Сүйінғара Үргенішбайұлы (1756 – 1841) – батыр, би. Кіші жүздің адай руының мұңал тармағынан шыққан. Ресей империясының, Хиуа хандарының, түрікмен билеушілерінің үстемдігіне қарсы күрескен. 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге орыс тұтқындарын қайтарып, өзі басшылық жасайтын маңғыстаулықтардың атынан Ресеймен достықта болатыны жайлы сенімхат жазған. Граф Сухтелен өзінің ризашылығын хат арқылы білдіріп, батырға қылыш сыйлаған. Сүйінғара 1837 жылы Жайықтың шығыс бетіне өткен Исатай-Махамбетке қол жинауға көмектескен. Сүйінғараның інісі Кежінің, балалары Бүркіталы, Сатыбалды, Көтібардың ерлігі, қыздары Айсалқам мен Жансалқамның қайғылы тағдыры туралы ел аузында аңыздар көп сақталған. Батыр туралы .....
Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік даулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болды. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын – туғандарының теріс істерін (ерте байқаған) әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық – дедактикалық толғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жауларымен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкелді. Үмбетей 1778 жылы қазіргі Целиноград облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған. Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жылдағы алғашқы ұстазы өз әкесі болған. Ол халықтың ауыз әдебиетби, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен шешендік сөздеріннен халық дастандарынан көп тағлым алған. Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген. Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды. «Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», - деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, салқымыздың ұлан – байтақ жерін Баянаула, Қызылтау, Арбасы, Шыңғыстау бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей жырау сонда: Қашақты қуып қашырдың, Қара Ертістен өткізіп Алтай тауға асырдың. Ақ шәугімге қос тігіп Ауыр қол желдіріп алдырдың Қашаққа ойран салдырдың, - деп халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгембайдың (елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді) ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы, батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарын қосқан. Үмбетей жырау «бәкеге», «жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке адалдыққа үндеген ....
Зүлфия Салахарқызы Чиншанло (25 шілде 1993 жыл; Алматы, Қазақстан / Қытай деректері бойынша шын есімі Жао Чаң Лиң және Қытайдың Хунань провинциясында туған) — қазақстандық ауыр атлет, 2009, 2011 және 2014 жылдары әлем чемпионы, 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Ұлты — дүнген. Әкесі — Чиншанло Салахар, дүнген және орыс тілдерін білетін кәсіпкер. Жетістіктері Пошта маркасы, 2013 жыл 2008 жылдан — ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі. Ауыр атлетикадан 53 кг дәрежесінде қос сайыстан 219 кг жиынтығын жинаған әлемнің ең жас чемпионы (Оңтүстік Корея, 2009). XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2009)....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және тұрақты даму Сабақ тақырыбы: Экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысы 2- сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.6.1.1 - экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушы: • экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету; • экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын көрсететін графикті сипаттау.....
Жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы немесе AIDS ( ағылшын сөзінен Acquired Immunodeficiency Syndrome) – көбінесе иммунды жүйенің зақымдануымен сипатталатын АИВ адамның иммунды – тапшылық вирусы немесе HIV ( HIV ағылшын сөзінен human immunodeficiency virus ) – мен тудыратын ауыр сырқат. Ауру клиникалық көрінісінің полиморфтылығымен, ұзақ ағымымен, жоғарғы өлім - жітімділігімен сипатталады. АИВ-ны 1983 жылы бір уақытта және бір біріне тәуелсіз Американ ғалымы Р.Галло мен Франция зерттеушісі Л.Монтанье ашты. Антигендік құрылымы. АИВ–ның серологиялық қасиетін көрсететін бірқатар беткейлік (gp 106, gp 120, gp41) және жүрекшелік (р 24, р 18 және т.б.) антигендері бар. Қазіргі уақытта вирустың 2 антигендік және құрылымдық түрі ажыратылады: АИВ -1, АИВ-2-нің айырмашылығы құрамында gp140, gp105, gp36 болады. Осы ерекшеліктер АИВ-1 және АИВ-2 қоздыратын аурудың ағым айырмашылығына негіз бола алады. Негізгі антигендер науқас адамдарда антидененің түзілуін тудырады. Алғашқыда gp120, gp41-ге, сосын р24-ке антиденелер пайда бола бастайды, олар қанда ұзақ сақталады. АИВ грипп вирусынан өзгергіштігінен жүз және мың есе артық болатын өзіне тән антигендік өзгергіштікке ие, және де осы қасиет басқа вирустарға қарағанда оның транскрипциялануының жылдам жүруімен де байланысты. Ең кең тараған түрі АИВ-1 өзгергіштік қасиетке ие болғандықтан, 10-ның астам генотиптерге ие(субтиптері: А,В,С,Д,Е,F ж.т.б.). Олардың ақуыздық құрамына кіретін амин қышқылдары 25-30% өзаралық айырмашылықтары бар. Субтиптің ішінде құбылмалы деңгейі 5-20% құрайды. Инфекцияның жұғу жолдары. Табиғи жағдайда жұғу жолы жыныстық қатынас арқылы ауру адамнан сау адамға , сонымен қатар медициналық манипуляциялар кезінде қан арқылы тарайды және де эпидемиялық жылдам таралуға қабілетті. Ауру анасынан ұрығына және де емшек сүтімен қоректенгенде баласына жұғады. АИВ – инфекция көбінесе қауіп- қатер тобына кірушілерде (жезөкшелерде, гомосексуалистерде, наркомандарда) дамиды. Осы топқа гемофилияны да жатқызуға болады. Кейбір жағдайларда АИВ инфекциясы осы инфекция жұққан донорлардың қанын құйғанда немесе кәсіпке байланысты(хирургтарда, акушер-гинекологтарда) дамиды. Клиникасы бойынша АИВ-инфекциясы да басқа индекциялар сияқты бірнеше кезеңнен өтеді: 1. Жасырын кезеңі 2. Алғашқы белгілердің пайда болу кезеңі 3. Екіншілік аурулар кезеңі 4. Соңғы кезеңі Аурудың жасырын кезеңі басқа инфекцияларға тән жалпы өзгерістермен сипатталады. Аурудың алғашқы белгілеріне лимфа түйіндерінің, әсіресе бірнеше аймақта жатқан бездердің, бір мезгілде үлкеюі (лимфоаденопатия) тән. Бұл кезде АИВ вирусына қарсы антиденелер анықталады. Аурудың екінші кезеңі 3-5 жылға созылады. Аурудың үшінші кезеңі үшін иммундық жүйенің бұзылып, екіншілік инфекциялардың дамуы тән. Алғашында кандидоз, фурункулез, герпес, белдемелі теміреткі дамиды. Төртінші кезеңді ЖИТС деп атайды. Бұл кезеңде ЖИТС – ке тән Капоши саркомасы, пневмоцисталы пневмония өріс алады және басқа да оппортунистік инфекциялар байқалады. ....
Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969).
1970 - 75 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын оқыды. 1975 - 1976 ж. Марокко корольдігі, 1985-86 ж. Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті. 1976 - 77 ж. ҚР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. 1977 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі. 1986 - 1988 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты. 1989 ж. Шығыстану факультетінің деканы. 1991 - 97 ж. Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор. 1997-2000 ж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі. 2000 және 2005 ж. Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 ж. Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы, 2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 ж. сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды. 1977 ж. «Арабтілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 ж. «VIII - XX ғасырдағы арабтілді Марокко сөз өнерінің әволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Пешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған.....
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемнің қазіргі заманғы бейнесі Сабақ тақырыбы: Физика мен астрономияның әлемдік көзқарасы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Физика мен астрономияның дамуының адамның дүниетанымын қалыптастыруға әсерін түсундіру Сабақ мақсаттары: -физика мен астрономияның дамуының адамның дүниетанымын қалыптастыруға әсерін түсінеді;.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам Сабақ тақырыбы: Халық тығыздығы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.7.3 дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушы: • Дүниежүзіндегі халық тығыздығының жоғары және төменгі аймақтарын анықтап, себептерін түсіндіреді;.....
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен; біреудің қатал, не тымыр болуының кезінде адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол — көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешіліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. ....
Негізгі капитал-ол өндіріс процесінде жиі немесе үздіксіз пайдаланылатын , пайдалану ұзақтығы бір жылдан жоғары және өз құнын дайын өнімге амортизация түрінде бөліп сіңіретін қаржылық емес экономикалық активтер . Негізгі капитал материалдық және материалдық емес бөліп бөлінеді. Материалдық активтерге үйлер мен ғимараттар , машиналар мен жабдықтар , өндірілетін биологиялық активтер жатады . Ал материалдық емес активтерге бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстары , электрондық есептеу машиналары және компьютерлік бағдарламалар мен қамтамасыз ету ,әдеби және көркем өнер шығармалары және т.б. жатады . Негізгі капиталдың әртүрлілігі өндірісте бірдей рөл атқармайды . Сондықтан негізгі капитал белсенді және белсенді емес деп бөлінеді.негізгі капиталдың пассив бөлігіне қалыпты ұйымдастыру және өндіріс процесін қамтамасыз ету шарттары қызметтерін іске асыратын негізгі капитал түрлері жатады : үйлер , ғимараттар . ....
Көне кептің байыбына салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай тұншықпақ еді. Алайда, ғасырлар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта табындырды. Жошы заманы тым жырақ – әңгімеміз адасар. Арғы атасы әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі. Бергідегі Әбілқайыр бабаларына алдияр дейік. Иә, әңгіме баһадүр хан ұрпағының тұқымнан тақ тоздырған тегеуріні емес, әулеттен ән оздырған тектілігі хақында болмақ. Әбілқайырдың тікелей мұрагері Нұралының отыз ұлы ішінде, әсіресе, Бөкей, Шығай, Қаратай тарихта аты қалған тұлғалар. Осы үшеуінен басындағы бақты тақтан емес, күмбірлі күй мен әуелеген ән-жырдан тапқан ұрпақ қаншама. Айталық, төре күйдің тәңірі Дәулеткерей, әншілігімен Жайықтың сырнайы атанған Мұхит сал, “Шалқыманың” жаршысы Жантөре хан – дарынымен дара тұрар есімдер! Бір ғана Бөкейдің балалары – Жәңгір хан, Тәуке, Әділ, Меңдігерей сұлтандар сарайынан күй керуендете шыққан салтанатты топ ше? Тәукеден – Махамбет, Ғабдолхакім, Хабир күйшілер, Әділден – Науша күйші, Жәңгірден – шабытты ақын, шебер домбырашы Шәңгерей тарайды. Меңдігерей де өзімен бір анадан туған інісі Дәулеткерейді тек дәулет пен билікке баулымапты. Ұлттық мәдениеттің тағы бір көрікті тобы – Қаратаевтар мен Мұхитовтар. Бұлардың көшбасшысы – әнші Мұхит. Мұхиттың атасы да, әкесі Мерәлі – Мерғали Еркінғалиев те рулы ел басқарған белсенділер. Мерәлінің Пангерей, Шәңгерей, Мырзагерей, Мұхаметкерей (Мұхит), Сақыпкерей, Жанша (Ақжан) және Жүсіп деген ұлдары болды. Сақып, Жанша, Жүсіптер бірінен-бірі асқан домбырашы болса, Шәңгерей скрипканы сызылта ойнады. Әйтсе де, ағайынды жетеуден оза шауып, “Оралдан ән оздырғаны” Мұхит сал. Әйгілі аталарының туын жықпай жиырмасыншы ғасырға бұлардың бәрі Қаратаев тегімен жеткен еді. Ұлт азаттық көтерілістің көсемі Қаратай сұлтанның күресі кеңестік тарихнамада әуелі дәріптеліп, кейіннен есімі қайта көмескіленді. Сірә, Ресей Думасының депутаты, алғашқы үкімет – Қазревкомның мүшесі Бақытжан Қаратаевтың Голощекин саясатын айыптап, қыр көрсете компартиядан шығуынан туған көзқарас салқыны болса керек. Содан ба, Затаевичтің “1000 әніне” Қаратаев болып кірген Мұхит Жұбановтың “Замана бұлбұлдарынан” Мерәлиев болып шықты. Тап күресі ушығып тұрған заманда Ахаңдай жанашырдың Мұхит мұрасы мен оның кейінгі ұрпағының тағдыры үшін ойлаған сақтығы еді. Сөйтіп, Мұхиттың өзінен тарайтын өнер саңлақтары оның атымен – Мұхитовтар болып жалғасты. Немере інісі Бақытжан Қаратаевтың айтуынша, ақжарқын, әңгімешіл Мұхит қай төрдің де күткен мейманы болған. Жасында көркіне сұлулар сұқтанған әнші қартайған шағында кең пейілді, келбетіне парасат ұялаған абызға айналып, елдің құрметіне бөленген. Сөйтіп, жас шағында “Күнде той, күнде жиын жүрген жерім” деуі де, егде тартқанда “Мен кепіл өткен жастың келмесіне” дегені де шындықтан шалғай емес. Өмірінің соңында сезім әндерін шырқауды доғарып, Құранның сөзін әуезелейтін ғажайып араби сарынды сопыдай қайталаумен өткен дейді. “Айдай” мен “Қыпшақ”, “Алуаш” пен “Қилым”, “Айнамкөз” бен “Паңкөйлек”, “Дүния” мен “Зәуреш” әндері Мұхит есімін мәңгілік етті. Мұхит әншілігімен қоса Боғданың, Тазбаланың, Абылдың, Сәулебайдың күйлерін нақышына келтіре орындаған. ....
Әр түрлі аурулардағы белгілердің қосарлануы кездейсоқ емес. Әрбір ауруда белгілер түрліше қосарланады. Синдром – жалы патогенетикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер ауысуы мүмкін. Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Басқаша айтқанда әрбір аурудың дамуында белгілі стереотип, белгілі бір жол болады (И.В. Давыдовский). Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі. Кейде аурудың өрісін анықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның өрісін болжауға болады. Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромдарды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте зор. Дұрыс диагнозсыз ауру адамға жедео көмек көрсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамды (қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзін өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады: сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы. Сананың бұзылуының өзіне тән белгілері бар. Мысалы, делириозды ой алжасуында айналадағыларды танымай, қай жерде, қай уақытта екенін білмей, әр түрлі елестеушіліктер, алдымен көру елестеушілігі, сандырақ ойлар болып, жүріс тұрысы қозады. Басқа ой алжасуында да өзіне тән белгілердің қосындысы болады. Бұларды ой алжасу (не сананың бұзылуы) синдромы дейді. Ой алжасуынан басқа ой алжаспау синдромдары болады. Оған төмендегілер жатады.....
Кіріспе Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:- «Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі»-деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономмканы реттеу зор роль атқарады.Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.....
Діннің тоқтық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашу – марксизмнің дін саласындағы өзекті мәселесі Совет үкіметі адамзат тарихында бірінші болып ұлттық тамаға - тұйықтылықты , діни алауыздықты жойып шын мәнінде ұждан бостандығын іс жүзінде асырады. Совет өкіметінің деген көзқарасы жалкамсовтың 1918 ж 28 февральда қабылдаған. Шіркеуді мемлекеттен және мектепте шіркеуден бөлу туралы декретінде берілген. Өзінің мазмұны мен мәні жағынан бұл декрет жұмысшы табы мен оның партиясының дін жөніндегі программасы. Бұл деректің мазмұны СССР конституциясының 52 – ет – нда бекітілген. Біздің конституциямыз шын мәніндегі ұждан бостандығын қамтамасыз етумен бірге барлық азаматтардың атенстік насихат жүргізу провасын да мойындады. Алайда бұл діни қауымдардың ішкі өміріне араласу деген сөз емес. Шіркеу мен мешіт өздерінің ішкі өмірін ұйымдастыруда мемлкетке тәуелсіз болып қала береді. Қазақстандағы илслам діні VIII – дың бас кезінде Батыс Түрік қағанатындағы құлдырау арабтардың орта Азия мен Қазақстанда өз үстемдігін күшейтуіне жол ашты. Осы кезде Оңтүстік Қазақстанда мекендеген тайпалардың арасында ислам діні тарай бастады. ХІІІ – ІХ ғасырларда құрлық ақсүйектері ислам діні Қарахан әулеті (ХІ – ХІІ ғ.) тұсында едәуір тарады. Бұл дәуірде діни фонатизм үстемдікті ете бастайды. Беркехан (1255 – 66) тұсында Алтын орда хандарының арасында ислам дінің ықпалы күшті болды. 1285 жылы Туда - Мөке хан, ал одан Өзбек хан ислам дінін қабылдайды. Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің ықпалы күшейді. Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің , яғни ислам дінін басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі артты. Қазақ сахарасында араб елдерінен келген иман, молдалар көбейді. Олар қазақ ауылдарын аралап, Құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады , діни кітаптарын таратты. Қазақстанда ислам дінінің тауына Әлім хан (1800 – 09 ж.) биік өткен тұсында күшейген Қоқан қандығы едәуір ықпалын тигізеді. Осы хандыққа қарайтын халықтың көпшілігі ислам дінін қабылдаған өзбектер болатын. Солармен тығыз экономик байланыс жоспар, егін шаруашылығымен шұғылданған отырықшы және жартылай отырықшы қазақ тайпаларына ислам дінінің ықпалы, күшті бтиді. Қазақстанның Түркістан, Жаркент, Сайрам қалалары Мұсылман дін иелерін даярлайтын ислам дінін рухани орталығына айналады. Түркістан екінші мекке аталады. Мұнда ХІ – ХІІІ ғасырларда мешіттер салына бастайды. Қазақ арасынан мекке мен Медине қалаларына қажыға барушылар көбейді. Орта ғасырлық дін ілімімен , философия және логика ғылымдарымен араб тілін зерттеуінен шұғылданған Әбу – насыр Әл – Фараби, Исхақ – Отырари, Жамал Түркістани, Қыдырғали Жалайри сияқты ғалымдар шықты. Ислам дінінің қазақ халқының эконмик, қоғамдық – саяси және рухани өмірінде болған тарихи өзгерстермен байланысты. ....
Жоламан Дина 2007 жылы Жақсы қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушы А.А.Высоцкийдің қол астында бокспен айналыса бастады. Сол жылы ол Көкшетауда өткен облыстық жарыста қола жүлдегер атанды.
2008 жылы Қазақстан Республикасының жастар арасындағы біріншілікте тұңғыш чемпион атанды; Челябинск қаласында өткен жастар турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Сол сияқты көптеген жарыстарда Дина биіктен көрініп, жүлдегерлер қатарынан табылды. 2013 жылы тағы да Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды.....
Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды рөлін атқарады. Ол арқылы кәсіпопындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдер жүгізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтарымен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай – ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық инвистициялық, сенім кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды. Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатан несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігін өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардық бір саладан екіншісіне қайта құйылуан қамтамасыз етеді. Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. ....
КІРІСПЕ Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды. Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады. Басқарудағы ақпараттық жүйе - ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады. Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады.....
Пән: Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі түзулердің және жазықтықтардың өзара орналасуы Сабақ тақырыбы: Екі түзудің өзара орналасуы 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулердің анықтамасын біледі, оларды кескіндейді және анықтайды Сабақ мақсаты: кеңістіктегі параллель, қиылысушы және айқас түзулерді анықтауды, кескіндеуді, қолдануды біледі және оларды есеп шығаруда қолдана алады.....
Тынық мұхит (Ұлы мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер бетіндегі ең үлкен мұхит.Теңіздерді қосқандағы ауданы 178,620 млн км², көлемі 710 млн км³, орташа тереңдігі 3980 м, максималды 11022 м (Мариан шұңғымасы) Тынық мұхитының физикалық ка Жапонияның Тынық мұхиты жағалауына цунами жетті
Алайда, оның қуаты әлсіз болғандықтан, ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, өткен түнде оның екпінінен Самоа және америкалық Самоа архипелагында кемінде 100 адам қаза тапты. Тағы ондаған тұрғын ізім-қайым жоғалып, тұтас елді мекендерді су басты. Сондықтан, өлгендердің саны әлі өсуі мүмкін. Мұхит түбіндегі зілзаланың қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 балдан асып, толқынның биіктігі 5 метрге жеткен. Алапат тасқын аралдарға жүздеген шақырым бойлай еніп, жолындағы түгелдей жайпап өткен. Естеріңізге сала кетсек, соңғы рет су асты жер сілкінісі 2004 жылы болды. Сол кезде адамзат тарихындағы ең сұрапыл цунамиден Азияның 12 мемлекетінің жағасында 230 мыңнан астам адам опат болды Тынық Мұхитта цунами апаты туылды. ....
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы империяның қазақ өлкесіне байланысты саясатына елеулі өзгерістер енгізді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды әскери-отаршылдық әрекеттерімен өзіне қосып алған царизм осы аймақтағы ағылшындық ықпалды ығыстырып,ортаазиялық шепке шықты. Өзінің алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық режимін орнатты. Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына да қолайлылық туғызды. Крепостниктік құқықты жоя салысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды. Крепостниктік құқықты жою Ресейдегі аграрлық мәселені шеше қойған жоқ. Осындай жағдайда патша үкіметі шаруаларды революциялық қозғалыстардан бұрып әкететін бірқатар шаралар қолданды,атап айтқанда, қоныс аудару саясатын жандандыра түсті. Сібірді, Қазақстанның солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы царизм ішкі губерниядан шаруаларды сол жаққа қоныс аудартуды және солар арқылы ұлттық шет аймақтарда өздеріне әлеуметтік тірек табуды ойластырды. Орыс және украин шаруаларын өлкенің барлық дерлік облыстарына жоспарлы түрде қоныс аударттыру ХІХғ. 70-жылдарының бас кезінде басталды, ал 80-жылдары бұл іс жаппай көшіп келіп қоныстанушылық сипат алды.....
Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді. Осының барлығы тақырыптың өзектілігін, зерттеу объектісін және мәнін, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды. ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс Сабақ тақырыбы: Дыбыс көздері 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату Сабақ мақсаттары: Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату Экспериментті түсіндіру......
Еңбек рыногы ( жұмыс күшінің ) – капиталдар, тауарлар, құнды қағаздар және т.с.с. рыноктары сияқты, қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды және көп қырлы саласы. ХЕҰ сарапшылары жазғандай, «кәсіпкерлер мен еңбекшілер жалақыға және еңбек шарттарына қатысты ұжымдық немесе жеке келіссөздерді бірге жүргізеді». Еңбек рыногында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық . Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілеттің ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланылады. «Жұмыс күші» деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс істеп жүргендердің нақтылық еңбекте пайдаланатын қабілеттері. Бұл ұғымға жұмыс іздеген жұмыссыздардың жәнеде жақын болашақта жалданатын еңбек резервтеріне жататын адамдардың еңбектену қабілеттері жатады. Демек еңбек рыногы дегеніміз «жұмыс істеп жүрген» жұмыс күші рыногы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныспен, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастарымен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату-сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қаблеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.. Еңбек рыногы пайда болуы және іске кірісуі үщін ең кем дегенде оның құрылымында мына бөліктер болуы қажет: - еңбек рыногының субъектілері (жалданған еңбеккерлер және олардың кәсіподағы,жұмыс берушілер және олардың одақтары,мемлекет және оның органдары) - субъектілер қабылданған экономикалық бағдарламалар,шешімдер мен заң нормалары - рынок механизмі(жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс,оның бағасы,бәсекелестік) - жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтік төлемдер - рынок инфрақұрылымы Еңбек рыногының екі түрі бар: 1. Жұмыс күшінің территория жүзінде жылжуға бейімделген,яғни жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады.Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды. 2. Еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.Бұл рынокты кейде ішкі рынок деп атайды. ....
Шеміршек ұлпасы механикалык функция атқаратын дәнекер ұл-пасының жоғары дәрежеде жіктелген тобына жатады. Ол адам мен омыртқалы жануарлардың денесінде болады. Мезенхимадан дамиды, тығыз негізгі затта (матриксте) орналасқан клеткалар мен талшықтардан тұрады. Шеміршек қатты, бірақ иілгіш ұлпа. Пішінінің өзгеруіне қарсы тұруға жақсы бейімделген, оның аралық заты серпілмелі келеді және сүйектердің буын беттерінің арасында жиі пайда болатын үйкеліс күшін кемітетін қасиеті бар. Тығыз дәнекер ұлпасына карағанда негізгі затқа бай келеді. Клеткаларын хондробластлер деп атайды. Хондробластлер даму процесі кезінде хондроциттерге айналады. Хондроциттер шеміршек үлпасының негізгі клеткасы, клеткааралык затта ерек-ше қуыстарда капсуламен қоршалып орналасады. Хондроцитгің беттері электрондық микроскоппен байқалатын микробүрлермен жабдықталған. Бұл клеткалардың ядросы жұмыр келеді, хроматин аз болады. Цитоплазмасыңда митохондриялар, белоктарды синтездейтін грану-лалық эндоплазмалық тор мен жаксы жетілген Гольдхи жүйесі бола-ды (84-сурет). Хондроциттер 2-4-онан да көп болып топтасып бірігіп «изогендік топ» деп аталатын комплексті кұрайды. Әрбір топ бір хондробластының бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Қуыстың ішінде орналасқан изогендік топтар дәнекер үлпасынан тұратын капсулалар-мен қоршалған. Шеміршекті мезенхиманың клеткаларынан түзілетін шеміршек қабықшасы, немесе перихондр деп аталатын тығыз дәнекер ұлпасы қаптап түрады. Перихондрдың екі қабатын ажыратады: тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан тұратын сыртқы-фиброзалық қабат пен құрамында хондробластлер бар ішкі-хондрогендік қабаттан. Шеміршектің тіршілігінде оның өсуі мен қоректенуін қамтамасыз етіп үлкен рөл атқарады. Перихондрлық (шеміршек кабықшасының) клеткалары өздерінің митоздық беліну кабілетін сақтайды, шеміршектің өсуі мен закымдалған кезде калпына келуі қамтамасыз етіледі. ....
Қасиетті қазақ жерін жаяу аралап шыққан кез келген адамның төрткүл дүниені түгел шарлағандай әсер алатыны ақиқат. Ата-бабамыз ұрпағына ұлағат еткен осы аяулы атамекенімізде Жер-анаға тән қандай да жағрапиялық ерекшелік, қандай да ауа райы климатының құбылысы жоқ десеңізші! Жер ұйығы – Жетісудың, ақбас шың Алатаудың, асқақ Алтайдың, шежірелі Маңғыстаудың, қазыналы Қаратаудың, қарағайлы Қарқаралының, кербез сұлу Көкшетаудың, бағаналы Баянауылдың баламасыз тамаша табиғаты тәжірибелі жаһанкездердің өзін де таңдай қаға тамсандырып келеді, таңдандыра бермек. Соның бірі – Солтүстік жар¬тышарда сақталған самалды Са¬рыарқаның салиқалы жа¬зы¬ғындағы қоғалы көл, қоқиқаз¬дардың құт мекені – Қор¬ғал¬жын қорығы. Бүгінде Ақмола облысының Қорғалжын, Егін¬дікөл, Қарағанды облысының Нұра аудандарының аумағында орналасқан бұл мемлекеттік қо-рықтың көлемі 258963 гектарды құрап отыр. Оның 197919 гек¬тарын су айдыны алып жатыр. ....
Мұрат Нұрәсілов (1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорғанда туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актері (1980 жылдан). Мұрат Нұрәсілов 1949 жылы 20 қаңтарда Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы Театр және Көркемсурет институтынн бітірген. 1980 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік құрамында еңбек етеді. Сахнадағы негізгі рөлдері...
Бұлар негізгі грамматикалық мағынасы жағынан сөзжасам аффикстер тобына жатады да, сөйлемде қолданылу, соған сәйкес сөздің түрлену сипатына байланысты, басқа әуелгі сөзжасам қасиетінен арылып, тұлғажасамдық сипат алып кететін реттері бар. Бұлар: -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -қы, -кі, -шы, -ші, -лық –лік – сын есім тудыратын сөзжасамдық қосымшалар. -ша, -ше – үстеу тудыратын сөзжасамдық қосымшалар Бұл аффикстер сөйлеу барысында қолданылатын сөздердің әр алуан құбылыстарға ұшырауына байланысты, реті келген жерде тікелей түбір морфемаларға қосылмай түбірден соң қолданылатын сөзбайлам немесе тұлғажасам аффикстерден кейін барып айтылатын кездері де бар. Дәл осы жағдайда аталмыш аффикстер өзіне тән сөзжасам қабілетін шектеп, тұлғажасам қызметіне ауып кететін жерлері жиі кездеседі. Аффикстердің тұлғажасам тұлғалар ретінде қолданылуы: 1. –дай, -дей, -тай, -тей а) түбір тұлғадан соң көптік жалғаулары қосылып айтылады, мысалы, құстардай, аңдардай т.б. ә) түбір тұлғаға тәуелділік жалғауы жалғанғанда, мысалы, інімдей, ұстазыңдай б) сын есімге түбірлерге тікелей жалғанып, тек сөйлемдегі синтаксистік қызметке байланысты қолданылады. Мысалыжеңілдей (көру), ауырлай (санау). в) сан есім түбірлерге тікелей жалғанып айтылады. Мысалы, отыздай, екі мыңдай т.б. г) модаль сөздерге жалғанып айтылады. Мысалы, бардай, жоқтай д) есімдіктерге жалғанып айтылады: біздей, сендей. е) қимыл атауларына тікелей қосылып айтылады: айтудай, сезудей, көрудей ж) есімшеге тән қосымшалардан кейін қолданылады: айтқандай, көрместей. 2. –сыз, -сіз а) түбір тұлғаға тәуелділік жалғаулар жалғанғанда: баламсыз, інімсіз ә) жіктеу, септеу есімдіктері мен уақыт және өлшем мәнді сөз тіркестерінің соңғы компоненттеіне жалғанғанда: менсіз, оларсыз, бес жылсыз б) субстантивтенген сын есімдерге жалғанғанда: жақсысыз, жалқаусыз в) сөз тіркестеріндегі тарихи көне тұлғаларға қосылып айтылады: кісі көргісіз, адам айтқысыз 3. –ша, -ше. Тарихи тұрғыдан шақ сөзінен пайда болған бұл жұрнақ – туынды үстеу тудыратын сөзжасам қосымша. Тәуелділік жалғауынан кейін: баламша, туысыңша, ауылдасыңша 4. –лы, -лі. Бұл жұрнақ сырттай сын есім тудырушы қосымшаға ұқсағанымен, қимыл атауларына қосылып айтылғанда, тұлғажасам қосымша дәрежесінде айтылады. Мысалы, ренжулі, шешілмеулі 5. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік. Бұл туынды зат есім, туынды сын есім тудыратын омоним сөзжасам жұрнақ. ....
Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызмет-тер және өндіріс факторларының нарығындағы тепе-тендікті тек орнатумен бітпейді, ол сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді. Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда, салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тоуелсіз және автономиялы түрде орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс омірде дол осылай жүрмейді. Ұлттық экономиканың кандайында болмасын, барлық нарық-тардың дамуы мен реттелуіне бағытталған әрекеттер мезгіл мен экономикалык кеңістікте түрақты түрде бір-бірімен келісімді бо-луға тисті. Осы мәселелерді дүрыс шешу үшін экономикалық жүйенің жекелей жоне жалпы тепе-тендік болмысын арнайы бөліп алып талдау керек. Тауарлар нарығы тепе-тендік жағдайда болу үшін, болып түрған баға дәрежесінде болжам етілген өнімнің щығарылуы жиынтық сұранысқа немесе жоспарланған жиынтық шығындарға тен. болуы керек. Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық-заттық және құндық. Жиынтық сураныстың натуралдық-заттық нысаны халық-тың, фирмалардың және мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерге қоғамдық қажеттігін көрсетеді. Оның қүрылымы, біріншіден, жеке және басқа өндірістік емес қажеттерді қамтамасыз ететін өнімдер мен қызметтердің белгілі түрлерін алуы мүмкін; екіншіден, барлық өндірістік құралдар мен өндірістік қызметтердің (технологияны жетілдіруге бағытталған ғылыми зерттеулер мен дайындықтар, өндіріске қызмет ететін информация, байланыс және т.б.) жиынтығы болуы мүмкін. Жиынтық сұраныстың қун жагының мазмуны жиынтық табыстың әр дәрежесіне тағайындалған отандык тауарлар мен қыз-меттер үшш жоспарланған шығындардың сомасымен аныкталады. Жиынтық сураныс (AD) — бұл нарықта ақша формасында орын алып отырған халыклың, кәсіпорындардың және мемлекеттің қажеттері. Жиынтық сұраныстың экономиканың секторларына сәйкес болінуіне қарай, оны (AD) төрт топқа белуге болады: тұтыну (С ) — үй шаруашылықтарының сұранысы; инвестициялар (I) - кәсіпкерлердің күрделі жабдықтарға сұра-нысы; мемлекеттің сатып алуы (G) — мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге сұранысы; таза экспорт (X) — отандық тауарларға шетелдіктердің сұраны-сы мен шетел тауарларына отандастардың сұранысының айырымы. Басқаша айтқанда, AD түпкі өнімдерге сұраныстың жалпы сомасына тең болады: С + I = G + X.....
1986 ж. ызғарлы және қанды күнінің өткеніне биыл 20 жыл толып отыр. Сол бір күні КСРО шын мәнінде құлдырады және Қазақстан мемлекеті егемендікке бір қадам жақындады. Желтоқсан оқиғалары туралы көп айтылып және жазылып келеді. Дегенмен, әлі де қозғалмай жатқан жайлар бар. Осы күнге дейін оның мәні мен мазмұнын, шын келбетін толығымен ашатын деректер мен құжаттар жарияланып, қалың жұртқа ұсынылмады. Сонымен қатар баспасөз беттерінде, ғылыми зерттеулер мен сұхбаттарда көбінесе Алматыда еткен оқиға талданып жүр. Ал шындап келгенде бұл оқига жалпы қазақстаңдық сипатта болған еді. Жастар наразылығы Алматыда басталып, ол Қазақстаннын көптеген аймақтарына, соның ішінде Қарағандыға да тарап кетті. Қарағандылықтар оңы сырттай бақылаушы болып қана қалмай, оған үн қосып, белсене ат салысты. Студенттер мен жұмысшы жастар алматылық құрбыларына жасалып жатқан қиянатты білсе де, тәуекелге бел буып, топтасып алаңға шықты, әділетсіздікті тыюды талап етгі. Жергілікті халық санын келімсектер әлденеше рет орап алғанына қарамастан, жалындаған жастарымыз қаймықпай, сол кездегі сыңаржақ саясатқа қарсы шықты. Алайда сол кезде облыс орталықтарында не болып жатқаны туралы ешкім жұмған аузын ашқан жоқ. Кейбіреулер сол жағдайды қозғап керегі не, ұмытсақ қайтеді дегенді айтады. Халықтар достығын нығайтып, олардың өзара түсіністігі негізінде бірлікке шақыру бізден осыны талап етеді деген сылтауды алға тастайды. Алайда бұл дәлелді себеп емес. Тарихи беттерге жүгінсек, бүтін бір халыққа жауыздық көрсетіп, онын мүддесіне қысым көрсету ешқашан ұмытылмаған. 20-шы жылдардағы әскери коммунизм, күштеп жер аудару мен ұжымдастыру, 30-шы жылдардағы қолдан жасалған аштық, 30-50-ші жылдардағы ұлттық интеллигенцияның талантты бөлігін қуғын-сүргінге ұшырату тәрізді қайғы-қасіреттердің халқымыздьщ санасынан шьиып, ұмыт болуы мұмкін емес. Қазақстан тарихында осындай кайғылы беттер өте көп. Соның бірі — ызғарлы желтоқсан оқиғасы. Мақаламыздың негізгі максаты — Желтоқсан көтерілісі Қарағандыда қалай өрбіді, оның негізгі алғышарттары мен салдары, облысымыздың қоғамдық өміріне әсері деген сұрақтарға жауап беру.....
Өндірісте сыра ашытқысын қайнату барысында берілетін құмақты экстракт қолданылады. Құлмақталған сыра ашытқысы тургбулентті күйде шынықтырады және ХМП – 250 түріндегі мұздатқышта салқындатылады. Сыра ашытқысын қайнатуда температураның өлшемі: - майдалау 500С, белокты үзіліс – 50-500С - мальтозды үзіліс 60-650С, қанттау - 700С - жылыту және сүзілуге қайта айдау 700С Сыра ашытқысын қайнату процесі жартылай автоматтандырылған режимде өндіріледі. Сыра ашытқысы сьыра өндірісі үшін ферментті препараттар қолданбайды. Сыра ашытқысын ашыту үшін, ашытқының төменгі ашытылуы қолданылады. Тазалық мәдени іс-шаралар арнайы аппараттағы стерилденген, құлмақталған сыра ашытқысында жүргізіледі. Дәмді ашытқылардың тазалану және сақталуы 10С дейінгі мұздатқыш ашыту бөлмесінде жүргізіледі. Ашытудың температуралық режимі - ашытқы сапасына және берілген ашытқы мөлшеріне, ашытылу интенсивтілігіне, алдыңғы тәуліктегі экстрактерінің төмендеуі, орменширлі режимі 6-11 тәулікке тәуелді алынады. Технологиялық инструкцияға сәйкес ашытуға дейін 1-20 С кезінде 12 тәуліктен кем болмауы қажет. Ашыту және ашытуға дейінгі CO2 қысымының арқасында жүргізіледі және аппаратпен реттеліп отырады. Бастапқы ашыту процесі температуралық режиммен өзгерту және жүйелі бақылау персоналды компьютер базасымен автоматтандырылған. Сыраны сүзу жуғыш сүзгі процесінде іске асады, дайын сыраның органолептикалық және физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау «Сыра қайнату өндірісіндегі технологиялық бақылау бойынша инструкциясының» талабына сәйкес орындалады. Сақтаудың және СО2 изотермиялық резерборларда тасудың балонсыз әдісі қолданылады. Сақтау үшін, екі стационарлы сыйымдылық УДХ -8, УДХ-12,5, тасымалдау үшін ЦЖУ-9 бар. ....