Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 9 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұсқаулық

Орташа қашықтықта жүгіруді үйрету бойынша ұсыныстар.

Қысқа  қашықтыққа  жүгіру  үшін  бойдағы  барлық  күш-қуатты  аз  уақытта тиімді пайдалану қажет. Жүгірістің бұл түріне тəн нəрсе – аяқтың қуат-ты түрде жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды бос 

күйде ұстап жүгіру.  Жоғары разрядтағы спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіргенде 

сөрелік тірегішті қолданады.  Жарыс кезінде  əр  спортшының  өз  тірегішін  қолдануына  рұқсат етеді, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей жасалады. Артқы тірегіштін бұрышы 80 градусқа дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынадай түрге бөлінеді: 

əдеттегі сөреден шығарда алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1- 1,5 табан, ал артқы тірегішті тізе ұзындығы мөлшерінде орналастырады.  

Сөреден шығар кезде артқы тірегішті алдыңғы тірегішке жақындастыруға болады, 

алдыңғы тірегішті сөре сызығынан алшақ қояюға да болады.  Бұлай істеу сөре жағдайына байланысты болмақ. 

Әдістемелік нұсқаулық

Дене шынықтыру және спорт ойындар.

Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады. 1)                 Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі.

2)                 Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады. Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл — қозғалыс жасауы болып табылады. Қажет деп есептелген қимыл — қозғалысты орындағанда адамның көңіл — күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де сергіп, рахаттанатын болады.Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады. Жаттықтырудың қорытынды бөлімі күш түсірудер кейін спортшының организімін қалпына келтіру процесін тездету үшін өткізіледі. Денені босату жаттығулары, жеңіл жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар қолданылады. Жаттықтыру сабақтары жеке, топтық, фронтальдық, айнымалы жаттығулар түрлеріне өткізіледі. Әрбір жатықтыру сабағын конспекті жазады. Конспектіде жаттықтыру өткізу күні, ұзақтығы, міндеттері, құрал — жабдықтар, жаттығуларды орындау саны әдістемелік нұсқаулар көрсетіледі. Жаттықтыру процесі барысында қолданылған әдістер мен бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болу үшін спортшының жаттықтыруы мен жарыс жүктемелерін, амалдарды тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Артық жаттығу түрлері күш түсіруге көп болмайды. Спорттың негізгі әлеуметтік қызметі дене қуаты қасиеттерін, қимыл шеберлігі мен дағдасын жетілдіру арқылы жасөспірімдерді еңбекке дайындау. Спортпен шұғылдану балалардың бойында көпшілік, адалдық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, қайсарлық, мінез — құлықтары қалыптасқан. Жас спортшыларды тәрбиелеуге жатықтырушы ата — аналармен, мектеп ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет. Олардың қойған талаптары бірдей болса ғана жұмыс нәтижелі болмақ.

Сілтеме: https://moluch.ru/archive/67/11486/

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Сабақ тақырыбы: Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері

Оқу мақсаттары:

3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну.

Сабақтың мақсаты:

- Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін біледі және түсінеді.

Бағалау критерийлері:

  • Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін біледі;
  • Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін түсінеді.

Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.

Әдістемелік нұсқаулық

 Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.

Әдістемелік нұсқаулық

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
  • Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

 Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.

Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқ киімдер.

 

2. Сабақтың ортасы.

Әдістемелік нұсқаулық.

  • Ойын ережесін түсіндіру.
  • Ойыншыларды бірнеше командаға бөлу.
  • Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, шынжыр құрайды.
  • Шынжырдың алдында «жүргізуші» тұрады.
  • «Жүргізуші» барлық оқушыларды соңынан ертіп жүгіреді.
  • Жүгіру кезінде ойын алаңында шұғыл бұрылыстар жасау тиіс.
  • Кедергілерден секіріп өтіп, түрлі пішіндерді көрсетеді.
  • Қалып қойған ойыншылар ойыннан шығады.
  • Ойыншылар жылан үзілмеу үшін бір-бірінің қолдарынан немесе белдерінен мықтап ұстайды.
  • Ойыншылар «жүргізушінің» қимыл-қозғалысын қайталау қажет.
  • «Жүргізушіге» тез жүгіруге болмайды.
  • Ойынның нұсқасы: «Жүргізушінің» белгісі бойынша жан-жаққа жүгіріп, қайтадан өз орындарына келіп жиналуға болады.
  • Ойынның шартында оқушылар өту үшін түрлі кедергілері бар бір жолды қоюға болады.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:

https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

«Орындарыңа тез барындар» - ойыны.

Ойынға қатысушылардың барлығы бір немесе екі колоннаға тұрады да, қолдарын алға қарай созып, алдарында тұрғандардың иықтарына қолдарын жеңіл - желпі тигізіп түрады. Ойынды баяндау. Жетекші «Қашындар!» деген бұйрық бергенде, ойынға барлық қатысушылар жан-жаққа бытырай жүгіре жөнеледі. Ал, «Тез орындарыңа!» деген екінші бұйрық берілгенде, бэрі де жанағы тұрғандай тұра қалулары керек. Кім орынға соң келеді, сол жеңілген болып есептеледі. Ал, егерде екі колонна бойынша ойнаса, қай колонна бұрын қалса, сол жеңеді.

«Космонавтар» - ойыны.

Залдың немесе алаңнын бүрыштары мен жан-жақтарына 5-8 үлкен дөңгелек ракета сызылады. Ракеталардың барлық саны ойынға қатысушылардың сандарынан 5-8-ге кем болуы қажет. Ойынға барлық қатысушылар залдың ортасындағы дөңгелекке тұрады. Ойынды баяндау. Ойынға қатысушылар бір-бірінің қолдарынан үстап, мына сөздерді айтады: «Бізді үлкен ракеталар күтуде. Қайсысын қаласақ, сонымен ұшамыз. Ал, кешіккендерге орын жоқ!». Осыдан кейін бэрі де ракетадромға жүгіреді. Онда эркім эр ракетадан орын алады. Орыннан құр қалғандар ойын бастаушыға немесе дөңгелекке келеді. Кешіккендердің бэрі жиналып болғаннан кейін ойынды қайта бастайды. «Орындарына тез барындар» жэне «Космонавтар» ойынының ережелері. 6 1. Ойынды жетекшінің белгісінен кейін бастау керек. 2. Ойыншылар бірінші ойында «Тез орындарына» жэне екінші ойында «Кешіккендерге орын жоқ» деген жетекшінің сөзінен кейін жан-жаққа жүгіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу