Экономика | Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау

Экономика | Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау


Кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко¬номикасының негізі. Соның ішінде, дамыған ел¬дердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо¬миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт¬қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Шағын және орта бизнесті дамыту мемлекеттен ішкі қолайлы жағдайлар туғызуды талап етеді. Мәселен, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде шағын және орта кәсіпорындарға тиесілі ІЖӨ үлесінің айтарлықтай өсуіне мақсатты бюджеттік субсидиялар мен салық салудағы айтарлықтай жеңілдіктер арқылы қол жеткізілді. Біздің елімізде де шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле¬кеттік саясаттың басым бағытта¬рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына 2007 жылдың 28 наурызындағы Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көр¬сетудің жүйелі іс-қимылдары баян¬дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қажеттілігінің маңызы мынаған сайып келеді: Еуропаның дамыған ел-дерінде шағын және орта кә¬сіп¬керліктің өнімі ішкі жалпы өнім¬нің 40-60 пайызын құрайды, ал бізде бұл көрсеткіш 15,7 пайызға тең. Қазір Қазақстанда 455 мың же¬ке кәсіпкер, 169 мың фермерлік ша¬руашылық, 189 671 шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркеуден өткен 189 671 шағын кәсіпорынның жұмыс істеп тұрғаны - 120 356. Қазіргі таңда шын мәнісінде белсенділік танытып отырған кәсіпорын саны - 55 865. Осыған қарап-ақ елі¬мізде кәсіпкерлік субъектілерінің олардың Қазақстан эко¬но-микасына қосар үлесі әлі де мар¬дымсыздау екенін мойындауға тура келеді.
Кәсіпкерлікті қолдаудың мәні Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында айқындалған. Аталмыш Заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманың жүзеге асуы үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру бойынша мемлекеттік шаралар кешені.
Жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы – бұл жеке кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет етуіне жалпы жағдай жасау үшін құрылатын немесе әрекет ететін ұйымдар кешені.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:
 жеке кәсіпкерлікті реттеу бойынша заңнаманы жетілдіру;
 жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктерді, индустриалды аймақтарды, т.б. жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының объектілерін құру және дамыту;
 жеке кәсіпкерлік субъектілерін бюджет қаражаты есебінен оқыту-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамсыздандыру;
 шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттің қаржылық, статистикалық, материалды-техникалық және ақпараттық ресурстарына, сонымен қатар ғылыми-техникалық әзірлемелері мен технологияларына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
 шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын әзірлеу;
 шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің және таратудың оңайлатылған тәртібін орнату;
 салық салудың оптималды режимін орнату;
 шағын кәсіпкерлікті несиелеу бағдарламаларын қабылдау;
 шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға қажет инвестицияларды (соның ішінде шетелдік) тарту мен тиімді пайдаланудың жүйесін құру;
 мемлекет қажеттіліктерін өтеу үшін тауарларды (жұмыс, қызметті) сатып алудың кепілдендірілген мөлшерін қамтамасыз ету;
 кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және квалификациясын жоғарылатуды ұйымдастыру.
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 18-бабы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту келесі жолдармен жүзеге асырылатындығы айтылған:
 мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешуге байланысты ұсыныстар әзірлеу бойынша ғылыми зерттеу институттарын құру;
 орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының жанынан экспертті кеңестер жұмысын ұйымдастыру;
 жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың қаржылық институттарын құру;
 бизнес-инкубаторлар мен индустриалды аймақтардың жұмысын ұйымдастыру;
 ҚР заңдарына сәйкес жер телімдерін, ғимараттарды, кеңселерді сату.
Осы Заңның 19-бабына сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары:
 ҚР-да шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
 шағын кәсіпкерлікті қолдау кешенділігі;
 шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы мен жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне қолжетімділігі;
 шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту аясындағы халықаралық ынтымақтастық.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту механизмдері мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) қаржылық қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының жүйесін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың жұмысын ұйымдастыру;
4) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жылдан артық пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру;
5) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген мемлекеттік меншік объектілерін келісімшарт жасасқан кезден бір жыл уақыт өткеннен кейін, келісімшартта көрсетілген шарттарды орындаған жағдайда ҚР Үкіметі бекіткен тәртіппен өнеркәсіп өндірісін және халыққа қызмет көрсету сферасын дамытуды ұйымдастыру үшін қайтарусыз негізде беру.
Бұл жағдайлар сауда-делдалдық қызметті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік cубъектілеріне таралмайды.
Кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган – жеке кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын және жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестіретін орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бойынша орталық атқарушы орган келесідей жұмыс түрлерін атқарады:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеп жүзеге асыру;
3) шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік шараларының жүзеге асырылуын ұйымдастыру және үйлестіру;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу мен қаржыландыру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуал мен жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жасау;
6) жеке кәсіпкерліктің әрекет ету сфераларын зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
7) ҚР Үкіметіне жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу мен ұсыну;
8) республика аймақтарында шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуына ықпал ету;
9) шағын кәсіпкерлік аясында мамандарды даярлау, қайта даярлау және квалификациясын жоғарылату жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған ҚР заңнамасының орындалуын қадағалау;
11) жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомство аралық үйлестіруді жүзеге асыру;
12) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы экспертті кеңестердің әрекетін үйлестіру;
13) шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриалды дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуына жағдай жасау;
14) шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша инвесторларға, халықаралық грант беруші ұйымдарға жағдай жасау;
15) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік көмекті ұйымдастыру;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық нарыққа шығуға жағдай жасау;
17) жеке кәсіпкерлікті дамыту аясында халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
18) жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттік саясатты пропагандалау;
19) ҚР Үкіметі мен Президентіне жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әрекетін регламенттейтін ҚР заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беру.
Шағын және орта бизнес - ел экономикасын алға сүйрейтін негізгі салалардың бірі де бірегейі. Оның үстіне, әлемдік экономикаға интеграцияланып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді ниет еткен Қазақстан үшін бұл саланы дамытудың қаншалықты маңызды екенін ұғыну қиын емес. Сондықтан да кәсіпкерлікке қолдау қажет.
Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне мемлекет тарапынан аз көңіл бөлінбейді. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимыл-дары¬ның жаңа моделін құруға бағыт¬талған “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің бел¬сен-ділігін ынталандыруды көз¬дейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарыл¬ды. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдар-ламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілді. Бизнесті құру жолындағы көптеген бюрократтық кедергілер біртіндеп алынып тасталуда. Соңғы жылдардың өзінде ғана лицензия¬ланатын 350-ге тарта сан-алуан қызмет түрлері қысқартылды. Кей¬бір лицензияларды беру ісі өңірлік деңгейге ауыстырылып, проце¬дуралар айтарлықтай оңайлатылды.
Дегенмен шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары жылба-жыл қабылданып жатады, бірақ олар жоспарланғандай жүз пайыз жүзеге асырылады деп айту қиын, мәселен, «Кәсіпкерлікті қолдаудың жеделдетілген шаралары туралы 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламада» кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын кластерлік-желілік ұстаным негізінде құру жоспарланған болатын, бірақ көріп тұрғанымыздай, әлі жүзеге асырылған жоқ. Сөз жоқ, мемлекетке елдегі кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше¬шуге тура келеді.
Қорытындылай келе мынаны айтуға болады: Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдаудың базалық қағидаттары мен кәсіпкерлік инфрақұрылымының негізгі институттары қалыптасқан, бірақ әлі де жеткілікті дәрежеде дамымаған, кәсіпкерлік саласының әлеуеті өте мол, сондықтан да оны дамыту қажет. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!