Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы). Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Кейіпкерлердің бейнесі» тақырыбына арналған сабақта 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін екі мәселеге аса көңіл аудару қажет. Біріншісі, әртүрлі шығармашылық идеялар мен сезімдерді көркем құралдар арқылы бейнелеу тәсілдеріне. Осы сабақ аясында оқушылар белгілі бір ертегі кейіпкерінің образымен (мысалы «Ұсқынсыз балапан») танысады, оны зерделейді және талдайды. Ертегі мен тандап алған ертегі кейіпкерін өздерініз таңдауларынызға болады, қысқамерзімді жоспарда берілген ертегі мен кейіпкер міндетті емес. Екінші мәселе ол оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамыту (мысалы, силлуэттік сурет арқылы ертегі кейіпкерін бейнелеу).

 Қажетті материалдар

 А5 форматтағы түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, графитті қарандаш.

 Сабақ барысы

 Сыныпта оқушыларға таныс ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойыныз. Оқушыларға сол суреттке назар аударуын сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында сұрақтар қойыныз.

 Сабақ басында оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлері бар қазақтың ертегісін дайындап қойыңыз. (Алдар Косе. ҚАЗАҚША ЕРТЕГІЛЕР https://www.youtube.com/watch?v=ldWteo0rkwg немесе Толағай. https://www.youtube.com/watch?v=FLa-04OfeeY)

 Ертегі кейіпкерлерінің силуэттік суреттерін дайындап қойыныз. Әртүрлі суретші иллюстраторлар салған ертегі мен мульфильм кейіпкерлерінің силуэтерің көрсетіңіз. Силуэттік суретте бейнеленген кейіпкерлерді табуды ұсыныңыз (4-5 кейіпкердің силуэттік бейнесін ұсыныңыз).

 Сұрақ:

 Бұл қай ертегінің кейіпкері?

 Оны қалай анықтадындар?

 Ол қандай кейіпкер? Жағымды кейіпкер ме әлде жағымсыз кейіпкер ме ?

 Ертегі кейіпкерлері қалай бейнеленген?

 Оқушылар бейнеленген кеіпкерлерді анықтайды, олардың образдарын талдайды. Оқушылардың назарын силуэттік суреттерге аударыңыз. Силуэт ұғымымыен оқушыларды таныстырыңыз.

 Силуэт (фр. sіlhouette) - адам не заттың өз көлеңкесіне ұқсас етіп, бір түспен жазықтыққа салынған бейне. Ол француз суретшісі Э. де Силуэттің атына байланысты шыққан. Силуэт ежелгі Қытай мен Шығыс елдерінде, 18 ғасырдан Еуропада бой көрсетті. Силуэт көбіне тушьпен, ағартқышпен салынады немесе қағаздан, металдан ойылады.

 Шығармашылық жұмысты орындау барысында силуэттік сурет элементтерің (түс, пішін, қозғалыс және т.б.) қолданып, ертегі кейіпкерінің мінезі мен образын көрсету басты тапсырма болып табылады. Сурет салу қабілеті нашарлау оқушыларға дидактикалық материалдардағы дайын үлгілерді беріңіз. Ол олардың жұмысты орындауға жұмсайтың уақытың үнемдейді.

 Практикалық жұмыс алдында барлық материалдар мен құрал – жабдықтарды анықтап, жұмыс орнын дайындау қажет.

 Жұмыс орны, құрал-жабдықтар мен қажетті материалдарды дайындаған соң, оқушылар жұмысқа кіріседі.

 Оқушыларды дұрыс бағытта жұмыс жасауы үшін келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

 Қандай кейіпкердің суретін саласыз?

 Өз жұмысыңды неден бастайсың?

 Өз жұмысыңда қандай түстерді қолданасың?

 Оқушылар тәжірибелік тапсырмаға кіріспес бұрын силуэттік суретті орындаудың бірнеше идеяларын ойластыруды ұсыныңыз. Кейіпкердің бейнесінің силуэтің орындауда дифференцияциялық тәсілді қолданыңыз. Анағұрлым сурет салуға қабілетті оқушылар сызықты суретті өздері-ақ сала алады. Қалған балаларға дайын үлгі суреті бар дайын шаблондарды берсеңіз болады. Әйтпегенде суретті салуға көп уақыт кетеді. Силуэттік суретті салу техникасы мен материалдарды оқушылар өздері таңдауы мүмкін. Бірақ сыныптың бір материалмен жұмыс істегені жақсы. Бұл оқушылардың тапсырманы берілген уақытта орындауға септеседі.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу