Спортшылар. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

 

Сабақ тақырыбы: Спортшылар

Оқу мақсаты: 3.1.2.1 Отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру

 

 Сабаққа арналған теориялық материал

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

Белгілі күресші және цирк әртісіт. Кәсіпқой балуандар арасында классикалық күрестен ( 1908, 1909, 1911, 1913 және 1914жылдары) өткен әлем чемпионаттарының бірнеше жеңімпазы. Француз күресі бойынша әлем чемпионы титулын алған тұңғыш қазақ;иона классикалық күрестен ауыр салмақтылар арасында өткен әлемдік, ресейлік, аймақтық, кейінен жалпы одақтық чемпионаттарында бірнеше рет жеңімпаз атанған. Әртүрлі дәрежелі елу шақты медальдардың иегері.

Марат Жыланбаев

Қазақстанның атақты адамдарының бірі Екібастұз қаласының тұмасы марафоншы Марат Жыланбаев. Ол (адамзат тарихында алғашқы болып!) солтүстіктен оңтүстікке қарай Сахара шөлін жүгіріп өтіп, “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген.

Қазіргі кезеңде ол өзін жас марафоншыларды жаттықтыруға және жанұясына (үш қыз және ұлына) арнаған.

Геннадий Геннадьевич Головкин

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта өнер көрсетеді. Головкин күшті және техникалық панчер ретінде танымал. 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызға дейінгі 9 жыл бойы 23нокаутпен жеңіске жеткен. Қазіргі таңда ол орта салмақтылар-17 арасында әлем чемпионы титулын қорғаудан 2 орын алып жатыр (осы көрсеткіштен Бернард Хопкинске қана жол берген−20).

Қазақстан Республикасың халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Геннадий Головкиннің WBC Конвенциясы бойынша марапаттары: — «Ең басым боксшы ретінде». — «Жылдың ең жақсы оқиғасы үшін». Ол орта салмақтағы әлем чемпиондар арасында нокаутпен аяқтаудан ең жоғары көрсеткішке әлемдік рекордтының иегері ретінде Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты берілген.

Евгений Набоков

Кәсіпқой хоккеист –қақпа қорғаушы Евгений Набоков. Бұл спортсмен 11 кездесуде жеңіске жетіп, ҰХЛ рекордын орнатты және қатарынан өткен 3 маусымда 40-тан астам жеңіске жеткен екінші қақпашы болды. 2008 жылы Әлем Кубогының үздік қақпашысы атағына ие болды. Қазір Солтүстік Америкада тұрады

Илья Александрович Ильин

Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңірген спорт шебері. үш түрлі салмақтағы төрт дүркін әлем чемпионы (2005 ж. - 85 кг дейін, 2006 және 2011 ж. - 94 кг дейін, 2014 ж. - 105 кг дейін), жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы (2005 ж. - 85 кг дейін, 2006 ж. - 94 кг дейін), 94 келі салмақта Азия ойындарының екі рет чемпион атанған (2006 және 2010 жж.). Екі салмақ дәрежесінде төрт әлемдік рекордтың иегері (-94 кг; − 105 кг). Әлемдегі ең үздік ауыр атлет деп төрт рет танылды (2005, 2006, 2014, 2015). Жақсы көрсеткәштерге жеткені үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Денис Юрьевич Тен

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңірген спорт шебері. 2014 жылда өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2013 жылы өткен мәнерлеп сырғанау бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері, 2015 жылы Төрт континенті чемпионатының чемпионы, VII қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқорлығындағы түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы.

Сабақ беру бойынша нұсқаулық

Балалардың сабақтың тақырыбын табуға қызығушылығын тудыратын спорт туралы балаларға арналған әуенді немесе қысқа өлеңді тыңдаудан сабақты бастаңыз.

Өнер туындысымен танысуға және талдауға бағытталған оқу мақсатына негізделе отырып, сабақтың алғашқы кезеңінде қазақстандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқан спортшылар туралы шағын әңгіме жүргізу қажет.

Әңгіме басында оқушыларға қай спорт түрі және неліктен ұнайтындығын сұрап, белсендігін арттырыңыз. Оқушылар Қазақстан спорт жетістіктері туралы ақпараттан хабардар шығар.

Содан кейін спортшылардың портреттері мен олардың жетістіктері жайлы қысқаша ақпараты бар таныстырылым көрсетіңіз.

Таныстырылымды көрсету барысында барлық слайдтарға өзіңіз түсініктеме бермеңіз, оқушыларға білген ақпаратты айтуға немесе сұрақтарыңызға жауап беруіне мүмкіндік беріңіз.

Сабақтың осы кезеңіне бөлінген уақыттын бақылаңыз. Сіз спортшыларды өзіңіз таңдай аласыз, ұсынылған спортшылардың бірі сіздің аймағыңыздың тумасы, өскен немесе өмір сүрген шығар, сондықтан мұндай фактілерді атап өту қажет.

Келесі №2 тапсырма суретшілердің туындыларын талдауға бағытталған. Сыныпты топтарға біріктіріп, мысалы, 4-5 топқа, репродукциялардың түрлі-түсті көшірмелерін таратып, тапсырманы түсіндіріңіз. Сұрақтарға жауап беру, ол туындыға талдау болатындығын оқушыларға айту маңызды.

Сабақтың қысқа мерзімдік жоспарында жеке орындалатын практикалық тапсырма берілген. Сондай-ақ, қысқа мерзімдік жоспарда адам басы эскизінің орындалу кезеңдігін ұстану ұсынылған. Егер №2 тапсырманы орындау кейінге қалдырылса немесе сабақтың соңына аз уақыт қалса, онда сіз практикалық тапсырманы орындамасаңыз болады, себебі оқу мақсаты тәжірибеге емес, зерттеуге арналған.

Саралау бойынша ұсыныс

№2 тапсырмадағы саралау - бұл дидактикалық материал түрінде берілген мұғалімге қолдау.

Практикалық жұмыстағы саралау: оқушыларды басым бөлігі спортшы басының эскизін, яғни, кеудеге дейінгі портретін орындайды. Сыныпта оқушылардың бір бөлігі белге дейінгі портретті орындай алатыны анықталады. Ал бірнеше оқушылар спортшының толық бойын, яғни, қозғалыстағы адам фигурасын орындалуын қалайды.

Қалыптастырушы бағалау бойынша ұсыныс

№1 тапсырмада мұғалім формативті бағалауды мадақтау түрінде өткізеді: әңгімеге белсенді қатысқан және слайдтарда кездеспеген спортшылар туралы ақпарат берген оқушыларды белгілеңіз.

№2 тапсырмада оқушылар туындылардың талдауын дескрипторлар көмегімен бағалайды:

Оқушылар:

• Суретте бейнеленген спорт түрін анықтады;

• Композиция пландарын анықтады (әр планда не немесе кім бейнеленген);

• Олар композиция туралы айтады (композициялық орталық пен тепе-теңдікті анықтады);

• Суретте көрсетілген көңіл-күйді анықтады.

Өзара бағалау түріндегі қалыптастырушы бағалау

Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардан сұраңыз

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісін қолданып, ауызша түсініктеме беру арқылы спортшылардың эскиздерін жұпта бағалаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу