Тарих | Қозғалыстың сипаты Желтоқсан көтерілісі

Желтоқсан 1986 – халықтың жас ұрпағының қозғалысы. Ол айдарына қарғыс танбасы басылған М.Горбачевтың «Қайта құру» бағдарламасын шын мәніндегі жаңғырту заманасы екен деп алданған ұлттың жас өкілдері еді.
Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн ішінде бірнеше сатыдан өтті.
Бірінші саты желтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша, сол күнгі түні қаланың алты оқу орындарының және С.М. Киров заводының 8 жатақханасында, Театр көркем өнер институтының 12 студенті «арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын жүргізді». Олар «жастарды шеру жасауға көндірді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты. Сол бір түнде болған қимыл, әрекет 1979 жылы маусымда Ақмолада (Целиноградта) неміс афтономиясына қарсы өткен акцияны еріксіз көз алдыңа әкеледі...
Желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні толқу Ақмоладағы сияқты студент, жұмысшы жатардың жатақханаларында басталды. Ақмолада түнде жазылған транспоранттар мен сол түнгі жазылған транспорантттар үгндес, тіпті кейбірі сол күйінде қайталанды. Желтоқсанның 17 күні тәңертен аланға толқын-толқынымен жиналу әдісі де Ақмола оқиғасымен үндесті. Қалай болғанда да сол бір түнгі процестің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті екендігін мойындау керек.
Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс үміт кезеңі болатын.
Көтерілістің екінші сатысы – желтоқсанның 17 -сі сағат 7-8-ден 18 сағатқа дейінгі кезең, бұл 200-300 адамдық шағын митингілерден мыңдаған адам қатынасқан митингілер, наразылық демонстрациясы, шеруі демонстранттар мен комсомол, партия басшыларының, оқу орындарының ректорлары мен декандарының, билік - әмірші күштердің өкілдерімен диалог болған кезең. Бұл әміршіл – командалық жүйе мен жас балғын демократияның бетпе-бет бейбіт жүздесу сәті, арбасу кезеңі. «Ленин идеясы жасасын», «Советтік Қазақстан жасасын», «Біз, қазақ, ежелден ансаған», «Да здравствует ленинская национальная политика», «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Каждому народу своего вождя» деген жастар алып шыққан түбегейлі көкейкесті ұрандар былай алып қарағанда марксизм – лениизмнің қағидаларынан тұрған еді. Ол шындығында іс пен теорияның арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған -ды. Міне мұндай демократиялық ашық та айқынды, айшықты ұрандар астына реформатор жастар топтасты, олардың қатары 200 - 300 адамнан он мыңға өсті. Ал америкалық Хельсинки тобының деректері бойынша наразылық жасаушылар қатары 30 мыңға дейін жеткен. Ал Жоғары Совет Президиумы Комиссиясы демонстранттар қатары түске қарай 5000 адамға жуықтады деп жобалайды16. Комиссия қозғалысқа қатысқан адамдардың айтуымен, алаңдағы адам кешкі сағат 18-де 15 мыңға дейін жетеді деп шамалайды. Біздіңше көше-көше бойымен жүрген сәттерінде демонстранттар қатары бірнеше есе өсті. Өйткені, көше бойына шыққандар да өздерін демонстранттар қатарында санады, іштей жылылық танытты, еркіндік аңсаған ұлдары мен қыздарына сүйсінді. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік экологиялық мәселелер

Экологиялық мәселелердi шешу болашағы мамандардың осы сала бойынша берiлетiн бiлiмдi игеру деңгейiне тәуелдi және қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершiлiктi қатынасты көздейтiн iс-әрекетке негiзделген. Соған байланысты жоғары оқу орындары студенттерiнiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамыту мақсатында меңгертiлетiн пәндердiң барлығының мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туындайды. Ғалымдар адамның табиғатқа деген ықпалының арта түсуiне байланысты экологиялық үйлесiмдiлiктiң бұзылуына орай, биосфераның бұзылуына жол бермеу қажеттiгiне мән бере бастады. Сондықтан адамзатты айналадағы экологиялық ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға баулуда, оқу-тәрбие жұмысы барысында баса назар аударып, экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң өз ерекшелiгi бар. Тiрi және өлi табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыда аша отырып, экологиялық факторлардың жан-жақты әсерiн түсiндiрде аналитикалық химия пәнiнiң әлеуетiн тиiмдi пайдалану маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Себебi, қоршаған ортаға деген адамның қарым-қатынасы оның бiлiмiне, адмгершiлiктiк қатынасына, өз iс-әрекетiнiң салдарын бiлуiне тiкелей байланысты. Сонымен бiрге, қай жердiң болмасын экологиялық зардаптарын түсiндiруге, сондай-ақ, экологияға зиянды ықпалдарды түзетуге белсене кiрiсу бүгiнгi күнгi негiзгi мақсат болуы тиiс.
Осы мәселелердi ескере отырып болашақ мұғалiм - бүгiнгi студенттiң кәсiби компетенттiлiгiн аналитикалық химия материалдары арқылы экологиялық бiлiм бере отырып қалыптастыру мүмкiндiктерiн қарастырайық.
Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасындағы қиыншылықтың алдын алу тек ғылыми дәлелмен ғана iске асады. Адамның табиғатқа деген қарым-қатынасын түбiрiмен өзгерту үшiн экологиялық бiлiм қажет. Табиғатқа деген қарым-қатынастың ерекшелiгi – адам ағзасын табиғи дене, табиғаттың бөлшегi деп түсiнуде. Табиғатты адам тiршiлiгiне пайдаланғанда оның тұрақты заңын, үйлесiмдiлiк ерекшелiгiн бұзбауға тырысып, табиғаттың ғасырлар бойы құралған мазмұнын қастерлей бiлуiмiз қажет. Ал оны қорғау негiзiне алынатын экологиялық проблемаларды шешу үшiн, адамның құндылықты бағдарын өзгерту қажет. Ол үшiн әртүрлi оқу пәндерiнен берiлетiн бiлiм мазмұнын ой елегiнен өткiзген жөн. Осы бағытта бiрталай жұмыстар жүргiзiлуде. Бiрақ олар әлi де болса әдiстемелiк тұрғыда жүйелеудi қажет етедi. ....
Рефераттар
Толық

Алтынай Нөгербек Бауыржанқызы (26 қараша 1976 жылы)

Алтынай Бауыржанқызы Нөгербек (26 қараша 1976 жылы Алматыда туған) – қазақстандық кино және театр актрисаы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты. ҚР Мемлекеттік степендиясының иегері.
Биография
1976 жылы 26 қарашада Алматыда дүниеге келген.
1983-1993 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде білім алған.
1993-1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Кино» факультетінің «Кино және театр әртісі» бөлімін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Мемлекеттік сыйлықтың иегері, театр сыншы Ә.Сығай және Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Т.Жаманқұовтың сыныбынан қызыл дипломмен үздік нәтежемен бітіріп шығады.
1997 жылдан бастап Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында еңбек жасап келеді. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Күмісқалиев

Ерлан Күмісқалиев – «Атырау – маленькая страна» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Қазіргі уақытта бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын басқарады.

Тарихы
2007 жылы Ерлан Күмісқалиев қарындасын Қытайға тексеруге апарады. Медициналық орталық Ерланға да түрлі анализдер тапсыруға ұсыныс білдіреді. Қан талдауларының нәтижесі қуанарлық көрсеткіш бермейді. Сол уақыттан бастап Ерлан шетелде ұзақ уақыт емделуге бел буады. Елге оралғаннан кейін Ерлан Бас миы мен жұлынына зақым келген балаларға қолдау көрсету орталығын (ДЦП, Даун синдромы, аутизм) ашады. Емдеудің негізгі түрі – Канистерапия. Тереңірек тарқайтып айтар болсақ, науқас балаларды жануарлардың көмегімен емдеу. Бұған таптырмайтын мейірімді жануар Лабрадор иттері таңдалады.
Осылайша Ерлан аутизмге, психикалық дамуы кешеуілдеген және балалардың церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды төрт аяқты достардың көмегімен емдеуге кіріседі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Экономика | Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны Міндеттері Қағидаттары мен әдістері

Қаржылық жоспарлау мен болжау – бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамассыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материялдық-заттай элеменнтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндірісте белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шарушылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процес тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микро деңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгілінітін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, құралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған прцесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Жастардың бейресми бірлестіктерінің типологиясы

Әлеуметтік қызметкерлер мен соған сәйкес әлеуметтік қызметтердің тарапынан ерекше назарды жастардың делинквентті топтары алады. Естеріңізге сала кетейік: делинквент (лат. – құқықбұзушы) – мінез-құлқындағы теріс қылықтардың шектен шығуы қылмыстық жазаланатын әрекет. Жастардың делинквентті тобы – қорқыту арқылы және криминалдық кіші мәдениетті бойына сіңірген, ұйымдастырушылық шеберлігі бар қылмыстық лидердің құқыққа қарсы әрекеттер жасау үшін құрған бейресми бірлестіктері.
Бұл құбылыстың ауқымы туралы жанама түсінікті республикадағы қылмыстық статистиканың мәліметтерінен көруге болады. 1991 жылы тек жасөспірімдерден тұратын топтар 5832 қылмыс жасаса, 1992 жылы - 5525, 1993 жылы – 4616, 1994 жылы – 4269, 1995 жылы – 3277 қылмыс жасаған; ересек адамдармен бірігіп, 1991 жылы – 2506, 1992 жылы – 2871, 1993 жылы – 5507, 1994 жылы – 4205, 1995 жылы – 3740 қылмыс жасаған. Қазақстанның криминологтары топппен жасайтын қылмыстардың жастар арасында өсуін атап отыр; егер 1997 жылы 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастардың 12058 қылмысы анықталса, 1998 жылы – 14582, 1999 жылы – 14822 қылмысқа өскен. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3)табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиками тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.....
Рефераттар
Толық

Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс. 1-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаты: 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру
Сабақ мақсаттары: көлденең жолақ бұлшықет құрылысын сипаттау;
миофибрилла құрылымы анықтау;
бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру;
жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының сипаттау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Краткая характеристика предприятия и его организационно-производственная структура

В условиях рыночных отношений центр экономической деятельности перемещается к основному звену всей экономики – предприятию. Именно на этом уровне создается вся необходимая обществу продукция, оказываются различные услуги. На предприятии сосредоточены наиболее квалифицированные кадры. Здесь решаются вопросы экономного расходования ресурсов, применения высокопроизводительной техники, технологии. На предприятии добиваются снижения до минимума издержек производства и добиваются максимального уровня реализации продукции с целью увеличения дохода предприятия. В современных условиях развития рыночной экономики и совершенствования управления, разработки новой стратегии развития предприятий усиливаются роль и значение бухгалтерского учета. В настоящее время все предприятия, независимо от форм собственности и подчиненности, ведут бухгалтерский учет имущества и хозяйственных операций согласно действующему законодательству.
Сегодня практически невозможно управлять сложным экономическим механизмом хозяйствующего субъекта без своевременной и достоверной экономической информации, которую дает четко налаженная система учета.
Научно обоснованная система организации бухгалтерского учета содействует эффективному использованию всех ресурсов, улучшению отражения и анализа финансового и имущественного положения предприятий.
В настоящее время к системе бухгалтерского учета предъявляются повышенные требования в связи с ориентацией на Международные стандарты учета и отчетности, на обработку бухгалтерской информации с применением различных средств вычислительной техники. Решение этих проблем связано с дальнейшим развитием теоретических и методологических положений учета.
Теория бухгалтерского учета является общей основой организации системы учета, которая, базируясь, на законодательных актах, положениях, экономических дисциплинах, рассматривает основополагающие принципы бухгалтерского учета, теоретические учетные категории, отвечающие современному уровню экономики и управления. ....
Дипломная работа (бесплатно)
Толық

Әлемді өзгерткен жаңалықтар (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Сабақ тақырыбы: Әлемді өзгерткен жаңалықтар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):- 6.7.1.1. Әлемді өзгерткен жаңалықтардың мысалдарын талқылау
Сабақ мақсаттары: - әлемді өзгерткен жаңалықтарды анықтау және талқылау
- ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тайжан Қалмағамбетов (1878 - 1938)

Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы - 1938, сонда) - ақын. Жезқазған, Қарағанды, Қарсақбай сияқты өндіріс ошақтарына арнау өлең-жыр шығарған.

1916 жыл ы ұлт - азаттық козғалысқа үн қосып , Амангелді сарбаздарын жырлады. Қазан төңкерісінен кейін жаңа кұрылысқа , Жезқазған , Қарағаңды , Қарсақбай сияқты өңдіріс ошақтарына өлең, жыр арнады. 1926 жылы Шеген, 1930 - 36 жылдары Болман, Иманжан тәрізді Арқаның белгілі ақындарымен айтысқа түскен. А.В. Затаевичке бірнеше ән жаздырған. 1934 - 36 жылдары халық өнерпаздарының республикалық слеттеріне, 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиетімен өнерінің алғашқы онкүндігіне қатысқан. "Тайжан әні", "Ыбырайға" сияқты ән-термелері күйтабаққа жазылған. Қалмағамбетовтың көптеген әндері кезінде жазылып алынбаған. Кейбір шығармалары ақындардың жалпы жинақтарында, газет-журналдарда ("Қазақтың 1000 әні", 1925; "Пернедегі термелер", 1965) жарияланған. "Ой ағысы" өлеңдер мен айтыстарының жинағы 1984 жылы жарық көрген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ұлттық есеп жүесi макроэкономикалық статистиканың негiзi

Ұлттық есеп жүйесi – елдегi экономикалық процестердiң нәтижесiн, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететiн нарықтық экономиканың статискалық үлгiсi. Бұл үлгiде қолданылатын көрсеткiштер белгiлi бiр шоттар мен баланстық кестелер түрiнде берiледi. Ұлттық есеп жүйесi халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға (халықаралық шарт), топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелерiне негiзделген.
Ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi мақсаты – экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономиаклық саясатты жете зерттеп, белгiленген бағдарлама бойынша шешiм қабылдау үшiн әлеуметтiк – экономикалық статистиканың әр түрлi көрсеткiштерiн үйлесiмдi түрде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесi – жан жақты жүей, оны әр түрлi салалардың мiндеттерiн шешу үшiн қолдануға болады. Ол елдiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн басқа елдердiң осындай көрсеткiштерiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Соынмен қатар, әр елдiң ерекшелiгiн ескере отырып, бұл жүейнiң шоттарын, экономика секторларын көрсеткiштерiн нақтылауға, өзгертуге болады.
Ұлттық есеп жүйесiн экономиканың әр түрлi саласында қолану арқылы мына мiндеттердi шешуге болады:
- мемлекеттiк реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесiнде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлi экономикалық қатынастар туралы ақпараттардың болуы жоғарыда аталған мiндеттi шешуге көмектеседi. ҰЕЖ – нiң ақпараттарын пайдалана отырып, мемлекеттiң, шаруашылық субъектiлерiнiң тұтыну шығындарын тексеруге, қажеттi деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргiзуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсатруға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргiзуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады;
- макрокөрсеткiштердi пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айнымалы көрсеткiштер арасындағы функционалыд байланыс параметрлерiн бағалау негiзiнде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгiсiн құру;
- экономикалық даму стратегиясын жетiлдiру және оны iске асыратын шешiмдердi қабылдау;
- ұлттық есеп жүйесiнiң негiзгi көрсеткiштерi – жалпы iшкi өнiм мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргiзу. Бұл жерде барлық және жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы iшкi өнiмге қатынасы есептеледi;
- статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткiштердi, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшiн ҰЕЖ-нiң тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесiн үйлесiм негiзi ретiнде қолдану.
Ұлттық есеп жүйесiнiң тұжырымдамаларына сәйкес көрсеткiштердiң жаңа жүйесiне өту қажеттiгi мынадай жағдайларға негiзделген:
Экономиканың макростатистикалық үлгiсi ретiнде қолданылатын ұлттық есеп жүйесi материалдық өндiрiс пен материалдық емес қызметтер өрiсi тең құқылы және дербес шаруашылық субъектiлерi тiкелей мемлекеттiң басқаруынсыз да экономикалық байланыстар жасай алады деген идеологияға сүйенедi. Мемлекет басқаруынсыз экономикалық байланыстар жасалғанда, өзiн-өзi реттеу механизмi болып сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, капиталдың бiр саладан екiншi салаға ауысуы есептелiнедi.....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ

Ұлт тарихы тек қана саяси, әлеуметтік, қоғамдық оқиғалардан ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жалғастығынан, өміршең дәстүрлерден құралатыны да белгілі. Сол игі дәстүрлерден тағылым ала отырып, мемлекет, әлеумет, жеке адам көшін түзейді, бағытын айқындайды. Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндеріне көз салсақ, тарих ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді көрер едік. Қазақ тарихының осындай белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған бұл ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Алаш қайраткерлері ұлтты ұлт ететін талай-талай шаруаны бастағаны, жолға салғаны белгілі. Сол зиялы қауым көтерген іргелі мәселенің бірі – тіл мәселесі.
Алаш зиялылары бастаған рухани мәселелер бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр дегенде, олардың тіл тақырыбы төңірегіндегі ойларының қазірде де өміршең екендігін аңғаруға болады. Қазақ тіліндегі басылымдар, ана тілінде білім алу, тілдің қоғамдағы мәртебесі, ана тілінде тәрбие беру, Қазақстандағы қазақ тілінің басымдығы сияқты мәселелер А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Шонанұлы тағы да басқалардың істері мен еңбектерінен көрініс тауып жатты.
Алаш қайраткерлерінің сонау ХХ ғасырдың басында тіл туралы айтылған ой-пікірлерінің ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп отырған қазақ қоғамы үшін де маңызды болуы – біздің бұл салада атқарар шаруамыздың көптігін де көрсетеді. Себебі қоғамымыз тіл саласында әлі де Алаш зиялылары көтерген мәселелер деңгейінде отыр. Сондықтан да жоғарыда есімдері аталған қайраткерлердің, қаламгерлердің ойларын басшылыққа алып, бірқатар жұмыстар атқаруға тиістіміз. Айталық, бүгінгі мектеп, ондағы қазақ тілінің жай-күйі, жас ұрпақтың қазақ бола отырып, Қазақстан мектебінде оқып, орысша білім алуы және ондай қазақ балаларының мыңдап, тіпті он мыңдап саналуы. Қазақ баласының орысша білім алуы деген сөз оның орысша тәрбие алуы болып шығады. Осыны ұлттық қадір-қасиетімізді қалпына келтіру жолында орасан істер атқарған Алаш зиялылары бұдан бір ғасыр бұрын ұғынып, сөзбен де, іспен де шешуге тырысқан.
Қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде қазақ тілі басымдыққа ие бола алмай отыр. Мынау ақпарат заманында тілдік қолданыстың зор кеңістігі ақпаратпен байланысты екендігін білесіздер. Телехабарлар, газет-журналдар орыс тілінде болған соң, үлкен де, кіші де сол тілде сөйлеуді дағдыға айналдырған. Өз тілін біле тұрып, өзге тілге үйір болудың үлкен бір сыры да осында. Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деген еді. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан жеріндегі білім беру бағыттары

ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы, географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.....
Рефераттар
Толық

Менеджмент | Персоналдың әлеуметтік психологиялық өзара қарым қатынас іс әрекеті

Кез келген ұйымның болашақтағы жетістігі персоналының клалиффикациясынан ғана емес, сонымен қатар кадрларды дұрыс пайдалануына және оларды ықтималды басқаруына байланысты болады.
Персоналы басқару- жаңа ғылым емес, бірақ соған қарамастан көп уақыт бойы біздің елімізде оған аса көп көңіл бөлінген жоқ. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнестің алғашқы өмірінен бастап тек аз шығын шығару арқылы қысқа мерзімді пайда алуға негізделген. Сондықтан адам ресурсына аз көңіл бөлінген, өйткені ол ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің шамадан тыс көп блуыда әсерін тигізді.
Бірақ өткен 10 жылдық реформалар бұл көзқарастын дұрыс емес екндігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстанда сенімділік абыройы жоғары бағаланады. Жақсы абыройдын негізгі құраушысы персоналдың жоғары біліктілігі болып табылады. Егерде адам колективын басқару кезінде әлеуметтік-психологиялық даму заңдылығы назарға алынбаса және кадрларды таңдау кезінде дұрыс көңіл бөлінбесе колективте қарама-қайшылықтар туындайды, жұмыс нәтижелігі төмендейді және жұмысшылардың жұмыстан шығу саны көбееді. Кейін уақыт өте көптеген қолайсыз мәселелер пайда болады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей мемлекеттік комерциялық кәсіпорындар аса көп көңілді қаржы менеджментіне бөледі. Ал персонал басқару объектісі болып табылады, сондықтан оған аз көңіл бөлінеді. Сондықтан өкінішке орай көптеген кәсіпорындарда ұйым персоналын басқару дұрыс дамымаған. Бүгінгі таңда бәсекелестік фирмалар техника жағынан ұқсас жабдықталған және бірдей өндірісті ұйымдастыру мен маркетингтін амал-тәсілдерін қолданады, сондықтан бәсекелестік күресте фирмалар арасында айырмашылық персоналда және персоналды басқару жүйесінде көрінеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеу өте маңызды болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы

Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән. Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстан түркі дәуірінде (VІ-ХІІ ғғ..)

VІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлексттер Көне жене Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кен байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдьң солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) карсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардын ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енисей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксан Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін кырқыс басталды. Өзара қыркыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара қырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс жөне Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы — Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде).
Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттын негізгі этникалық-саяси ұйытқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен катар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы баска қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Жүйе түсінігі

Жүйелік теориясы мен жүйелік талдау немесе қысқаша айтқанда – жүйелік қолайлылық 25 жыл бойы қолданылып келе жатқанымен бірқалыпты шешімін тапқан жоқ.
Бұның басты себебінің бірі адам өміріндегі іс-әрекеттердің тұрақты болуын, сонымен қатар бұларды адам өмірінде қолданудың мүмкіндіктері болды.
Тіпті жүйе түсінігінің өзінен көптеген варианттарды анықтауға болады. Мысалы, оның бір бөлігі философия негіздерінде терең еніп жатырса, ал басқасы белгілі бір жағдайларда, біздерді тәжірибелік тапсырмалардың жүйелік жобасын іске асыруда қолданады. Осылардың алтын қиылысын таңдай отырып «жүйе» терминінің көптеген жекелеген объектілері арасындағы байланысты түсінуге болады. Егер де біз ең болмағанда осындай объектілердің екеуін байқасақ, яғни: мұғалім мен оқушы, сатушы мен сатып алушы, теледидар мен ондағы хабарларды жеткізіп отыратын станция мен және т.б. – осының осы «жүйе» болып есептеледі. Қысқаша айтқанда, кейбір кемшіліктеріне қарамастан жүйенің көмегімен қоршаған орта мен мына біздер тіршілік етеді екенбіз. Бұл өмірдің артықшылығын жүйелік қолайлылық көз қарасынан байқайық: қою және шеше білу мүмкіндігі, тым болмаған жағдайда екі шешім: ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Акция және Облигация

Акция – үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтар айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстанның өзен және көлдерінің гидроэкологиясы

Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян. Соның ішінде Қазақстанның үлес салмағы аз емес. Еліміздегі экологиялық жағдайдың күн өткен сайын құлдырауы, бүкіл республика жұртшылығын қатты алаңдатуда. Арал теңізінің экологиялық жағдайы, бұл бүкіл дүние жүзінің алдына қойған үлкен бір мәселесі болып отыр. Адамдардың ақыл – ойының үздік жетістігі осылайша көрініс тауып, ғылыми – техникалық прогрестердің озық тәжірибесі жүзеге асқан бұл өлкеде, тағыда сол адамдардың өзімшілдігі, бір жақты тайыз ойлаушылдығы мен қомағайлығы салдарынан бір ұрпақтың көз алдында Арал сияқты үлкен теңіздің жойылып, Сырдария суы мен айнала төңірегінің уланып, тұрғындарға зор қасірет шектіруде.
Сол себептен мен, мемлекетімізді алаңдатып отырған Арал тағдырының жағдайы не болар екен деген үмітпен осы жұмысты қолға алдым. Бұл жұмысты алудағы басты мақсатым, сол өңірде мекен етіп жатқан қандас бауырларымның жағдайымен жақыннан танысу, оларға көмек көрсету, шешу проблемаларын алдарыңызға ұсыну болатын. Екі жылдан бері осы жұмысты қолға алып, зерттеп келемін.
Бүгінгі таңдағы Арал теңізі, әсіресе, оның қазақстандық бөлігінде аса бір ауыр экологиялық жағдай қалыптасқанын көзбен көре отырып, ол жөнінде жан – жүрегің сыздамай әңгіме қозғау мүмкін емес. Арал өңірінің табиғатын қайта қалпына келтіру жөнінде азды – көпті шаралар жүргізіліп те жатыр. Бір өкініштісі сол шаралардың түпкі нәтижесі аса бір ауыз толтырып айтарлықтай емес. Міне, сондықтан неғұрлым ұтымды әрі шұғыл шаралар қажет. Олай болмаған күнде енді бір 10 – 15 жылдардан кейін теңіздің қазіргі деңгейін қалпына келтірудің өзі қиынға түседі.
Арал теңізі таяу жылдарға дейін өзінің көлемі жағынан тұйық теңіздердің ішінде елімізде екінші, ал дүние жүзінде төртінші орын алып келді. Ол көп уақыттар бойы өзіне келіп құятын қуатты қос өзен – Сырдария мен Амударияның арқасында айдыншалхары төмендеп, көрмеген теңіз атанып келді.
Тянь – Шань және Памир тауларынан бастау алатын осынау екі өзен суының еліміздің территориясындағы жалпы мөлшері 100 текше километр шамасында болатын. 1961 жылға дейін аталған өзендердің теңізге келіп құятын суының орташа мөлшері – 58 текше метр еді. Айдынының аумағы 66 шаршы километр, теңіз өз деңгейінен көп жылдар бойы 53 метрлік белгіден түсірген емес. Атмосфералық ылғал мен теңіз суының булануын бойына бірдей сіңірген өзен ағасы – бұл маңайдағы көптеген кішігірім көлдердің ұзақ жылдар бойы сақталуына қолайлы жағдай жасады. Сөйтіп мұндай көлдер қойнауында Ар алуан жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің де өсіп - өрбуіне мүмкіншілік бар еді. Ол кезде теңіз тұздылығы небәрі 10 промиль шамасында болды. Міне, осының бәрі теңіз төңірегіндегі аймақтарға, оның экологиясына, Арал бассейнінің әлеуметтік – экономикалық даму жағдайларына оңды ықпал етті. Әйтсе де, содан бері бұл өңірде қаншама өзгерістер болды.
Небәрі 25 жылдың, яғни, адам ғұмырының үштен бір бөлігіндей ғана мерзімде теңіз бейнесі адам танымастай күйге түсті. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ақша қаражаттарының есебі

Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражатта¬рын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой¬ынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭПИТЕТТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ

Аударма мәселелері шет тілдерден ана тіліне аудару, әсіресе егемендігімізді алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде бірден бір маңызды салалардың бірі болып келе жатқаны рас. Шет тілдерден қазақ тіліне немесе керсінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аудару жөнінде жеткілікті мағлұматтар, құнды аудармалар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта бұл мәселені теориялық және практикалық тұрғыда талдау өте қажетті болып отыр. Қай тілдің болмасын дүниетанымы мен мәдениеті тікелей байланысты. Мәдениет аралық қатынас мәселелері бірден-бір мәдениетіміз бен тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында аударма мәселесі негізі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді.
Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эпитеттердің тіл білімінде зерттеген еңбектерге сараптама жасау.
2. Екі тілдегі эпиттердің стилистикалық құрылымдарын зерттеу.
3. Эпитетттің басқа стилистикалық тәсілдерін, әсіресе метафорадан айырмашылығын ашып көрсету.
4. Ағылшын және қазақ тілдаріндегі эпитеттердің жасалу жолдарын анықтау.
5. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің лингвомәдени аспектілерін ашу және аударма барысында аудармашыға жүктелетін міндеттерге талдау жасау.
Ғылыми жұмыстың дәйектілігі ағылшын, қазақ эпитеттерінің лингвистикалық табиғатын анықтау, ағылшын, қазақ эпитеттерінің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін зерттеу, екі тілдегі эпитеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу осы жұмыстың дәйектілігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Екі тілде де эпитет бұрыннан қалыптасқан лингвистикалық құбылыс екеніне қарамастан, олардың ашылмаған қырлары, әсіресе лингвомәдени тұрғдан зерттелмеген. Мұның бір себебі лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық, мәдениет аралық байланыс лингвистиканың жаңа салалары болып есептелгендіктен ағылшын, қазақ эпитеттрін бірлікте қарастыру, әсіресе салғастырмалы жолмен талдау, сол кезде орын алатын қиыншылықтарды айқындау және олардың алдын алуға байланысты алғашқы жұмыс екендігінде.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы - қортындылары бұрын соңды зерттеу нысаны болмаған, осыған орай, туыс емес екі тілдегі эпиттерден граматикалық құрылымдағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері, эпитеттің жасалу негіздерінің лингвомәдени мәселелері жалпы тіл білімі, салғастырмалы және типологиялық зерттеудің теория негіздерін толықтыра түседі, сондай-ақ аударманы оқыту барысында жеке-дара бір аспект немесе аударма мәселелері төңірегінде жасалған қомақты еңбек болып табылады.
Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер қамтылады. Олардың арасында лингвистикалық зерттеу жұмыстары, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттану
1
тұрғысында әдебиеттер мен ғылыми зерттеулер, тарихи зерттеулер, қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі сөздікткр, әдеби шығармалар қарастырылады.
Курстық жұмыстың І тарауында ағылшын тіліндегі эпитеттің жалпы стилистикада алатын орны, оның тілдік табиғаты, эпитеттердің басқа тәсілдерден ерекшелігі, жасалу жолдары мен классификациясына терең тоқталамыз. ІІ тарауында, керсінше қазақ тіліндегі эпитеттің қазақ стилистикасында алатын орны, тілдік табиғаты мен жасалу жолдарына, эпитеттердің классификациясына шолу жасаймыз. Ал бұл курстық жұмыстың ІІІ тарауында лингвомәдениеттану ғылымы, оның ерекшеліктері мен лиингвистикадағы рөліне, содан соң ағылшын, қазақ тілдеріндегі эпитеттердің салғастырмалы түрде зерттелуі мен олардың лингвомәдени мәселелеріне талдау жасаймыз. Сондай-ақ осы тараудың 3 бөлімінде эпитеттердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу тәсілдері және аударма барысында байқалатын негізгі тұстарға жеке-жеке тоқтала сипаттама жасаймыз.....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Әбу Насыр Әл-Фарабидің тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері

К І Р І С П Е
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстары

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
• ссудалық бизнес;
• дисконттық бизнес;
• сақтау бизнесі;
• банктік кепіл беру қызметі;
• бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
• салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;
• басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;
• дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі;

Ссудалық бизнес екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) ссудалар беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Ссудалық бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Ссудалық бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен- дискот негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы.
Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғарғы сыйақы үшін тәуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады.

Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1. сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланған үшін төленетін пайыз;
2. факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленгендіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмасын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалғы траст келісім-шарты негізінде банк клиенттке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәкес, трасталық операциялардан түссетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады. ....
Рефераттар
Толық

Халифа Алтай Ғақыпұлы (1917 жылдың 18 желтоқсан)

Ғалым, діни ағартушы ұстаз Халифа Алтай Ғақыпұлы 1917 жылдың 18 желтоқсанында Шығыс Түркістан аймағы Шіңгіл ауданының Жарынты өзенінің бойында дүниеге келген. Сауатын алғашында әкесі Ғақып Қаракеленұлынан, кейін ауыл молдасынан ашқан. Абақ керей ішіндегі Жантекей руынан шыққан.
Отбасылық жағдайы
Бірінші әйелі Үндістанда көз жұмған. Екінші әйелі – Бибәтіш Алтай Жүнісқызы.
Ғалымның Абдулсаттар, Абдулсамет, Абдуррахим, Аднан есімді ұлдары мен Шакира, Шекүре, Мешкүре, Айсен атты қыздары бар.
1933 - 1938 жылдары Қытайдағы қуғын-сүргінге байланысты ел-жұрты Баркөл, Гансу, Цинхай аймағына қоныс аударды;
1940 жылы Халифа Алтай және Елісхан, Зайып бастауымен бірнеше мың адам Тибет арқылы Үндістанға барды;
1941 жылы Кашмир өлкесінде тұрақтады. Кейін Үндістан мен Пәкістанға өтіп, онда арабша, урдуша білім алды;
1952 жылы Араб, урду тілдерін білген Халифа Алтай алғашында Пәкістанның Пешавар қаласында қызмет етеді. Кейін сонда құрылған "Шығыс түркістандық қазақ көшіп келушілері қоғамының" жауапты хатшысы болды;...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.
Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
—анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.
ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.....
Рефераттар
Толық

Дінтану | АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР

Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar) үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60 мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).
Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-сезім және қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне Мысырдағы перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең биік діни мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.) буддизмді тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест) жорықтары, пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін жасалған. Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру, ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды...
Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-амалдардың «дін үшін» немесе «діншіл» атанған топтың бастамасымен болғандығын көреміз....
Рефераттар
Толық

Сап және оларды басқару

Оқушыларға сап және оның элементтерін, сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттерімен таныстыру.
Әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушылар бойына дамыту.
Әскери сымбаттылыққа, әскери әдептілік пен тәртіпке тәрбиелеу.
kz
Толық

Жердегі тіршілік (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам. Жер. Ғалам
Сабақтың тақырыбы: Жердегі тіршілік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.2.4.1 Жерде тіршіліктің пайда болуын сипаттайды
5.2.4.2 Тіршілік ету үшін қажетті жағдайларын анықтайды
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жердегі тіршіліктің маңызын анықтап, өлі табиғат пен тірі табиғаттың ерекшеліктерін атайды. Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми көзқарастарды зерттей отырып, «уақыт лентасын» жасайды, өз ойларын қорытындылайды. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары. (Жаратылыстану, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың алуантүрлілігі. Тірі табиғат патшалықтары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Ағзаларды тірі табиғат патшалықтарына жіктеу
Сабақ мақсаты: • Ағзаларды тірі табиғат патшалықтарына жіктеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық