Бір заттың хикаясы 1. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 тарау: Адами құндылықтар | Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Мерзімі: | Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т. | |||||||||||
Сынып: 4 С | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бір заттың хикаясы 1 | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.6.1 Шығармашылық идеяларды дамыту барысында түрлі ақпарат көздерінен деректер таңдау. (АҚТ қосқанда). 4.2.3.1Нақтылықты сақтай отырып, белгілі компоненттер мен материалдарды қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы:
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылардың қолынан келеді:
- өз сандығымды безендіру үшін мен … қолдандым | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | |||||||||||
Бастапқы білім | Ер адам және әйел адамның киімдерін құрайтын қазақ халқының ұлттық киімдері туралы білімі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | 1. Амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру. Сабақтың мақсатын айту:
| |||||||||||
Сабақтың ортасы 36 минут | 2. Балалар, үстелдің үстінде тұрған фотоларға қараңыздар. (4 минут) (Дизайны әр түрлі сандықтардың суреттерін әр парта үстіне дайындап қою. Оларды презентация күйінде белсенді тақтада да көрсетуге де болады.) - суреттерде не бейнеленген? - берілген зат үйде не үшін қажет деп санайсыздар? - сандықта не сақталуы мүмкін? - неліктен адамдар белгілі бір затты/ бұйымдарды сақтап, мұра ретінде қалдырады? Кері байланыс. Берілген зат қазіргі кезде сұранысқа ие деп санайсыздар ма? Неліктен? (Мүмкін жауаптары: жоқ сұранысы жоқ, өйткені қазіргі кезде заттар мен бұйымдарды шкфтарда сақтауға болады. Ия, қазақ халқында сұранысқа ие, өйткені біздің заманда да сандық қазақ халқының дәстүрлі жиһазының бірі болып саналады және оны мұра ретінде қалдырып отырады.) (1 минут) 3. Балалар, қазір сандықты жасау туралы видеоны қараймыз. (4 минут) - сандық қандай материалдардан жасалады? - сандықты өз қолымыздан жасауға болады ма? - оны қалай қолдануға болады? Кері байланыс. Сандықты жасайтын адам нені білуі керек және нені жасай алуы қажет? (1 минут) 4. Қазақ өрнектерінің түрлері көрсетілген презентацияны қарау. Егер де сіздер сандықтарды мұқият қарап шықсаңыздар, олардың әр қайсысы ерекше көрінетіндігін байқаған боларсыздар. Өйткені оларға өрнектелген. Қазақ халқының сандықтары түрлі ою- өрнектермен безендірілген. Бұл оюлар металдан өрнектелген, былғарымен безендірілген, ағаштан қашалған, сүйектен салынған, кейбірі тек бояумен өрнектелген болуы мүмкін. Ал енді зооморфты өрнек түріне жататындығын анықтайық, яғни, жануарлар әлемінен алынған мотивтері. Қайсысы космогениялық, яғни, аспан әлемі, аспан денелерімен байланысты. Өсімдік тектес өрнектерге өсімдік әлемі жатады. Және геометриялық өрнектер, олар бұрыштары бар өрнектер жатады (оқушылар өрнектерді түрлерге бөледі) балалар өз сандықтарыңызды қандай өрнектермен безендіруші едіңіздер? (Мүмкін жауаптары: Кез- келген. Зооморфты және өсімдік тектес, өйткені олар тегіс сызықтардан құралған және т/б. Ал мен геометриялық, өйткені оларды салу жеңіл ) (4 минут) 5. Практикалық жұмыс. Өз сандықтарыңыздың нобайын салыңыздар. Оны өрнектермен безендіріңіздер. Сандықтың қай бөлігін безендіретініңіз туралы ойланыңыздар. Суреттеріңізді бояңыздар. (музыкалық фон ретінде аспапты ән- домбыраның әуенін қосып қоюға болады) (Жекеше жұмыс түрі) (19 минут) Дескрипторлар: - сандықтың пішінін салды; - суретінде сандықтың барлық бөліктерін көрсетті: қақпағы, кілттің орнын, сандықтың қабырғаларын, сабын. - өрнектермен безендірді; - өрнектерді бейнелеу кезінде симметрияны сақтады; -сандықты ұқыпты бояды. Саралау. Кейбір оқушылар өрнектерді композиция заңдылығы бойынша орналастырды: симметрия, қосалқы бөлшектің негізгі бөлшекке бағынуы, түстік шешім, пішінге көңіл бөлу және т/б. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж. Өзара бағалау. (2 минут) Жоғарыда берілген дескрипторлар бойынша бір жұп келесі жұпты бағалайды. Кері байланыс. Жұмысты орындау кезінде қандай қиыншылық туындады? (1 минут) | Тарату материалы. Сандықтың суреттері бар түрлі фотолар. Сандықты жасау туралы видео https://www.youtube.com/watch?v=SCfZ1RczPvg&spfreload=10 Ою- өрнектердің суреттері бар тарату материалы Альбом, жай қарындаш, өшіргіш, фломастерлер немесе түрлі түсті қарындаштар. Домбыра – әдемі ән (қазақша) Қазақ домбырасы – Дәстүрлі қазақ музыкасы. АКТ - дескрипторлар | ||||||||||
Конец урока 2 минут | 6. Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылар өзінің немесе басқа оқушының екі жақсы жағын анықтайды. Содан кейін олар сыныптастарының жұмысын жақсарту жолын айтып өтеді. 6. Жұмыс орындарын жинастыру. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Саралау. Кейбір оқушылар өрнектерді композиция заңдылығы бойынша орналастырды: симметрия, қосалқы бөлшектің негізгі бөлшекке бағынуы, түстік шешім, пішінге көңіл бөлу және т/б. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж. | Өзара бағалау | Денсаулықты сақтау технологиялары. Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтың шығармашылық бөлігі 2: Видеороликтің талдауы Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: сабақ жақсы өтті 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сандықтың қабырғаларын безендіру кезінде симметрияны сақтауын қадағалау. | ||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру