Компьютердің ішкі жадысы. Информатика, 7 сынып, сабақ жоспары.
«Бекітемін» ____________
Пән : Информатика 7 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 7.1A-тарау: Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жады | Мектеп: Орал қ. НЗМ | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Алдиярова А.А | ||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Компьютердің ішкі жадысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты игеру (жаңа сабақ) | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | компьютер жадысы түрлерінің тағайындалуын сипаттау (ЖЕСҚ, ТЕСҚ, СЕСҚ, кеш-жады) | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Компьютердің ішкі жадысын сипаттай алу | ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері (БК) | • ішкі жады түрлерін біледі •ішкі жадының мақсатын біледі •ішкі жадының негізгі сипаттауларын біледі және атай алады. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар айта алады: Жадының маңызын және оны сипаттай алады. Пәнге тән лексика және терминология: ЖЕСҚ, ТЕСҚ, СЕСҚ, кеш-жады, көлемі. Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: … олар, бірақ… Екеуі де… жатады … ішкі жадыға жатады. | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
| Академиялық шындық - жазбаша тасырманы орындау барысында. Бірін – бірі сыйлау – талқылау, жұмыс орындау барысында. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика – жадыны сипаттау барысында. | ||||||||||||||||||||||
Алдын ала білім | Ақпарат тасушылар | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған мұғалім әрекеті | Сабақтағы жоспарланған оқушы әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақ басы 5мин 3 мин 2 мин |
Тапсырма: Оқушыларға проблемасы бар ақпарат беру. Олар бұл ақпаратта проблема бар екенін және оны шешу жолдарын айту керек.. Мақсаты: Жаңа тақырыпқа ауысу үшін. Бағалау: Оқушылардың алдын ала білімдері тексеріледі. Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсатты мен бағалау критерийлерін талқылау. (С) Тапсырма :Оқушыларға ақпарат тасушыларды сұрау және оларды екі топқа бөліп, олардың айырмашылықтарын анықтау. Мақсаты: Білімдерін жаңарту. Бағалау:БК 1 Бағалау дескрипторлары:
| Барлық оқушылар түсіне алады:Бұл мәліметте қате бар екенін Көбі істей алады: «Жады» деген сөзді нақтылау керек екенін түсінеді. Кейбіреулері істей алады: Кейбір жады аттарын айта алады. Оқушылар сабақ тақырыбын жазады. Сабақ мақсаты мен сәттілік критерийлерін талқылайды. Көбі істей алады: Жадының сыртқы түрлерін атай алады. Кейбіреулері істей алады: Кейбір жады аттарын айта алады. | Интерактивті тақта, презетация. Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 7 мин 3 мин 7 мин 10 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларды компьютердің жадысымен және түрлерімен таныстыру. Оқушыларға жады түрлері сипатталған кестені үлестіру. (С)Тапсырма :Оқушылар жадының сыртқы түрін керекті сипаттама жазылған ұяшыққа жылжытып қояды. Оқушыларды кеш жадымен таныстыру. Оқушылардан жадының функцияларын және мақсатын сұрау және жауабын көрсету. Қалыптастырушы бағалау. Мақсаты: Білімдерін бағалау үшін. Тапсырма :Оқушыларға ішкі жады туралы тапсырма беру. Бағалау: БК 2, БК 3.
Компьютер жадысының көлемін анықтау алгоритімін көрсету. (С) Проблемалық тапсырмаға оралу. Оқушылардан проблемалық тапсырма мазмұнында «Жады» деген сөзді нақтылауды сұрау (нақты аттарын атау). | Дәптерлеріне негізгі ақпаратты жазады. Ауызша айтады Талқылайды. Дәптерге негізгі ақпаратты жазады. Жазбаша орындайды (10 мин). Тыңдайды. Барлық оқушылар: ЖЕСҚ таба алады. Көбі: ТЕСҚ. Кейбіреулері: қатқыл дискті. | Интерактивті тақта, презетация. Жазбаша тапсырма. | ||||||||||||||||||||
Сабақ соңы | Үй тапсырмасын беру. Үй компьютерінің жады көлемін анықтау. Рефлексия. Мүмкін болған тұста оқушылар өз жұмысын және өз сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады. | Күнделікке жазып алады. Бір қахармады бояйды (бұл оқушының сабақтағы әрекетін көрсетеді). | |||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||
Проблемалық тапсырманы орындау барысында. | Сабақтың әрбір этапында жүзеге асады.
| Қауіпсіздік техникасы. | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен? Егер жетпесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? | |||||||||||||||||||||||
Қосымша 1
Процессор қалай жұмыс істейді?
1. Сіз компьютерді қостыңыз. Компьютер жадыдан ақпарат алып, өзін-өзі тестілей бастады. Компьютер өз-өзін тексереді және оның жұмыс істеуге әзір екенін тексереді.
2. Компьютер жадыдан енгізу-шығарудың базалық жүйесін жүктейді, бұл ағылшынша BIOS атымен әйгілі болған жүйе. Бұл «биоске» ақпарат сақтаушылар туралы ақпарат, жүктеу реті, қауіпсіздік, құрылғыларды автоматты тану және басқа да ақпараттар енеді.
3. Ендігі операциялық жүйенің жүктелу кезегі келеді. Ол компьютер жадысына басқа жадыдан жүктеледі. Сіздер қандай да бір бағдарламаны ашқанда ол да сол жадыға жүктеледі. Бұл жадының көлемі басқа жадыға қарағанда азырақ.
4. Сіз файлдарды сақтап, бағдарламаны жапқанда қандай процесс жүреді? Файлдар жадыға сақталады, ал басқа жадыдан босап шығарылады. Дәлірек айтқанда, бағдарлама да, оған қатысты барлық файлдар бұл жадыдан кетіріледі. Сол себепті басқа ақпаратқа орын босайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру