Табиғат, құпия әлі сырың жұртқа, сұлулық сыйла әніме мұңымды ұқ та. Келемін бас июмен талантыңа ғашық боп ғұмыр бойы сұлулыққа. Көміліп сен де талай....
Шаршадым-ау... Қайтсем енді тыныштық табар жаным, жүйке менен жүректі тарамдадым. Ләззат ап әрнеден басқалардай өмір кешу - бұл күнде бар арманым. Күйретердей жанымда жанар жалын* ....
Өз-өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып. Жасқа ғана толады жанар налып, мен үшін тұр дүние қараң қалып......
Аспан шәйдай. Жанымда қырық қайғы. Күн де майдай, ал мені жылытпайды. Тайлы бие сауғанның сабасындай көңіл тақ-тұқ. Ішті ыза шыбықтайды. Аз халқымның тағдыры жыртық әлі,....
Елді ойламас ағаңның оқ тілінен не пайда, тамшы тамбас далаңның от күнінен не пайда? Бірлігі жоқ ұлыстың көптігінен не пайда, ұстары жоқ қылыштың өткірінен не пайда?....
Мен қорықпаймын сұсты тұлғаларыңнан, асқарларым, жанартаулардан лапылдап шашқан жалын. Көңіл-сұңқар емес пе - келеді ылғи асқарлардан да әрі асып аспандағым. Өршіп қайта жаныма от алмасам, мен, әйтеуір, құздардан жасқанбадым.....
Мен осы не істесем екен бүгін? Жатқандай мәнсіз өтіп бекер күнім. Жүйріктің құйрығындай ғұмырымда жанымды жаңбырлатқан жетер мұңым! Жалғанды жарқыратып күміс қары, тағы бір жыл-жапырақ тұр ұшқалы.....
Қаражау Нарын бойында аты шыққан шешен, батыр, әрі қайырымды адам болған деседі. Оның шешендік сөздері халық арасына кең тараған. Дархан өмір! Баратқаның ба, ей, күдерімді үзіп көгілдір сағым күндерден, құр асаулардай құрық көргенде шаңдатып асар құм белден....
Құртқым келмейді ешкімді, Не дейді маған осы жұрт? жер бетінен көшіріп не жазықсыз өшігіп, жек көргем жоқ еш тілді. Отырып көрмедім көсіліп, не деп шулайды осы жұрт? Түйрейді оғын кесірлі үн, ешбір нәсілдесімнің ....
Аспан мен Жер арасын өрт қаптады жалыны жаландаған, көңірсіді құйқадай адал далам. Бір-бірінің қанынан ұрттамаса, тыншымастай сұстанды адамға адам. Түндер келді жарыңның құшағында рахаттың орнына алаңдаған. Жас орнына мөлдіреп жанарда қан тамайын деп тамбаған, тама алмаған. Алмасты ілез күрсіну, күңіренумен жүректерден шарықтап таралған ән. Түнде соғар дүлейін жасырғандай, күліп атып қылымсып таң алдаған. ....
Жақсылар жаман болып шықты бүгін. Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім. Әулие дегендерім арамза екен, салды ма біздің елге жұт құрығын? Айналды жын-ойнаққа құт тұғырым, менің де жалған екен мықтылығым.....
Махаббатсыз, сезімсіз көңіл жетім, мұндай күйде түсің де, өңің де – түн. Жомарт жастық жылыстап, жас ұлғайса, жалғыздығың сезілер со күнде тым. Бала өсірдің – тірлікке ектің егін ....
Адам болса сезім мен сенім іздер, келіңіздер, бері қарай еніңіздер. Менің байтақ әлемім – планетамды көріңіздер аралап, келіңіздер! Бөгет те жоқ, кілт те жоқ осы арада, (кіру қиын кей жерде шошалаға!) есік те жоқ, алдыңнан арпылдайтын есік баққан ит те жоқ босағада. Қабырға жоқ итерер кеудеңізден ....
Бас қатырма баққа да, бұйымға да: тірліктегі жұмағың үйің ғана. Шатынап тұр, ал, менің шаңырағым – келін жуас, қыз ойсыз, қиын бала. Жабуға әзір қымтанып қақпаны ерте, бірін-бірі менсінбей – жатқан ерке. Бірлік жоқта байлық та берекесіз, бауырмалдық болмаса, бақ та келте. Атамыз да, деп жүрген жайда, мықты пәтуасыз бір шалға айналыпты.....
Біздің ауыл ұя еді киелі бір, теңіз бойы, бұйратты жиегі қыр. Өнегелі ұл менен қыз өсіріп, шаңырағына құт қонған үй еді кіл. Жігіттері мәрт мінез, жаны сері жалғыз арман – ерім деп таныса елі. Бұрын біздің ауылда әр азамат бүкіл елдің ары мен намысы еді. ....