"Тисса" зиратының кәрі директоры бәрі дайын болды ма, жоқ па, көрейін деп, ақырын аяңдап үйден шықты.
Ол өзінің қарауындағы осынау қаралы жердің қойнына талай мәйітті шығарып салған, олардың көпшілігін танымайтын да; бірақ танысын-танымасын, алдынан өткен кімге де болса бас иіп, тағзым етіп тұратын әдетінен бір жаңылған емес. Директор үшін өлім жөнелту күнделікті, үйреншікті жағдай еді, солай бола тұра әрбір жерлеу рәсімі оған мына жалғанның тұрақсыз да тұрлаусыздығын еске салып, неге екені белгісіз, қатты толқытатыны бар.
Оның ең жақын досы дәрігер Септимус Годвиннің дүние салғанына жиырма жылдай уақыт өткен, ол өзі тірлігінде арсыздау, сонымен қатар арманшыл, желөкпелеу адам болатын, оның ақылы нақылға айналғаны, адамды бірден баурап әкететін ерекше қасиеті туралы да әңгіме көп-тұғын. Енді міне, оның баласын жерлегелі жатыр.
Дәрігер Годвин өлгеннен бері директор оның жесірін бірде-бір рет көрмеген, өйткені ол әйел бұл қаладан бірден кетіп қалған, бірақ қою қара шашты, ұшқын атып тұратын қоңыр көзді, ұзын бойлы сол әйел бұның есінде жақсы қалып еді. .....
Талдықорған қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өткізілді.
Көктемгі мектеп қазақстандықтардың сандық жүйені қолданудағы сауаттылығын арттыруға және білім беру, медиа ақпараттық сауаттылық жүйесін дамытуға арналды.
Адамзаттың жаһандық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруі заңды. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындаған дағдарыстан шығудың негізгі жолы – тұрақты даму. Оның басты идеясы – ысырапқа жол бермеу, ресурстарды әділетті әрі тең бөлу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы үдерістердің барлығында маңызды рөл ойнайтын, дамудың негізгі факторы - ғылым және білім беру екендігі дау туғызбайды. Тұрақты даму тек экономикалық өсу, инновация және өнімділік қана емес, әлеуметтік даму мен тұрақтылықтың іргелі міндеттерін де қарастырады. Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Соның 4-ші мақсаты – сапалы білімге қолжетімділік және өмір бойы оқуға (үздіксіз) мүмкіндік беру. Өңірлерде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол себепті аймақтарда тұрақты даму мақсатындағы семинар-тренингтердің өткізілуі қажеттілік.
Тұрақты даму теория мен практиканы ұштастыруды, яғни дуалды оқытуды талап етеді. Университеттер енді тек оқу бағдарламаларымен ғана айналыспайды, қала, өңір, ел деңгейіндегі өзекті мәселелерді шешуге де белсене қатысады. Яғни, университеттердің қызметі өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламалармен тығыз байланысты болуы тиіс. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылуы оқу орнына зор жауапкершіліктер жүктейді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған.
Көктемгі мектепте «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғ. Әженова, белгілі PR маманы Қ. Домбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Е. Кәпқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Б. Әшірбаев, Factcheck.kz редакторы Д. Смақов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Д. Мұхамеджанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. А. Рожков, «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығы, Factcheck.kz сайтының журналисі Ж. Тлеухан шеберлік сыныптарын өткізді. Қазіргі таңдағы медиакеңістік пен РR нарығындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, шешілу жолдары көрсетілді.
Көктемгі мектептегі алғашқы шеберлік сыныпты «Рухани жаңғыру және ұлттық журналистика» тақырыбымен Б. Әшірбаев жүргізді. Ол заманға сай жаңғырудағы отандық мәдениеттің алатын ерекше орнына тоқталып, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдениеті бар ел ретіндегі әлемдік дидарын айқындау, ұлттық бренд қалыптастырудағы қажеттілікті және ұлттық журналистикаға жүктелетін міндеттерді, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ұлттық журналистика көтеретін тақырыптарды сараптады.
Бедел – материалдық болмағанымен, жеке адам үшін де, бүтіндей ұжым үшін де аса маңызды актив. Қазіргі заманда беделді басқаруға болады. Бұл ұзақ мерзімді стратегия – бедел менеджменті деп аталады. Белгілі PR маманы Қ. Домбай абырой-бедел менеджменті тақырыбына тоқталып, компания беделін қалыптастырудың жолдарын баяндады. Компанияның нарықтағы дұрыс позициялануы, ақпараттық кеңістіктегі тиімді іс-әрекеті дәрістің негізгі өзегін құрады. PR саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар маманның: «Компанияның құнына беделі де кіреді. Беделді компанияның бағасы да жоғары. Олай болса, бедел қаржымен өлшенеді. Көп жағдайда компанияның беделін басшысы емес, қызметкері қалыптастырады», - деуі көңілге қонымды. Қ. Домбай шеберлік сыныбы тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, аудитория тарапынан қойылған сауалдар көп болды.
Д. Мұхамеджанов қазіргі таңдағы заманауи технологияларға тоқталып, мектеп қатысушыларын хабар жасаудың қыр-сырларына қанықтырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадиокешенінің мысалында студенттік телевидениенің ақпарат берудегі ерекшеліктерін сипаттады.
Factcheck.kz редакторы Д. Смақов пен осы сайттың журналисі Ж. Тлеухан жалған ақпаратты анықтау, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп, ақпаратты тексерудің теориялық және практикалық әдістері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларға: «Әрбір адамның шындыққа таласы бар. Сіздер ақпараттағы нақты фактілерге назар аударып, қаншалықты тексерілгенін, қандай дереккөздерге жүгінгендігін, ақпараттың әлеуметтік маңыздылығын анықтай білулеріңіз керек. Әрбір мақаланы тексеруден қорықпау керек. Айтылған пікірді ресми, ашық ресурстар арқылы тексеруге болады», - деген кеңестер айтты.
Көктемгі мектептің екінші күні мазмұнды дәрістермен жалғасты.
Ғ. Әженова медиамәтіндердегі қорлау мен жала жабуға тоқталып, бейнесюжеттерді мысалға келтіре отырып, тыңдаушыларға мол ақпарат берді.
Е. Кәпқызының жасырын камераны пайдалану туралы ұтымды кейстері аудиторияға өте қызықты болды. Ақпаратты дереккөзден, ашық ресурстардан алу әдістері, сенімділігіне көз жеткізу, ақпаратты заңсыз және алдау арқылы алмау, жасырын камераны пайдалануға мәжбүрлейтін жағдайлар, қоғам білуі тиіс ақпаратты тарату және ақпараттың қайнар көзін көрсету қажеттілігі, ақпараттың жеке адамдарға зиянын тигізбеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Е. Кәпқызы өзінің шеберлік сыныбын: «Жасырын камераға бару үшін, ол ақпараттың қоғамға қаншалықты пайдалы екендігін екшеп алуымыз керек. Яғни, ақпарат алу біздің шындық принципімізбен сәйкесуі тиіс», - деген пікірмен аяқтады.
А. Рожков тыңдаушыларға жаңа медиаға арналған коммуникативтік форматтар туралы ақпарат берді. БАҚ-тың қоғамға ықпал ету әдістері, ақпаратты қабылдаудың жаңа формалары, сторителлинг, PR-дың дәстүрлі және инновациялық құралдары туралы шеберлік сыныбы да қызықтылығымен ерекшеленді.
Интерактивті форматта өткен Көктемгі мектеп қатысушыларға мол ақпараттар беруімен, практикалық тренингтер өткізуімен құнды болды.
Қоғамды ақпаратты ақ-қарасын айырып, дұрыс қабылдауға, сұрыптауға дағдыландыруды мақсат еткен Көктемгі мектеп соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Біз мінген вагон лезде лық толды. Адамның әр түрін көрдік. Әр жақтан мінсек те, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Бізбен бірге мектеп оқушылары да мінген болатын. Поезға мінгеннен көзіме алғаш көрінген солар еді. Әңгімелесе келе, олардың қайда, не себеппен бара жатқанын білдім.
Олар дәстүрлі ән айтудан республикалық деңгейдегі жарысқа бара жатыр екен. Күні бойы домбыраларын тастамай, ән айтып, жаттықты. Асқақтаған дауысқа қазақи домбыраның күмбірі қосылғанда дәстүрлі әннің өлмегенін сезінеді екенсің. Дәстүрлі ән – ұлт қазынасы. Осы қанатты сөзді ұранындай көретін жандардың бірі – осылар.
Мен бұл балалардың өнерін көргенде, қатты қуандым. Олардың „91” тобы секілді шетелдік жұлдыздарға еліктемей, елімнің дәстүрлі әнін таңдауы жанымды жадыратты. Айгүл Қосанова, Нұрым Асқановтар сияқты Маңғыстауды әлемге танытатын жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр. Өнердің өлмейтіндігінің бұл да бір айғағы. Қоңыр домбыраға құс қанатты әуен қондырған әннің болашағы алда да биік. Күй мен әнді кезектестіре тартып, олар бізге де шабыт сыйлады. Олардың түсетін кезі келді. Мен оларға шын жүректен сәттілік тілеп, „Жолың болсын, жолаушы”- деп қала бердім.
Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді.
— Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, деп Бірмағамбет, Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан.
Бірмағамбет мұны айтқанда, Айшаны салақ деп, дүниесін бүлдіріп ұстайды деп айтқан емес. Айшаның сөзін аяқсыз қалдырмағандығын сездіргелі айтқан. Әйтпесе, Айшаның жинақтығы, күтімділігі, бірін мыңға балап ұстайтындығы бүкіл ауылға мәлім. Салақ қатындар Айшаны жаратпағанда, Айшаға мін таққысы келгенде:
— Көріне бірге алып кетсе, көрерміз: әйтпесе кімнен қалмаған дүние, — деп бұрқылдасады.
Сол қара шелек бүгін майып болыпты! Қожағұлдың қара тоқалы біреуден нәрсе сұрамай, алған нәрсесін бүлдіріп бермей жүре ме, бүгін келіп қара шелекті сұрай қойды. Айша — шелек сұраушыны жайшылықта маңына жүргізбейтін:
— Менен кедей емессіңдер ғой, керек болса, сатып алыңдар, —дейтін.
Бүгін сонысын айта алмай қалды. Айта алмай қалған себебі болды: бүгін айға толды Бірмағамбет жоқ! «Аудан жұмсапты, науқанға өкіл қылыпты, 5-ауылдың байларын Бірмағамбет протоколдап ауданға айдап жіберіпті...» деген сияқты хабар еміс-еміс естіледі. Науқаны несі? Байларда не жұмысы бар? Айлап қаңғырғандай, ай толғанша үй бетін бір көрмегендей не болды? Бұл не деген сұмдық? Қатын-баласынан безген адам бола ма екен деп бірер күннен бері Айша үздіксіз ойлаумен жүр. Күл шығарса да, от жақса да, жалғыз ала сиырды қақпалап суатқа апарып суғарса да есі-дерті Бірмағамбет болады да жүреді. .....
Сонымен бу жалғаннан өттің, кеттің, Мақсатқа, әуре - пенде, қашан жеттің?! "Ас табылса, - дегендей,- дос табылмас!" Бірі болса, бірі жоқ болып кеттің! Бір соны жер қылған жоқ - шиыр, тебін, Қайда барсаң, көрсетіп әркім ебін! Жоқ болғаны жалғанда жаман екен, Аузыңның, сөгер кісі, тіккен жібін. Аспаннан жаңбыр болып жаудың-жаудың, Сарқырап сай-сайынан тас пен таудың. Құрғатып кептіретін күншуақ жоқ, Болған соң ортасында қалдың даудың.
Акқан суды кұйып алатұғын - ешкімде түбі бүгін ыдыстың жоқтығынан, су қалпынан асып кетіп, арнасының өзін бұзып дал-дал қылды. Ақпайын десе, Құдай жаратқан бұлақтың көзі; ағайын десе, қалай ағарын, қалай барарын білмей аң-таң. Аң-таң болатұғыны - мынау замана тиғир (тифир) тауыпты, халық-жұрттың ортасынан опа қашыпты. Ол опа қашқанда, жалғыз қашқан жоқ, сахилыкты, өміруат, адамгершілікті ертіп алып, үшеуі бірге ілесіп шығып кетіпті. Бұл үшеуінің орнында үш нәрсе қалыпты: опа орнына - мүнафиклық, сахилық орнына - сараңдық, мәрауат орнына - хүсүдлік. Бұрынғы аққу мен қаз отыратұғын көлдердің басында қарға, сауысқаннан басқа дым жоқ. Бұлбұл жүретұғын бау-бақшаларда көзі шегір ұзақтан басқа құс жоқ. Есіл Ай мен Күн қатарымен жарыса жүретүғын аспан көкте бұлттан басқа қалған дәнеме жоқ. Бұрынғы уақытта ас пен тойға жұрт өңшең дүлділін қосушы еді. Енді ас пен той болса, алтын қоңырау, атлас жабу жапқан есектерін құлақтарын салпаңдатып, ұялмай алып барып қосып жатыр. .....
Шылым шегетіндерге арналған бірінші дәрежелі вагонның бір бұрышына жайғасқан сот Уоргрейв — ол жақында ғана жұмыстан біржола босап шыққан — сигарын түтіндетіп, "Таймстағы" саясат бөлімін шолып отырған. Ұзамай газетті былай ысырып қойып, терезеден сыртқа көз жіберді. Пойыз Сомерсеттен өтіп бара жатыр еді. Сот ойша шамалап көрді — әлі екі сағаттай жүруі керек екен.
Негр аралы жайында газеттерде жазылғанның бәрін сот қайта-қайта ой елегінен өткізумен келеді. Әуелі оны яхта десе ішкен асын жерге қоятын американ миллионері сатып алыпты, Девон жағалауына жақын жерде орналасқан осынау шағын аралда қазіргі заман үлгісіндегі керемет көркем үй тұрғызыпты. Алайда, өкінішке қарай, миллионердің үшінші әйеліне, таяуда ғана тапқан тотықұсына теңіздегі шайқалыс жақпайды екен, осы жағдай миллионерді үймен де, аралмен де қош айтысуға мәжбүр етіпті.
Сөйтіп, арал сатылатын болды, оның әсемдігін айтып тауыса алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газеттерде жиі-жиі жарық көре бастады. Одан соң аралға мистер Оним дейтін біреудің ие болғаны жөніндегі хабар жарияланды. Сол сол-ақ екен, зайырлы қауым өміріндегі жаңалықтарды жиып теретіндердің қиялы шартарапты шарлап кетті. Шын мәнінде Негр аралын голливудтық киножұлдыз мисс Габриелла Терл сатып алыпты!.. Сол жерде - репортерлер мен жарнама ырың-жырыңынан жырақта - бірнеше ай тыныш тұрғысы келетін көрінеді!.. "Бизи Би" бұл арал король отбасының жазғы резиденциясына айналатыны жайында сыпайы түрде тұспалдап жеткізді. Мистер Мерриуэдерге аралдың жас лорд Л. меншігіне көшкені - ақыры оның да Купидон құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізуге ниет еткені турасында сыбыс жетті. "Джонас" аралды әлденендей бір айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскери-теңіз күштерінің басқармасы сатып алғанына зәредей күмән келтірмеді. .....
Земство дәрігері қабылдауын аяқтап, ауруханадан үйіне қарай беттей бергенде, оның жанына үстіндегі тоны қырық жамау, аяғында үлкен қара байпақ, жасқана басып жақындай берді.
— Құзырыңа құлдық, өзіңе кеп едім, - деді ол
— Иә, не жағдай?
Жігіт таңқы танауын алақанымен жоғары қарай жапыра бір сүртіп, аспанға қарап алды да, сонан соң барып жауапқа көшті:
— Жоғары мәртебеңе бас ұрып кеп тұрмын... Өзіңнің қарамағыңда, тұтқындар палатасында, мәртебелі тақсыр, менің ағам Васька, яғни варвариндік ұста жатыр еді...
— Ал жатса қайтеміз?
— Жалынамын, жіберші оны!
— Түһ, кеңкелес екенсің ғой! Менің қандай қақым бар? Мен түрме қызметкері емеспін. Оны ауруханаға әкелсе, емде деп әкеледі, мен емдеп жатырмын, сені түрмеге жабу қолымнан қалай келмесе, оны босату да солай қолымнан келмейді.
— Оны тектен-текке қамап отыр. Соты болам дегенше, білесің бе, бір жыл тергеуде жатты, енді кеп қарасақ, неге жатқанын өзіміз де білмейді екенбіз. Егер кісі өлтірсе немесе ат ұрласа бір сәрі ғой, жазықсыздан-жазықсыз күйіп барады.
— Солайы солай шығар, бірақ менің бұл іске қандай қатысым бар?
— Адамды не үшін қамағандарын өздері де білмейді. Ол ішіп алған болатын, құрметті мырза, ес-түсі жоқ мас боп кеп әкемді құлақ шекеден қонжитқанын, өзі шекесін жарып алғанын да білмейді, ал біздің тағы бір екі жігіт кеп - әлдеріне қарамай, қарасаңызшы, түрік темекісіне құмарта қапты - сол екеуі оның басын айналдырып, түнде армян әйелдің дүкенінен темекі ұрлауға алып кетеді. Ол ақымақ мастықпен көне кеткен. .....
Аспан айналып жерге түскендей. Шақырайған шарболат күн балқып барады. Бұйрат-бұйрат құмның іші қайнап түр. Құс ұшпайды, тышқан жүгірмейді — аптап! Тек шегірткелер жаппай жамырап, берекесіз шырылдайды. Трактор сүйреген бес шөп машинаның қайшылары жалаңдап, сыр-сыр етеді. Машинист балалар көздерін бір ашып, бір жұмып, қалғып-шұлғып отыр. Машина дөңгелегі томарға соғылса қопаң ете қалады да, дереу көтергіш тягіге жармасады. Трактор құлақ тұндырады, жанар майдың күлімсі иісі танау жарады. Көзге шыбын-шіркей тығылады, кейде орақ қиған қурай сынығы ұшып келіп, бетке сырт етіп тиетінін қайтерсің.
Балалар аздан соң бастары былғаңдап, қайтадан қалғи бастайды.
Агрегат қамысты жапыра шауып, қалың қауға кіре беріп еді, трактордың таңқиған танауының тақ астынан үш бірдей киік атып шығып, қырға қарай аңқыды. Трактор солқ етіп, қалт тоқтады. Қайсабай тракторист кабинадан бас қылтитып, саусағын шошайтып:
Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.
Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.
Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды.
Интернаттың балалары демалысқа ауылдарына кеткенде, Нарбота күн ұзаққа ауладағы ас үйдің күншуағында кітаптан бас алмай отырады да, кешке өз төсегінен қашып менің қасыма келеді. .....
Ауылы жақындар сенбі күні түс ауа үйлеріне барып, содан дорбаларын арқалап, жексенбінің кешіне қарай интернатқа қайта оралып жатқан кез.
Менің ауылым қаладан қашық. Қала мен алыстағы ауылымның арасын Қара маржан тауы бөліп жатады. Басқалар сияқты үйіме барып келе алмаймын. Демалыс күндері көбінесе интернатта жалғыз қаламын. Дәлірек айтқанда, жалғыз емеспін, Нарбота деген бала да бар. Менің серігім сол. Дардай атының алғашқы буынын, яғни «нарын» алып тастаса, оған со да жетер еді. Нар қайда-а-а! Тұрған бойы жаңа туған ботаның сықпытындай нәп-нәзік. Аяқ-қолы шидей. Бірақ басы ботаның басындай үрпек, үлкен екені рас. Жанары да ботаның көзіндей жәудіреп, сәл-сәл жасаурап тұрады.
Нарбота — тақыр жетім. Әкесі соғыста опат болған. Шешесі қырық үшінші жылы өкпесіне суық тиіп, кешікпей күйеуінің соңынан жөнеп берген. Оннан жаңа-жаңа асқан баланы ағайындары жетімдер үйіне өткізсе керек. Содан биыл оқу басталарда, біздің интернатқа ауыстырылды. .....
Жетісуды алғаннан бері орыстың өкімі күшке таянып, әскер, қамшы, абақтымен ел билеп келе жатқандығы айтылып келеді. Қалай да орыс өкіметі Жетісуға орыс келтіріп, оны «сенімсіз көшпеліге» күзетші қылды. Оларға жабдық үлестірілді. Казак-орыстардың еркек кіндігіне мылтық, жабдық үлестіріліп және туысымен жер кесіліп берілетін.
1914 жылғы неміспен соғыс шыққанда Жетісу орыстарына мылтық-қару қайта үлестірілді. Оғымен бердеңке берілді. Бұларға өзін-өзі қорғаушы дружина жасауға ерік етілді.
Жетісуда көтеріліс болатынының алдында орыстың қолындағы күш мынадай еді. Қапалда, Алматыда және Жаркентте бір-бір сақтық әскерінің дружинасы. Бұлардың әрқайсысында 885 -тен бесатар бар еді. Бақтыда 221 мылтықпен бір рота және Аягөзде 55 мылтықпен бес қарауылдық команда бар еді. Лепсіде 90 мылтық, Пішпекте — 194, Қарақолда — 75, Нарында — 75 мылтық бар еді және Пішпектің жергілікті командасында — 24, Алматының жергілікті командасында 44 бесатар бар еді. Бұдан басқа Алматыдағы зеңбірек қоймасында 101 мылтық бар еді. Мұның үстіне жабдықсыз атты запастың 3 бөлімі бар еді. Мұның үстіне Бақтыда, Жаркентте, Нарында казак-орыстың бір-бірден полкі тұрушы еді. Мұның арқасында 100- ден, 120-дан қылыш бар еді. Алматыдағы казак-орыс запасында 264 қылыш бар еді. Бақты, Нарын, Алматы мен Қапалдағы пружинаның екі-екіден пулеметі бар еді. Осы жоғарғы көрсетілгендерден Алматының дружинасының 1- ротасы Әулиеатаға, 20 казак-орыс, 30 ратник Бақтыдан Шәуешекке барып тұрушы еді.
Облыста солдатқа ат алатын болғандықтан атты запастың адамдары! барлығы да облыстан қазақ-қырғызға ат алуға бытыратылған да, бұлардың жергілікті командасы конвой қызметін атқарулы.
Сөйтіп өкімет қолындағы күштің ұзын саны 3736 еді. Бірақ қазақ-орыстың ауруларын санамағанда, анық сойыл соғары 500-ден артылмайтын еді. Осы әскерге қазақ-қырғыз көтерілетіндегі тапсырылғаны:
1) Бақты, Жаркентте қытай мен қазақ астасып кетпес үшін шекарада күзет қылу;
2) штабтың пәтерін күзету (әсіресе Алматыдағы);
3) ат алуға облыс (бойынша) бөлінген 13 учаскедегі конвойлық қызметін атқаруға —175 солдат. Бұлардың бәрі лау мінетін;
4) орыс қалаларын сақтау;
5) жаза (карательный) отрядын жасау. Жаза отряды көбінесе жергілікті казак-орыс солдатынан жасалды.
Ол уақытта бүтін облыста казак-орыс станицасымен 230-дан аса мұжық қаласы бар еді. Жоғарғы айтылған мылтықтар ылғи бесатар болып, олар орыстардың бұрынғы қолындағы бердеңке, қос атар сықылды жабдығының үстіне қосымша еді. Соның үшін әлгі әскер жабдығы мен өкімет солдаттары Қытай шегі мен дуан сықылды қауіпті жерлерге қойылды.
Жетісудың әр жерінен көтеріліс ұшықты шығып, «облыс соғыс халында» деп жарияланғанда, Жетісу 17 учаскеге бөлінді. Әрбір учаскенің басында бір-бір комендант белгіленді. Олардың қолында белгілі мөлшерде әскер күші болды. .....
Дүрмегі мол дүр дүниеге дауа бар ма?! Ит етін жеген... жо-жоқ, ит етін жегізген итіс-тартыс қоғамда тірлік кешіп келеді. Ит болып, итаяққа тиіп жүргені тағы рас. Ит секілді жуынды-шайынды да емес, күл-қоқыстан қи терген қара қарғадай қалған-құтқан жұлмалап жүргені де шындық. Бірақ иттен туып, іннен шықпағаны хақ! Адамдар алшаңдай басқан қиямпұрыс қоғамда өмір сүріп жатқаны ақиқат.
“Иттен туып, іннен шыққан хайуан!” деді-ау! Өңешіне өт құйып жібергендей болды. Отыздың бел ортасына жеткенше талай тәлкек сөзді естісе де, дәл осындай кере кемсітушілікті құлағы шалмаған. БОМЖ* болғалы былапыт сөз бен былғаныш жер бұған жуық. Бірақ төбесінен балқыған қорғасын тесіп өткендей өзгеше бір сезім тұла бойын тіксінтіп, қара құсынан қара бақайына шейін қақ айырды. Құтты жай оты жарып өткендей болды.
Осы бір отты сезім Әкөннің өліп бара жатқан жан дүниесін астаң-кестең етті...
Мұның ар жағында әлдеқашан сөніп қалған намыс оты үрлеген шаладай шоқтанды. Иван-кочегардың көзі өңменінен өтіп, сөзі шымбайына батып кетіп еді... Қасындағы Болат-бұзау болса жұмған аузын ашпайтын әдетімен есінеп қойған.
Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты. Бір күні азық-түліктерін жабдап алып, екеуі ұзақ сапарға шығады. Бірнеше апта өткеннен кейін Қара ниет: — Азығым таусылып қалды, – деп, Ақ ниеттен тамақ сұрапты. — Өле жегенше, бөле жейік. Менің азығым таусылғанша діттеген елдің шетіне ілігерміз, – деп Ақ ниет азығын аямай беріпті. Бір адамның өзі үшін әзірлеген азығын екі адам жеген соң, қашанға жетуші еді, көп ұзамай Ақ ниеттің де азығы таусылады. Қоржынның түбін қағып екеуі бөліп жейді де, келесі күні аш жүріпті.......
Бір бала жасынан мал бағып, отын-су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап-қара болыпты.
Сондықтан ел оны алғаш «Қара бала» деп атапты. Баланың елден ерек бір өзгешелігі - өте қорқақ екен. Күркіреген күннен де, қараңғы түннен де, аң атаулының бәрінен қорқыпты. Тіпті төрт түлік малдан – түйеден де, жылқыдан да, сиырдан да шошыпты. Тек жалғыз досы қой екен. Сонан қойды ғана бағыпты.
Бала бірдеңеден қорықса, қой ішіне қойып кетіп жасырынады екен. Болмаса беті ауған жаққа қашыпты. Сөйтіп ел оны енді «Қара Қашқынбай» деп атап кетіпті.......
Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде бір қарт болыпты. Әкесі атын Жанбай деп қойыпты. Өсе келе, әйел алып, өз алдына үй болыпты, бай қолында жұмыс істепті. Бірнеше жыл еңбек, етіп еңбегіне бір қара бұзау алыпты. Жанбай ол бұзауын «қотыр баспағым», «қоңыр баспағым», «бес жылдық еңбекке алған баспағым» дейді екен. Жанбай бірнеше жыл аянбай еңбек етсе де байдың бергені - бір бұзау. Жанбай тамақ асырай алмай дағдарыпты. Осы кезде бұзауы өсіп, бұзаулы сиыр болыпты. Сиырдың ерте......
Ертеде бір кемпір мен шал өтіпті. Оның баласы болмайтын. Кемпір мен шал өлер халіне келіпті. Бір күні кемпір құдайдың кұдіретімен дым сезбей ауырыпты. Шалдың «өліп қала ма» деп көзі алақтап, елден бақсы, балгер іздепті. «Ел құлағы елу» деген ұзынқұлақтан «бір Қарамолда деген молда бар, үшкіргені қате кетпейді» деген хабар естіледі. Шал Қарамолданы іздейді. Карамолда деген түсі суық кісі екен. Өзі бай, қолынан келмейтіні жоқ. Жалғыз-ақ бір еркек кіндікке зар екен. Бала дегенде үш қызы бар екен. Іздеп жүріп шал тауып алады. Молданы шақырып үйіне әкеліп қонақ қылып, кемпірін қаратты. Бір жұма қона жатып кемпірді емдеді. Кемпір тәуір болды. Молда қайтуға айналды. Молдаға жалғыз сиырдың бұзауына ен салдырды. Молда дұғасын қылып батасын берді.......
Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады. Бір уақытта балапандары үлкейе бастайды. Бірде қайыңның қасынан өтіп бара жатқан түлкі биіктегі ұяны көреді. Бірақ бойы жетпейтін болған соң, қараторғайды алдап соғуды ойлайды.
— Жұрттың бәрі егінін егіп бітірді, – дейді түлкі. — Менің соқам сынып қалып еді, соны жөндеуіме керек, – мына қайыңды кесемін.
— Кеспе, – деп, жалбарынады қараторғай, — балапандарым әлі ұша алмайды, қайда қоямын оларды?
— Олай болса, балапандарыңның біреуін бер! Қараторғай ойға шомады. Не істеу керек? Берсе, қайсысын береді? Қай саусағыңды кессең де бәрібір – жаныңа бірдей батады.......
Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты. Күндердің бір күнінде бір адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де табылмайды. Алтыннан айырылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.......
Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Шынарды біздің ауылдың үлкен-кішісі түгелдей Қарақыз дейтін. Тек мен ғана Қарақыз демей, «апа», не Шынар деп атын атайтынмын.
Көрші едік. Менен он жастай үлкен еді. Мені ол туған бауырындай көретін. Мен де оған үйір едім. Шешем «ізіне ерген не інісі, не сіңлісі жоқ, сосын сені қара тұтады ғой, қайтсын» деп отыратын. Әкесі соғыста хабарсыз кеткен, бір үйде шешесі екеуі ғана. Соғыс кезінде мектепті тастап, майдандағы ер-азаматтар орнын басып, колхоз жұмысына араласып кеткен. Оқи алмай қалғанына өкініп, «жетіншіден әрі оқи алмадым ауылдан ұзап... ой, жағдай киын болды ғой, елдің қарны тойғаны осы ғана» деп, менің кітаптарымды бірге оқысып, «жақсы оқы, жақсы оқысаң адам боласың» деп ақылын да айтып қоятын. Дастан, қисса дегендерге құмар-ақ. Ауылдағы Ахмет деген жыраудан жазып алған бес-алты дәптердей қиссаларым бар. Көбіне маған соны оқытып, «даусың әдемі, нашына келтіріп оқисың» деп мақтап, ұзақ тыңдайды.
Шынар бүйрек бет, бітік көздеу қарақыз еді. Осы түсінің қаралығына қарап жұрт қарақыз атап кеткен-ау деймін. Он үштердегі кезім, көп нәрсені біле бермейім. Жиырма төрттегі Шынарды ауылдың әйел-еркегі. «Отырып қалды. Көк етікті табылмайды, көн етіктіге бармайды. Енді сүйтіп жүріп «кәріқыз» атанады» деп өсектейтін. Шынарды аяйтын менің шешем ғана. «Қайтсін енді, құрбыларының көбі соғыстан оралмай қалды. Шал-шауқанға қалай барсын. Майданнан бірен-сараң аман келген жігіт кімге жетсін» деп аяйды.
Мен де аяймын. Шынарды «кәрі қыз» деп мазақтағандармен төбелесуге бармын. Бірде әлде кім оның есігіне:.....
Басын Арқаның аласа тау сілемдерінен алып, шығыстан батысқа қарай садақша иіліп, баяу аққан Жыланды өзені бетеге, жусан, бұйырған өскен боз топырақты жазық дала мен сиыр таңдай құм төбелерді, ақ сорға айналған көлдің табандары мен қазан шұңқырлары алқаптарды басып өтіп, көктемгі тасқында Ащыкөлге құяр еді. Жаз айында суы кеміп, кей тұстары жиегіне қамыс, құрақ, арагідік шоқ–шоқ шілік өскен бірде тұщы, бірде ащы үзік–үзік қара суға айналады. Жағасы биік әрі құлама болғандықтан, суаттан басқа жері тіршілікке қолайсыз. Елдің көбі жайылым қуып, шашырай қонып, ауыз суды құдықтан ішіп, малды да құдықтан суарып әдет қылған. Қыста қар — суымен күн көреді. Әсіресе егіні жоқ, бірыңғай мал бағып, құм жайлаған шаруалардың өзен суына күні түсіп көрген емес. Әйтсе де солардың өзі «биыл Жыландының суы аз екен» десе, айдалада отырып уайым қылып, «көп екен» десе, «е, бәрекелді» деп қуанып, шүкіршілік етіп отырады.
Сол Жыландының «арғы бет» деп аталатын түстік аймағында елді мекеннен тым жырақ қоныстанған жалпақ ауыл сырттан келген адамдарға өздерін: «Қосымнан тараған бір атаның балаларымыз ғой», — деп таныстыратын. Бірақ қосым қайда, біреу қайда, бұл күнде біраз ата бір–бірімен қыз алысып, қыз берісіп, нағашылы — жиенді күйге ауысқан; жиын кеңесте бірін–бірі қажамаса отыра алмайды. Еріккен шалдар таяғымен жерді шұқып қойып, әлдебіреулерге: «Шірік неме, сені бүлдірген анау шөккен түйеге міне алмайтын жаман әкең ғой, сірә», – деп; егер пысықтау біреу болса: «Өзің бізге тартып адам болып жүрген шығарсың, егер аталарыңа қараған күн болса, біржола жынды болып кетер ме ең», – деп кеңк–кеңк күліп, қажаған адамының шақшасын сұрап, насыбай атысып отырар еді. .....
"Орамал _ арабтардікі"... Жарайды, болсын делік! "Дін _ арабтікі". Жарайды, ол да болсын! Сонда қазекеңдердің бүгінгі істеп жүргенінің бəрі өзінікі ме екен? Сондай ұлтшыл һам салт-дəстүріне сондай берік халық болғаны ғой онда?! Ендеше ішіп жүрген "сайтанның сідігі" бабасының салты ма?! Жеп жүрген неше түрлі арамнан болған тамақтары атасының асы ма?! Киіп жүрген ит талаған киімі, күзелген байталдың құйрығындай шашы, ыңқылдап-қыңқылдап шығатын əуені...бəрі-бəрі қазақтікі болғаны ғой... сонда біздің Əжелеріміз ақ сандарын жалтыратып, маңдайларын жарқыратып, қолында темекі, мұрнында "шүлік", шолақ шашын шолтаңдатып, "салбөксесін" бұлтыңдатып жер тепкілеп билеген екен ғой, Жасаған!... Олай болмағанда "мынау орыстың ата тамағы, мынау батыстың қоқысы, мынау ірігені, мынау шірігені, анау адасқан..." деген сияқты "жақсылыққа жармаса кеткіш" сөздер осыларға келгенде неге сирек?! Тек аздаған "өз ұлтының дəстүрін өзге ұлтқа айырбастағандар" мен " намыссыз сатқындар" ғана ернін жыбырлатады. Ондада орамал мен дінді айтушылардай емес, сипай қамшылайды. -Кім білсін?! Қорқатын шығар. -Кімнен? -қайдам... ...Тәйт, тіліңе шоқ түсіп, бетің тілінгір! Қазақ қазақ болғалы: "дінім_ислам, кітабым _ Құран, Пайғамбарым_Мұхаммед(Алланың игілігі мен сəлемі болсын!) дегеннен жазғаны жоқ! Ал, бүгінде дінді құбыжық қып көрсетіп жүргендер мен діннен аңдай жосып қашатындар Тектіден тараған тексіздер ғана! Ал, ақиқатында Дін арабтікі емес_Құдайын танығандардікі! Орамал арабтікі емес_Құдайдан қорыққандардікі! Қазақ үшін_салты мен тұрмысы. Оны, ата-бабаларымыз бізге аман жеткізудің айласы ретінде дəстүрге айналдырған. Сол үшін де біздің дəстүрі ДІНІМІЗ_ИСЛАМ ағайын! .....
Күні кеше бұл екі колхоздың арасына жаяу жүгіріп кете беруші едік. Енді жұрт машинасыз бір адым аттамайды. Бұл күнде екі арадағы жалғыз аяқ суыртпақ жол да жоғалған.
Былай шыға бере шофер жігіт саусағын шошайтып:
— Бензин таусылды. Қайтар жолыма бензин тауып бермесеңіз, мен жолда қаламын, — деп зарлады.
Ықылық ата ішіп алғанын көріп отырмын. Онымен айтысып оңбайсың: — көрерміз, — дей салдым.
Машина оқалақтаған сиыр құсап ойқы-шойқы жортып келеді. Бензин орнына багына арақ құйылғандай.
— Директордың бұйрығы бар, — деді шофер рульден қолын ала беріп саусағын шошайтып, — көлік «налево» жүрілмесін деген. Білсе, мені жұмыстан қуады.
Елге келгенде осы Шоңқарадағы Әдия әпкеме жолықпасам, бірдеңе жоғалтып алғандай боламын да тұрамын. Келуін келемін-ақ, енді көрші колхозға қайтарда көлік қинайды.
Зау биікте көк әлемнің көзіндей боп қара ноқат қалықтайды. Қара баршын қанатының астында Алатау шұбартады, Алматы мұнартады. Көк жүзінде алаңсыз жүзген тау қыраны отты жанарымен нөпір қалаға қарашығын сүзеді.
Ал “Ақсай” ауданындағы “Әзірет-Әлі” кафесінде кездескен үшеу әлдеқандай алаңдаулы.
— ... —
— ... —
— ... —
— Көке, — деді жасы жиырманың ішіндегі бойжеткен, — қазір өмір өзгерген... Сіз түк те түсінбейсіз?
— Қарашығым-ау! — деді еңгезердей азамат. — Түсінбейтін мына мен бе? Сен не деп отырсың? Махмұт, мына қыз не дейді? Бағанадан айтқан сөзім далаға кетіпті ғой... Қарғам-ау, не деп отырсың? Білемісің?!
— Кеще... Кеще екенбіз біз, — деді Махмұт жағын қышырлата жанып. — Менің қызым болса, ...
— Көке! — деді Самал, — Мен оны сүйемін! — дауысы салмақпен зілді шықты. — Кешіріңіз! Маған басқа ешкімнің де керегі жоқ.
— “Көке” деме, — деді Рамазан ызғарлы үнмен. — Енді сенде “көке” де жоқ... “Әке” де жоқ. Көкектің жұмыртқасы...
Әрбір әйел, жарты жылда бір рет болсын, гинеколог маманына қаралуы керек. Алайда, кеңес үкіметінің дәуірінде өмір сүрген әйелдерге, жай ғана тексерілу түгіл, емделуге барудың өзі ұят болып көрінеді. Себебі, гинеколог міндетті түрде сұрақ қояды. Арасында, тіпті жауап беруге ыңғайсыз сұрақтар да болуы мүмкін. Әрине, дәрігердің мұндай сұрақтарды жайдан жай қоймайтыны анық. Олай болса, не үшін?
Ертеде бір бай болған екен. Ол байдың үш баласы болған екен, үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ, ең кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп, жолға шығады. Сонда Майлықараша:
— Ей, ағалар, мен де бір барайын, – деді.
Ағалары:
— Жарайды, жүрсең жүр, – деді.
Үшеуі әке-шешесімен қоштасып, жолға шықты. Жолда келе жатып бір үлкен тасқа келді. Сол тастың түбіне түнеді. Үшеуі жатарда Майлықараша:
— Ағалар, мені орталарыңа жатқызыңдар, – деді. Екі ағасы орталарына алып жатады.......
Ертедегі заманда бір түлкі, бір құлан, бір сауысқан үшеуі дос болып, жолдас болады. Бір-біріне жамандық ойламасқа ант айтып, шарттасады. Сөйтіп жүргенде, бір күні құлан тұзаққа түсіп, шарқ ұрып, босана алмай, өлемін-ау деп қорқып, түлкі мен сауысқан достарына қарап «айла, лаждарың бар ма?» – деп, жалтақ-жалтақ қарап жылаған соң, түлкі тұзақты қимақ үшін құланның қасына таман келеді. «Осы құланның өлсе етін жейін, тұзақшы сойса, ішек-қарындарын тастайды ғой. Мұның достығынан маған.....
Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң, бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады.
Бала қарғаға айтты:
— Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды ал сана, біздің елге бар сана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қал сана.