Есеп шығару: Ньютон заңдары. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.


Қалыптастырушы бағалау

Бөлім Динамика: деформация, күштер және Ньютонның қозғалыс заңдары

Оқу мақсаттары

  • 9.2.2.3 - масса ұғымын дене инерттілігінің өлшемі ретінде түсіндіру;
  • 9.2.2.1 - Ньютон заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну;

Бағалау критерийлері

  • Массаны инерттіліктің өлшемі ретінде сипаттай алады;
  • Өзара әрекеттесетін денелердің массаларын олардың жылдамдығының өзгеруіне қарай салыстыра алады;
  • Дененің қандай шарттарда тыныш қалыпта болатынын, қандай шарттарда бірқалыпты қозғалатынын түсіндіре алады;
  • Ньютон заңдарын қолданып есептер шығара алады.

Орындау уақыты: 10 минут

Тапсырма 1

Егер 2 арбаны қосатын жіпті үзіп жіберсек, онда оң жақтағы арба сол жақтағы арбаға қарағанда алыс қашықтыққа барады. Мұны қалай түсіндіруге болады?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма 2

2.Хоккей ойыншысы қабырғаға соғылғанда, оған 2000 Н күш әсер етті. Ойыншының массасы 100 кг.

i.Ойыншының үдеуін анықтаңдар.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ii.Ойыншының үдеуін, ол еркін құлаған кездегі үдеумен салыстырыңдар.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма 3

Суретте екі арба қарама-қарсы келіп абсолют серпімді соғылды. Бір арбаша 6 см/с2, екіншісі 4 см/с2 үдеу алса, олардың массалары бір-бірінен қанша есе ауыр?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тапсырма 4

  • Астероидқа 200 Н күш әсер еткенде ол 0,002 м/с2 үдеуге ие болады. Астероид массасын анықтаңдар.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Есеп нөмірі

Дескриптор

  • Массаны инерттіліктің өлшемі ретінде сипаттай алады;

1

Массаны инерттіліктің өлшемі ретінде сипаттайды

  • Өзара әрекеттесетін денелердің массаларын олардың жылдамдығының өзгеруіне қарай салыстыра алады;

2

Өзара әрекеттесетін денелердің массаларын олардың жылдамдығының өзгеруіне қарай салыстырады

  • Дененің қандай шарттарда тыныш қалыпта болатынын, қандай шарттарда бірқалыпты қозғалатынын түсіндіре алады;

3

Дененің қандай шарттарда тыныш қалыпта болатынын, қандай шарттарда бірқалыпты қозғалатынын біледі

  • Ньютон заңдарын қолданып есептер шығара алады

4

Есептерді Ньютон заңдарын қолданып шығарады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
» "Телефон тұтқасын дереу қойыңыз": ІІМ Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлерін атады
Пікір жазу