Бір заттың хикаясы 2. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 тарау: Адами құндылықтар

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4 С

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бір заттың хикаясы 2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.3

Бұйымның сыртқы түрін жақсарту және күрделендіріп, жетілдіру үшін өңдеудің тәсілдерін және жабдықтарын пайдалану

 Сабақ мақсаттары

  • Ашық үлгі бойынша сандықты жасау;
  • Сандықты түрлі әдістер арқылы безендіру;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сандықты жасады және безендірді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін төмендегі терминдерді қоолдану: сандықтың нобайы, ашық үлгі (развертка), бүгу сызығы, безендіру, симметрия.
  • Берілген сөйлемдерді қолдана отырып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: сандықты безендіру үшін мен ... қолдандым.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

Бастапқы білім

Қазақ ою- өрнектерін және сандықтағы орналасуын білуі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру

Сабақтың мақсатын айту:

  • Ашық үлгі бойынша сандықты жасау;
  • Сандықты түрлі әдістер арқылы безендіру;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақтың ортасы

35 минут

2. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өткенде жасалған жұмыстарын талқылау (2 минут)

Балалар, өткен сабақта сіздер сандықтың нобайын жасадыңыздар. Қазір жұп болып сол жұмыстарыңызды талқылайық. Орындалған суреттердің бір жақсы жағын атап өтеміз және ұсынысты айтамыз.

Кері байланыс. Қалай ойлайсыздар, сандықты біз не үшін оюлармен безендірдік? (Мүмкін жауаптары: әдемі және қызықты болуы үшін, т/б. (1 минут)

3. Бүгін әрқайсысыңыз сандық жасайтын адам- қолөнерші боласыздар. Бірақта жасау үшін басқа материал түрлерін қолданасыздар. Сандықтың негізі ретінде түсті қатты қағазды аласыздар. Әшекей ретінде сіздер түрлі ұсақ безендіру заттарын қолданасыздар: таспалар, пайеткалар, фольга қағазының ұсақ бөлшектерін және т/б.

Бірақ жұмысты бастамас бұрын қайшы, ыстық желім сияқты құралдарды пайдалану жайлы қауіпсіздік ережесін еске түсіріп аламыз.

  • Құралдармен жұмыс істеу кезінде алаңдамау, бір- бірімен сөйлеспеу, бір- бірін итермеу;
  • Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;
  • Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;
  • Еріген желім өте ыстық болғандықтан 5 минуттан кейін ғана ұстау керек;
  • Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;
  • Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;
  • Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.
  • Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;
  • Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет;
  • Қайшының жүзін жоғары қаратып ұстамау керек;
  • Жүріп бара жатқанда қайшымен қимау керек;
  • Қайшыны ашық күйінде қалдырмау керек;
  • Жабық қайшыны жүзіне қаратып беру керек.

4. Практикалық жұмыс.

Сандықты жасау және безендіру. (әдіс- репродуктивті, ізденіс жұмысы; тәсіл- алған білімдерін практикада қолдану; жұмыс түрі- жекеше) (29 минут)

Жұмысты орындау алгоритмі:

  • Түсті қатты қағазда үлгіні басып шығыңдар;
  • Сызық бойынша қиып шығыңдар;
  • Сызғыш пен қайшының көмегі арқылы бүгу сызықтарымен сандықтың бөлшектерін бүгіп шығыңдар;
  • Құрылымдарын бүктеңдер;
  • Өрнектердің орналасқан жерлерін белгілеп шығыңдар және салыңдар;
  • Өрнектерді стразылармен, таспалармен және т/б безендіріңдер;
  • Сандықтың бөлшектерін бүгу сызықтары арқылы біріктіріп, ыстық желіммен жабысырыңдар (қарындаш- желіммен де жабыстыруға болады)

Өзара бағалау. Мұғалімнің бақылауы

Дескрипторлар:

- Сандықтың қақпағын және қабырғаларын безендірді;

- Сандықтың безендіруінде симметрияны сақтады;

- Құрылымдарын ұқыпты жинады.

Дифференциация. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж. Қалған оқушылар өздерінің шығармашылық ойлары мен күштеріне қарай өз жұмыстарына ерекшлік еңгізеді, сонымен қатар жаңашылдық танытады.

5. Өзара бағалау. (2 минут) Жоғарыда аталған дескрипторлар арқылы бір жұп келесі жұпты бағалайды.

Кері байланыс. Қандай материалдар мен біріктіру үшін әдістерді қолдандыңдар (1 минут)

Сандықтың нобайлары бар альбом

Түрлі түсті қатты қағаз, жай қарындаш, сызғыш, таспа, пайеткалар, қайшы, фольга, ыстық желім.

Тарату материалы

АКТ немесе дескрипторларымен тарату материалы

Сабақ соңы

3 минут

6. Рефлексия:

- Қолдарыңнан не келді?

- Нені әлі жетілдіру қажет?

7. Жұмыс орындарын жинастыру.

Ү/т. Сандықты сабақта безендіруді аяқтамаса, үйде аяқтап, келесі сабаққа алып келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж. Қалған оқушылар өздерінің шығармашылық ойлары мен күштеріне қарай өз жұмыстарына ерекшлік еңгізеді, сонымен қатар жаңашылдық танытады.

Өзара бағалау.

Мұғалімнің бақылауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты іске асырылатындай болды.

ОМ барлық оқушылар жетті.

Сабақта саралау дұрыс ұйымдастырылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Ауытқулар болды: Практикалық жұмысқа көбірек уақыт болуы үшін, сандықтың нобайын талқылауға арналған уақытты қысқарту керек. Егер де оқушылар сандықтарын безендіруді үлгермей жатса, үйлерінде аяқтап, келесі сбаққа әкелу.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың шығармашылық бөлігі

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың басында нобайды талқылауға арналған уақытты қысқарту.

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу