9 мамыр - Жеңіс күні №7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім

«Демалу мәдениеті. Мерекелер»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

9 мамыр - Жеңіс күні №7

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, мұғалімнің колдауымен сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып мәтін құрастырады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады;
  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.

Лексикалық минимум

Жау, ұмытпау

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғаудың көпше түрі

Біз ұмытпай+мыз

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

9 мамыр - Жеңіс күні №6

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Мен – сенің досыңмын, сен – менің досымсың» тренингі.

Балалар бір-бірлеріңе қолдарың созып, шын жүректен мынадай сөздермен сәлемдеседі: «Сәлеметсің бе, Сәуле! Мен сенің досыңмын», «Сәлеметсің бе, Әмір, мен де сенің досыңмын» деп әрі қарай жалғаса береді. Мақсаты – ынтымақтастастық, сыйластық, достық сезімдерін қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту

(Ұ) «Үзбей сөйле» тізбектеп суретті сипатта.

Сабақтың тақырыбын болжату

(9 мамыр - Жеңіс күні)

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазамын.

 Слайд

Үлестірмелі қағаздар

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздерді меңгерту:

(Ұ) Сөздерге қарама-қарсы сөздер ойластырады.

Жау – дос

Ұмытпау – ұмыту

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Жіктік жалғаудың көпше түрін қайтала.

Мұғалім сөздің басын дауыстап айтады, кез-келген оқушы жалғауын жалғастырады. Оқушы қателессе, қасында отырған көршісі түзетеді.

Біз ұмытпаймыз

Сендер ұмытпайсыңдар

Сіздер ұмытпайсыздар

Олар ұмытпайды

1-тапсырма:

(Т) Берілген сөйлемдерге сұрақ қояды.

Сөйлемдерді мұқият оқиды. Әр сөйлемге сұрақтар құрастырады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

1. Жыл сайын 9 мамырда Жеңіс күнін тойлаймыз.

2. Соғыс төрт жыл жүрді.

3. Жауынгерлер Отанды қорғады.

4. Адамдар жауға қарсы шықты.

Кері байланыс

Тапсырма ұнады ма?

2-тапсырма:

(ЖЖ) Сұрақтарға жауап беріп, диалог құраңдар.

Оқушылар жұптасып сұрақтарды талқылайды. Өзара диалогке түседі.

1. Сен Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдарды білесің бе?

2. Ұлы Отан соғысы туралы кино көрдің бе?

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

3-тапсырма:

(Ж) Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қой.

Тапсырманы жазбаша орындайды. Қосымшалардың қою себеебін ауызша түсіндіреді.

Ұлы Отан соғысы төрт жыл жүр... . Жауынгерлер Отанды қорға... . Жауынгерлер жаумен соғыс... . Ұлы Отан соғысында ол адамдар жеңіске жет... .

Сергіту сәті

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Артқа қарай бір адым

Алдыға қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.(Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды)

4-тапсырма:

(Ж) 9 мамыр - Жеңіс күніне арнап ашықхат дайында.

Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Қабілетіне қарай қолдау көрсетіледі. Мұғалімнің қолдауы немесе үлгі ұсынылады. Жұмысын мұғалім бағалайды.

Үлгі:

Дескриптор:

  • қатты қағаз бен түрлі түсті қағазды пайдаланады;
  • ата-анасына арнап құттықтау хат жазады;
  • құттықтауды 3-4 сөйлемнен құрастырады.

 Слайд

 

Үлестірмелі қағаздар

 

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

110 бет, 5-тап

 

 

 

 

«Көкжиек» оқулығы,

110 бет, 6-тап

«Көкжиек» оқулығы,

110 бет, 7-тап

«Көкжиек» оқулығы,

110 бет, 8-тап

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Бес саусақ»

  • Бас бармақ – неден қиналдым?
  • Балаң үйрек – кімге көмектестім?
  • Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?
  • Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?
  • Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

111-бет, «Кел жаттайық» жатқа айту.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу