Мұқағали Мақатаев (Соқпақ)

Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің,
Соған шығу қиыны екен өмірдегі қиынның.
Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман,
Шимай-шимай сызығындай жүрегім мен миымның .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Соңғы сағатта)

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні,
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып!
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні,
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.
Жасарымды қанша жыл білмеймін мен,
Түсінем бірақ жалғаннан өтерімді.
Аянышты үн шығып жүрегімнен,
Көз жұмып мәңгі ұйқыға кетерімді. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Өлең керек)

Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Есіңде ме, түндерің көз ілмеген? .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Ғасырлар перзенті)

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.
Ғасырлар - Әкелер
Сенімді мұрагер көрмеген.
Бостандық,
Бақытты әперер
Перзентке зәру боп, шөлдеген.
Ғасырлар - Аналар
Сан рет босанып, толғатқан. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Кешке таман естігенде)

Капитолия кешке таман естігенде атымды,
Тыңдап тұрдым, шапалақтар шау қарғалар атылды.
Сол бір түн де бақытқа әкеп бөлемеді пақырды.
Мейрамдаған кездерде де, орындалып дегенім
Мен бәрібір баяғыдай бақыттымын демедім .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Төлегенге)

Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай-өлең шырылдап бара жатты
Аузында ажал дейтін сұрапылдың.
Торғай-өлең өлмеді, аман қалды .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Масақ)

Біржола өлген ескі өмір тұмауратқан,
Біржола өшкен ескі жұрт қылау жапқан.
«Әулие тас» атанған жерге келіп,
Басын жаңа қазақтар құрап жатқан...
Асқар-асқар таулардың арасына .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Жүр қалқам)

Шайқалып нұр,
Маужыраған мамырдан май тамып тұр.
Жайқалып қыр,
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр.
Айталық сыр,
Серуендеп, жүр қалқам, қайталық бір.
Сырласайық,
Қызғалдақты иіскеп, бір жасайық,
Қыр басайық, .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Тілектеске)

Ей, бауырым!
Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды.
Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды.
Қыз-тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды,
Асылды да саусағымен сипағандай шашыңды. .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Қасқырға)

О, сайтан!
Алмас азу, қандыбалақ,
Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада.
Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба?
Тұра-тұр, көрісерміз қанжығада.
Жатқанда ойда малым,сайда малым,
Есімде емін-еркін жайғағаның, .....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Жар есіне!)

Қиял - күш, ашу - батыр, ақыл - шабан,
Аймалап адал жүрек төнген саған.
Төрт бұрышын төңіректің шарласам да,
Сендей жар жанға жайлы қайдан табам?
Жас жүрек өз жұбайын таппады ма?
Адамдық ардан тайып аттады ма? .....
Өлеңдер
Толық