Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам - талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш - қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан......
КІРІСПЕ Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т.б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым. Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В.Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А.Р. Лурия (1973), Л.С. Выготский (1982), П.К. Анохин (1968), Н.А. Бернштейн (1963), Е.Н. Соколов (1995), Ю.И. Александров (1997), Н.Н. Данилова (1998) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.....
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2]. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....
Зерттеудің өзектілігі: Оқылып отырған кезеңдердің класстық күрес картиналары және әлеументтік - эканомикалық процестері келтіріліп отырған көп сандық граматолар-королевалық және жекелей бойынша қалыптасып отырады.Мұнда көптеген ішкі-ішкісаяси оқиғалар көрініс тауып жатты. Шаруашылық тұрғындардың эканомикалық және құқықтық статустарын көрсететін мадақтамалар да сақталған.Тауарлық артықшылықтар-тарифтер пайда бола бастады. Карольдер қалалардың артықшылық жағдайларын бекітетін-қолөнер мен сауда орталықтарын көрсететін дипломдарды басып шығара бастады. Билік етуші класстардың жекелей бөліктерінің жағдайларын карольдердің шығарған декреттері бойынша тұжырымдап, қорытын-дылай аламыз.Олардың қатарына Белла 1v-тің Алтын булласы жатады. XIII-ғ.екінші ортасында Венгрияның феодальдық заңдылықтарында маңызды өзгерістер орын алды.Карольдер мемлекеттік жиналыстара талқыланатын декреттер басып шығара бастады,оның жұмыстарын атқарушылардың қатарында феодальдар да болды (Decr,1290,1298). Венгрлік тарихи церквтердің куәсі 1279 жылғы Будда саборындағы (RMA,р.589-591) шешімдерді құрайды.Венгрияның осы кезеңдегі ішкі және ішкісаяси тарихи жүйеліліктер бойынша жинақтар қатарында басылған. Зерттеудің мақсаты: Венгр оқиғалары туралы жеке аталымдар батыстық ескерткіштерде кездеседі. Екі австриялық хроника бөліп көрсетіледі, бұл венгр жұмыстарының мазмұнын құраушылар.Бұл «Веналық жалғасу» (Continuatio Vindobonensis), деп аталады,мұнда Венгрияның 1267-1304ж.(MCSS t. 9 р.628-721) тарихы қарастырылған ....
КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі ХІХ ғ. Екінші жартысындағы қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жаулап алуын аяқтаған болатын. Өлкеге ішікі жақтан қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекелеген өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің ықпалы күшейді, ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті. Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осы тұста қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенті -ұлы демократ ойшылы Ы.Алтынсарин шықты./1/ Ол арнаудлы психологиялық еңбектер жазбаса да, оның адамның сан алуан психологиялық сипатын ашатын шығармаларымен (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, өлеңдері мен әңгімелері, аудармалары) қоғамдық, психологиялық мәселелерге орайлас көптеген деректер кездестіруге болады. Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздарының, ғұлама ойшылдардың адамның жан жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ тәрбиесін оның жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамып жетілуіне қосар үлесі өз алдына бір төбе. Ы.Алтынсариннің ұлттық дәстүр, салт-сананы, адамның бойындағы сан қилы психикалық ерекшеліктерді, оқу-білімді насихаттап, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақтың болашағын өз туындыларының негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдарының қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең дүниелер./2/ Ы.Алтынсарин мұраларына зерттеп, тұңғыш өмірбаянын жасаған, оның педагогикалық, психологиялық ой-пікірі мен жұмысын жүйелі түрде талдаған орыс шығыстанушылары мен ғалымдары, оқу-ағарту жұмысының озық ойлы, ғалым-ұйымдастырушылары болды. /3/ Олар –орыстың белгілі шығыстанушы-ғалымдары В.В.Григорьев/4/ (1816-1881), Н.И.Ильминский (1822-1891)/5/, А.А.Бобровников (1822-1865)/6/, Орынбор оқу округінде әртүрлі дәрежелі мектептерді басқарған зертеуші-ғалымдар В.В.Катаринский (1846-1902)/7/, А.Е.Алекторов (1861-1918)/8/, А.В.Васильев (1861-1943)/9/, Н.А.Бобровников (1853-1921)/10/, М.П.Ронгинский (1866-1927)/11/, Еділ бойындағы аз халықтар арасындағы ағарту жұмысының жанашыры болған С.В.Чичерина (1868-1918)/12/, чуваш халқының озық ойлы педагог - ағартушысы И.Я.Яковлев (1898-1930)/13/, Қазан университетінің профессоры хакас Н.Ф.Катанов (1862-1922)/14/,белгілі пелагог-ұйымдыстырушы, Ыбырай Алтынсаринның шәкірті, әріптесі Ғ.Балғымбаев (1866-1943)/15/, тағы басқалары. Бұлардан басқа да Ыбырай творчествосы мен оның қазақ халқының тарихында алатын орны туралы айтқандар саны көп.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаты. Халық құндылығы атадан балаға мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінің арқасы. Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті. Халық әдебиеті – барша ұлттың мәдениетінің қайнар бұлағы, халық тарихының дәстүрлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәңгі жанданған мұра десек қателеспейміз. Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, көрікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттығымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жатқан салт дәстүрдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың көреген көзі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ғұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан көне дәстүр мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшқырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстүр – халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық салт пен дәстүрлердің тууы ұлт болып қалыптасуына байланысты. Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік, қауымдық бірлестігінің жоғарғы түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін құрамына енген адамдардың тұрмыстық жағдайлары, территориясы мен экономикалық өмірінің тілі мен мәдениеті, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән ерекшелігі ортақтығы болып табылады. Көне дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі қалыптасып дамыды. Халықты өзгешелендіріп тұратын, өзіндік өзгешеліктерге толы өшпес мұра, әрине өзіне тән салт-дәстүрі, ғұрпы болып келеді. Салт-дәстүр көне тарихи процесс. Көптеген дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан кейбір ұлттарға ортақ мәнді дәстүрлерде кездесіп жататынын көреміз. Салт-дәстүр – халықтар тіршілігінің кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген құштарлығына байланысты туып, қалыптасқан. Жаңа ұрпақ жадында жаңғырып сақталуы да осының айғағы. Мысалы: қазақтар жаугершілік заманда бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп те серттескен. Бертін келе жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлдем жойылды. Бірақ сол салттың елесі ретінде, бүгінгі күндері де ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудегі тәрбиелік мәні жаңарған түрі секілді. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін тәрбиелік мәнінің зорлығында.....
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы – демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда, Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәденеит пен білімнен артта қалған ел – жұртын көрші елдің өнер – білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салады. Ыбырай жасаған оқулықтар ең алдымен, орыстың, қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогиколық көзқарастарымен оқыту, тәрбиелеу әдіс – тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам – талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ, керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік – танымына сәйкес етіп алды, өзіде осы талапқа орай аңыз - әңгіме, өлеңдер жазып құрастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы – ұстаз білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойындағы бар күш – қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Тұңғыш қазақ мектебін ашып оқытуға Ыбырай Алтынсарин барлық күш – қуатын жұмсайды. Бірақ ол діни мектептердегі бірыңғай жаттатып оқыту тәсіліне қарсы болады, оның орнына ғылымның әр саласынан жүйелі білім беретін оқуды жақтайды. Мұны толық іске асыру үшін ол жаңаша оқыған мұғалімдерге үлкен үміт тартты. Оларды өз қамқорлығына алып, қай жағынан болса да көмектесіп отырды. Ұлы ағартушы орыс мектептерінің озық тәжірибесі мен жазу таңбаларын батыл алып қолданса да, оның кейбір қиыншылдықтары мен болашақтағы кері әсерін де ескере білгенін аңғарамыз. Оның ойынша, қазақ балаларына орыс тілін үйрету алдын – ала үлкен дайындықтан кейін ғана іске асырылуы керек. Ол өзінің хрестоматиясын осы талапқа сай келетіндей етіп жасады. Ыбырай Аалтынсариннің ерекше мән берген мәселесі: оқу – білім, өнерден кенжелеп қалған қазақ елін мәдениеті озық орыс халқынан үйрене отырып, жастарға орыс тілін үйрету арқылы прогреске бастау жолы еді. Ол өзінің «Қазақтың болыстық мектептері туралы жазбалар» атты еңбегінде қазақ халқының орыс тілі мен өнер – білімін үйренуге мейілінше ықылас екенін, сол үшін қатардағы мектептермен қатар, техникалық, ауыл шаруашылық және әйелдер мектебін ашудың қажеттілігін дәлелдейді. Мұны бітіргендер өз елеінде қалатыны, оларды орыс мәдениеті мен өнеріне деген ықыласын артып, жоғары дәрежеілі оқу орындарына түсуге жол ашылатыны байыппен сөз болады.....
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет. Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды.....
1.1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы Көптеген жұқпалы аурулар таратып, мал шаруашылығына зиян келтірушілер ретінде тышқан тектес кеміргіштердің экологиясын зерттеп, ішкі шаруашылық биоценозын зерттеудің және мал шаруашылығы және басқа да объектілерде олардың қаншалықты деңгейде орын тепкенің анықтауды жоспарлау, эпизоотияға қарсы және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық маңызы зор. Азық-түлік сауда орындары тышқан тектес кеміргіштердің тіршілік етуіне қолайлы орын болып табылады. Азықтың молдығы, үй-жайлардың, сауда орындарының жылудың кеміргіштерге қолайлығы (бұл әсіресе қыста маңызды), еденнің астына және басқа да оңаша орындарға орналасуға мүмкіндік туғызады. Қазақстанда сауда орындарының көбейіп, көптеген базарлар ашылуына байланысты кеміргіштер жыл сайын көбейе түсуде. Сонымен қатар ол базарларда мал өнімдері, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. заттардың болуы есептеледі. [1,2]. Кеміргіштер азық-түліктің кез келген түрімен қоректенеді де, оларды жақсы пайдаланады. Әсіресе астық тұқымдастардың базарда болуы, әсіресе күріш, тары, қара құмық, т.б. азық-түліктер оларды өте қызықтырады солар бар жерде кеміргіштер міндетті түрде орын тебеді. Сонымен қатар кеміргіштер жұмыртқа, сары май, маргарин өнімдерін жақсы пайдаланады. Базарда сатылатын көптеген түрлі шұжық өнімдерін де өте тиімді пайдаланады. Бір айта кететін жағдай олар сапалы да дәмді азық-түліктерді пайдаланады. Кеміргіштер сүт өнімінің барлық түрлерін, шикі сүттен бастап, айран, қатық, құрт, ірімшік, қаймақ, кез келген өнімді жей береді. ....
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік » атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов « Экономикалық дүкен » атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың « Орыстың дәрілік өсімдіктері » атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді. ....
Өз жолына түсіп алып сүрлеу соқпағымен кіп-кішкентай Құмырсқа келе жатыр еді, кенет алдынан пенде шыға келді. Пенде Құмырсқаны бір-ақ мыжып өлтіре салсам ба екен деп ойлады. Сол оймен пенденің дәп-дәу бәтеңке киген аяғы көтеріліп келе жатыр еді, осы кезде Құмырсқа:
- Ей, пенде, тұра тұр! Айтатыным бар, - деді.
- Не айтайын деп едің? - деді пенде Құмырсқаға сайқымазақ дауыспен. Сөйтті де, өзі жүресінен отыра қалды: - Ал айт, айтатыныңды! Әйтпесе, мыжи салам!
- Жақсылық жаса, - деді Құмырсқа.
Пенде Құмырсқаның сөзіне күйіп-пісті:
- Сол ма айтайын дегенің?! Сол да жаңалығы бар сөз бе?!
- Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? - деді директор мұғалимасына.
Мұғалима бұл сұраққа жымиды.
- Ау, айтсаңызшы, сізден сұрап отырмын ғой, - деді директор тағы да. - Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келген? Өзіңіз Алтынсариннің кім екенін білесіз бе, әйтеуір?
- Әрине, - деді мұғалима. - Мектепте оқыдық қой Алтынсарин туралы. Одан кейін мұғалімдік оқудың кезінде тағы да оқыдық педагогика тарихынан.
- Енді неге айтпай отырсыз қай жылы дүниеге келгенін?
- Есіме түспей отыр. - Мұғалима қысыла күлімсіреді.
- Ұят, - деді директор мұғалимасына. - Сіз деген біздің мектебіміздің бетке ұстар мұғалимасысыз. Бұлай болмайды, Қарашаш. Қайта бұл жерде мен болып отырмын. Не дейтін еді, "Бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде" дейтін бе еді? Ал егер сырткөз болса ше? Сізге келеді де, сырт адам дәл осы сұрақты қояды. Сонда не болады? Сіз біздің мектебіміздің мақтанышысыз. Егер сіз білмей жатсаңыз бұл сұрақты, онда басқа мұғалімдерге не айта аламын. Сіз деген біздің көрсетіп отырған ұстазымызсыз. Біздің осындай мұғаліміміз бар деп айтып отырған адамымызсыз. Енді осындай мұғаліміміз Ыбырай Алтынсариннің қай жылы дүниеге келгенін білмей отыр деп айтамыз ба сонда? Бәрін өзіңіз үшін айтамын. Сіз алдыңыздағы шәкірттерді қалай тәрбиелеп отырған жан болсаңыз, біз сіздерге сондай тәрбие беріп отырған адамдармыз. Оны түсінеді шығарсыз?
Еліміздің тұңғыш университеті Әл-Фараби атындағы білім ордасының құрылғанына биыл 83 жыл толып отыр. Осы кезеңде ҚазҰУ Қазақстан экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен білім саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып, Отанымыздың барлық жоғары мектеп жүйесінің тірегіне, барлық ортаазиялық аймақ бойынша кадрлардың ірі кәсіби білім беру орталығына айналды. Жоғары білім сапасы, халықаралық танымалдылық, ғылыми және зерттеу қызметтерінің, инновацияның белсенділігі, мықты оқытушы-профессорлар құрамы және талантты түлектер – бүгінде, ҚазҰУ-дың мақтанышы болып табылады.
Еуропалық одақ жоғары рангы сарапшыларының бағалауынша, ҚазҰУ ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында теңдесіз көшбасшы делінеді. Бүгінде ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған үздік 50 білім ордасының ішінде 31-орынды иеленді. Соның негізінде ҚазҰУ қалашығының аймағында ҚазҰУ технологиялық паркі 1994 жылдан бастап қызметін атқарып келеді. Жаңа инновациялар мен мүмкіншіліктер мекені болып табылатын бұл парктің мақсаты – жаңа идеяларды жүзеге асыруға қолайлы шарттар құру, университеттің зиялы және жас зерттеушілерінің ғылыми-зерттеулері және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының нәтижелері негізде белсенді түрде ғылымды қажет ететін өндіріс саласын дамыту болып табылады. "ҒТП" басты міндеттерінің бірі - бұл инновациялық кәсіпкерлікті орнату мен дамыту үшін, ықтимал іскерлік серіктес ізденісінде, инвесторларды инновациялық ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру және сапалық консалтинг қызметін ұсыну. Ендеше, ҚазҰУ технологиялық паркінде индустриялық-инновациялық қызметтен бөлек, оқыту семинарлары, тренингтер, курстар мен консультациялар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, студенттерге өте төмен бағада ағылшын, түрік, орыс тілдерінің курстары бар. Жаңа мүмкіншіліктерге жол ашатын технопарктің технологиялар трансфертінде жәрдем көрсетіледі. Негізгі қызметі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру болып табылатын ҚазҰУ технопаркі заңды тұлғаларды құруда айтарлықтай маңызға ие. ҚазҰУ технопаркі әрбір студентімен, әр жобаға үлкен акцент қоя отырып жұмыс жасайды. Оларға қажетті жағдай жасап, барынша бизнес-жобалардың іс жүзінде жүзеге асуына мән береді. Технопарк зерттеу аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі 2013-2015 жылдар арасында ҚазҰУ ректоры Г.М.Мутановтың «Наноспутник үлгісінің ғылыми тәжірибесі мен бағдарламалық техникалық кешен жасап шығару» ғылыми-зерттеу еңбегі, Темирбаев А.А. «Сымды және сымсыз байланыс желілерін синхрондау», Дергунов С.А. «Кеуек полимерлі нанокапсулалардың негізінде жасалған тұрақты көпфункционалды бағдарлама» сияқты ірі ғылыми жобалар инновациялық жаңа ойларды алып келді. Инновациялар негізіндегі индустрияландыру біздің қоғамымыздың жаңа, құнды өзегіне айналып келе жатыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Табысты университеттер дегеніміз, бірінші кезекте автономдық мәртебесі, академиялық еркіндігі бар және ғылыми-зерттеу қызметіне бағдар ұстанған ЖОО-лар» деп бір сөзінде айтып өткен еді. Соның негізінде бүгінгі таңда ҚазҰУ технопаркі ғылыми қызметкерлер мен ЖОО-ның ғалымдарымен орындалатын инновациялық өнiмдердi енгiзу, ҒЗЖ және НИОКР орындауда қызметкерлер мен университет оқытушыларының қатысуымен бюджеттiк, шаруашылық келiсiм құрал-жабдықтар, әр түрлi инновациялық қорлардың құрал-жабдықтарын тарту, инновациялық салада шағын кәсiпкерлiктiң танымалдығы, сонымен қатар Технопарктің жетістіктері мен мүмкіндіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баяндау, университет жүзеге асыратын оқу процесiн қамтамасыз етуге білім аймағындағы әлемдік стандартта жауап беретін деңгейде алып шығуға мүмкіндік беруіне қатысу бойынша шаралар жүргізіп отыр.
Менің алтын қайырымды жан құрбым Тілеубектегі Анарбекқызы Жүсіпнемересі Гүлсананың бойындағы ең бір ерекше ұнайтын қасиеті – оның ақкөңілділігі мен асқан мейірімділігі. Әрқашан күліп жүретін ол досқа адал, ағайынға бауырмал, адам біткенге қайырымды қыз. Ешқашан ешкімге жоқ демейтін, қолындағы барын беруге даяр, ол имандылықты өз өміріне ту етіп, адамгершілікті берік ұстанған. Мен Гүлсананың әрдайым күліп жүретін көңілді мінезін, өміршеңдік қасиетін жоғары бағалаймын. Әсіресе, жоқшылықтан жүдеген отбасыларын үнемі қолпаштап жүреді. Айта өтсем, Павлодар қаласындағы 4 баласымен қалған жалғызбасты әке Кайр Кошелековке, Алматы қаласында 4 бірдей мүгедекті бағып, ыстық-суығына төзіп отырған жігіт Данияр Губайдуллинге, Алматы қаласындағы бір қызымен қалған жалғыз басты анаға, үш кісінің жүрек отасына, қос бүйрегінен айрылған .....
Бұдан біраз жыл бұрын менің Вильям Летран деген бір кісімен жақынырақ танысуыма тура келді. Ол өзі бір кезде дәулетті гугенеттер әулетінен шыққан, бірақ қыр соңынан қалмаған қырсықтың салдарынан бағы тайып, кейін қу тақыр боп кедейленген адам еді. Бар байлықтан айрылған соң көрінгенге көзтүрткі болмайын деп, ол өзінің ежелгі атамекені Жаңа Орлеан қаласын тастап, Оңтүстік Каролинадағы Чарлстон маңындағы Сэливанов аралына барып қоныстанған болатын.
Бұл бір алабөтен арал. Өзі ұзындығы үш мильдей теңіздің қайран құмынан тұрады. Ені тілдей, еш жерде ширек мильден аспайды. Шалшық шілік пен қалың қамысты жанамалап, суы зорға жылжитын қылдырықтай бұғаз ғана оны құрлықтан бөліп жатады. Аралда ағаш аз, әрі жөнді өспейді де. Тіпті шын мәніндегі ағаш жоқтың қасы. Аралдың сонау батыс жақ шетіндегі қаңқиған Моултри форты мен жаз айларында халық құжынап кететін тіршілігі беймаза Чарлстонның қапырық шаңынан қашып жаз айларында қала тұрғындары уақытша қоныстанып, жан сауғалайтын бірнеше қалқайған үйшіктер салынған маңнан ғана қылқан жапырақты бәкене пальмаларды көруге болады. Оның есесіне егер батыстағы әлгі мүйіс пен теңіз жағалауындағы тастан бетер ақ қайраң кемерді есептемегенде, аралды түгел ағылшын бағбандары аса қадірлейтін қош иісті мирта тоғайы басып кеткен. Қау боп өскен қалың бұталардың биіктігі кей тұста он бес жиырма футқа дейін жетіп, төңіректі ғаламат хош иіске бөлеп, арасынан адам өтіп болмайтын тұтасқан тоғайға айналады. .....
Жәнібек батыр бала күнінде ақыл-білім үйрену үшін, Қаракерей Соқырабыз дегенді іздеп келген екен. Сәлем беріп кіріп келсе, қарттықтан екі жағын жібекпен таңып отырған кісі екен. Жәнібекті көріп:
— Сен қай ұлсың? — деді.
— Қошқар ұлымын, — деді.
— Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?—деді.
— Болармыз, — деді.
— Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? — деді.
— Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, — деді.
— А-а!!! Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген ұл екенсің, алдыңа келсе әділдігіңді аяма — аймағың кетпес алдыңнан; қол бастап жол алайын деген ұл екенсің жолдастың мыңын алма, бірін ал, мың кісіге — бір кісі олжа сала тұғын, олжаңды аямасаң — жолдасың қалмас жаныңнан. Жүз жиырма алтыға келіп отырмын, жас күнінде қалың бер де қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол, қартайған соң өкінбе, ұлым. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяғың, қарның ашса — тамағың.
Мұнан шығып, Кіші жүзде тоқсанға келіп отырған Тайған деген биге келді. Келсе бидің елі қош екен, қош үстінде кез болып, сәлем беріп, ат үстінен көрісті. Мұнысын жақтырмай, бұл би де сұрады: .....
Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға. Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс» деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...
Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз, жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді апарып, шешек ектірген қалай болады екен?
— Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? — деп сұрапты.
Әлім айтты:
— Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен кардан үйрен,—деді.
Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты:
— Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды - тасты, жел мен жаңбырды — осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес. Олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетіссең, иманыңның жартысы тамам болғаны, —деді.
Лұқпан әкімге бір сопысымақ адам бір жиылыста айтты:
— Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза - бәлесіне себеп табамын деген Құдайға қарсылық болып табылады деп білемін, — деді.
Лұқпан айтты:
— Олай болса, сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса, біз тоба етіп, дәрігерлікті қоялық, — деп.
Сопы бұл сөзді еш кітаптан көргені жоқ кітап алып келе қоямын деп қозғалмады.
Жиылып отырған халық шулап қоя берді:
— Сопы, Лұқпан жесірге байдай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз, — деп.
Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқпан халықтан өтініш етіп тысқа шығып, сопыны оңаша қалдырып айтты:
— Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып, мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді. Құдай Тағала адамға әртүрлі дене берді: қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді есітуге, ақыл берді ойланып, жаман - жақсыны аңғаруға. Сол берген денелерді тиісті орнына жұмсамасаң, Құдайдың бұйрығына қарсылық болып табылса керек. Оның үшін жүрмей, тұрмай, отырмай, көрмей, есітпей Құдайға құлшылық етіп те болмайды. Сол реуішті жансыз нәрселердің де керексіз жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсаудан обал болмаса керек, — деді. .....
Қозғалмай шалқамнан жатқаныма бір жетіден асып кетті. Көзімді ашып жан-жағыма қараймын. Аурухана бөлмесінің іші мұнтаздай тап-таза. Қабырғасы да, төсек орным да, терезеге ұстаған пердесі де — бәрі де аппақ. Аққудың үлпе жүнінде көзге жұмсақ. Осы айнадай таза ақ бөлменің сүреңіне сән бергісі келгендей ашық терезеден көгере бастаған жас қайыңның бұтақтары қарап тұр. Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді...
Мен езу тартып күлімсіреймін. «Тәубе, тәубе! Өмірдегі ең қуанышты сол секундімде осынау шат дүниені қайта көре алмай өліп кетуім мүмкін екен-ау! Қуанышта да ажал бар деп кім ойлаған! Жасың келген соң, жар басында тұрған адам тақылеттес болады екенсің. Аяғыңды сәл мүлт бассаң, шыңырауға зымырай жөнелесің. Мен де сол қауіпке душар бола жаздаппын ғой». Иә, ажал деген қақпаннан бұ жолы да құтылып кеттім. Қақпан қанша тарс жабылғанмен, өткір жүзінің әлі жетпей қалды. Тағы да босатып жіберді. Енді мен көзімді жұмып сәл ойлана қаламын. Сол-ақ екен көз алдымда сол күнгі сурет елестей жөнелді.
Иә, сол күні мен жиырма бес жыл бойы мойныма таққан тұмардай жүрегімнің түбінде арман болып сақталып келген Ақбаянмен кездестім. Электр қоңырауын басып едім, есікті өзі ашты.
— Келдің бе? — деді үлкен бота кезін күлімдете. Сөйтті де, қынай белді сұңғақ денесін ырғалта, оқтаудай жұп-жұмыр, түп-түзу аяқтарын былқ-сылқ басып, қолымнан ұстап мені қонақ бөлмесіне қарай жетектей жөнелді. .....
Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал Құтлық Темірден сәл төмендеу, оның сол жағына бас әмірші Қадақ орналасқан.
Осы Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды. Сөйткенінше болған жоқ, сол сәтте-ақ Елбасмыш пен екеуінің қарсы алдына, өткір қылыш алып түскен Қадақтың басы топ етті. Басынан айырылған дене кеңсірігінен қан бұрқырай атып, бір орнында тыпырлады да қалды. Ал Өзбектің қарсы алдына түскен Қадақтың буырыл сақалды басы бір сәт оған бірдеме айтқысы келгендей, көзі шарасынан шыға жасаурап, тілі әлденені былдырлай еріндері сәл ашылып-жабылып жатты да, кенет тына қалды. Сол мезетте Өзбектің өзінің де оң қолы сол жақтағы қынаптағы алдаспанның тұтқасын барып ұстады. Көз ілесердей уақыт өткен жоқ, жүзі ұстарадай қылшылдаған алдаспан жарқ етіп көкке бір көтерілді де, орғи сілтенді. Құран сөзін ұйып тыңдап отырған Елбасмыш Қадақтың басы келіп алдына түскенде шошып кеткен. Есін жиып ол үлгірген де жоқ, енді өз басы анандай жерге ұшып түсті. Бұның да денесі бір орнында тыпырлады да қалды. Өзбек орнынан ұшып түрегеліп, өзіне қарап тасырайып көзін алмай жатқан басынан бөлек қан-қан денесін алдаспанымен тартып-тартып жіберді.
Бассыз денесі тіріліп кетеді деді ме екен, бұнысы несі?.....
Жошы өлерінен бір жыл бұрын бесінші баласы Сибанға Орда мен Бату ұлыстарының шекарасы — Тобыл өзенінің батыс жағынан басталып Ырғыз, Жем өзендерінің бойларына дейін созылған кең даланы ұлыс етіп берген. Бірақ бұл өлке жеке Сибан ұлысы дегенмен сонау Бату заманынан Алтын Ордаға кіретін. Ақсақ Темірдің арқасында Ақ Орданың ханы болған Тоқтамысқа Сарай-Беркеге жетіп Алтын Орда тағын жаулап алу үшін, ең алдымен осы Сибан ұлысынан өту керек еді.
Бұл кезде Алтын Орда қайтадан бел алып қалған Сибан ұрпақтары бұны оңай өткізе ме? Ал Қыпшақ рулары ше? Бұлар да өз елінде әйгілі күш қой. Әрі олар Тоқтамысқа қалай қарайды? Бұған тағы ақ алдаспанның жүзімен, көк найзаның үшімен жол салуға тура келе ме?
Тоқтамыс Алтын Ордаға деген ең алғашқы жорығында осылай ойлап қатты қауіптенген. Бірақ оны Алтын Орда деген ұлы арман алға қарай жетектеген. Жолындағы дәулерді, айдаһарларды жеңіп сүйгеніне жетуді ғана тілек еткен ертегінің батырларындай Тоқтамыс, қандай бөгет болса да сескенбеуге бел буған. Және бұл жолының оң болуына Ақсақ Темірдің жәрдеміне қатты сенген. Мауараннахр секілді егін егіп, жер суғарған тұрғын жұрттың қит етсе шауып, мазасын ала беретін көршілес көшпелі елдерге Тоқтамыс тәрізді айтқанынан шықпайтын қол бала адамның хан болуы Ақсақ Темірге тиімді екенін бұ да жақсы білетін. Ал Ақсақ Темірдің көңілінен шыға ма, шықпай ма, ол Тоқтамыстың шаруасы, бұл Ақ Орда ханының теңіз тұңғиығындағы асыл тастай жүрегінің түбінде жатқан, бір құпия сыры еді. Ол сырын ешкімге айтпаған. Тек әзірге Ақсақ Темірдің дегенінен шықпайтындай сыңай көрсете берген. .....
Біреу қызыл шұнақ үскірік қысты не сағыныштай сарғайған алтын күзді, болмаса шат көңілдей жазды жақсы көреді. Ал кей кісі төрт мезгілдің басы, тоқсан тілектің тоғысқан шағы хош иісті көктемді сүйеді.
Бұл бір қуаныш нұрына бөленген ғашық жүздер, махаббат көздер молая түскен шақ. Әлем біткен қырмызыдай сәнді келеді. Дымқыл тартқан жер бетінде көк балауса, бетеге, киік, марал, қаз оттары ду ете көтерілген. Жайшылықта иіс бермес аюбалдырған, әйбатмия, сасыр, шетендердің өздері де жұпар аңқиды. Жоқ, олар көктем исімен мұрныңды жарады. Қыс бойы бұтақтары сидиып, арық торғайдай суық желден үрпиіп сиқы кеткен қарағай, емен, ақ қайындар жасыл жапырақтарын төгіп, шыңқай бояулы суреттердей жадырай қалған. Бастарына әнші құстар қонып, құлпырған көктемді құттықтап, жаныңды жай тапқызатын шаттық үндеріне бөлеген. Өткен күзде ұшып кеткен жыл құстары, қайта оралып, қиқу салып жер мен көкті базар еткен. Күміс көлдер, көгілдір өзендер үстінде жыпырлай жүзген аққу, қаз, үйрек. Олардың у - шуына, қоңырлата сыңси салған әндерінен құлақ тұнады. Жанаргүл, қозыгүл, лала, меруерт гүлдер қауызын ашып үлгірмесе де қызғалдақ, сарғалдақтар үкілі бастары сылаңдап көздің жауын алады. Сай - салада, сылқ -сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар. Дүние анасынан жаңа туғандай жасарған. Осы бір керемет сәнге бөленген әлем, өзінің ғажайып ән - күйімен сенің жаныңды, қиялыңды қуанышымен әлдилеп, .....
Бір хан болған екен, оның екі қатыны болыпты. Олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты: — Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар? – депті. Сонда үлкен қатыны айтыпты: — Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын, – депті. Кіші қатыны айтты: — Мен алтын айдарлы бір ұл, бір қыз табамын,– депті, – ол баланың аты Алтын Айдар болады,– депті.......
Бір шалдың үш ұлы мен алма ағашы болыпты. Шал жыл сайын оның жемісін жеп, жасарып тұрады екен. Бір жылы алмаларын белгісіз біреу жеп кетеді. Келер жылы шал сақтық жасап, үлкен баласын күзетке тұрғызады. Түнде ол ұйықтап қалып, алманы жегізіп қояды. Екінші жолы ортаншысы күзетеді. Ол да ұйықтап қалады. Үшінші жолы кіші баласы күзетпек болады. Ол ұйықтамай, түнімен сыбызғысын тартып отырады. Түннің бір уақытында алтын құс келіп, алманы жей бастайды. Бала қанатынан ұстай алғанда құс ұшып кетіп, бір қауырсыны қолында қалады. Ертесіне құстың қауырсынын әкесіне әкеліп береді. Сонда әкесі: — Енді құстың өзін табыңдар, – дейді.......
Баяғыда Мұрат деген кісі болған екен. Бір күні ол алыс сапарға аттанады. Жол жүріп келе жатып, қатты шаршаған Мұрат айдаладағы жалғыз үйге кез келеді. Үйге кірсе, аяғы кісендеулі, жас, әдемі келіншек отыр. Қасында үш күшік жүгіріп жүр. Мұрат амандасып болған соң: — Құдайы қонақпын. Дәм айдап осы үйге келіп отырмын. Қарсы болмасаңыз, сіздің үйге тоқтап, әлденіп, тамақтанып алсам ба деп едім. Ақыңыз кетпес, пұлын берем, – дейді. Келіншек Мұратты ет пен қымызға тойдырады. Тамақ ішіп болған соң, бір-бірінен жөн сұрасады. Келіншектің аты Ханым екен. Ол: — Мен сиқыршы шалдың әйелімін......
Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып, тағам етіп, күнелтеді екен. Бір күні баласы:
— Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, – деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де бала жылап-еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше жүгіреді. Баласының алтын балық әкелгенін көргенде, қуанған кемпір мен шал тұра жүгірісіп, біріне-бірі соғылысып, құлап та қалады.......