![]() |
|
![]() |
Мұқағали Мақатаев (Москвадан кетерде)

Ұлиды боран,
Қарып тұр.
Сауықтыр мені, сауықтыр
Боранын-дағы Мәскеудің
Сімірейінші қанып бір.
Қылаулап, қылау жауып тұр,
Жалықтыр мейлі, жабықтыр.
Аспанның мынау ақ құсы
Тезірек ұшпай нағып тұр?!
Ұша алмай әзір налып құр
Ұшуды көксеп халық тұр.
Бәрі де бойын жазбақшы,
Кеңірек жерге барып бір.
Үйреніп қалған ұямдай,
Мәскеуді барам қия алмай.
Миллиондардың ішіне
Бір басым менің сия алмай
Еңсемді бір сәт жия алмай,
He бетімді айттым, Алматым,
He деймін саған ұялмай?...
Таңғы шақ.
Аяз сорып тұр.
Соғып тұр боран, соғып тұр.
Ақ құсым, мені аман-сау
Алматымменен жолықтырт
Қарып тұр.
Сауықтыр мені, сауықтыр
Боранын-дағы Мәскеудің
Сімірейінші қанып бір.
Қылаулап, қылау жауып тұр,
Жалықтыр мейлі, жабықтыр.
Аспанның мынау ақ құсы
Тезірек ұшпай нағып тұр?!
Ұша алмай әзір налып құр
Ұшуды көксеп халық тұр.
Бәрі де бойын жазбақшы,
Кеңірек жерге барып бір.
Үйреніп қалған ұямдай,
Мәскеуді барам қия алмай.
Миллиондардың ішіне
Бір басым менің сия алмай
Еңсемді бір сәт жия алмай,
He бетімді айттым, Алматым,
He деймін саған ұялмай?...
Таңғы шақ.
Аяз сорып тұр.
Соғып тұр боран, соғып тұр.
Ақ құсым, мені аман-сау
Алматымменен жолықтырт
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: мұқағали мақатаев Москвадан кетерде өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Москвадан кетерде