Әдебиет | Қазыбек би

Әдебиет | Қазыбек би

БАЛА ҚАЗЫБЕКТІҢ
ТӨЛЕ БИГЕ СӘЛЕМІ

-Әке, мен төлн биге барып сәлем беремін, өзін көріп, сөзін тындағым келеді,- деп бала Қазыбек қолқа салғанда әкесі:
-Ойбар, балам-ау ол үлкен кемеңгер кісіне деп барасын, алдында сөз таба алмай күлкі боласын, барма,- деді. Бірақ Қазыбек қоярда қоймай әкесінен рұқсат алып,біраз жолдастрарымен Төлн бидың алдына сәлем бере келеді.
-Шырағым, «баз бала әкесіне жетіп туады, баз бала кері кетіп туады» - деген. Сен соныңқайсысын?-дейді Төле би сынап.
- Өткенімді алдымдағы өмірім біледі. Өз ойымша әкеме жетіп тудым-ау деймін,- дейді Қазыбек сөзден тосылмай.
- Ә, шырағым жарайсын! –деп Төлн би балаша жадырап ризалығын білдіреді.
- Алысыңыз қандай? –дейді Қазыбек те сыпайы сұрақ қойып.
- Алысым жақын болды.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттімшырын болды.
- Несиеіңіз қандай?
- Несием,шүкірөніп жатыр.
Қазыбек аулына келген соң әкесі оның қасына ерген серіктерінен: «Балам Төле бимен не деп сөйлесті, - деп сұрағаныңда:
- Екеуі былай десіп әңгімелесті, бірақ мәңісіне түсіне алмадық, - деседі олар.
«Олары несі екен», - деп қарт әке де түкке түсінбей таң қалды. Сонда жұмбақ сырды Қазыбектің өзі айтып береді.
- Төкеңнің «алысым жақын болды» дегені қос жанарын айтқаны. «тәттім шырын болдыә дегені ұйқысының қашқаның білдіргені, «шүкір, несием өніп жатыр» дегені балаларының жақсы бағып,жақсы күтіп отырғанын түсіндіргені, - дейді.


***

Төле биге Қаздауысты Қазыбек сәлемдесі келсе, бидің алдында құйысқан ұрасы мен даушы отыр екен. Ұрыға Төлн би тайлы бие кесік қыпты. Қазыбек «көбірек емес пе?» - дегенде:

Ат сүрініп кетсе кұмалай ма,
Ер бауырына түсіп ат тұламай ма?
Үстіндегі адам қазасын болса қалар,
Болмаса ұзынынан сұламай ма? –

деген екен Төле би.

«Жұлдыз» журналы
N 8 1984 жыл.
ҮШ БИДЫҢ ДОСТЫҒЫ

Төле би Қазыбек би мен Әйтеке биді баурына тартын, әрдайым құрмет тұтқан, тіпті қарындастарын інілеріне алып беріп, ағайын үстіне ағайын, жекжат болған. Тағы бір мысал: Қаздауысты Қазыбек аурып қалып, Құлтөбедегі кезекті жиналысқа келе алмайды. Орың орына келген кісі Қазыбекті жамайдайды.
Сонда:
Ақылым бүтін деуші едім,
Қасымда жүрсен Қазыбегім.
- деп басын шайқап, қатты қайғырады, әлгі жамандап келген кісіні жазалайды. Төле Әйтекені де қатты қадыр тұтқан.

Әйтекемнің барында,
Дақ түспейді арыма.
Өскен жастан серік боп,
Халқымның мұр-зарына,
- деп Әйтекенің ерлік бейнесін де оте жоғары бағалаған.

Әйтеке би айтыпты деген мына бір сөз қалған екен:

Төледей әділ жанды көргенім жоқ,
Соңынын жайдан-жайға ергенім жоқ,
Өзіне ұқсап қасарып ерегісте,
Намысын елім қолдан бергенім жоқ.

«Жұлдыз» журналы
N 1 1983 жыл.

ҮШ БИДЫҢ РЕСЕЙ
ЕЛШІСІНДЕ АЙТҚАНЫ

Ресей мен қазақ елі өзара мәмлеге келіп, арада елші қатыса бастаған кездерде бір ханның ордасына келген Ресейдін елшесін қайырмайық деген сөз болады. Сонда бүкіл қазақ Елінің айтынан белгілі үш би: Төле,Қаздаусты Қазыбек және Әйтеке тобенін басына шығып кеңеседі. Кеңесті бірінші бастаған Төле би алдындағы көлге қарап тұрып:
«Алар ма еді мына көлдін қуын атып?»
- Оғың шығын болмаса суын атып? – дейді
- Құтылмастай пәлеге қалып жүрмейік, кұс екен деп перінің қызын атып, - Деп ұйғарған.
Осы үш ауыз сөзбен бұл мәселе шешілген. «Көршілес елдің елшісіне тимейік, тиіспейік» - деп ұйғарған.

Осы қазақ жерінің байлығына көзқарасы сонау Петр-1 заманда-ақ байқалған. «біз қазақ даласын қайткенде де өзімізге қосып алуымыз керек. Өйткені бұл дала –Азиянын кілті, Үнді мұхитына шағанын қақпа... Сол үшін миллион сом кетсе де шығынсынбай, қалайда қазақ хандарының біріне «Біз Ресейдің қоластына қараймыз»- деген
Көп ұзамай олар арам пиғылдарын іске асырды. Мұжықтарды әкеп, бекеттер сала бастайды. Қиын қыстай кезде барлық касіретке ұшырағап ұлттарды құшап жая қарсы алдық. Қазақ кімге жақсылық қылмады, қазақ жері кімге пана болмады. Ағыл тегіл коп келмесектің ішіне біз, сорлы қазақ, азая бастадық. Аз һалықтын азуы көрінбейтін болды. Оторлау саясатынын мұндай түрі дүниенің ешбір түкпірінде болған емес. Мәскеудегі үлкен мінбеден Шынғыс Төреқұлұлы Айтманов:
«Қазақтар жері құнарлы болғаны үшін, Отпнға көп астық бергені үшін айыпты ма?»- деп, бүкіл қазақтын ойынын шықты емес пе. Бабаларымыз қазіргі ұланбайтақ жерін найзанаң ұшы, білектің күшімен қан төгеп қорғап қалған. Жерге,елге хауіп төнсе ешбір қазақ бейқам отырмайды. Әәйгілі үш бидің «Көршіміздін елшісіне тимейік, жанжалсыз өмір сүрейік» дегендері үлкен көрегендік, халықтың қамын ойлағандық, бейбітқұмарлық саясат емес пе.
Ал сол көршіміздің ағзам патшасы (М. С. Горбачев) және қазақ еліне жер ауып келіп, ұзақ уақыт дәм-тұзымызды татқан (А. Солженицын) Мойынқұмның тары-талқанының арқасында жан шақырып алып, мұхиттың аржағынан туастарына ақыл-кеңес айтып, қазақтың жерінің кендігіне және де орасан зор байлығына қызғаныштарын жасыра алмай, өз пікірлерін әлемге жар етуде.
Ақ патшаның ізбасары қазақ халқының толқынысынан соң «Байқамай айтып қалыппын» десе, АҚШ-тың Вермонт шахарынан сәлем жолдаушы «ақылгөйі» өз райынан қайтпай,сөзін қолдаушылар іздеп шарқ ұруда.
Бұлар өздерін «халық қамқоршысымыз», «білімпазбыз» деп тарихтан және жағырапиядан мағлұматтары аз екендігін көрсетіп алды. Ірігендердің аузындағы шіріген сөздерді қуаттаушылар табылғанына қатты қынжыласың... Осы бір қиын-қыстау сәтте бытырап, шашылып жүрген қазақтар бір тудың астына бірігіп, ыңтымақтасып жүргеніміз абзал. «Қазсаң да су шықпаған тау басынан, Қазақтың дау кетпеген сау басынан»-деген жаңға бататын ащы сөзді даналылықпен әмісе есте ұстап, өзара дауласуды азайтқанымыз, сонан соң бірте-бірте қойғанымыз жөн.
ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК
ТӨЛЕ БИ ТУРАЛЫ

Төле би қазақ халқының тағдырының ең бір қиын, сын кезеңінде, яғни хандық жолындағы талас асқынып, ел бірлігінің ыдырай бастаған, соның кесірінен сырт жаулврдың жерімізді біржола жаулап алуды көздеген тұсында тіршілік кешті. Оның өткір, ойлы сөздері бейне атылған оқтай, не сермеген қылыштай әсер етіп, жұртты соңынан ерткен. Бұған Қаздауысты Қазыбектің ел аузындағы сақталған мына сөзі толық дәлел:

Шыққан күндей бұлттан,
Баршамызды жылытқан.
Қадірлі кім бар Төкендей,
Сөзіне жұртты ұйытқан.
Жүгімізді алды иықтан,
Қадірлі кім бар Төкендей,
Жол тапқан тұман-тұйықтан.
Жау келсе асып-сапсаған,
Қадірлі кім бар Төкендей.
Үш жүздың қолы бастаған.

«Жұлдыз» журналы
N I 1983 жыл.
ТӨЛЕ БИДЫҢ ҚАЗЫБЕК БИГЕ
КӨНІЛ АЙТУЫ

Халқымыздың қамын жатпай-тұрмай ойлаған Қаздауысты Қазыбектің ұлы Әлімжан қайтыс болғанда Төле би қатты толғанып:

О, Қаздауысты Қазыбегім,
Кім білген бұл ғұмырдың азы-көбін.
Қылыштың сабы кетіп, қабы қалды.
Бедеудің жаны кетіп, сәні қалды.
Халықтың ары кетіп, сәні қалды.
Бұл пенде бір Аллаға не қылады?
Уа, Қазыбек-ау, нар көтермес жұмыс болды,
Ауылда Әлімжанды тәдір алды,-
депті. Соңда аса күйзелген Казыбек:

-Ә, бұған да шүкіршілік, құдайға да, халыққа да ризамын. Әлімжан туғанда орта жүздің халқы ғана құтты болсын айтып еді. Ол қайтыс болғанда үш жүздің баласы көніл айтты,-деген екен.

ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ҚОҢТАЖЫҒА АЙТҚАНЫ

Қазақ пен қалмақ арасындағы келіссөздердің бірінде Қазыбек би көзге түскені мәлім. Сондағы Қазекеңнің айтқаны мынау екен:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ештеңеге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз,
Атадан ұл туса, құл боламын деп тұмайды,
Анадан қыз туса, күн боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ болсаң, біз қазақ-қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір болсаң, біз көмір-еріткелі келгенбіз.
Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз,
Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең, табысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан-алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар сары желіммен жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімінді айт,
Бермесең, дірілдемей жөнінді айт,
Не тұрысатын жерінді айт,-
депті. Сонда Қоңтажы не дерін білмей сасып қалыпты.
-Өзің сөзге келген бала болсаң, отырған орның қандай төмен еді, жоғары шықшы, жоғары,-деп қолтығын аша беріпті.

Бұған Қазыбек:
-Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отырғанмен бырдей,-деп жалт бұрылып, орнына қайта барып отырыпты. Міне сыйластық, міне бірлік! Осы ұлағаттан біз де үлгі алайық.
Халық батырларын ел-елге, жер-жерге, ру-тайпаға бөлмейік, олар «Халық» деп қайысты, «Ел» деп еңіреді. «Отан» деп қанын төкті. Олардың есімі де, қалдырған мұрасы да, қосқан үлесі де баршамызға ортақ. Батыр – ел қорғаны, оның есімі, ісі халық қасынасы болса керек. Ата дәстүрін қастерлей білейік, халық тарихының төрінен орын беріп, болашақ ұрпақ жүрегіне ұялатайық! Ол біздің ұлы аруақтар алдындағы өтелмеген қарызымыз да парызымыз!

«қазақ әдебиеті» 14. 06. 1991 ж.

* * *
Біз, қазақтар, өзіміздің өткен өткелдерімізді, тарихымызды білмей, дұрыс бағалмай келдік. Ол тарихқа терең үңілмегендік және де мән бермегендік. Ал негізінен алғанда отаршылдардың болғанды бұрмалап, бүкпелеп көрсеткенінен.
Ертедегі «Қытай тарихшысының атасы» атанған Сыма Цянның әкесі патшаның бас кеңесшісі, тарихшысы болған. Олар тарихқа зор мән берген. Ал біз өткеніміздің бәрін негізінен жоққа шығарып, «ол ескіліктің қалдығы, жаңаша өмір сүреміз» деп үлкен әбестік жасадық. Қазақтың:
Өткендерін ескерген,
Өөскендіктің белгісі.
Өткендерін жек көрген,
Өшпендіктің белгісі,-
Дегенін ұзақ жылдардан соң өмір дәлелдеп берді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?