Тұрсынбек Қабатов карантин кезінде қайырымдылық жасауды қолға алды.

Карантин уақытында халық үйге қамалды. Ал, жомарт жандар қолынан келген көмекті жасап, қайырымдылықпен айналысуда. Әсіресе, өнер жұлдыздары бұдан қалыс қалар емес. Олардың ішінде Тұрсынбек Қабатов бар.
Жаңалықтар
Толық

Әдебиет | Абайдың М.Ю.Лермонтов өлеңдерін аудару шеберлігі

Лермонтов Михаил Юрьевич (1814- 1841) - орыстың ұлы ақыны. Оның лирикалық поэзияны дамытудағы еңбегі қандай зор болса, көркем прозаны дамытудағы еңбегі соншалық зор. Ол дастанның қандай тамаша үлгілерін туғызған десек, драмалық шығармалары жайында да осыны айта аламыз. Бұдан Лермонтов талантының өзгеше қыры айқын танылады. Және сол дәуірдегі орыс әдебиетінің ерекшелігі аңғарылады; Лермонтов өлеңді жас кезінде Москва университетінің пансионында оқып жургенде жаза бастаған болатын. Осы кезде және университетте оқыған уақытында Лермонтов 300-дей өлең, 16 поэма, 3 драмалық шығарма жазған. Петербургте, одан кейін Кавказда жүргенде жазған шығармалары өз алдына. Жазғандары сонша көп болса да, ақын 1840 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағына бар болғаны 26 өлеңін кіргізді. Лермонтов өз заманындағы әлеуметтік өмірдің түбегейлі, өзекті мәселелерін қозғап, шығармаларын халық мүддесімен, арман-тілегімен терең қабыстырды.
Лермонтов – Пушкиннен кейінгі дәуірдің енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.Лермонтовтың поэзия әлеміндегі алғашқы барлау есепті, 16-17 жасында жазған өлеңдеріне көз салсақ, солардың өзі-ақ алдымызға ақын поэзиясының өзегі – аласұрып алып-ұшқан ой-қиял, өмірді өлең талдау, зерлеу, іздену, сыншылдық, әрекет-күреске құмарлық екенін жайып салғандай. Ерте есейген жас Лермонтовтың өлеңдерін оқыған адам тұтқиялдан ой-қиялдың соншалықты сарқылмас қызық дүниесіне кіргендей болады. Ұшқыр қиял – Лермонтов поэзиясының рухы, жаны секілді.
Абай Лермонтовты тек оқып, өлеңдерін аударумен ғана шектелген жоқ. Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше еді. Ол орыс ақынын жанындай жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімделе ден қойған Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, өзіне туыстас сезінген адамы Лермонтов еді. Абай ұлы ақынның , тіпті сол кездегі орыс қауымының тілек- талабын, мұңын ұға алды. Ол мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лермонтовтың ыза- кегі, наразылығы орыс халқының, езілген қауымның кегін, наразылығын танытатын, оның қайғы- мұңы, қалуынан ел мұңы, халық мұңы көрінетінін сезінді. “ Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен “, “ мыңмен жалғыз алысқан “ ақын өзі де ашу- кекті, ызаны “ жалын мен оттан жаралған” жырларына нәр еткендей еді. Лермонтов ол “ерекше ызаның ақыны махаббаты ашумен уланған ақын” деп, өте-мөте іш тартып, жақын көрді.
Абайдың Лермонтовтан дәлме- дәл, өте жақын аударған өлеңдерінен орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Абай аударып қазақ арасына кең таратқан Лермонтов шығармалары қатарында “ Ой “, “Қанжар “, “ Жартас “, “ Жалау “ , “ Теректің сыйы “, “ Күнді уақыт итеріп “ , “ Өзіңе сенбе жас ойшыл “, “ Асау той, тентек жиын опыр- топыр, “, “ Тұтқындағы батыр “ сияқты бірнеше өлең бар. Абай “ Бородиноны “ да аударған. Абай орыс ақынның өлең- жырларын ғана аударып қойған жоқ, сонымен бірге дастандарын, прозалық шығармаларын аударуға да баса көңіл бөлді ....
Рефераттар
Толық

Қасым Аманжолов (Тамара)

Дарьялдың тар қуысы түнек жұтқан,
Ең түбін үңгіп Терек алабұртқан;
Бір ескі бар мұнара сол арада
Үстінде қара жартас қарауытқан.
Әрі тар, әрі биік бүл мұнара.
Тамара патша ханым тұрған дара.
Ғажайып сұлу бопты періштедей......
Өлеңдер
Толық

Тарих | Аристотель

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғыцлымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін келіп жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.Мазмұны [жасыр]
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі. ....
Рефераттар
Толық

Фармацевтикалық этика

Ең алғаш «этика»сөзін ежелгі грек философы Аристотель қолданған, ол мемлекет (саясат) пен жан (психология) туралы ілімдердің аралығынан орын алатын, адам мінез-құлқының жақсы әрекеттерін (ерліктік,сабырлылық және т.б)оқып-танитын ғылым. Фармацевтикалық этика- ол фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен,науқаспен,әріптестерімен, өзге топ адамдарымен (медициналық қызметкерлер, тексеруші орган қызметкерлері және т.б)қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы.
Ең алғаш Ресейде кәсіби этиканың талаптары 1789ж. Дәріханашылар уставында сипатын таба бастады. Онда былай делінген: « Дәріханашы, мейірімді, өз міндетіне берік ұстанатын адал, ары таза, әр нәрсені ақылға пайымдайтын, тәні сау азамат. Халық игілігі үшін қызмет етуге дайын тұлға».Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ),Халықаралық фармацевттер одағының ( FIP) және қайырымдылық пен адамгершілік қағидаларын ұстана отырып, сондай-ақ, фармацевтикалық қызметкерлердің қоғам алдындағы атқаратын қызметтері үшін өнегелі жауапкершілік пен жоғары рольдің тұрғанын сезіне отырып, Ресей фармацевтикалық ассоциациясы 1995жылы Ресей фармацевтінің этикалық кодексін қабылдады. Кодекс 12 баптан тұрады және онда фармацевтикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің басты мақсаты, шарттары және ұстанымдары сипатталған, солардың негізгілері төмендегідей: Әрбір адамның жынысына, жасына, нәсіліне, ұлттық тегіне, әлеуметтік мәртебесіне, діни және саяси сеніміне қарамастан оның өмірін қорғау және кәсіби парызы мен этикасының талаптарына сай қызмет атқару;Кәсіби деңгейін жоғары ұстау;Аурулар мен дәрігерлерді дәрілердің құндылығы туралы хабардар ету, дәрілік көмектің сапасына жауап беру;Кәсіби тәуелсіздігі;Дәрілік заттарды таңдауда,тағайындауда және қолдануда көмек көрсету; Әріптестерімен жақсы қарым-қатынаста болу; Мамандыққа баулыған ұстаздарға құрмет көрсету,алғыс білдіру;Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі;Таңдаған мамандығы бойынша алған білімі мен қызметтік жағдайларында сәйкессіздіктің туындауы; ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі

Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздаңы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ

Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден кдшкдн", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Құқықтың пайда болуы және ұғымы

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау-дамай осы күні де жалғасуда. Американың ірі этнографы Л.Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам» деп аталатын еңбегінде, Ф.Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғаш¬қы қауымдық кұрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ, олардың пікірлері қазіргі тарихи-құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынада бағалануда.
Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормаларымен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Тарих ғылымдарының жеткен жетістіктеріне талдау жа¬сап қарасақ алғашқы адамдарының ара қатынастары арнайы нормалармен реттеліп отырды. Ол қандай нормалар? Тарихи-құқықтық әдебиеттерде бұл мәселе туралы екі пікір қалыптасқан. Бірінші пікір бойынша алғашқы қауымда қалыптасқан қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелген. Әдет-ғұрып деп әрбір этностық тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет-ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тарихи-құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өмірді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Кейбір ғалымдар алғашқы қауымдық құрылыс қалыптастырған мононорма туралы қатаң сын-пікір білдіріп, оны жоққа шығарып, мынандай тұжырым білдіреді: «Мононормалар, былайша айтқанда алғашқы қауымдық қоғамда әр түрлі әлеуметтік реттеу нормаларына бөлінбеген және ажырамаған нормалар — ғылыми қиял, ғалымдардың фантазиясы, ақиқатқа жататындық емес». ....
Рефераттар
Толық

Экология | Биотикалық факторлар

Биотикалық фактор дегеніміз даралар мен популяциялар арасындағы өзар әсерлердің түрлері. Биотикалық факторлардың екі тобы белгілі: түршілік (гомотиптік, грек тілінен аударғанда homois - бірдей) және тұрарлық (гетеротиптік, грек тілінен аударғанда heteros - әр түрлі).
Гомотиптік реакциялар бір түрдің дараларының арасында байқалады. Гомотиптік реакциялардың ішінен экологиялық маңызды түрлеріне топ пен масса, түршілік бәсекелестік эффектісін атауға болады.
Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез – құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері.
Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді.
Көптеген жануарлардың түрлері тек үлкен топқа біріккенде ғана қалыпты дамиды. Мысалы, африка пілдерінің өмір сүруі үшін үйірде 25 дарадан кем болмауы керек, ал солтүстік бұғыларының өнімділігі жоғары үйірлері 300 - 400 дарадан кем емес. Топтанып өмір сүру жануарларлың азығын іздеуі мен табуын, жауларынан қорғауын оңайлатады. Қасқырлар үйірі ірі жануарларға шабуыл жасайды, ал жеке даралар мұны жасай алмайды. Бірқазандардың үйіріне балықтарды таяз суға айдап ұстау оңай.
Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабылетін артуына әкелектін физиологиялық процесстердің тиімділігін «топтық эффект» деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психо-физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы, қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді. Жалғыз қыстайтын жарқанаттардың зат алмасу деңгейі, колониямен салыстырғанда жоғары болады. Бұл энергияны көп жоғалтуға, нәтижеде өліммен де аяқталуы мүмкін. Көптеген жануарлардың топтан тыс өнімділігі іске аспайды. Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды.
Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштер қалыпты шамадан ауытқиды. Мысалы, құлақты кірпілерді топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134 %-ға оттегін көп ....
Рефераттар
Толық

Құқықтану | Алдын ала тергеу мен анықтаудың ара қатынасы

Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Дербес компьютерлер туралы жалпы мәліметтер

Ғылыми - техникалық прогресс әртүрлі есептеу машиналарын құруға себеп болды. Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, макро-ЭЕМ-дерге және дербес комьпютерлерге (ДК) бөлінеді.
Үлкен ЭЕМ - дер – бұл өте қуатты компьютерлер, олар
ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ - дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ - дер қызмет көрсетуі мен құрал - жабдықтарының құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.
Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет.
Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, програмалық қамтамассыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Микро ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборатория да жеткілікті.
Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайданушылар деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білу қажет емес. Кәдімгі ДК көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90 - жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділігі жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер саны әрекетінің барлық салаларына қолданылады.....
Рефераттар
Толық

Семей ядролық полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн-ға жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлумет қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. ....
Рефераттар
Толық

Ақпараттық технология - нәтижелі білім берудің көзі

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуына және осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басылымдылықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.
Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында.......
Баяндамалар
Толық

тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Мүбәрәк болсын тойыңыз, Басында тұр қазақтың.
Мақпал болсын ойыңыз, Қатарында біз қалдық-
Зерек болып шәкірттер, Ойын-күлкі мазақтың.
Бәлент болсын бойыңыз! Дүниесін түзей бер!
Бұйырмаңыз айыпқа, ауыл алыс, Дін көңілді безей бер!
Болмады тойғы сояр қойыңыз. Атын естіп қорқамыз,
Қараңғы қасірет бұл күнде- Ақыретті дозақтың (61,73).

М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген, ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған» деп жазғанындай сол оянған ұлттық санаға серпін берушілердің қатарында Нарманбет те болды.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Зат есімнің көптік категориясы

Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар. Олар: көптік жалғау, тәуелдік, септік, жіктік жалғау. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өздеріне тән ерекше қызметтері бар.
Тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал, осы екі категория бірдей емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы- онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі.; лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады.
Сөз атаулының қай қайсысы болса да жалпыланған, жинақталған ұғымды білдіреді. Мысалы, ағаш, шөп, жылқы, ет, қазы деген әрбір сөз саралауға болатын біртектес көптеген заттарды жинақтай атап, жалпылама ұғымды білдіретін сөздердің өздері де біркелкі емес. Олардың ішінде ешқандай қосымша формаларсыө-ақ тұрып, тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер де бар. Мұндай сөздерге жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттары, ру, халық, ел аттары, әр қилы жәндіктер, аң аттары, өсімдік аттары, қоғамдық өмірдегі әр алуан әлеуметтік ұғымдардың аттары т.б. жатады.
Міне, көптік ұғымды осылайша сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға “менеджмент” деген тез енді.” Менеджмент” (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “манус” , яғни “қол,күш” дегенді білдіреді.
Күнделікті тұрмыста бұл сөз белгіл бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған шешім , әрекет-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен , менеджменттің тиімділігін және оның іс-әрекетін экономикалық табыстар,экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататын – қолда бар адам мен материалдар негізінде тиімді кәсіпорын құру.
Кәсіпорын – ең алдымен адамдар. Осыдан :менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен,менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымтастыру . Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды , олардың жұмысын жандандыруды , әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару , басшылық ету орган.
Екінші ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару. ....
Рефераттар
Толық

Жеті шелпек шарапаты

Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, ол үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.
– Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім енді құтқаратын болса, соны жұтып өлтіремін», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып, «сені құтқардым, жібере гөр» деп қанша жалынса да жылан көнбейді. Кенет жолаушы алыста келе жатқан отыз адамды көзі шалып қалады.
Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:
– Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп қолды бір сілтеп кетіп қалады.
Жылан жолаушыға жақындай түседі. Бейбақ:
– Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде тағы да бес кісінің сұлбасы көреді.
Жолаушы құтқар деп оларға жалынады.
– Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады.
Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір кішкентай бала келе қалады. ......
Кеңестер
Толық

Қазақ тілі | Дауысты дыбыс әріптерінің емілесі

1. Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында еш кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.
2. Дауысты дыбыс буын жасауға қағысады.
3. Дауысты дыбысқа екпін түседі.
4. Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, н, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
5. Дауысты дыбыс тіл, жак және еріннің қатысына қарай жуан - жіңішке, ашық - қысаң, еріндік - езулік болып жіктеледі.
Тілдің
қатысына қарай Жуан тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады а, о, ұ, ы, у
Жіңішке тілдің ұшы ілгері созылып жіңішкеруі арқылы жасалады ә, ө, ү, і, е, и, (у), э
Жақтың
қатысына қарай Ашық жақтың кең ашылуы арқылы жасалады а, ә, о, ө, е, э
Қысаң жақтың тар ашылуы арқылы жасалады ы, і, и, у, ү, ұ
Еріннің
қатысына қарай Еріндік еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады о, ө, ұ, ү, у
Езулік езудің кейін тартылуы арқылы жасалады а, ә, е, ы, і, и, э
6. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар үндестік заңы бойынша бірыңғай жуан не жіңішке болып келеді (бұлақты, келімсек т.б.). Қазақ тіліндегі өзге тілдерден енген біршама кірме сөздерде дауыстылар жуан-жіңішке болып араласып келе береді (кітап, компьютер т.б.).
Ескерту: ё, я, ю әріптері дауысты дыбыс қызметін атқарғанмен, дауысты дыбыс түрлеріне жіктелмейді. Себебі бұлар йо, па, йу қосарлы дыбыстарынан тұрады.
1. Л әрпі ж, ш мен й әріптерінің ортасында келгенде, э болып оқылады, бірақ а әрпі жазылады. Мысалы: шай, шайнау, жай, жайлап, мән-жайы т.б.
2. Л әрпі араб-парсы тілдерінен енген сөздердің соңғы буынында келгенде, ә болып естіледі, бірақ а болып жазылады. Мысалы: Жәмила, рәсуа, Ләззат т.б.
3. О, ө, ұ, ү, ә әріптері қазақтың байырғы сөздерінде бірінші буында ғана жазылады. Мысалы: әр, көрші, құлын, ұлық, үлкен, түлкі, сәкіде, әңгіме т.б. Бұл әріптер біріккен сөздермен қос сөздердің екінші сыңарларының бірінші буындарында жазылады: Қараөткел, Қаратөбе, Айманкүл, Есенәлі, бүрсігүні, басқұр, той-топыр т.б. ....
Рефераттар
Толық

Рахман Омар (1973 жылы 2 наурыз)

Рахман Омар (2 наурыз, 1973 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2007). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (1994 жылдан).
Рахман Омар 1973 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген.
1990 - 1994 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы театр және көркемсурет институтының) актер мамандығы бойынша бітірді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Тұрсынбек Қабатов (1979 жылы 10 қазан)

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Ақпәтер ауылында дүниеге келген. Ол — ешбір өнер мектебін бітірмесе де, тәңір берген талант пен тынымсыз еңбектің арқасында халық ықыласына бөленген жан.
Тұрсынбек Қабатовтың отбасы
Отбасында алты ағайынды, оның үшеуі — ұл, үшеуі — қыз. Тұрсынбек үйдің екіншісі. Ағасы Мырзабек бүгінде өзімен бірге жүріп, барлық жұмысына атсалысады. Оны әзілкештің директоры деп те айтуға болады. Өзінен кейінгі қарындасы Зәмзагүл алматылық азаматқа тұрмысқа шығып, бүгінде осы жерде тұрып жатыр. Бұдан кейінгі қарындастары Баршагүл мен Еркем Орал қаласына өздерінің отбасыларымен қоныстанған. Кенже інісі Мейрамбек те үйленген. Анасы дәл қазір осы інісінің қолында. Балалары аналарын атымен "Типа" деп атайды. Шын есімі Талиға.
Әзілкештің есімін батыр бабасына ұқсасын деген ниетпен нағашылары қойған. Жұбайының аты — Мөлдір, балалары — Әдемі, Айым, Айару мен Нұриман.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Биология| Биоәртүрліліктi сақтау

Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi.
Өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.
Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы 13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын әлемдiк стандарттардан төмен.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту көзделген, бұл республика аумағының 6,4%-iн құрайды.
Қазақстанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қазыбек би

-Әке, мен төлн биге барып сәлем беремін, өзін көріп, сөзін тындағым келеді,- деп бала Қазыбек қолқа салғанда әкесі:
-Ойбар, балам-ау ол үлкен кемеңгер кісіне деп барасын, алдында сөз таба алмай күлкі боласын, барма,- деді. Бірақ Қазыбек қоярда қоймай әкесінен рұқсат алып,біраз жолдастрарымен Төлн бидың алдына сәлем бере келеді.
-Шырағым, «баз бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп туады» - деген. Сен соныңқайсысын?-дейді Төле би сынап.
- Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша әкеме жетіп тудым-ау деймін,- дейді Қазыбек сөзден тосылмай.
- Ә, шырағым жарайсын! –деп Төлн би балаша жадырап ризалығын білдіреді.
- Алысыңыз қандай? –дейді Қазыбек те сыпайы сұрақ қойып.
- Алысым жақын болды.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттімшырын болды.
- Несиеіңіз қандай?
- Несием,шүкірөніп жатыр.
Қазыбек аулына келген соң әкесі оның қасына ерген серіктерінен: «Балам Төле бимен не деп сөйлесті, - деп сұрағаныңда:
- Екеуі былай десіп әңгімелесті, бірақ мәңісіне түсіне алмадық, - деседі олар.
«Олары несі екен», - деп қарт әке де түкке түсінбей таң қалды. Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып береді.
- Төкеңнің «алысым жақын болды» дегені қос жанарын айтқаны. «тәттім шырын болдыә дегені ұйқысының қашқаның білдіргені, «шүкір, несием өніп жатыр» дегені балаларының жақсы бағып,жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені, - дейді ....
Рефераттар
Толық

РНҚ молекуласының құрылымы мен қызметі. Транспорттық РНҚ, ақпараттық РНҚ, рибосомдық РНҚ 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақ тақырыбы: РНҚ молекуласының құрылымы мен қызметі. Транспорттық РНҚ, ақпараттық РНҚ, рибосомдық РНҚ 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • 10.4.1.10 РНҚ типтерінің құрылысы мен қызметтерін ажырату
Сабақ мақсаттары: «Станция» әдісі арқылы РНҚ құрылысы мен қызметі және олардың типтерін түсінеді және моделдеу арқылы т РНҚ ның құрлысындағы ерекшеліктермен танысады және жұпта талқылау арқылы қызметін сипаттайды;Тіршіліктегі т РНҚ ның маңызын түсіндіреді;........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экология | Қазақстандағы ұлттық табиғи саябақтардың жағдайы

Табиғат - Ана экологиялық жағдайлардың қол шоқпарына айнала тұра, бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі екеніне дауымыз жоқ. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғатпен тікелей байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік өте отырып, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстары мен заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Сондықтан да халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшөгі, құрамдас бір тобы деп есептеді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізді, сондай-ақ табиғатқа аялы алақан, көз қарашығындай қамқорлық керек екенін ерте сезінді.
Егер Жер – Анаға тіл бітсе: - Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда тіршілік еткен ең тамаша перзентімнің. Саналы, парасат - пайымды төлімсің. Бірақ менің перзентім жалғыз сен ғана емес, басқа да тіршілік иелері – менің төл балаларым. Сенің өзіңмен бірге туғандарыңа, яғни жануарларға, аң – құстраға жасаған қиянатың - өзіңе, келер ұрпағыңа жасаған қастандығың дер еді.
Ағылшын халқында «Жер бетінде жалғыз ағаш, жалғыз көл, жалғыз өзен қалғанда ғана өміріміздің қаншалықты қажеттілігіін түсінеміз» деген нақылы бар.
Еліміз Егемендік алған күннен бастап – ақ Республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қалың арасында жан – жақты жүргізіліп келеді.
Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» Заң 1997 жылы 6 тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға Республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық тұрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіп пен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген. Қазіргі кезде Республикамызда ерекге қорғалатын табиғи аймақтар санатына: мемлекеттік қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, табиғи ескерткіштер, қорықшалар, ботаникалық бақтар жатады. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Сүйек сынға шыққан соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек

152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі.

153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. .....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік жұмыс

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты- қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағыты. Ол елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екіжақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясатта тікелей немесе жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алады, өйткені экономикалық іс- әрекет қоғамның барлық топтарына жақсы жағдай жасау мақсатында жасалады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің факторы болып келеді. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартпаса, онда еңбек өнімділігі төмендеп,жұмыс күшінің сапасы кемиді; қоғамда әлеуметтік тұрақсыздық пен қарама-қайшылық артады.
Әлеуметтік саясат әр елде әр түрлі әдіспен қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңды түрде анықталып бекітілген тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін табыс клемін алу туралы кепілдік береді. Бұл жерде әлеуметтік әділеттілік принципі іске асады.
Нарық жағдайында мемекет қоғамның әрбір мүшесіне өз мүкіншілігін толық іске асырып, табыс табуға толық жағдай жасауға міндетті болады.
Әлеуметтік саясаттың нәтижелік көрсеткіштерін халықтың өмір сүру деңгейі сипаттайды.....
Рефераттар
Толық

Берік Айтжанов Бөшенұлы (1979 жылы 11 наурыз)

Берік Айтжанов (1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). "Құлагер" Ұлттық киносыйлығының иегері (2009).

Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген.
Әкесі Алматы ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін, Қызылорда облысына аттанған соң, Берік Айтжанов дүниеге келді. Бірақ болашақ актердің жанұясы Беріктің үш жасында Алматыға қайтып оралды.
Негізі Беріктің актёрлық мамандықты таңдауы, Сатыбалды Нарымбетовтың «Лейланың мінажаты» фильміне жолы түспегенімен байланысты болды.
2004 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық факултетін бітірген.
2004 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2009 жылға дейін Берік «Час волка», «Мұстафа Шоқай» және «Махамбет» картиналарында дебютке шығуына қарамастан, театр көрермені оны, кино және теледидар көрерменіне қарағанда жақсы білетін. Алайда, экрандарға Ақан Сатаевтың «Ағайынды» сериалының шығуымен барлығы өзгереді. Аз сериялы хикаяда Айтжанов негізгі рөлдердің біріндегі кейіпкер.
2011 жыл Айтжановтың карьерасына үлкен сәттілік әкелуде. Ол Егор Кончаловскийдің «А»-ға оралу» және Сатаевтың «Ликвидатор» киносында ойнады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №1 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1 Зейін қойып тыңдау
1.1.1.1 Зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.
3.3 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау
1.3.3.1 Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Зейін қойып тыңдайды. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды.
Көбі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және есте сақтайды.
Кейбірі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды түрлі контекстегі сөздермен молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және өз бетінше түсіндіре алады.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдебиет | ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ

Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар ....
Рефераттар
Толық

Мәтін

Бұл тарауды жазудағы мақсат функционалды стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымын, әр стиль мәтінін түзудегі кідіріс, қарқын, әуен, үдемелілік тәрізді просодикалық тәсілдердің рөлін анықтау болып табылады. Негізгі мәселе төңірегінде сөз қозғамас бұрын мәтін туралы түсінікті айқындап алуды жөн көрдік. «Қазақ тілінің энциклопедиясында» мәтін туралы және мәтін лингвистикасы туралы жазылған негізгі тұжырымдарды келтіре отырып, сонда айтылған басты қағидалар негізінде ой дамытсақ: мәтін (текст) латынша - байланыстыру, бірігу, тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыстылығы негізінде түзілген ізбе-ізділігі. Мәтіннің құрылымы мына талаптарға жауап бергенде ғана жүзеге асады: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі мазмұнға және дер кезінде қабылдана алу мүмкіншіліктеріне ие болуы, қарым-қатынас жасаудың іске асуы т.б.
Мәтін - жазудың шығуымен байланысты қалыптасып жетілген және әрі қарай дамып отыратын тілдік құрылым. Мәтіннің маңызды белгілерінің бірі - оның аяқталғандығы. Мәтіннің негізгі категорияларына хабарлау, қосымша хабар біртұтастығы, уақыт бірлігі, модальдық т.б. жатады ....
Рефераттар
Толық