Сап және оларды басқару


Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
Бидайық жалпы орта білім беретін мектебінің
АӘД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушы
Қайрат Орынбайұлы Жалмағанбетов

Сабақтың тақырыбы: Сап және оларды басқару
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сап және оның элементтерін, сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттерімен таныстыру.
2. Әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушылар бойына дамыту.
3. Әскери сымбаттылыққа, әскери әдептілік пен тәртіпке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: әскери шеруден көрініс, слайдтар, сөзжұмбақ, карточка, интерактивті тақта
Сабақтың барысы: Кіріспе бөлім.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- взвод командирі сапқа тұрғызып, әскери оқытушыға рапорт береді;
- сәлемдесу, сыныптың назарларын сабаққа аудару.

II. Өткенді қайталау
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.
- Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?

III. Жаңа сабақ
Негізгі бөлім
а) Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
Жоспары:
1. Сап және оның элементтері.
2. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.
3. Саптағы әскери қызметшінің сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. 4. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
1) Сап және оның элементтері
Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс - қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
ә) Сап бірнеше элементтерден тұрады.
Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.
Машиналар желісі - машиналардың біреуі екіншісінің қасында бір сызық бойында орналасуы.
Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының аттары өзгермейді.
Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама - қарсы жақ.
Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің арасындағы аралық.
Сап ені – қапталдар арасындағы қашықтық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші қатарынан саптың соңғы қатарына дейінгі аралық.
Лек - әскери қызметшілер бір - бірінің ту сыртында жарғымен немесе командир белгілеген арақашықтықта орналасқан сап.
Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.
2) Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.
Сапты басқару дауыспен, белгілермен командир беретін пәрмендермен және бұйрық берумен жүзеге асырылады.

Пәрмендер

•Алдын ала берілетін пәрмендер саптағылар командирдің олардан қандай
әрекеттерді талап етіп тұрғанын шұғыл және нақты орындау. қажет.
• Орындалатын пәрмендер
Орындалатын пәрмендерді түсінуі үшін нық, қатты және созылмалы дауыспен беріледі
Пәрмендер берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.
3) Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері.
Әскери қызметші:
- өзінің қаруының, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал - саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының жарамдылығын тексеруге;
- нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;
- саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға, қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға, саптан рұқсатсыз шықпауға;
- сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге, темекі тартпауға, командирдің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;
- бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге міндетті.
4) Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
Аға шендінің «Сәлеметсіздер ме, оқушы мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, аға лейтенант мырза», «Қош болыңыз, аға лейтенант мырза» деп жауап қатады.




Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


слайд жүктеу

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!