» » » Өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаңырақ)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаңырақ)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаңырақ) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаңырақ) на казахском языке
Бас қатырма баққа да, бұйымға да:
тірліктегі жұмағың үйің ғана.
Шатынап тұр, ал, менің шаңырағым –
келін жуас, қыз ойсыз, қиын бала.
Жабуға әзір қымтанып қақпаны ерте,
бірін-бірі менсінбей – жатқан ерке.
Бірлік жоқта байлық та берекесіз,
бауырмалдық болмаса, бақ та келте.
Атамыз да, деп жүрген жайда, мықты
пәтуасыз бір шалға айналыпты.
Ел құты еді баяғы қариялар –
бәрін бірдей қу заман қайда жұтты?!
Қырық рулы тобырдың күйі бізде,
қырқысқаннан табатын сыйымыз не?
Үлкендері – үлкенше, жасы – жасша,
жарасымды тірлік жоқ үйімізде.
Әулет едік қаймағы бұзылмаған,
сұқ өтті ме, тіл-оқ па ызыңдаған –
бір үйлі жан ашыған айрандаймыз,
құлқымызды бұзды ма құзыр-заман?!
Бақ құсы кеп басыңа қонса – күндік.
Бақ үйіңде жұмақтай болса тірлік.
Түндігінен тамшы аққан ошағымды
қалқалаймын жанымды қолшатыр ғып.

* * *
Жан дегенің немене?
Жақсы көру, жек көру…
Қиял бір күн келе ме?
Түбі әйтеуір – текке өлу…
Ішім толған бір дауыл,
шыдатпайды жартасы.
Айтқан сөзім – кіл жауыр,
ойларымның қаңқасы.
Бұрқанысын жанымның,
сезімімнің селдерін
ұғар, көрер бәрін кім?
Қалай шығар мендегі үн?
Жан дүнием бір әлем,
сыртым – соның елесі.
Айтып тұрған мына өлең –
мұқалған бір жебесі.
Ішкі әлемін адамның
көрсете алар күш бар ма?
Тұңғиыққа қамалдым,
осы ойларым қысқанда.
Жан ағысын берерге
жетпес тілдің шамасы.
Бұл дүлейді жеңер ме
адамзаттың баласы?

Автор: nurgul95 | 227 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанымда жүрші)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанымда жүрші)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттық қайда, ән қайда аласұрған)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсы көру)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жақсы көру)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Теңіз аласапыран)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Теңіз аласапыран)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір-ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір-ақ жайды, әйтеуір, білдім бүгін)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір сезім жанарыңда елжіреген)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Бір сезім жанарыңда елжіреген)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Туған ауыл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Туған ауыл)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Абайды іздеу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Абайды іздеу)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мынау қолым, басым мынау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мынау қолым, басым мынау)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен тағы да ғашықпын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен тағы да ғашықпын)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанашырлар - жақсы аға жайсаңдарым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанашырлар - жақсы аға жайсаңдарым)
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ізденіс)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ізденіс)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Әйелге деген махаббат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Әйелге деген махаббат)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Білемін)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Білемін)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені)

KZ / Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Шаңырақ өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Шаңырақ, фариза оңғарсынова Шаңырақ өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша фариза оңғарсынова өлеңдері фариза онгарсынова олендери фариза онгарсынова стихи на казахском Шаңырақ, Өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаңырақ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке