Ағаш сумен өседі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
4-сабақ «Ағаш сумен өседі»
(Ө) Тыңдалым мәтіні
Біздің мектеп үлкен. Мектебіміз екі қабатты ғимарат. Мектеп айналасы тамаша. Әрине, жыл сайын мектеп айналасына ағаш отырғызамыз. Биыл шырша мен алма ағаштары отырғызылды. Барлық жұмыс, әрине, оқушылардың қатысуымен орындалды. Балалар ағаштарды суарып, айналаны тазартты. Оқушыларға мектеп ауласы ұнайды.
(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Мәтінге сәйкес келетін 2 тұжырымды белгіле.
№ | Тұжырымдар | + | - |
А | Мектеп маңайына ағаш отырғызамыз. | ||
В | Мектеп үш қабатты ғимарат. | ||
С | Жұмыс оқушылармен орындалады. |
(ЖЖ) Айтылым
1-тапсырмасы:
Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын жұптасып әңгімеле.
Тірек сөздер:
Шырша, мектеп айналасы, ағаш отырғызылды, әрине, ұнайды,екі қабатты.
Дескриптор:
- Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
- Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
- Сөйлем құрылымын сақтайды.
2-тапсырма: Суретке қарап, мектеп айналасында не бар?
Суретті сипаттай отыра, диалогқа түс.
- Ата, мынау- ...... ағаш?
- Бұл – алмұрттың ......
- Ал ..... – қандай ағаш?
- Бұл алма ......
- Міне, алманы ....
- Ата , ағаштар шөлдей ме?
- Әрине, балам. Қазір ағаштарды сурамыз. Ағаш сумен өседі.
Кел, жаттайық!
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Тал егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.
Бақдәулет Төлебаев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру