Секіру фазаларын қолдану. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 97 сабақ.


Сабақ жоспары № 97

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Секіру фазаларын қолдану.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- секіру түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;

-жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;

 Бағалау критериі

-секіру түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;

-секіру жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Секірудің қандай түрі сіз үшін қиындық тудырады.?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың жаттығулары орындау кезінде бір біріне деген құрмет көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Биология- адам ағзасындағы өзгерістерді жаттығулар орындағаннан кейін анықтау.

АКТ қолдану дағдылары

Секіру жаттығулар Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=xc0QM_ygrR0

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Бір минут » стратегиясы.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушыларға тамыр соғысын өлшеуді ұсынады.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Топтық қозғалмалы ойындар. Оқушыларды екі топқа бөліп «Вирус» ойынын ұсыну.

Бұл ойынды спорт алаңында ойнатылады ойынға 10 нан астам ойыншы қатыса алады. Ойында бір ойыншыны бүкіл ойыншыны қуалайды егер ойыншының кез келгенің ұстап алса бір бірінің қолынан ұстап екеулеп қуалайды, үшеулеп, төртеулеп, ойыншылар саны біткенше ұсталған ойыншылар бір бірінің қолынан ұстап қуалайды. Осылайша ойын ойыншылар саны біткенше жалғаса береді.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

https://www.youtube.com/watch?v=xc0QM_ygrR0

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, Ж, Қ)

Суретте берілген секіру фазаларын көрсетіңіз.

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– ойын ережесіне сай орындайды алады;

– кедергілерден аттап секіре алады;

-секіру қимылдарын орындай алады;

 Секіру фазасының реттілігін сақтай отырып, балалардың қабілеттеріне сай тапсырмаларды күрделендіріп беру арқылы физикалық қалпы анықталады.

Арнайы мед.топтағы оқушылар

жеңілдетілгентапсырмалардыжеңілдетілген тәсілмен

орындайды.

Бағалау: оқушылар өзін өзі бағалау.

Талдаңыз:

Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Секірудің қандай түрі сіз үшін қиындық тудырады.?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=xc0QM_ygrR0

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Табыс баспалдағы » стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу