Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынды басқарудың мәні, мақсаттары мен міндеттері 4
1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде 6
1.3 Кәсіпорынды басқару функциялары 7
2 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
2.1 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері...14
2.2 Қаржылық есеп берушілік 16
2.3 Баланс 20
2.4 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру 28
2.5 Ақша ағымы туралы есеп беру 31
2.6 Кәсіпорын қаржылық жағдайын талдау 33
2.2 КІРІС ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
2.2.1 Кіріс құжаттары 37
2.2.2 Шығыс құжаттары 37
2.3 АҚПАРАТТЫҚ БАЗА ................................................................38
2.3.1 Машинадан тыс ақпараттық база..................................39
2.3.2 Ішкі машиналық ақпараттық база................................40
2.4 ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ
2.4.1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы................42
2.4.2 Программалық жабдықтау құрылымы.............................44
3.ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ..........................................55
3.1 Құқықтық қамтамасыз ету 60
3.2 Ақпараттық қамтамасыз ету 61
3.3 Техникалық қамтамасыз ету 62
4.АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
4.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау...........................63
4.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі......................................................67
ҚОРЫТЫНДЫ 68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 69
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
ҚОСЫМША В

КІРІСПЕ
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.
Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Басқарудағы ақпараттық жүйе - ол басқарушылық қызметтегі жұмысшыларды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Сонымен ол ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және өңдеуге байланысты технологиялық функцияларды атқарады. Ол белгілі экономикалық объектте қабылданған басқарушылық қызметтің әдістеріне, құрылымына сәйкес қызмет етеді, олардын алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Қазіргі заманда маңызды аймақ болып басқарушылық шешімдерді қабылдауға керекті болатын ақпаратты жинау және өңдеуді жүзеге асыратын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіпорыннің қызметі мен жағдайы туралы ақпаратты басқарудың жоғары деңгейіне жіберу және кәсіпорынның өзара байланысты бөлімдері арасында ақпаратпен өзара алмасу жаңа электронды-есептегіш техника және басқа техникалық байланыс құралдар негізінде жүзеге асады.
Басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету - ол ақпараттың кәсіпорынды басқару жүйесі және жалпы басқарушылық процесспен байланысы. Ол басқарудың барлық функцияларын қамтитын жалпы түрде қарастырып қана қоймай, сонымен қатар кейбір жеке функцианалды жұмыстарына, мысалы болжау және бағдарлау, есепке алу, талдау жұмыстарына байланысты қарастырылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорындарда сапалы ақпараттық жүйені тұрғызу арқылы кәсіпорынның тиімді басқарылуын қамтамасыз етуді қарастыру.
Жұмыс барысында өз алдыма мынадай міндеттер қойылды:
1) кәсіпорынды басқару жүйесін талдау;
2) қаржылық есеп берулермен талдап көрсеткіштердің есептелу жолдарын талдау;
3) кәсіпорынды басқаруға жәрдемдесетін қаржылық есеп берулерді автоматтандыру.

1 КӘСІПОРЫНДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Басқарудың қажеттілігі мен мәні, мақсаттары мен міндеттері
Басқарудың мәнің оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару).
Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:
1) басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;
2) басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.
Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі – кәсіпорын болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі корпорацмяларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін анықтауда және т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.
Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған. Меншік иесі – капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының бүртүтас жүйесі пайда болды.
Өндіріс орны техникалық, материалдық және адам ресурстарының күрделі қисындастыруы деп атауға болады. Техникалы-технологиялық жүйе мен кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен органикалық бірлікте болады. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін, ұйымдасу мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспекиілерді ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процессінде адамдардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастар жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және т.с.с. зерттейді.
Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін асыра сілтеу дұрыс емес , әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнән анықтай отырып, онда кез-келген басқа жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттайды .
Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т.с.с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.
Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.
Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процесстері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процесстерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.
Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.
Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылами негізделіп келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттардда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдануөнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі.

1.2 Кәсіпорын басқару объектісі ретінде
Кәсіпорын – қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауландырылған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік (шаруашылық жүргізуші субъект); өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен өнім өндіру, жұмысты орындау, қызметтерді көрсету үшінқұрылады және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға құқықтарына ие болады, шаруашылық есеп принципінде әрекет етеді және өзінің құрлымында басқа заңды тұлға болмайды.
Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығына ие болады.Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшыоардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер , сондай – ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет , еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын Жеке , мемлекеттік ұжымдық немесе аралас меншіктегі , сондай – ақ қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін . Олар жекеше кәсіпорын, серіктес ( жарнапұлға негізделген серіктестік) , акционерлік қоғам , мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі пайда болды.

1.3 Кәсіпорынды басқару функциялары
Жоспарлау.
Амарикандық ғалымдар өз жұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты функциясы функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек, қашан, кім және қалай жасау қажет, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай ресурстар қажет. Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша қызметтерді ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау болып табылады. Жоғарыда аталған этаптар неғұрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланыста болса, соғұрлым басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі бір уақыт кезеңінде болашақ қызметтердің сипатын, қалпын және реттілігін анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Жалпы сипаиттама бойынша жоспарлауға енетіндер:Сыртқы қоршаған ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы міндеттерді белгілеп және оны орындауға қажетті іс-әрекеттер бағытын анықтау. Жоспарлау өнімдері жоспарлар жүйесі болып табылады: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және оперативті. Жоспарлау процесі басқарудың барлық деңгейлерін қамтиды және ортақ мақсаттарына сай келетін қызметтердің орындалуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етуі керек.
Кәсіпорын қызметтерін жоспарлау жұмысына, ең алдымен жоғарғы басшылар қатысады, олар ресурстарды оптималды үлестіру үшін бастапқы жағдайды қалыптастырып, өкілеттерді қызметкер арасынлда дұлыс бөледі.Белгілі өкілеттерге ие болған адамдар ресурстарды бөлерде творчествалық көзқарас білдірту керек. Басқарушылардың табысқа жетуі көп жағдайда оның ең соңғы теория жаңалықтарын, болашақ пен бүгіннің арасындағы байланысты тауып, әртүрлі аналитикалық құрал-әдістерін қолдану қабілеттігіне байланысты. Жоспарлауды негіздеу дәрежесін көтеру ұйым дамуының қосымша бір қайнар көзі болып табылады .
Жоспарлау мәні – кәсіпорынның болашақта өсуін, қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнде қажет болатын шешімдерді анықтауда.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – болашақ мүмкіндіктерді тауып оларды пайдалану бойынша іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Жоспарлау процесінде келесі шешімдер қабылданады:
1) ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияларын таңдау;
2) қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесетін немесе қатерлі жағдайларды жеңіп шығатынұйғарымды бағыт пен іс-қимылдарын тудыру;
3) бақылау жүргізу үшін оперативиі қызметтердің стандарттарын қалыптастыру;
4) өзгеріп жатқан жағдайда ертерек белгіленген жоспарларды қайта қарау.
Болашақ мүмкіндіктер зерттеліп, сыртқы ортаның түрлі факторларының әсері анықталып, ықтимал шектеулер бағаланғаннан кейін кәсіпорынның болашақ іс-әрекет мақсаттары қалыптастырылады. Ең маңызды мақсаттар қатарына мыналар жатады: пайданың белгілі бір деңгейін, сату көлемін қамтамасыз ету, товарлардың жылдам өтуі, рынокқа ену, өнімдер сапасын арттыру, еңбек өнімділігін жоғарлату, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, өндірісті ырғақпен, бір қалыпта жүргізу.
Фирманың басты мақсаты – белгіл бір пайда көлемін табу – ұйым қызметінің күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортадан туатын күтпеген жағдайларды ескере отырып, сын көзбен талдау жүргізу арқасында қалыптасады. Бұл үшін мақсаттар ағашын құрастыру әдісі қолданылуы мүмкін.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін:
1) негізгі жалпыэкономикалық және рыноктағы жағдайлар, фирманың және оның бәсекелестерінің нарыққа тигізетін әсері, өткен мерзімдердегі сатулар мен түскен пайда туралы мәлімет қажет;
2) ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып, әр берілген уақытта қызмет көрсету мен өндірістің оптималды құрылымын анықтау керек;
3) қолда бар ресурстарды жедел есептеп және оларды икемді, шебер пайдалану қажет;
4) жоспардың орындалу барысын бақылап және қажет болған жағдайда өз уақытында жоспарды түзетіп отыру керек......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар каржы жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесін тұрғызу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін