» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырман басында)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырман басында)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырман басында) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырман басында) на казахском языке
Қызу қарқын, көңіл шат,
Шығады жарқын дауыстар.
Ұштасқан қимыл қат-қабат,
Еселенген екпін бар.
Бұлшық етті білектер,
Еңбек сүйгіш жүректер.
Жойқын күш үдей түседі,
Шыққан сайын ашшы тер.
Молотилка үйіріп,
Төгеді меруерт алтын дән.
Жал-жал астық үйіліп,
Қырманға көрік берді сән.
Қарт колхозшы Есімхан
Қолынан түспей күрегі.
Бойына еңбек тым жаққан,
Жарқырап жүзі күледі.
Тау жақтан кенет жел тұрып,
Қыздырды еңбек қызуын.
Есекең де желпініп,
Ұшырып жатты қызылын.
Зағипа әкпей асығып,
"Бол, болға" алды көп елді.
Арбаға астық басылып,
Мемлекетке де жөнелді.
Шабыттанып мен тұрмын
Ерекеңнің қасында.
Өмірге осы келтірдім
Жырымды қырман басында

Автор: nurgul95 | 119 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Қырман басында өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қырман басында, мұқағали мақатаев Қырман басында өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Қырман басында, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қырман басында) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке