Ньютон заңдары. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


“__” сынып оқушысы _______________________________________

9.1.1.7 - бастапқы және қосымша деректерді талдау, интерпретациялау және өңдеу;

9.2.2.1 - Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;

№4 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Ньютонның екінші заңын зерделеу

Жұмыс мақсаты: __________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Құрал-жабдықтар: арбаша, жай арбашаға арналған жалау, тіреуіш болт, жібек жіп, жүктерге арналған ұстағыш, 1г ; жүктер 1г, 10г, 50г; 40мм диаметрлі блок; блоктарға арналған ұстағыш; 2-1 таймер; фотоворота, фотоворота үшін адаптер; сым, қызыл; сымғ көк; рельс, 500 мм -2

Теориялық бөлім:

Ньютонның І-ші заңының тұжырымдамасы

Ньютонның ІI-ші заңының тұжырымдамасы

Ньютонның ІII-ші заңының тұжырымдамасы

Қондырғы

Жұмысқа нұсқаулық

Суретке сәйкес рельстің екі бөлігін қосыңыз, қондырғыны уақытты өлшегіштің жанына орналастырыңыз. Арбашаға кішкене жалауды қосыңыз, ол арбаша қозғалғанда фотоворотаның жарықсезгіш элементіне жарықтың түсуін бөледі. Арбашаға тіреуші

болтты бекітіңіз. Бұл болттың көмегімен

50 г массалы жүкті арбашаға бекітіңіз.

Орнынан жылжытылған арбашының нақты

біркелкі қозғалыс жасауы үшін рельстің

осындай еңісін тандаңыз. Фотоворотаны

таймерге қосыңыз. Бірінші фотоворотаны

рельстің басынан 8.2 см арақашықтықта

қойыңыздар. Бұл жағдайда кішкене жалау

арабашаның қозғалысты бастау мезетінен

бастап фотоворотаның жарықсезгіш

элементіне түсетін жарық шоғын кесіп өтеді.

Timer 2-1 аспабының сөңдіргішін (2) оң

қалпына, (6) ауыстырып қосқышты

  • солдан үшінші қалыпқа (2 сур. қар.)қойыңыз. Бұл жағдайда аспап бірінші және екінші қақпа арасындағы бөгетті өту уақыттың өлшейді. Осы уақыт арбашаға екі қақпа арасындағы арақашықтықты өту үшін қажет. Екінші қақпаны бірінші қақпадан 50 см арақашықтыққа қойыңыз.

Рельстің соңына блокты бекітіңіз. Рельсті үстелдің шетіне бекітіңіз. Жіптің бір шетіне арбашаның тіреуіш болтын байлаңыз, ал екінші шетіне жүктерге арналған ұстағышты байлаңыз. Жіпті блок арқылы жіберіңіз. Арбаша екінші фотоворотаны өткеннен кейін жүк еденді осы мезетте ғана тиетіндей жіп ұзындығын таңдаңыз. Рельс және арбаша осі жіптің бағытына параллель болуы керек. Рельстің әр нүктесіне арбашаның қозғалысы басталғаннан кейінгі анықталған уақыт сәйкес келуі үшін арбашаны әр кез бір нүктеден жіберіңіз. Арбашаны бастау сәтінде итермеңіз! Арбаша жіптің басқа шетінде бекітілген жүк әсерімен қозғалуға тиісті.

Жұмыстың орындалуы

  • Рельстің соңынан 8.2 см қашықтықта бірінші қақпаны, ал екіншіні біріншіден 50 см қашықтықта орналастырыңыз.
  • Өлшеу алдында Timer 2-1 аспабының (1) Reset баспасын басуды ұмытпаңыз.
  • Бірінші тәжірибеде арбаша 1г (жүкке арналған ұстағыш массасы)мөлшерлі жүк әсерінде қозғалады.
  • Timer 2-1 аспабының көрсеткіштерін 1-2 кестеге жазыңыздар. Бұл уақыт, арбаша бастау орнынан 50 см өтуі үшін керек.
  • Жүктің массасын 1 г көбейтіңіз және тәжірибені қайталаңыз. Нәтижені 1 кестеге жазыңыз.
  • 3, 4 және 5 г жүк массалары үшін тәжірибені қайталаңыз. Нәтижені 1 кестеге жазыңыз.

1 кесте

Есептеулер және нәтижелер

 1. 1 кестенің үшінші бағаншасын толтырыңыздар және қозғалыстың уақыт квадратын есептеңіздер. Екі мағыналы сандар көмегімен физикалық мөлшерлердің барлық мағыналар қойыңыздар (біріншісі үтірге дейін, екіншісі үтірден кейін - уақыт үшін).

 2. күш шамасы, мұндағы жіптің ұшына ілінген жүк маcсасы, g Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі . 1 кестенің төртінші бағаншасына алынған күш шамасын жазыңыз.

 3. бастапқы жылдамдықсыз бірқалыпты үдемелі қозғалысын жасайтын дененің жүрген жолы үшін мына формуладан шығатын арабаша қозғалысының үдеуін есептеңіз.

 

 

 Кестенің бесінші бағаншасына үдеудің мәндерін жазыңыз.

 

 4. Күштің шамасы мен дененің алатын үдеуімен тәуелдігін құрыңыз. Қандай қисық түрін алдыңыз? Егер күш нөлге тең болса, дене үдеуі неге тең? Бұл нүктені диаграммада белгілеңіз. ____________________________

Үдеудің күшке тәуелділік графигін тұрғызыңыз

 5. Тәуелдік графигінен алынған k еңіс коэффициентің табыңыз. k коэффициентіне кері мағынаны есептеңіз, осы санды өзінің бүкіл керек-жарақтарымен арбашаның массасымен салыстырыңыз (50 г тіреуіш болтпен арбаша, 10 г кішкене жалау, 50 г жүк, жалпы массасы – 0,11 кг).

 

 6. График градиенті нені көрсететінін түсіндіріңіз

 

 

 

 

 Дененің алған үдеуінің күшке тәуелдігі туралы қорытынды жасаңыз.

6. Ньютонның екінші заңымен қолданыңыздар. Осы формуладан

дене массасын есептеңіз. Алынған мәліметтермен кестенің соңғы бағаншасын толтырыңыз.

110 г арбашаның жалпы массасымен алынған мәндерді салыстырыңыз.

7. Зертханалық жұмыстағы орын алған кемшіліктерді көрсетіңіз

8. Зертханалық жұмысты жақсарту жолдарын көрсетіңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу