Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.
Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
Әдістемелік нұсқаулық
Допты лақтыру әдісін оқыту әдістемелік нұсқаулығы.
Үшінші сынып оқушыларына, кіші допты бір орынан лақтыру, лақтырудағы негізгі тапсырма болып табылады. Бұны сабақтарда орындау үшін, мынандай жекелеген білімді тапсырмаларды шешу керек, мысалы аяқтың жұмысын және дененің қозғалыс сәйкестігін және қолдарды үйрету керек, сонымен қатар лақтырушы, қолды жұлқып, тез сілкілеп лақтыру қозғалысын жетілдіріп аяқтауды білуі керек.
Әдістемелік нұсқаулық
Бір орынан лақтыру.
1.Арқадан ыйықтан асыра лақтыру әдісі. Бастапқы қалып: оң аяқ артта, аяқтың ұшымен, денені лақтыратын жаққа кеудемен бұрылып, оң қол шынтақ тұсында бүгулі, шынтақ төменде, қолдағы доп беттің деңгейінде. Бастапқы қалыптан оң қолды жанына қайырып, денені оңға бұрып оң аяқты тізеден сәл бүгіп, денені оңға еңкейту керек. Содан кейін оң қолды ыйықтың үстімен өткізіп, «садақты тарту» жағдайына көшіп және лақтырудың мәрелік күшін қолдың буындарының айқастыруымен орындау. Мәрелік күштеу кезінде дене мен аяқтар түзетіледі. Лақтырғаннан кейін сол аяқ тізе буынынан бүгіледі, дене алға еңкейеді, сол қол артқа артқа қарай тартылады, ал оң қол емін-еркін алға төиен қозғала береді.
2.«Тіке қолмен төменен» лақтыру тәсілі. Бастапқы қалыпта аяқтар ыйық деңгейін сәл алшақ орналасады, оң аяқ артта, оң қол шынтақтан жартылай бүгіле кеуде алдында. Сілтерде оң қолды артқа төмен шегіне дейін тартады және қолдың жоғары-алға қозғалысы арқылы лақтырылады.
3«Түзеу қолмен жоғарыдан» лақтыру тәсілі. Бастапқы қалыпта аяқтар ыйық деңгейінен сәл алшақ орналасады, оң аяқ артта оң қол дененің бойында (доппен бірге). Сілтерде оң қолды жоғары артқа тартып, сосын алға бағытталып доп қолмен лақтырылады.
4.«Түзеу қолмен жанынан» лақтыру тәсілі. Бастақы қалып аяқтар сәл ғана ыйықтан алшақ, оң аяқ артта оң қол доппен дененің бойы жанында. Сілтерде денені шалқайтып, оң қолды артқа шегіне дейін тарта, дененің салмағын тізеден бүгілген оң аяққа түсіреді. Лақтырғанда оң аяқ түзетіледі, дене солға оңға бұрылады, ол оң қол алға жылжи отыра допты лақтырады.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Оқу мақсаттары:
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну.
Сабақтың мақсаты:
- Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін біледі және түсінеді
Бағалау критерийлері:
- Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін біледі;
- Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін түсінеді.
Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.
Бой сергіту жаттығулары.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керекСпорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.
2. Сабақтың ортасы.
Әдістемелік нұсқаулық.
1. Ойын ережесін түсіндіру.
2. Оқушылар екі командаға бөлініп, шамамен 10 метр қашықтықта алаңңның қарама-қарсы бағытына қатарға тұрады.
3. Бір команда лақтыруды орындамас бұрын, екінші команда артқа қарай жылжиды.
4. Ойыншылардың аяқтарының алдында сызық сызылып, алаңның ортасына волейбол доптары қойылады.
5. Бір команданың ойыншылары кіші (теннис) доптан алады(жеребе тарту бойынша).
6. Мұғалімнің белгісімен кіші допты волейбол доптарына лақтырады.
7. Қарама-қарсы командаға волейбол доптарын жылжытуға тырысады.
8. Екінші команданың ойыншылары лақтырылған доптарды жинап, белгі бойынша олар да волейбол доптарына лақтырып, қарсыластарға жылжытуға тырысады.
9. Командалар белгіленген лақтыру санын кезек орындайды.
10. Қарсы тұрған команданың алдындағы сызықтан добты бірінші болып асырған команда жеңіске жетеді.
11. Ойынның басталар алдында техникалық қауіпсіздік ережелерін өткізіңіз.
12. Егер ойын барысында волейбол добы шетке домалап кетсе, оны алып алаңның аймағына сол тураға қояды.
13. Бұл жағдайда волейбол добына лақтыруды екі жақтан бір уақытта бастайды.
14. Қарсыластың алдындағы сызықтан өткен доп, командаға бір балл әкеледі
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
бәрін жақсы түсіндім.
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Барлығын түсіндім
Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:
http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html
«Монданақ» - ойыны.Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді. Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізушінің мақсаты – осы орамалды ұстап алу. Егерде ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады, сөтіп ойынды жалғастыра береді. Ойнаушылар болса орамалды тізелерінің астынан жүгірте отырып қайткен күнде де ойын басқарушының қолына түсірмеуге, мүмкіндік болса, оны орамалмен бір ұрып қалуға тырысады.
«Соқыртеке» – ойыны.Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру