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И.П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар образын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Актерлік өнері қызуқандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Майқанова классикалық туындылар бойынша Ж.Б.Фрозина (Мольер, «Сараң»), Мария Антоновна (Н.В. Гоголь, «Ревизор»), Кабаниха мен Галчиханы (А.Н. Островский «Найзағай» мен «Жазықсыз жапа шеккендер»), А.П. Чехов, («Сүйікті менің ағатайымында» («Ваня ағайында») Марина, Көклән мен Мөржан, Мамық Майлин, «Майдан» (Әуезов, «Қарақыпшақ Қобыландысы» мен «Қарагөзінде») т.б. рөлдерін ойнады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Экономика | Ақша нарығы

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж.М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.
Монитаристердің кейнсшілерден өзгешелігі сол, олардың пікірінше, ақша көлемін артуы нақтылы өндіріс пен іске тартуға тікелей әсер етпейді, тек ғана жалпы баға өзгерістеріне алып келеді.
Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.
Сонымен ұлғаймалы ақша саясаты қысқа мерзімдік өндірістің ұлғаюына, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жеткізгенімен түбінде өндірістің тоқырауы мен жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келеді. Сондықтан да монетаристер ақша айналымы мен мөлшерін реттеудің дискреттік (үзілмелі) саясатының орнына ақша эмиссиясын шектеу саясатын ұсынады. Мұның мәні ұзақ мерзімдік өндіріс динамикасының тенденциясын ақша көлемі мен ақшаның айналу жылдамдығын ескере отырып, ақша мөлшерінің қарқынын тұрақты реттеу саясаты.
Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар құрылымының сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Тұрақты баға деңгейімен үйлестірілген жалақыға сенімнің артуы шаруашылық ұйымдарына экономикалық негізді және тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
Жаңа классиктердің орталық идеяларының бірі экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, экономикалық процестерді өз беттерінше болжай алады және үйлесімді шешімдер қабылдайды. Экономикалық обьектілер баға денгейінің болашағын болжай отырып, ағымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бұл жерде тұтынушылар пайдалылықты ұлғайтуға тырысады. Әрине, экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді әр қилы бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Мысалы, өндірушілер бағалардың жалпы өсуін нақты тауарға сұраныстың артуы деп түсініп, тауарлар ұсынысын көбейтуі мүмкін. Бұл қателік жаппай сипат алса, белгілі бір мерзімнен кейін жалпы ұсыныс, жалпы сұраныстан артып кетеді. Ал мұның өзі құбылысқа айналса, өндірістің қысқаруына алып келеді.....
Рефераттар
Толық

Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы қоғамды зерттеу барысында қалыптасқан дәстүрлер негізінде өрбіді. Ежелгі грек және ежелгі шығыс ойшылдарының еңбектерінде жалпы философиялық мәселелермен бірге қоғамның тууы мен мәні, оның ұйымдасуы мен дамуы туралы мәселелер қарастырылады. Ежелгі оқымыстылар шынайы қоғамға тән сипаттамаларды анықтап қана қоймай,әлеуметтік процестерді “улгілеу” принциптерін қалыптастыруға негіз қалап , жекеленген әлеуметтік фактілер мен процестерге, қоғам құрылысына, адамдар, әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы байланыстар мен қатынастарға нақты эмпирикалық талдау жасауға тырысты.
Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіндік зерттеу әдістерін әкелді.
Социологияның ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасында француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет “Социология” терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер,
К. Маркс, Э. Дюркгейм, М. Вебер және т.б.) мен Американың
(А. Смолл, Дж. Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс және т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.
Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О. Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түрінде түсінік береді, оның ойынша, бұл білімнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалпыдан өзіндік ерекшелікке қарапайым дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, -өзінің алдыңғысының алғы шарт ретінде есептейтін – жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады.
Онда негізгі ғылымдардың иерархиясы төмендегіше көрінеді: математика, астрономия, физика, химия, биология (соңғы терминде- О.Конттың үлесі) және социология.
Берілген сызбадан көрінетіндей, социология басқа да ғылымдардың заңдарына негізделеді. Конт социологияның өзіндік, бұл заңдардың түрін өзгертеріндей және индивидтердің бір-біріне өзара әсерінен шығатындай қасиеті бар екендігіне айрықша мән береді. Бұл өзара әсер адамзат қауымында әр ұрпақтың келесісіне өтуі нәтижесіенде күрделене түседі.
Осылайша, социология ғылыми білімнің дамуын қорытындылай отырып, қай кезде де өмір сүрген нысандардың ең күрделісін зерттейді. Мұндай нысан қоғам және индивидтердің бір-біріне әсері болып табылады.
Қоғам жағдайы лайықты әсер еткенде ғана адам өзін жеке тұлға ретінде таниды. Адамның қоғамда бірнеше әлеуметтік ұстанымы болады , оның әрқайсысының белгілі бір құқығы, міндеттері болады, ол мәртебе (статус) деп аталады. Қоғамда алған әлеуметтік мәртебесіне сәйкес, адам қоғамда әлеуметтік роль атқарады. Роль дегеніміз- адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық. Әр мәртебеге бірнеше роль енеді. Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы деп аталады.
Белгілі бір әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған рольдер мен мәртебелердің ірі бірлестігі әлеуметтік институттар (отбасы, дін, білім беру, экономикалық , саяси жүйелер және т.б.) деп аталады. Арнайы институттар (латынша –institutum-нұсқама, мекеме) мен ұйымдар құра отырып, қоғам сол арқылы өзінің өмір сүруінің маңызды салалары мен мәселелерін әлеуметтік өзара қарым- қатынас түрлерін нақтылап, бекітеді, оны берілген қоғамның әр мүшесі үшін тұрақты және міндетті етеді.....
Рефераттар
Толық

Философиядағы адам проблемасы

Философиядағы орталық проблемасы адам болып табылады.
Адам туралы ілімді немесе деп атайды.
Адам проблемасы философия тарихында.Бұл мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып келеді.Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік проблемасын қарастырды.Оның ілімінің негізгі этикалық қағидасы:болды.
Будизмді өмір қайғы-қасіретке толы,алайда оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі де өзіне байланысты деп түсіндірілді.Аристотель адамды деп түсініп,адамның биік мақсаты –бақыт деп тұжырымдады.Бақыт пен жоғарғы игілік адамға тән,ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда,яғни белсенділіктің арқасында жетеді.Демек,жай ғана өмір сүрумен тынбау керек,себебі өсімдіктер де тіршілік етеді,ал сана белсенділігі – адамға тән мақсат.
Материалдық игіліктердің молдығы өз-өзінен бақыт жасай алмайды,ал олардың жоқтығы бақыттың беделін әбден түсіруі де ықтимал.
Ортағасырлық томизм ілімінде кез-келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің дұрыстығы айтылды:еркек пен әйелдің одағы,бала өсіріп-тәрбиелеу –игілік,өйткені табиғат заңдылығы солай.рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп,ақиқатқа ұмтылу жазылған.
Ренессанс дәуірінің 15-17 ғғ.гуманистік қозғалысында ізгіліктің тағдырдан биік тұратыны тұжырымдалады.
.(Гуманист,философ математик,сәулетші Л.Альберти).....
Рефераттар
Толық

Экология | Арал проблемасы бүкіл дүние жүзі халықтарын алаңдатуда

Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.
Арал - Қазақстан жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 - 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м - ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз - Өзбекстан жағында қалды. ....
Рефераттар
Толық

Табиғатты тиімді пайдалану жолдары

Әсіресе адам өмір сүріп отырған биосфераға тікелей әсерін тигізіп, жер бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи қалпын өзгертуде. Соның нәтижесінде жер шарының барлық жерінде табиғаттың құрамдасы: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар, адамдар зардап шегуде. Міне осы өзекті проблеманы шешуде уақыт талабы педагогиканың алдына адам бойындағы табиғатқа деген, мәдениетті, жанашырдық көзқарасты, адамгершілік қатынастарын қалыптастыруды қойып отыр.
Экологиялық білім беруді дамыту педагогика ғылымының басты бағыты. Оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруда химия, биология, география пәндерінің зор мүмкіндігі бар, себебі бұл пәндер ғаламшардағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға да шақырады.
Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, реферат жазып қорғау, дебат, т.б. Мысалы, «Су және тіршілік», «Биосфера және адам», «Темекі соты», т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында төменгі, орта буындарда іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырып бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Табиғатына, отанына, еліне деген сүйіспеншілік сезімін, жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өзін табиғаттың бір бөлшегі екендігіне, табиғатпен өте тығыз байланыста екендігіне көз жеткізу. Оқушылардың іскерлік, іздену, құзырлылық қабілеттерін дамыту, білім алуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты мультимедиа кабинетінде «Табиғат» атты журналдың «Ауа — газдар қоспасы» тақырыпты нөмірімен таныстыру деп алып, сабақ барысында мүғалімнің жетекшілігімен журналдың әр бетіндегі қызықты ақпараттармен жұмыс істету. Сабақты «Оқы, оқы және оқы!» деген шабыттандыратын ұранмен бастадық. ....
Рефераттар
Толық

Дене шынықтыру | Дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасы жүйесінде ұлттық ойындардың атқаратын орны мен мәні

Қазақтардың ойындарында ежелгі заманнан келе жатқан тастан, ағаштан, аң сүйектерінен, кейін металлдан жасалынған құралдар қолданатын. Кең дамыған халықаралық қарым-қатынастар ойын-сауықтың жаңа түрлерін тудырып, жалпы мәдени бойын көтереді.
Ғасырлар бойы балалар мен жастарды ерте жасынан ұлттық ойындарымен тәрбиелеу, қоғамдағы қарым-қатынасқа, қоршаған айналаға дұрыс қатынасу қалыптасуына әсер етті. Қазақтардың өңегелік-этникалық сұраныстарына сәйкес бозбала жасында күнделікті қоғам өмірінде қарқынды қатынасу тәрбиеленетін.
Қазақтардың салт-дәстүрі бойынша, бозбала тәрбиесімен ерлер айналысатын. Ұлдар ойындарында үлкендерге ұқсасып, олардың шаруашылық әрекеттерін жасайтын, ал қыздардын ойындарында тұрмыстық және отбасылық қатынастар көрінетін.
Көшпенді мал шаруашылығының өмірі жанжақты денелік дамуды қажет етті. Сондықтан ұлттық ойындар ереже түрінде ойнап тұрып өзінің іскерлігі мен күшің көрсетіп, өте ырықты болды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ПРОЦЕСТЕРI АРАСЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСIМДIЛIКТIҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

КIРIСПЕ
Қазiргi кезенде тәрбиенiң ықпал жасау өрiсi кеңейе түсуде. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтiк өмiрге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық - тарихи тәжiрбенi ңрету процесi.
Тәрбие жайында осы уақыта дейiн әр түрлi теориялар мен пiкiрлер айтылып келедi. Тәрбиесiн ересек адамдардың балаларға ықпал жасау деп түсiндiрушiлер де бар. Бұл жағдайда бала пассивтi объект түрiнде қарастырылады. Ол педагогикалық процестiң субъектiсi бола алмайды, яғни, өздiгiнен ойланып, белсендi iс - әрекет жасау рөлiн атқармайды.
Тәрбие баланың өздiгiнен табиғи және еркiн дамуы үшiн жасалатын жағдай деп анықтама берушiлер де кездеседi. Кейбiреулер тәрбиенi практикалық тұрғыдан бiр жақты жалаң тәжiрибеге сүйенiп түсiндiредi. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейiмдейдi, өзiнiң күнiн көруге пайдасы бар бiлiмдi, iскерлiктi және дағдыны меңгеруi қажет дейдi. Тәрбие жайында К.Д. Ушинский: “… мектеп, тәрбиешi және ұстаздар – адамның тiптi жалқыз ғана тәрбиешiлерi емес, оның сонша күштi, ал мүмкiн және әлдеқайда күштi тәрбиешiлерi: табиқат, үйелмен, қоғам, халық … және оның тiлi болады,” - дейдi.
“Тәрбие” терминiн әрдайым тар мақанада “тәрбиешi тәрбиелейдi, кең мақынада өмiр тәрбиелейдi” деп қолданады. Тәрбие - көптiң iсi. Сондықтан тәрбие мәселелерiмен кәсiп - одақ ұйымдары, еңбек ұжымдары, әлеуметтiк орта, мектеп пен ата - ана, бүкiл жұртшылық болып айналысады.
Тәрбие арқылы және адамның дүниеге ғылыми - материалистiк көзқарасы, мiнез - құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттерi қалыптасады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968)

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы «Рабочий и театр» журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы «Музыка әліппесі» атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокальдік сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар.....
Рефераттар
Толық

Бибігүл Төлегенова Ахметқызы (1929 жылы 16 желтоқсан)

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Өмірбаяны
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.

Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.
1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.
1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.
Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сүлеймен Баязитов | Араб тілінен енген сөздер

Алла

Осы сөзбен бесігіңде таныстың,

Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.

Мейіріміне бөленген сан мұсылман,

Аллаға сен дей алмайсың, алыспын.

Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,

Әлимсақтан әжетіңе жараттың.

Әміріне бір Алланың бойсұнып,

Жазираға ілімін де тараттың.

Осы өлең өріміне өрілген,

Біршама сөз

Бізде қырға керілген.

Арабтардан

Тарағаны дау тудырмас тегінде,

Деген ойға

Ертелі- кеш берілем. .....
Әңгімелер
Толық

Менеджмент | АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУ

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.
Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1 (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы:Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
4.4 Грамматикалық нормалар және сауатты жазу.
1.4.4.1 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады
4.5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану.
1.4.5.1 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Мұғалімнің көмегімен дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Жай сөйлемді жазуда бас әріптерді қолданады.
Көбі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады.
Кейбірі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде өзі ескеріп отырады. Өзі жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Орта Азия мемлекеттерінің интеграциялық күш жігері

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық – инфлияцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сандай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, Ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.
«Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады».
Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдері мен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдері мен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі патенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.
Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.
Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе
жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік
молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді.
Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар
пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер
тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді
мақсат етіп қойды.
Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса
олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы
жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,
жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік
проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы
көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5
процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5
процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай.
Қазіргі уақытта жер шарында ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру үшін бар-жоғы бір миллиардқа жуық гектар жер
аумағы пайдаланылады. Ал, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне
жарамды жердің жалпы әлемдік қоры 10,5 миллиардқа жуық
гектарды құрайды. Өз кезінде К. А. Тимирязев айтып кеткендей,
егер планета бойынша адамдардың саны мұхит кеңістігіне ағаш
салып өмір сүретіндей жағдайға жетсе де, біздің жеріміз соның
барлық адамдарын қоректендіруге қауқары жетеді.
Бұл үшін тиісті әлеуметтік-эканомикалық және саяси жағдай
керек. Жаппай қарулануды тоқтату, көптеген елдердің
экономикалық және техникалық артта қалуын жою, аграрлық
экономиканы реформалау және басқа жаңғыруларды жүргізу
мәселені шешуде ерекше рөл атқарады.
Азық-түлік жағдайын түпкілікті жақсартпай, нарықтық
тегерішті игеру жөніндегі жұмыстарды бір арнаға түсіру тіпті
мүмкін емес. Егер өмір барған сайын қиындай берсе, ал халық
қарны тойып тамақ ішпей, қайыршылығын қоймаса, ең тартымды
және көңілге қуаныш ұялатады деген бағдарламаның өзі қолдау
таппай құрдымға кетеді.....
Рефераттар
Толық

Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері

Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарға пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалап қолданатынын жете түсінуге болады. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейі мен сараптау схемасынан келіп, шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология сияқты жиі өзгертіп тұрған емес. Қазіргі күнде академик Б.М.Кедров ұсынған сарап әдісі қабылданған. Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. Ұсынылған схема шындарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық ғылымдар қонақтаған- үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған міндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының біріне бұрып отырады.
Психологияның жалпы ғылым білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу обьекті- адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп байланыстыру.
Психологияның аталған ғылымдық 3 бұрышымен байланысының мазмұндық сипаты қандай?
Психологияның негізгі міндеті Психологиялық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы обьектив дүниенің адам шыңында қалай бейнелейтіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психологиялық қызметтің дамуы мен жеке адамның қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психологияның обьектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың, адамның обьектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің обьектив жағдайларымен байланысып қалмастан оның субьектив мезеттерімен де қатынаста болады. ....
Рефераттар
Толық

Бекарыс Шойбеков

Бекарыс Шойбеков – айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері
Бекарыс Ақсақалұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстарының бас жүлдегері атанған елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын.

Ол 1976 жылдың 14-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп оны 1997 жылы тәмәмдайды. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Педагогика | Ата ана мен бала арасындагы қүқыкгық қатынас

Ата-аналар мен балалардың арасындагы құқыкгық қатынастардың пайда болуынын негізі балалардың белгіленген заң тәртібімен куәландырылған белгілі бір әке мен шешеден туатындағы болып табылады. "Неке және отбасы туралы" Заңда балалардың туу тегін куәландырудың бірнеше әдістері (түрлері) қарастырылған.
Алғашқы дәстүрлі және неғүрлым кең тараған тәсіл бір-бірімен некеде тұратын ата-аналардан туған балалардың тегін анықтау болып табылады.
"Неке және отбасы туралы" Заңнын 46-бабына сәйкес бір бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бүл некеден туған бала азаматтық хал актілерін жазу органында әкесі мен шешесінің біреуі неке туралы куәлігін көрсетіп, өтініш беруі бойынша солардың атына жазылады деген сөз. Некелі әйелден туған баланың әкесі сол әйелдің күйеуі болып табылады.
Бала неке бұзылган, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап, немесе бала анасының жұбайы қайтыс болғаннан кейінгі екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабы, 2-тармағы).
Некесіз туылған баланың тегін куәландыруды реттейтін бұрынғы қолданылып жүрген заңдар іс жүзінде әкелікті белгілеуге қатысты мәселелерді ғана шешіп келген еді.
Жаңа заң, сонымен бірге, баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) белгілеу тәртібін де негіздеп берді. "Неке және отбасы туралы" Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзгі де айғақтардың, негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді. Баланың анасы жағынан тегін белгілеу бала некеде тұрғаң адамдардан туылған жағдайда да, немесе ол некесіз туылған жағдайда да қолданылады. ....
Рефераттар
Толық