Күш. Күштердің қосындысы. Ньютон заңдары. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Жұптық жұмыс.

Тапсырма:

Біз кинематикадан келесі механикалық қозғалыс түрлерін білеміз:

  • Түзусызықты бірқалыпты
  • Түзусызықты теңайнымалы

Динамиканың үш негізгі заңы бар – Ньютон заңдары. Олар денелердің қозғалысын сипаттайды.

Тапсырма: «Динамика» бөлімі қандай үш сұраққа жауап беретіндігін ойланыңыздар?

Жауаптарыңызды төменде келтірілген жауаптармен салыстырыңыздар (өзін-өзі бағалау):

1. Неге денелер қозғалады? (Ньютонның үшінші заңы)

2. Неге денелер тыныштықта болады немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалады? (Ньютонның бірінші заңы)

3. Неге денелер үдемелі қозғалады? (Ньютонның екінші заңы)

Ньютонның бірінші заңы.

Материалды қарау және талдау. Анимация (4 бет)

Ньютонның І заңының тұжырымдалуын жазыңыз.

Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл — инерция заңы. И. Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.

Тапсырма: Ньтонның заңдарына шектеулер бар ма? Егер болса, оны тұжырымдаңыздар.

Осы сұраққа жауапты келесі анимацияны көргеннен кейін аласыздар. Анимация (3 бет 0:31- соңына дейін)

Инерциалды санақ жүйесінің анықтамасын беру:

Инерциалды санақ жүйелері (ИСЖ) - дене тыныштықты немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс болатын санақ жүйелері. Бұл жүйенің бар болуы жөніндегі тұжырымды Ньютонның І заңы түрінде белгілі.

Түсіндіру суреті.

I Тапсырма: сурет бойынша Ньютонның бірінші заңының математикалық (векторлық және скаляр түрде) түсіндірілуін жазыңдар.

(Жазу және түсіндірілу тақтада жасалады)

Ньютонның екінші заңы.

Бейнематериалды көру (1:35-1:57)

Ньютонның екінші заңының анықтамасын жазыңыз.

Инерциалды жүйелерде материалдық нүктенің алатын үдеуі, оны тудыратын күшке тура пропорционал, бағыты бойынша бағыттас және материалдық нүктенің массасына кері пропорционал

Түсіндіру суретін саламыз

I Тапсырма: сурет бойынша Ньютонның екінші заңының математикалық (векторлық және скаляр түрде) түсіндірілуін жазыңдар.

(Жазу және түсіндірілу тақтада жасалады)

Ньютонның үшінші заңы.

Бейнематериалды (2:00 минуттан бастап 2:35 минутқа дейін ) жалғастырып көру

Ньютонның үшінші заңын жазу

Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы

Түсіндіру суреті

Оқытылған материал бойынша қорытындыны тақтада келтіру.

-

-

-

Біздің қорытындымызды бейнематериалдағы қорытындымен салыстырамыз (2:35-3:05)

Салыстыру

Рефлексия: Бір нүктеге түскен, модульдері бірдей үш күштің теңәсерлі күші нөлге тең болуы мүмкін бе? Жауаптарыңды негіздеңдер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу