Сыбайлас жемқорлық туралы тест
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ұғымын көрсетіңіз?
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл жеке тұлғаның шақыруы бойынша сапарлар (жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік органның келісімімен), егер де олармен қатынас шақырылатындардың қызметтік мәселелерін қозғамайтын болса
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл жұбайының шақыруы бойынша шетелдік туристік сапарлар
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қандай қатынастарды реттейді?
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған
- бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң
- мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайын, олардың әлеуметтiк және мемлекеттiк қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында
Неправильно
- 3.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымды адамдар түсінігі:
- тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерiнде, ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар
- жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерiнде, ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiл мiндеттерiн тұрақты жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк мiндеттерiн атқаратын адамдар
- тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ ҚР-ның Қарулы Күштерiнде, ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында жеке тұлға өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар
Неправильно
- 4.
Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу қалай жүзеге асырылады:
- ұлттық қауіпсіздік комитеті органымен
- прокуратураның ұсынымы бойынша
- сот шешімімен
Неправильно
- 5.
Лауазымды адамдардың, кімдер атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды атқаруына болмайды?
- өздерінің жақын туыстары
- тек қана ері (зайыбы)
- тек қана ата-аналары
Неправильно
- 6.
Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шараларды көрсетіңіз?
- жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
- лауазымдық міндеттерін өзгерту
- заңнаманы білу бойынша аттестация өткізу
Неправильно
Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шараларды көрсетіңіз?
- 7.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қабылданған күнін көрсетіңіз?
- 1999 жылғы 20 шілде
- 2016 жылғы 1 қаңтар
- 2015 жылғы 18 қараша
Неправильно
- 8.
Заңсыз алынған мүлiкті немесе оның құнын мемлекетке өз еркімен қайтарудан бас тартқан жағдайда, өндіріп алу қалай жүзеге асырылады:
- прокурордың қаулысы негізінде
- тергеу жүргізуші органның шешімі бойынша
- соттың шешімімен
Неправильно
- 9.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл:
- мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар
- ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Жоғарғы соты
- жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері
Неправильно
- 10.
Қылмыстық жазаланатын әрекет болмаған жағдайда қызметтік құпия болып табылатын мәліметті жариялағаны үшін қандай шара қолданылады?
- 10 тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алу
- сөгіс
- жұмыстан босату
Неправильно
- 11.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты не?
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады
- мемлекет пайдасына өндіріп алу
- қаржылық бақылау
Неправильно
- 12.
Қай нормативтік құқықтық актілермен сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза көзделген?
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
Неправильно
- 13.
Мемлекеттік функцияларды орындауға үміткер адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiмін:
- нотариалдық расталған нысанда тікелей мемлекеттік қызметшінің басшысы белгілейді
- жазбаша түрде мемлекеттік органның басшысы белгілейді
- персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) жазбаша нысанда тіркейді
Неправильно
- 14.
Сыбайлас жемқорлыққка байланысты құқық бұзушылықтар үшін кімдер жауапты болады?
- азаматтығы жоқ адамдар
- Қазақстаннның аумағынан тыс жерде тұратын шет ел азаматтар
- мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар
Неправильно
- 15.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат қандай құпия болып табылады?
- мемлекеттік құпия
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құпия
- Қауіпсіздік құпиясы
Неправильно
- 16.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР-ның Заңы кімдерге қатысты қолданылмайды?
- ҚР тіркелген және ҚР аумағынан тыс жерлерде әрекет ететін заңды тұлғаларға
- ҚР аумағынан тыс жерлердегі ҚР барлық азаматтарына
- ҚР аумағынан тыс жерлердегі азаматтығы жоқ адамдарға
Неправильно
- 17.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасалған мәмілелерді сот:
- жарамсыз деп таниды
- заңға қайшы келмейтін бөлігінде жарамды деп таниды
- заңнамаға қайшы келетін бөлігінде жарамсыз деп таниды
Неправильно
- 18.
Мемлекеттік міндеттерді атқарумен байланысты қойылатын шектеулерді қабылдамау қандай салдарға әкеп соғады?
- сөгіс жариялау
- айыппұл салуға
- жұмысынан босатуға
Неправильно
- 19.
Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы?
- құқық қорғау органдары қорғайды
- мемлекет қорғамайды және жауап беруге тиіс
- мемлекет қорғайды
Неправильно
- 20.
Мүлікті сенімгерлік басқару шарты … жатады
- Адвокаттың куәландыруына
- Соттың куәландыруына
- нотариаттық куәландыруға
Неправильно
- 21.
Төмендегі аталғандардың қайсысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қағидасы болып табылады?
- жариялылық пен ашықтық
- жауаптылықтың бұлтартпастығы қағидаты
- кінәлінің жауаптылығы қағидаты
Неправильно
- 22.
Мемлекеттік функцияларды орындаумен қандай қызмет сыйысады?
- қоғамдық
- кәсіпкерлік
- педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық
Неправильно
- 23.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың анықтамасын көсетіңіз?
- сыбайлас жемқорлықтың халықаралық және ұлттық деңгейлерде таралу жай-күйі мен үрдістерін талдау мен бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру және жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылған құжат
- нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем
Неправильно
- 24.
Мүдделер қақтығысы дегеніміз не?
- осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар
- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін
Неправильно
- 25.
Төмендегілердің қайсысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының принципі болып табылмайды?
- жұмыс тобын құру
- жариялылық пен ашықтық
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу
Неправильно
- 26.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымға тағайындалған күнінен бастап қанша күн ішінде лауазымға тағайындалғанға дейін сатып алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлар пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті
- алты ай ішінде
- күнтізбелік отыз күн ішінде
- отыз күн ішінде
Неправильно
- 27.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылмайтындар?
- Қазақстаннның аумағынан тыс жерде тұратын шет ел азаматтар
- құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің лауазымды адамдары
- барлық лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті өзге де адамдар мен соларға теңестірілгендер
Неправильно
- 28.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жүзеге асырылады
- білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы
- прокуратура органдарының наразылық актісі бойынша
- сот шешімі бойынша
Неправильно
- 29.
Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша … шараларын қабылдайды:
- мүдделер қақтығыстарын болғызбау
- банк құпиясын сақтау
- тауарларды тарату
Неправильно
- 30.
Мемлекеттік лауазымға кандидат болып табылатын адамдар тұрғылықты жері бойынша салық органына банк мекемелеріндегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы мәліметтерді ұсынады, оның ішінде:
- соның iшiнде ҚР аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы
- тек қана ҚР аумағында
- соның iшiнде ҚР аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, егер де олардың мөлшері айлық есептік көрсеткішінің мың еселенген мөлшерінен асатын болса
Неправильно
- 31.
Кірістері мен мүлкі туралы декларация қай заңнамаға сәйкес жасалады және қандай нысан бойынша ұсынылады.
- Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады
- Кірістері мен мүлкі туралы декларация Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық бұйрығына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық заңнамасында айқындалған кез келген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады
- Кірістері мен мүлкі туралы декларация өз қалауына сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады
Неправильно
- 32.
ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кім жүргізуге міндетті?
- тек қана құқық қорғау органдары
- прокуратура органдарының барлық қызметкерлері
- өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
Неправильно
- 33.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жатады:
- ҚР аумағынан тыс жерлердегі азаматтығы жоқ адамдар
- ҚР аумағынан тыс жерлердегі заңды тұлғалар
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілері: мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады
Неправильно
- 34.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты не?
- қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою
- қоғамдық ұйымдарды қалыптастыру
- жеке және заңды тұлғалардың қатынасы
Неправильно
- 35.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға тыйым салынады:
- жалға берілген мүліктен табыс алуға
- бүркеншiк атпен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға
- ақы төленетін педагогтік қызметпен айналысуға
Неправильно
- 36.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының қолданысқа енгізілетін күнін көрсетіңіз:
- 1998 жылғы 2 шілде
- 2015 жылғы 18 қараша
- 2016 жылғы 1 қаңтар
Неправильно
- 37.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін Осы Заңның негізінде жауапты болатындар:
- рокурорлар
- тергеу жүргізуші органдар
- мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар
Неправильно
- 38.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңына сәйкес қайсысы жақын туыс болып табылмайды?
- немере аға немересі
- ері (зайыбы)
- бала асырап алушы
Неправильно
- 39.
Егер де мемлекеттік міндеттерді атқарушы адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін босатылғаннан кейін заңсыз алынған мүлікті тапсырудан бас тартса:
- ол адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- ол адам отыз тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамауға алуға жатады
- мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi
Неправильно
- 40.
Адам заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнынын төлеуден бас тартқан жағдайда кім талап арыз бере алады?
- мүдделі адам
- тек қана салық қызметі
- прокурор, мемлекеттік кіріс органдарының не осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар
Неправильно
- 41.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді, шарттарды кіммен жарамсыз деп танылады?
- адвокатпен
- прокурормен
- сотпен
Неправильно
- 42.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында көзделген қаржы бақылау шаралары қандай құқық қатынастарына қолданылмайды?
- өндірістік үй-жайды сатып алуға
- автокөлік сатып алуға
- Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй салу үшiн құрылыс материалдарын меншiкке сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды
Неправильно
- 43.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында көрсетілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға рұқсат беріледіме?
- ия, мемлекеттік орган басшысының және мүдделi заңды тұлға немесе прокурор шешімі бойынша
- педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады
- тек қана сотпен
Неправильно
- 44.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға өз еркімен қатысуға:
- тыйым салынады, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса
- тыйым салынады
- рұқсат етіледі
Неправильно
- 45.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға және соларға теңестірілген адамдарға қандай мәмілелер жасауға тыйым салынады?
- өз атынан емес азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға
- жақын туыстардың пайдасына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға
- үшінші адамның пайдасына азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға
Неправильно
- 46.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адам ….. қорғауында болады:
- Прокуратура
- Мемлекет
- Сот
Неправильно
- 47.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңында әкімшілік-шаруашылық функциялар деп түсіндіріледі:
- ұжымды жалпы басқару, кадрларды іріктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегін ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданудан көрінетін, тәртіпті қолдау
- толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардың берілген өкілеттіктер шеңберінде мүлікті, оның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оған билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі
- жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар болып оларға неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде – неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар
Неправильно
- 48.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік лауазым атқаратын адамдардың жақын туыстарының қайсысы салық органдарына табысы және мүлкі туралы декларация ұсынуға міндетті?
- жұбайы (зайыбы)
- ата-аналары
- балалары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?