Абай Құнанбаев (Шәріпке)

Түңлікбайдың қатыны, атың - Шәріп,
Байға жарып көрмеген сен бір кәріп.
Сен - шыққан жол үстінде жалғыз түп ши,
Көрінген ит кетеді бір бір сарып
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?)

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей.
"Бір тойған - шала байлық" деген қазақ,
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей,
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?
Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді,
Ол немене жоқтықтың...
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Дұға)

Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең — оқитұғын дұғам менің. .....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Жүректе көп қазына бар бәрі жақсы)

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,
Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы.
Сол жүректен жылылық, достық пенен
Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.
Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша,
Бірінен бірі үлесіп алысқанша.
Құмарланар, сүйісер жүрек тауып,
Қытықсыз қызықпенен бас қосқанша. .....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Шайтан)

Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны,
Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны.
Өткен жақсы дәурені ойында оның,
Сондағы не көргені, не қылғаны. .....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Ой)

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,
Салқын, қуыс — өмірі я қараңғы.
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды. .....
Өлеңдер
Толық

Крылов Иван Андреевич (Есек пен бұлбұл) [Абай аудармасы]

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.
Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа көрдім,
Атыңа жұрт мақтаған құмар едім.
Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп,
Рас па екен жұрттың....
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев (Ғабидоллаға)

Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,
Қайдан білсін өмірдің көбін азын.
Бәйтеректі күндейді жетемін деп,
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.
Күз келген соң тамырынтүсік....
Өлеңдер
Толық