Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы). Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 Бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы)

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Кейіпкерлердің бейнесі

Кейіпкерлердің бейнесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1

Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету

Сабақ мақсаттары

  • Әртүрлі ертегідегі кейіпкердің образдарымен танысу , оған тән қасиеттерді анықтау;
  • Ертегі ке»пкерінің образын көрсету үшін шығармашылық идеялар жасау;
  • Силуэттік сурет техникасында ертегі кейіпкерінің суретін салу (кейіпкер образын жасау).

Бағалау критерийлері

  • Әртүрлі ертегі кейіпкерінің образын берілген материалдар бойынша зерделейді;
  • Ертегі кейіпкеріне тән қасиеттерді дұрыс анықтайды;
  • Ертегі кейіпкерін бейнелеу үшін шығармашылық идеялар ұсынады;
  • Силуэттік техниканы қолданып ертегі кейіпкерінің суретің орындайды.

Тілдік мақсаттар

  • Ертегі кейіпкерінің образын суреттейді;
  • Ертегі кейіпкерлерінің образдарын салыстырады, олар туралы өз ойын айтады.

Диалог құруға арналған сұрақтар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Суретте қандай кейіпке бейнеленген?
  • Суретші кейіпкердің образын көрсету үшін қандай көркем құралдарды пайдаланған?
  • Жағымды кейіпкерлерді қалай бейнелеуге болады?
  • Жағымсыз кейіпкерлер образын көрсету үшін қандай түстік шешімдерді қолдануға болады?
  • Неліктен екенін айта аласың ба?

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық

байланыстар

Әдебиет

АКТ қолдану

дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сыныпта оқушыларға таныс ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойыныз (әдебиет пәнінде қарастырған ертегілерді қолдануға болады). Оқушыларға сол суреттерге назар аударуын сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:

  • Суреттерде не бейнеленген?
  • Ертегідегі кейіпкерлер сіздерге таныспа?
  • Олар қандай кейіпкерлер? Жағымды кейіпкер ме, әлде жағымсыз кейіпкер ме? Неге олай ойлайсыздар?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Алдар Косе. БАЙ МЕН ТӘУІП.

https://www.youtube.com/watch?v=q6VHglC9b50

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

22 минут

Тапсырма №1

Ертегі кейіпкерін тап (топтық жұмыс)

Оқушыларды топқа бөліңіз. Әртүрлі суретші иллюстраторлар салған ертегі мен мульфильм кейіпкерлерінің силуэтерің көрсетіңіз. Силуэттік суретте бейнеленген кейіпкерлерді табуды ұсыныңыз (4-5 кейіпкердің силуэттік бейнесін ұсыныңыз).

Сұрақ:

  • Бұл қай ертегінің кейіпкері?
  • Оны қалай анықтадындар?
  • Ол қандай кейіпкер? Жағымды кейіпкер ме әлде жағымсыз кейіпкер ме ?
  • Ертегі кейіпкерлері қалай бейнеленген?

Оқушылар бейнеленген кеіпкерлерді анықтайды, олардың образдарын талдайды. Оқушылардың назарын силуэттік суреттерге аударыңыз. Силуэт ұғымымыен оқушыларды таныстырыңыз.

Силуэт (фр. sіlhouette) - адам не заттың өз көлеңкесіне ұқсас етіп, бір түспен жазықтыққа салынған бейне. Ол француз суретшісі Э. де Силуэттің атына байланысты шыққан. Силуэт ежелгі Қытай мен Шығыс елдерінде, 18 ғасырдан Еуропада бой көрсетті. Силуэт көбіне тушьпен, ағартқышпен салынады немесе қағаздан, металдан ойылады.

Тапсырма №2

Ертегідегі кейіпкерлердәі талдау

Әртүрлі ертегіден үзінді оқыңыз немесе аудио/бейне ролик қойыныз (мысалы Ұсқынсыз балапан, Алдар көсе, Ер-Төстік және т.б.). Ертегіні тындап болғаннан кейін сұрақтар қойыңыз:

-Ертегі қалай аталады?

-Сіз қандай кейіпкерлермен таныстыңыз?

-Қай кейіпкер жағымды, ал қай кейпкер жағымсыз болып табылады? Неліктен?

-Жағымды кейіпкерді силужттік техникада қалай бейнелеуге болады?

-Жағымсыз кейіпекрді ше?

Тапсырма №3

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға ертегі кейіпкерін силуэттік сурет арқылы салуды ұсыныңыз. Оқушыларды силуэттік суретті орындау тәсілдерімен таныстырыңыз, мысалы, силуэт ақ фонда қара (қаранғылау) түспен орындалады, Ал жағымды кейіпкерлердің силуэттік суреттерің қараңғы фонда ашық немесе ақ түспен орындауға болады.

Оқушыларды дұрыс бағытта жұмыс жасауы үшін келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

  • Қандай кейіпкердің суретін саласыз?
  • Өз жұмысыңды неден бастайсың?
  • Өз жұмысыңда қандай түстерді қолданасың?

Практикалық жұмыс алдында барлық материалдар мен құрал – жабдықтарды анықтап, жұмыс орнын дайындау қажет.

Толағай.

https://www.youtube.com/watch?v=FLa-04OfeeY

Қазақша ертегілер жинағы

https://www.zharar.com/kz/ertegi/

Атақты кейіпкерлердің силуэтті суреті:

https://fishki.net/2399450-vspomnite-izvestnyh-personazhej-tolyko-po-silujetam.html

Адам тұлғасының силуэттік суреті:

https://www.youtube.com/watch?v=duPLJO6PKtg

А5 форматтағы түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, графитті қарандаш.

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Жұмыстарды төмендегідей дескрипторлармен бағалауға болады:

  • Силуэттік сурет сойынша кейіпкерді анықтауға болады;
  • Силуэттік сурет арқылы кейіпкердің образы (мінезі, қимыл-қозғалысы) толық көрсетілген;
  • Жұмысты ұқыпты орындаған;

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Үй тапсырмасы:

Келесі сабаққа қажетті материалдарды дайындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. onlinecasino
    onlinecasino 31.01.2026 09:50
    0 + 0 -
    Own goals, unfortunate deflections and their impact documented