Ағаш сумен өседі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,
авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)
7-бөлім: Су – тіршілік көзі
4-сабақ «Ағаш сумен өседі»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
- Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. Оқушыларды қимыл-қозғалысына келтіріп, сабаққа зейінін аудартудан бастаңыз.
- «Белгісіз ақпарат» әдісі арқылы мұғалім сыныпты А және В оқушыларына бөледі. В-оқушылары теріс қарап отырғанда, А-оқушылары слайдтағы суреттің біреуін мұқият қарап шығады да, В-оқушысына суретті салдыртады. Ол үшін көргенін өз сөзімен сипаттауға тырысады. Сурет салуға 1 минут уақыт беріледі. Жұмыс аяқталысымен оқушылар түпнұсқамен салыстырады. Тапсырманы жүзеге асыру арқылы оқушы зейінін арттырумен қатар сабаққа деген қызығушылығын оята аласыз.
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздерді меңгерту:
- Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
- Сынып оқушыларына «Дефиниция» әдісі бойынша жаңа сөздерді меңгерту (сөздер және сол сөздерге жазылған анықтаманы сәйкестендіру) арқылы сөздік қорын толықтыра аласыз. Оқушыларға кері байланыс «Мадақ сөздер» арқылы беріледі.
- Сабақ барысында жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын бақылауда ұстауды ұмытпаңыз .
Тыңдалым мен айтылым
- Сынып оқушыларына тыңдалымалды тапсырмасын орындату арқылы сөз саптау шеберлігін ұштауға болады.
- Тыңдалымға қатысты сұрақпен сынып оқушылары танысып алғаннан кейін, тыңдалым тапсырмасы ұйымдастырылады. Оқушының мұқият оқуы қадағалануы тиіс. Себебі, тыңдалым тапсырмасы тек екі рет тыңдатылады.
- Тыңдалымнан кейінгі тапсырманы жүзеге асыру барысында оқушының дұрыс немесе бұрыс жауабы талқыланады. Не қиын болды? Неліктен? деген сұрақтар арқылы кері байланыс беруіңіз қажет.
- Айтылым тапсырмасында тыңдаған мәтін мазмұнын баяндауы, тірек сөздерді орынды қолдана алуы мен сөйлем құрылымына назар аударып отырыңыз. Оқушыға «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс бере аласыз.
- Берілген сурет бойынша тапсырманы қаншалықты сипаттай алғанын бақылауды ұмытпаңыз. Жұптық жұмыс орындаған оқушылар «1 жұлдыз, 1 тілек» әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.
- Тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
- Оқушылардың тапсырма негізінде шығармашылық қабілетін ұштай алуына мүмкіндік беріңіз.
- Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру