Халыққа білім беру жүйесін жаңа бағытта құру және оны жетілдіру мәселелері

Халыққа білім беру жүйесін жаңа бағытта құру және оны жетілдіру мәселелері

Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламарлар мен шаралар

Нұрсылтан Әбішұлы халыққа арнаған биылғы үндеуінде әлемдік білім кеңестігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтырды Қзақстанғы тарту үшін алғы шарттар жасау қажеттілігіне айрықша тоқталды. Бұл талап еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы мен үндес. Осыдан – ақ Президент саясатының білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділігін аңғару қиын емес. Өйткені ол былтырғы жолдауында да осы мәселеге айрықша көңіл бөлген еді. Жаңа сапаға жетелеген талап үдесінен шығу үшін Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі кең ауқымды ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді.
Айталық білім берудегі сапа деңгейін айтарлықтай көтеру үшін Канада, Оңтүстік Корея, Австрия, сол сияқты Ресейдің бірнеше ЖОО және ғылыми орталықтары мен әріптестік байланыстар орнатылды. Сонымен бірге ұжымымыздың Еуразия – Тынық мұхит университеттерінің ассоцациясына қабылдануы жаңа сапаға көтерілгендігіміздің айқын айғағы. Біз үшін 2005 жылдың 16 қыркүйегінде Болон университетінде (Италия) «Университеттердің Ұлы Хартиясына» қосылуымыз білім беру сапасын Еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған, нәтижелі қадам болып отыр.
Нақты дәлел ретінде айтар болсақ, ұжымның ғылыми әлеуетінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші 7 профессор-оқытушымыз ҚР жоғарғы оқу орынының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері атанды. Облыс ғалымдарының ғылыми әулетің өндіріспен ұштастыруда технопарк қызметінің орны ерекше. Ғылыми жобаларды жинақтап, оларды қаржыландыру, осы технопарктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта университет ғылымдарының 6 жобасы ұлттық инновациялық орталықтың коталоігіне ендіріліп, өңдіріске енгізілуге әзір, бұған қосымша түрлі қаржы көздерін пайдалану арқылы талантты жастардың элитарлық жоғарғы білім алуына мүмкіндіктер жолдары қарастырылды.
«Петро Қазақстан Құм көл Ресорсиз» компаниясы мен облыс әкімшілігі арасында жасалған екі жақты келісім шарт негізінде коорпоративтік «Демеу» қоры бөлінген қаржы көмегімен қоршаған ортаны қорғау және өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған ғылыми ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуге және бірнеше білімді жастарымыздың алыс-жақын шет елдерде білім алуына мүмкіндіктер туды.
Болашақ орта класс өкілдерін қоғам қажетіне сай тәрбиелеу ісіне түрлі деңгейде білім беретін барлық мекемелер де жауапты екені белгілі, осыған сәйкес университет ұжымы бірқатар ауқымды шаралар атқаруды жедел қолға алды. Соның ішінде қысқартылған бағдарлама негізінде облыс көлемінде балық және күріш кластерлерін дамыту қажетті мамандар даярлаудың икемді жүйесі қалыптасып келеді.
Бұл жағымды жаңа әдіс арқылы студент жастарды университет қабырғасында шағын және орта бизнеспен айналысуға бейімді оқыту республикамыздың дүние жүзілік сауда ұйымына қабылданары алдында біздің экономикалық мүлдемізге сай келетіні анық.
Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын әлемдік экономикада интеграциялық процестердің ағымына ұштастыруда болып отыр.
Қазақстанның Орталық Азияда ұлтаралық келісім ұйытқысы ретінде танылып, кейбір ғаламдық мәселелерді шешу барысында саясат сахынасында салмағы артқаны әлемге әйгіленді.
Елбасы Жолдауы отаншылық рухқа толы оптимизімге шақыратын терең толғаныс. Жолдау – мемлекет басшысының өз халқына кемел келешек пен жақын болашаққа бастайтын саяси-экономикалық бағдарламасы.
Қазіргі кездегі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормативтік база 1991 жылдың 28 маусымындағы Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР-індегі мемлкеттік жастар саясаты» туралы заңының Қазақастан Республикасының Президенттінің 1999 жылының 28 тамызындағы «ҚР-ның мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» үкімінен, осы үкімге сәйкес шығарылған республикалық және аймақтық бағдарламалар дан т.б. құқықтық актілерден тұрады.
1991 жылы қабылданған Қазақ КСР-і заңының кейбір нормаларының қазіргі уақытта заман талаптарына сай келмей модерндендіру процесін талап етуде екені айрықша көзге түсуде. Соңдықтан да Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның жобасын әзірлеу үстінде.
Ендігі кезекте ҚР президентінің үкімімен бекітілген мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына көз жүгіртсек, бұл тұжырымдаманың көптеген халықаралық құқықтық нормалары мен қатар, ішкі нормативтік құқықтық актілердің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының басшылыққа алынып әзрленгенін көреміз. Сондай – ақ бұл тұжырымдама да мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдылықтары, негізгі принциптерінен бағыттары сияқты қоғамды толықтыратын мәселелер толық қанды баяндалған.
Осы тұжырымдаманың төртінші бөлімінде жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс қимылдарының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылған.
Ал жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтарын қамтамасыз ету мехенизімі жайлы толыққанды айтылмағаны өкінішті-ақ. Жастардың құқықтары мен бостандықтарын тұжырымдамаға сәйкес ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті көтеру және т.б. арқылы қамтамасыз ететіні туралы мәселе толық шешімін таппай отырған сыңайлы.
Жастар ретінде ҚР-да жаңа заңның жобасы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы азаматтар танылатынын ескерсек кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық әділет жүйесін, оның ішінде мамандандырылған соттар жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындарын т.б. қалыптастыру қажеттілігі тұжырымдаманың аталған бөлімшесінде баяндалған. Ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру 1991 жылы қабылданған заңда да көзделген.
Ол заңның қабылданғанына он жылдың жүзі болыпты. Тәуелсіздігіміздің он жылдық мерей тойына ювеналдық сотты ең болмағанда сыйлық ретінде құру керек еді, бірақ ол да болмад
1.2 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.

Нарықтық экономика заңдылықтары елімізде терең тамырланған кезінде қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. ҚР жас азаматтарының кәсіби оқу процесін 2000 жылғы деректерге қарағанда 722 оқу орны жүзеге асырылып отыр.
Жоғарғы оқу орны 1995-2000 жыл арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындар саны 99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғарғы білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 1999-2000 оқу жылының өзінде ақ ҚР жоғарғы білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстарғанды 3675 адамға өскенін байқатты, бірақта, «саны да сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғарғы білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғарғы білім ұяларында алған білім сапасына күмән тудырады.
Жастардың алдындағы аса маңызды сын таңдау еді. Сондықтан да мемлекетіміздің жастары келешегін ойлап, қандай мамандыққа артықшылығын беретінін «Қазақстан жастары 2000: жағдай, тенденсиялары , болашағы» атты ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлкеттік баяндамасында айтылған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады.
Жастардың заңгер мамандығын 20,2%, экономистер мамандығы 14,2%, банк қызметкерлері 9,6%, шетел салық инспекторлығын 4,5% иеленгісі келетіндігі мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдау жастардың кедонистік және шығармашылық альтуристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етеді (2 диаграмма).
Сонымен жоғарыда аталған көптеген шешілмеген мәселелер жас азамттардың білім алуға конституциялық құқығының толық қамтамасыз етілуіне тежеу жасап тосқауыл қойып отыр. Ал тіпті жетім балалар денсаулығы, мүмкіндігі шектеулі балалар, тұрмыс деңгейі төмен отбасылар, деңгейі төмен отбасылар балаларының білім алуға құқығын жүзеге асыруы күрделі мәселеге айналғандығына біршама адамдардың көзі жеткені сөзсіз.
Бұл жайттар қанша уақытқа дейін жалғаспақ бұндай мәселелерді шешуге, олардың алдын алу шаралары неге өзінің оң нәтижелерін бермеуде? Осы сияқты риторикалық сұрақтар әлі біраз уақыт бойы өз өзектілігін сақтап қалатын секілді.
2 диаграмма. Жастардың мамандық таңдау деңгейі (сұраққа жауап бергендердің саны % көлемінде)

1 – заңгер 2 – экономист
3 – банк қызметкері 4 – аудармашы
5 – ЭВМ операторы 6 – салық инспекторы
7 – дәрігер 8 – инжинер
9 – мұғалім 10 – психолог

Білім беру салаларындағы бағдарламалаларда білім беруді ақпараттандыру және қаржыландыру мәселелеріне де көп көңіл бөлінуде, сол айтылған мәселелерге тоқталатын болсақ, мысалы, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлектеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 100% компьютерлендірілуі аяқталды. Орталық комуникациялық торап құрылып оған білім және ғылым министрлігінің орталық ақпараттарының торабы және облыстық білім беру департаменттерінің телекомуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулықтар баслымдары мектеп пәндерінің 225%-ін қамтиды.
Қашықтан оқыту спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған.
Сонымен қатар, ақпараттық және комуникациялық технологияларды дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіліктен әлде қайда артта қалуда.
Қазақстанда әр компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар 2002 жылы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйым елдері бойынша бұл көрсеткіш 13-ке теңеледі, Литвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиісінше 5, 9 және 15 құрады.
2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде бір компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та төрт.
Қазіргі таңда интернет желісіне қосылуға Қазақстан мемлекетінің 24%-ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан мектеп, 2000 жылы Эстония мемлекеттерінің 100%, Австраля, Канада, Исландия мектептерінің 80%, Венгрияда 58%, экономикалық-ынтымақтастықтың және даму ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52% интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген.
Кәсіптік мектептер мен колледждерде бір компютерге тиісінше 30-35 оқушыдан келеді. Интернет желісінде кәсіптік мектептердің 39% және колледждердің 51% қосылған.
Жоғарғы білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.
Жекеленген жоғарғы оқу орындары оқудың технологиясын еңгізгенде кейбірінде талдау жасалған технология экспериментік режимде іске асырылуда.
3 диаграмма. Интернет жүйесіне қол жеткізген мектептер саны, облыстар бөлінісінде
1 – Ақмола; 2 – Ақтөбе;
3 – Алматы; 4 – Атырау;
5 – Шығыс Қазақстан 6 – Жамбыл;
7 – Батыс Қазақстан; 8 – Қарағанды ;
9 – Қызылорда; 10 – Қостанай;
11 –Маңғыстау; 12 – Павлодар;
13 – Солтүстік Қазақстан; 14 – Оңтүстік Қазақстан;
15 – Алматы қаласы; 16 – Астана қаласы.
Білім беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік береді ( 6 кесте).
Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өседі.
Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰТБ), мемлекет аралық бақылау (МАБ) енгізілді.
Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың обьективті құралы бола алмайды.
Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, оьективті мониторинг жоқ.
6 кесте. Білім беруді қаржыландыру
2000 2001 2002 2003 2004
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 2975 3322 3880 4553 5742
Жалпы орта білім 60007 67224 81744 98906 124979
Кәсіптік бастауыш білім беру 2693 3018 3910 5299 6540
Кәсіптік орта білім беру 2662 2528 2989 3595 5001
Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру 8120 9344 11783 12763 15506
Басқада бағдарламалар 4959 17640 14671 24505 33547
Жиынтығы 81416 103076 118977 149521 191315
ІЖӨ-ге % 3,1 3,1 3,2 3,4 3,8

Білім беру сапасын басқару компаненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты және міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаға Қазақстан қатыспайды.
Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистикалық жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұны әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.
Жаңа жүз жылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ « Білім » бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.
Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғарғы елдердің озық тәжірбиесіне сәйкес маманадарды даярлау жөніндегі шаралар қолдануды қажет етеді.
Білім берудегі қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстары (7 кесте), Қазақстандық білім берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға қажетті қосымша шығыстардың жалпы соммасы 2004 жылдың базалық бағасында 330 812,0 млн. теңгені құрайды.
7 кесте. Мектептік қаржыландыру көздері
2005 2006 2007 2008 2009 2010 Барлығы
Республикалық бюджет 23379,8 34036,9 32150,8 26216,8 29484,4 30501,1 175769,8
Жергілікті бюджет 18022,4 19477,3 21705,1 31552,5 32115,6 32169,3 155042,2
Мемлекеттік бюджет 41402,2 53514,2 53855,9 57769,3 61600,0 62670,4 330812,0

Бағдарламаны 2006-2010 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланатын болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍