Досы жақсынң өзі де жақсы ҚМЖ


(сабақтың тақырыбы) «Досы жақсының өзі де жақсы»

Мақсаты:

1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;

2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;

3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Досы жақсының өзі де жақсы»

Мақсаттары

1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы,достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;

2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне,өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,һз ойын,пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;

3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп,Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

-Кім достық туралы мақал біледі?

/Оқушыларды тыңдау/

Мұғалім:-Олай болса бүгінгі ашық сынып сағатымыз «Досы жақсының өзі де жақсы»деп аталады.

-Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар психологиялық дайындық жасайды

Достық-ізгі ниетті адамдардыңбір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп,ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы.Достық ізгі қасиет.

Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу.Достық киелі ұғым.

Жаны таза,жүзі жылы,жөні түзу,ақылды,парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.

Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.

Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа.

Достасу,серік табу адамның бақытына бақыт қосады.

презентация

Сабақтың ортасы

Достық-аспандағы жарық жұлдыз,теңіздегі гауһар тас.Жұлдызды да,гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды.Достық адамды асқақтатады.

Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады.Олар бір-бірініің қуанышында да.сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.

Жалған достықтың-ғұмыры қысқа болады.Олар бір-біріне шынайы болмайды.Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бірде замандастары шешеннен:

-Достық нешеу?-деп сұрапты.

Әйтімбет:

-Достықтың 2түрі болады. Бірі-адал достық,екіншісі-амал достық,-дейді.

-Дұрыс –ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?

Шешен:

- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.

Осыны қалай түсінесіңдер?

/Оқушыларды тыңдау/

-Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін лайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.

Мысалы:

Достық-адамдар арасындағы байланыс.

Мұғалім:

-Дос деген кім?

Шарты: Бір сөйлеммен айту.

Сыр бөлісетін адам.

Мені өте жақсы түсінетін адам.

Сенімді адам.

Мұғалім:

-Дос қандай болу керек? /Топтастыру/

/Оқушыларды тыңдау/

Д – дүниедегіО - озық ойлыС – сабырлыТ – тұрақтыЫ – ыстықҚ – қарым – қатынас.

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Дос болу, оны қадір тұту, оның қасиетін бағалау өзіңе байланысты. Сондықтан досыңды пір тұтып, оның бойынан шыншылдықты, адалдықты, ізденімпаздықты, мейірімділікті, өжеттілікті байқасаң, онда оны қадір тұт, ол сенің досың, сырлысың, көмекшің, жақының! Міне, өмірде осындай достар өмірі мәнді де, саналы болмақ!

презентация

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу