Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Саяхат | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Көлік туралы жазу үшін ақпараттар №1 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.4 Грамматикалық нормалар және сауатты жазу. 1.4.4.1 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады 4.5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану. 1.4.5.1 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Мұғалімнің көмегімен дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі. Жай сөйлемді жазуда бас әріптерді қолданады. Көбі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады. Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады. Кейбірі: Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде өзі ескеріп отырады. Өзі жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады. | ||
Жетістік критерийлері | Есту арқылы сөздерді, қарапайым сөйлемдерді сауатты жаза алады. Сөйлемдерді бас әріптен бастап жаза алады; Нүкте қою арқылы қарапайым сөйлемдердің ара жігін ажырата алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Бұл – спорт машинасы. Бұл –жүк машинасы. Бұл –жеңіл машина. Бұл – адам таситын машина. | ||
Құндылықтарды дарыту | Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | Көлік – идеяны түсіну №3 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері Өлеңді қимылмен көрсетіп айту. Бір, екі, үш Ұшақ болып ұш. Төрт, бес, алты, Тікұшақ болып қалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он, Қане жерге қон. (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. «Мен жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады» |
| |
Сабақтың ортасы | (К) Бірлесіп жазу жаттығулары. Көлік туралы ақпарат жазуға мысал ретінде бір сөйлем жазып көрсетіңіз. Сөйлемдегі әр сөзді жекелей дыбыстап, оқушыларға дауыстап оқып беріңіз. Мысалы, Бұл – спорт машинасы. (Ұ) Бірлесіп жазу жаттығулары. Оқушылар көбірек идея тастап, пікір білдіреді, мұғалім жазып отырады. (Ө) Оқушылар таңдаған көліктері бойынша шағын кітап дайындайды. Оның әдемі мұқабасы, іші суретке, фотоға толы болуы керек. Суреттерді журналдан немесе интернеттен алады, суреттердің астыңғы жағына міндетті түрде көлік туралы сөздік қорынан алынған сөзді жазады. СЕРГІТУ СӘТІ. Өте биік аспанда/қолын жоғары-төмен сермейді/ Ұшақпен мен ұшамын /ирелектеп көрсетеді/ Жұмсақ, жеңіл бұлттарды/қолдарымен көрсетеді| Қолдарыммен ұстаймын ./ирелектеп көрсетеді/ (ҚБ) Оқушыларға көліктер боямағынан жасалған кітапша беріледі. Оқушылар суреттерді бояйды және әр көліктің астына қажетті мәтінді басты әріптері мен нүктесін қойып жазады. мынау - кеме капитан кемені жүргізеді мен кемеге мінемін. мынау – пойыз пойызды машинист жүргізеді мен пойызға мінемін. мынау - автобус автобусты жүргізуші жүргізеді мен автобусқа отырамын Жетістік критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өздігінен тақырыпқа сай сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер құрайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: өз кітаптарына сөйлемдерді үлгіден алып жазады. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия - толық түсіндім; – сұрақтарым бар.
- түсінбедім; | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру