(Т, Ж, Қ) Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді: Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек. Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады. Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды. Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады: - ұшу кезінде бір аяқты бүгу
2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу 3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу Ұшу кезіндегі тәсілдер - секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін көрсететін шешуші тәсілдер. Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді. Дескриптор - қауіпсізідк ережесін сақтайды; – ұшу кезінде бір аяқты бүге алады; -ұшу кезінде екі аяқты бүгеді; - ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермей алады. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: оқушылар өзін өзі бағалау. Талдаңыз: Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді? Секірудің қандай түрі сіз үшін қиындық тудырады.? |