Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру. Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. ....
Ернұр Рысмағамбетов – физик, жаттықтырушы, мұғалім, Халықаралық қарды орталығы бюросының басшысы.
ҚР Ұлттық командасын мектепаралық ғылыми жарыстарының дайындығына белсенді қатысушыларының бірі. 5 жыл бойы жаттықтырушы ретінде Ернұрдың жетекшілігімен оқушылар 25 мүмкін медальдің ішінен 24 медальді жеңіп алды, оның ішінде 6 алтын, 15 күміс және 3 қола.
Ернұр 11 сынып оқып жүрген кезінде Кембридж университетіне оқуға шақыру алды. Физика пәні бойынша халықаралық олимпиадалардың (IPhO) алтын және күміс медальдарының иегері - Бали, Индонезия, 2002 және Тайбэй, Тайвань 2003; 2000-2004 ж.ж. физика бойынша республикалық олимпиаданың төрт мәрте жеңімпазы және 2003 жылы республикалық мектеп олимпиадасының абсолютті чемпионы.....
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан Гринспен: «Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы» деп мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987 және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907 жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi: Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде «жаңбыр жаумай жатып су болған» инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды. Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды орыстармен қайта «қауыштырды». Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал етпек. ....
Қазақстан Республикасының егемендік қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады. Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары. Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. ....
Математика мен музыканың тығыз байланысы өте ерте заманда байқалған. Бөлшек сандар пайда болған кезде ; ; ,.. бүтін сандарды нотаның ұзақтығына пайдаланған. Жоғарғы және төменгі дауыс жиілігін де физикада тербеліс теңдеуін косинус, синус графигін пайдалана отырып шешкен. Жұмыстың авторы математика, музыка, физика пәндерінің тығыз байланысын ғылыми жұмысын жазу барысында арнайы әдебиетпен таныса отырып, өзінің дүниетанымын, зерттеу нәтижелерін талдап, ұсынған. Бегалиева Ақерке ғылыми жұмысын орындау барысында музыка мен математиканың арасындағы үйлесімдікті пайдаланып, қазақ әндерінің ноталарын геометриялық фигураларға орналастыра білген. Бұл ғылыми жұмыс музыка мектептерінде оқитын оқушыларға математикадан алған білімдерін тереңдетіп, музыкамен байланыстыруға болатынын ұсынып отыр. Жұмыстың барысында математиканың музыкаға ықпалын әлі де зерттеу керек. ....
Кіріспе Халықаралық экономикалық қатынастың негізгі түрінің бірі әлемдегі барлық елдердің сыртқы саудасының жиынтығын көрсететін халықаралық сауда болып табылады. Халықаралық сауданы зерттеудегі манызды мәселелер мыналар: 1. Халықаралық сауда қалай қалыптасқан? 2. Оның қалай қалыптасып, орныққаны дұрыс? Бастапқыда халықаралық сауда анық қалай қалыптасқан? - деген сұраққа жауап беру айдан анық сияқты көрінуі мүмкін: сауда қандай жолмен журсе де, пайдалы болса болды. Бірақ ақыр соңында сыртқы саудадан түсетін пайданы немесе ұтысты кім алады? Барлығы ма? Ал егер барлығы болмаса және бұл сауда біреуге зиян әкелсе, онда біреудің ұтысы басқалардың шығынынан басым түскенін қалай анықтауға болады? Егер әлдебір ел ұтыс тапса, онда онымен саудаласушы елдер бұдан шығын шеге ме? Осы аталған се-бептердің қайсыбіріне байланысты сауда шектерін кіргізу керек пе? Осы сұрақтардың өзі ғана біздің екі мәселенің бір-бірімен қаншалықгы тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Бұл мәселелерді нақты бір жерде қарастырайық - американ-жапон саудасындағы сақталып қалған сәтсіздіктер. Бұл жерде екі жетекші ел арасындағы сауданың қысқаруы салдарынан кім ұтады, кім шығынданады деген сұраққа жауап беру үшін неліктен Жапония АҚШ-қа ұшақ, астйқ және тағы басқаларға айырбас ретінде болат, автомобильдер және басқа да тауарлар сататынын талдап түсіну қажет.....
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады. Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: • жалпыға тікелей айырбасталу формасы; • айырбас құнының дербес формасы; • еңбек өлшемінің заттай формасы. Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды. Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады: 1. құн өлшемі және баға масштабы; 2. айналыс (айырбас) құралы; 3. төлем құралы; 4. қорлану және қор жинау құралы 5. дүниежүзілік ақша Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар....
Инвестициялар деп - өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табысының қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді. ....
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті. Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі. Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін. Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады. Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді. Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі. Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін. ....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау; Сабақтың мақсаты: Оқушылар: өсімдікке жарықтың әсері жайлы ақпарат алады; қоршаған орта жағдайына бейімделуіне байланысты өсімдік құрылысындағы ерекшеліктерімен танысады. Барлық оқушылар: өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделетінін біледі; Оқушылардың көбі: жарықсүйгіш және көлеңкесүйгіш өсімдіктерді ажыратады; Оқушылардың кейбірі: өз жерінде өсетін өсімдіктер жайлы біледі.......
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің №4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: “Ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі” осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттарымен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есептегі кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады” делінген. Ұйымдардың өздеріне қажетті проблемаларды шешуде, өз қажеттілігін толық қамтамасыз етуге, кезекті шикізаттар мен материалдарды сатып алуға ақша қаражаттар есебінің атқаратын қызметі өте жоғары. Осы тұрғыдан қарастырғанда курстық жұмыстың өзекті екендігі байқалады. Өндіріс салаларын жетілдіру, шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру, ішкі резервтерді анықтау басқару жүйесін арттыруға әсерін тигізеді. Дәлірек айтқанда, дұрыс шешім қабылдау басшының еңбегінің «өнімі» болып табылады. Бұл «өнім»- өзгеше өнім. Өйткені, біріншіден қабылданатын шешімдер ұйымның дамуына көмектеседі. Екіншіден, шешімді дұрыс қабылдау ұйымның жұмысшылары мен қызметкерлерінің еңбекқорларын көбейтуге әсерін тигізеді. Үшіншіден, ақша қаражаттарының өсуіне, қаржы тұрақтылығына көмектеседі. Осы тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттарын дұрыс пайдаланып, оның өз орнымен жұмсалуына бухгалтерлік есеппен аудиттің орны ерекше. Сондықтан да ақша қаражаттары есебі шын аудиттің негізгі мақсаты ұйымның ақша қаражаттарын өндіріс процесінде дұрыс пайдалану, кен жабдықтарымен, бюджетпен мезгілінде есептесіп, ысырапсыз жұмсау. Осы айтылған міндеттемелерді іске асыруды бухгалтерлік есептің атқаратын орны бөлек болып есептелінеді. Осыған орай негізгі мәселелері болып ақша қаражаттарының есебін дұрыс ұйымдастыру және олардың дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалау. Осы айтылғандарды іске асыру үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттердің орындалуын қажет етеді: - ақшалардың түсуін және жұмсалуын берілген тәртіп бойынша қатаң түрде сақтау қажет; - ақша қаражаттарының сақталуын қамтамасыз ету; - ақша қаражаттарының уақытылы және толық түрде кіріске алынуын қамтамасыз ету....
Тауар - дегеніміз қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Нарықтык экономика жағдайында оған деген ынта, қолдану, пайдалану және тұтыну шарттары жүзеге асырылуы тиіс. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылар қабілеттеріне және тауар бағасына байланысты. Кәсіпорынныц бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз кәсіпорынның экономикалық, техникалық, ұйымдастыру мүмкіндіктері және оның өз бәсекелестері алдындағы артықшылықтары. Өнім сапасын басқару - тауар сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті, сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау. Тұтынушының мүддесін қорғаудың құқықтық, нормаларының сақталу деңгейімен, буып-түюдің (орамының) сапасымен, сақталу жағдайымен, сатумен, жабдықтаумен, кепілдікті қызмет етуімен және жабдықтаумен, кепілдікті қызмет етуімен және т.б. анықталатын нақты тұтынушының қосымша қажеттіліктерін қанағаттандырылу деңгейі. Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн: - әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері; - нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі. Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып —шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады, және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Нарықтық экономика жағдайында өнім (тауар) сапасының көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды. Ол қажеттіліктерді қанағаттандырумен тығыз байланысты. Сондықтан, өнімнің сапасы оның жиынтық қасиеттері ретінде анықталады және оның мақсаттарына сай кейбір қажеттіліктерін қанағаттандыруға себепкер болады. Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағдайында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа - материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол - бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі). Өндіріс сапасы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсыбір өндіріс (бөлімнің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа - шын мәнісінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.....
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. ....
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады. Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық – нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады. ....
КІРІСПЕ Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері[center][/center] Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады? Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады: 1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады. 2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді. Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді. Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс. Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды. Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады. Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді. Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен, интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді 1, 6 б.. Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен ерекшеленеді.....
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.....
Немістің атақты оқымыстысы Вильям Конрад Рентген физика институтының және Вюрцбург Университетінің физика кафедрасын басқарып жүрген кезінде өте тамаша жаңалықтың иесі болды. Ол бұл кезде елу жаста болатын. Оның тәжірибе жүргізетін зертханасы өзі тұрған бөлменің төменгі қабатына орналасқан болатын. 1895 жылдың 8-қарашасында тәжірибе ұзаққа созылып, әдеттегіден кеш аяқталды. Бөлменің шамын сөндіргенде қараңғы үйдің ішінде плптина-синеродистый барий кристалынан бөлініп шыққан жасыл түсті сәулені көрді. Оның сәулелену себебін білу үшін жан-жағына қараса, криталға жақын тұрған қара қағазбен оралған жоғары кернеу тогымен жұмыс істейтін Круксова трупкасын сөндіруді ұмытып кеткен екен. Трупканы сөндірісімен, сәулелену жоқ болып кетті, ал жаққанда сәулелену қайта шыға бастаған. Ол осы күні үйіне бармастан, тәжірбиемен шұғылдану үстінде болды. Рентгенге кенет «трупкадан ток өткенде мұнда бұдан бұрын белгісіз сәулелену пайда болды» деген ой келді. Ол бұл сәулелену «X сәулелері» деп атады. Кейінен оны ашқан оқымыстының құрметіне оның атымен «Рентген сәулелері» делінді. Рентген өз еңбегін 1895 ж. 28-желтоқсанда өзқолының сәулелену арқылы түсірген суретін қосып Вюрцбургтің физика-медициналық қоғамының басшысына табыс етті. Барлық заттардан өте алатын «Рентген сәулелері» ашылғандығы туралы Лондон телеграфымен дүние жүзіне хабарланды. Адамзаттың бүкіл зиялы қауымы бұл жаңалықты ең маңызды хабар деп қабылдады. Ғылымда физика саласынан көрнекті табысы үшін 1901 жылы 10-желтоқсанда Рентгенге Нобель сыйлығы табыс етілді. Париждегі жаратылыс тарихы музейінің профессоры Анри Беккерель рентген сәулелерінің табиғи құбылысын зерттегісі келген талапкер оқымысты әр түрлі минералды заттардың күн жарығынан сәуле шығаруын зерттеді. Ол бұл бақылауын қайталамақ болды. Фотография пластинкасын жарық өтпейтін қара қағазбен жақсылап орап, үстіне крест тәрізді уранның тұзын салып, столдың суырмасына салып қойды. Екі күн өткеннен күн ашылған соң ол тәжірибесін қайталамақ болып, фотопластинканы столдың суырмасынан алады. Пластинканы шығарғанда уран тұзының крест тәрізді ізі тура түскенін көрді. Бұл байқаудың Беккерель уранның тұзы жарық түскенде және жарық жоқ қараңғы жерде, күннің сәулесіне байланыссыз көзге көрінбейтін « уран сәулелерін» өздігінен үздіксіз шығарып тұрады деп қорытынды жасады. Сонымен, рентген және уран сәулелерін ашу кездейсоқ болған жаңалықтар еді. Мұндай жағдайда кездейсоқтық «жаңалықты ашуға дайындығы мол ой иесіне көмектеседі» деп Луи Пастер айтқан болатын. Атақты поляк оқымыстысы Мария Склодовская – Кюри уранның өздігінен үздіксіз сәуле шығаруын зерттеді. Солардың бірі – 1898 ж. шілде айында полоний элементін ашты. Дәл осы желтоқсан айында радий элементі ашылды. Осыған байланысты құбылысты Мария Склодовская – Кюри радиоактивтілік деп атады. Радиоактивтілік – кейбір минералды элементтердің атом ядросының өздігінен ыдырап, гамма-квантын және ядролық бөлшектерін бөліп отыру қабілетті. 1903 жылы физикадан Нобель сыйлығы Пьер мен Мария Кюри – 10 сыйлық ғылыми мекемелер, академия ғылыми қоғамдардың мүшесіне сыйлаған оқымысты. 1935 жылы Марияның қызы Ирен Кюри екеуі жасанды изотоптарды ашқан үшін Нобель атындағы сыйлыққа ие болды. Радий элементінің үздіксіз жылу швғарып тұратынын байқап, оқымыстылар ең алғаш рет 1903 жылы атом энергиясының бар екенін тапты. Сөтіп, атом – энегия бұлағы екені дәмденіп, зерттеулер арта түсті....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Электр қайдан алынады ? Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу; Сабақтың мақсаты: Оқушылар: электр энергиясының көздері туралы мәліметтермен танысады; қандай батарея энергияны көп беретінін анықтайды.......
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі. Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді.Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттері, тартылған банк аралық рессурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды: немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу т.б. арқылы көрсетіледі. Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк б.т. Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондентік шоттардағы (Орталық банкте және басқа да коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек. Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады: • депозиттиерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер мен жануарлар Сабақ тақырыбы: Ұрпақ – тіршілік жалғасы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3. Жануарлар. 2.3.2.3 Кейбір жануарлардың төлін туатынын, кейбірінің жұмыртқалайтынын білу. 2.1.1.2 Өз тәжірибесін пайдалану арқылы жануарлардың дамуы туралы сұрақтарға жауап беру Мәліметтерді алу және таныстыру 2.1.3.3 Бақылаулар мен салыстырулар бойынша жазбалар түсіру (туу мен даму ерекшеліктері) Нәтижелерді түсіндіру 2.1.4.1 Жануарлардың тіршілік циклдерін бақылау, салыстыру, жүргізілген бақылаулар мен айырмашылықтарын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Жануарлардың тіршілік циклдерін бақылату арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту.........
Нарықтық экономика және бәсекелестіктің дамуы жағдайларында кәсіпорындардың қаржылық менеджментінің ролі мен міндеттері ең маңызды мәселердің бірі болып отыр. Кәсіпорынның табыстылығы, бәсекелестік жағдайлардағы өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі мәселелері қаржы менеджментінің негізгі басқару объектісі болып табылады. Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады. Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады. Қаржы менеджментінің қызметтерінің түрлерін келесідей тәртіп бойынша бір жүйеге келтіруге болады: - жоспарлау – стратегиялық, оперативтік және ағымды қаржылық жоспарлауды, түрлі шараларға сметалар мен бюджеттер құруды қамтиды; - баға саясатын анықтауға және өнімді сату жоспарын құруға қатысу; - өзге кәсіпорындармен қосылу немесе бөліну нәтижесінде мүмкін болатын капитал құрылымының өзгеруін бағалау;....
Адамға тағамына әртүрлі тағамдық азық түліктерқолданылады. Аралас, баланстық тағам рационындағы тағамдар өнімінің жинағы әртүрлі тамақтанудық және оның жоғарғы дәмдік қасиетін, сандық жеткіліктілігін және сапасының дұрыстылығын қамтамасыз етуге міндеттелген. Тағам азық – түліктерінің табиғатын жануартекті (ет, балық, сүт, жұмыртқа) және өсімдіктерді (жемістер, көкөністер) деп бөледі. Химиялық құрамы, биологиялық қасиетініңәсері аралас заттар болып табылады. Олардың кейбіреулері пластикалық заттың көзі, басқасы энергетикалық материал көзі, биологиялық активті компоненттерінің түсуін қамтамасыз етеді. Адам тамақтануында көп мөлшерде дән өнімдері алада. Тәуліктік рацоинды энергетикалық құндылығын дән өнімдері толтырып отырады. Тағамдық өнімдердің тағамдық және биологиялық қасиеті және оларды дұрыс сақталуы тек қана тағамдық өнімнің жоғары сапалығына байланысы болады. Сондықтан да тұтынуға келіп түсетін азық – түліктің жоғары сапасы үшін күрес, сонымен қатар халық денсаулығының деңгейін көтеру үшін күрес болып табылады.
Мақсаты: Халық денсаулығын сақтау және азық – түлікті ұтымды пайдалану
Міндеті: Халық денсаулығы үшін азық – түлікті қауіпсіздігін және тағамдық құлдылығын сипаттайтын қасиеттерін анықтау ....
Мен бұл банктік депозитті сақтандыру: шетелдік және отандық тәжірибе деген курстық жұмысты алу себебім, ол өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде экономика мен қаржы саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде.Сондықтан да Қазақстан Республикасының президенті халықтың банкке деген сенімін арттыру үшін депозитті сақтандыру шаралары қолданған болатын. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген. Онда депозиттің теориялық анықтаммасы, құрылу жолдары, оның функциялары туралы айтылған. Жалпы түрде депозитті сақтандыру ұйымдастыру мен қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген. Екінші бөлімінде депозитті сақтандыру формалары, депозитті ұйымдастыру жолдары мен әдістері, оның негізгі мақсатарын қарастырамын. Басқару мәні ашылған, мемлекеттің депозитті басқарудағы атқаратын рөлі, шетел тәжірибесі қарастырылған,олардың депозит жүйесінің ерекшеліктері. Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайда проблемалары және жетілдіру жолдары ерекшеліктері мен принциптері, оның проблемалары мен қиындықтары мен әдістері қарастырамын. Қазақстанның депозиттерді сақтандыруды дамыту тенденциялары мен алдағы мақсаттары және заңдарды қарастырамын жазылады. Бүгінгі күндері депозиттерді сақтандырудың рөлінің жоғары екенін түсінген үкімет Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын құрды. Бұл қордың тәжірибесі бүкіл дүние жүзі елдеріндегі нәтижелі қызмет көрсетіп жатқан осындай қорлардың тәжірибесінен таңдап іріктеліп алынып жатыр. Мұндай озық тәжірибелер қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония және т.б елдерде бар. Бұған қоса әлемдік және отандық тарихта жалпы сипатқа және ауыр салдарларға ие болған көптеген банктоттық жағдайларын ескере түсіреді. Әлемнің дамыған елдері әр уақыт кезеңінде банктің салымшыларын қорғау мәселелерімен жолықты. Бұл мәселені шешу біздің елімізде де үлкен қиындық туғызады. Отандық банк жүйесі енді ғана тұрақтана бастады, бірақ әліде болса проблемалар бар, кәсібиліктің тапшылығымен және тағы басқа кемшіліктермен сипатталады. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфлияция әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып кетуімен байланысты болып отыр.Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру) қорын құру оңай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға тарту,екіншіден ақша иелерінің табыстарын өсіру, үшіншіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін мемлекеттің реттеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес. ....
Дәрігерлік Алланың тарапынан берілген үлкен сый. Дәрігер болуды армандайтындар өте көп. Алайда, екінің бірі дәрігер бола алмасы анық.
Мамандықты меңгеру аздық етеді. Дәрігер болатын жанға ең әуелі үлкен жүрек керек, адамгершілік керек. Одан кейінгі биік ұстайтын ту – мамандығыңа деген адалдық, жаупкершілік. Дәрігер – тәулігіне 24 сағат дәрігер. Бүгін біз бір перзентке зар болып жүрген көптеген қазақстандық отбасыларға есімі жақсы таныс, жүзінен мейірім төгілген, алтын жүректі дәрігер, Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының гинеколог-репродуктологы Айтқожина Ләззат Кенжебайқызы туралы әңгімелегіміз келеді.
Ләззат Кенжейбайқызы Шығыс Қазақстан өңірінде 1980 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Семейдің медициналық университетіне (бұрын академия болған) 1997 жылы түсіп, 2004 жылы тәмамдаған. Мамандығы – емдеу ісі. 2004 жылы интернатураны аяқтады. Ләззат Кенжебайқызы тәжірибе жинау мақсатында Абай аудандық ауруханасына аттанып, алғашқы еңбек жолын кішігірім ортада бастауды жөн санады.....
Пән: Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі Сабақ тақырыбы: Ампер заңы. Зертханалық жұмыс " Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін оқып үйрену". Ампер таразысы. Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): -Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің шамасы мен бағытын анықтау; Сабақ мақсаттары: • Пән бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, • Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімін бағалау, • Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Ғылыми көзқарасы жоғары азамат тәрбиелеу. • Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну; • Сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;......
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология: Сабақтың тақырыбы: РНҚ түрлерінің құрылысы мен атқаратын қызметі Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: РНҚ түрлерінің құрылысы мен атқаратын қызметін ажырата білу Сабақтың мақсаты: РНҚ түрлерінің құрылысы мен атқаратын қызметін ажырата білу - ақпараттық РНК. - рибосомдық РНК. - тасымалдау РНК.......
Ардақ Бекмұратқызы Исатаева (1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған) — танымал дәстүрлі әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті. Ардақ Бекмұратқызы 1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Калинин ауылында дүниеге келген. 1983 - 1993 жылдары В.И. Ленин атындағы орта мектепте оқыған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде аудандық, облыстық концерттерге қатысып, көзге түскен. К.Әзірбаев атындағы облыстық байқауда 3-орын иеленген. 1993 - 1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бекболат Тілеуханнан дәріс алған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлан гвардиясы жанынан құрылған президент оркестрінің жеке әншісі 1998 - 2005 жылдары Гүлдер ансамбльінің солисті 2000 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша дәріс береді. Көптеген шәкірттер дайындаған, шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері. Жетістіктері ....
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады. • Баға теориясы; • Баға жүйесі; • Баға саясаты; Баға құрылу тәсілдері: • Индуктивті; • Дедуктивті; • Диалектикалық Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым. Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады. Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты. Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн екі жақты сипатталады: • Сандық; • Сапалық; Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі. Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.....
Сүйінғара Үргенішбайұлы (1756 – 1841) – батыр, би. Кіші жүздің адай руының мұңал тармағынан шыққан. Ресей империясының, Хиуа хандарының, түрікмен билеушілерінің үстемдігіне қарсы күрескен. 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге орыс тұтқындарын қайтарып, өзі басшылық жасайтын маңғыстаулықтардың атынан Ресеймен достықта болатыны жайлы сенімхат жазған. Граф Сухтелен өзінің ризашылығын хат арқылы білдіріп, батырға қылыш сыйлаған. Сүйінғара 1837 жылы Жайықтың шығыс бетіне өткен Исатай-Махамбетке қол жинауға көмектескен. Сүйінғараның інісі Кежінің, балалары Бүркіталы, Сатыбалды, Көтібардың ерлігі, қыздары Айсалқам мен Жансалқамның қайғылы тағдыры туралы ел аузында аңыздар көп сақталған. Батыр туралы .....
Үмбетей жырау 1706 жылдар шамасында туады. Болашақ жыраудың әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жақсы білетін шежіре, сонымен қатар халықтың музыка мұрасына да жетік даулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі, өнердегі мектебі өз әкесі және сол іспеттес көненің көздері арқылы алған дәріс болды. Ақындық қабілеті ерте байқалған Үмбетей өз ауылдастарының, кейде тіпті, ағайын – туғандарының теріс істерін (ерте байқаған) әшкерлеген өткір тілді өлеңдер авторы ғана емес, ескі эпикалық жырлардың білгірі ретінде де танылады. Алайда өзіне көне жырауларды үлгі тұтқан Үмбетей уақыт оза келе философиялық – дедактикалық толғауларға ден қояды. Сонымен қатар сырт жауларымен күресте аты шыққан батырларды мадақтау да жырау өнернамасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды және осы реттегі жырлары Үмбетейге үлкен даңқ әкелді. Үмбетей 1778 жылы қазіргі Целиноград облысының Ерейментау ауданында қайтыс болған. Үмбетей жырау – дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі. Ол жастайынан сөз өнеріне ден қойған. Оның осы жылдағы алғашқы ұстазы өз әкесі болған. Ол халықтың ауыз әдебиетби, ән өнерін жақсы білген, ел тарихына өте қанық адам болған. Сонан соң халық шежірелерінен шешендік сөздеріннен халық дастандарынан көп тағлым алған. Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген. Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды. «Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», - деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, салқымыздың ұлан – байтақ жерін Баянаула, Қызылтау, Арбасы, Шыңғыстау бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей жырау сонда: Қашақты қуып қашырдың, Қара Ертістен өткізіп Алтай тауға асырдың. Ақ шәугімге қос тігіп Ауыр қол желдіріп алдырдың Қашаққа ойран салдырдың, - деп халқына Бөгембайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгембайдың (елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді) ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы, батырлардың – Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің, Керейде батыр Жәнібектің, Сары, Баян мен Сағымбайдың ерліктерін де өлең жолдарын қосқан. Үмбетей жырау «бәкеге», «жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтан сақтандырған, жақсы қылыққа, адамгершілікке адалдыққа үндеген ....