Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қатыны мен Масақбай) » ZHARAR © 2016 | стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай Құнанбаев , казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать , абай құнанбаев өлеңдері скачать,абай құнанбаев өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қатыны мен Масақбай)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қатыны мен Масақбай) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қатыны мен Масақбай) на казахском языке

Сырмақ қып астына
Байның тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып,
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңілінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.

Күлкі боп көргенге,
Құрбыға қадірсіз.
Ас қылып бергенге
Шыдамас, сабырсыз.
Келді, ойбай,
Салды айғай,
Түк қоймай боқтады.
Сөзінің жөні жоқ,
Ақылсыз томырық,
Қатынның күні жоқ
Қамшы мен жұдырық.
Барқылдап,
Тарқылдап,
Салпылдап тоқтады.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 938
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

. .