Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 7 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.
Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.
Әдістемелік нұсқаулық
Секіруге дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.
Қыздырну жаттығуларын сапалы және жан-жақты жүргізу керек. Ол екі бөлікті қамтуы тиіс: жалпы дайындық (баяу жүру, жалпы даму жаттығуларының кешені) және арнайы дайындық (жүгіру және секіру жаттығулары, жеделдету).
Қыздырну жаттығуларын орындау үшін сіз келесі әдістемелік ережелерге сүйенуіңіз керек:
- негізгі бұлшықет топтарына үнемі әсер етеді (созылу, қару-жарақ пен иыққа арналған жаттығулар, аралық және аяқтың бұлшық еті үшін жаттығулар, секіру, дем алу жаттығулары және релаксация жаттығулары);
- жаттығулар олардың сипаты мен қарқындылығы сабақта алдағы негізгі әрекетке сәйкес келуі керек;
- жалпы даму кешені түрлі бағыттағы жаттығуларды қамтуы тиіс.
Арнайы жаттығулар жүгіруге дайындалу үшін жүргізіледі, жаттығушылардың бұлшық еттерін және қозғалыс аппаратарының байламдарын қарқынды жұмыс істеу үшін.
1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері
Сабақ тақырыбы: Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Оқу мақсаттары:
3.1.2.2 Дене дамуы үшін қарастырылған түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін білу және түсіну.
Сабақтың мақсаты:
- Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін біледі және түсінеді.
Бағалау критерийлері:
- Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін біледі;
- Дене жаттығуларын орындағанда дене даму қозғалыстарын орындау керек екендігін түсінеді.
Сабақтың басы.
Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .
1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.
2. Жеңіл жүгіріске көшу .
3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.
4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде
5. Жылдамдыққа жүгіру
6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп, түсіру, демді қалпына келтіру.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Бой сергіту жаттығулары.
Әдістемелік нұсқаулық
Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.Жеңіл атлетика1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.
2. Сабақтың ортасы.
Әдістемелік нұсқаулық.
- Ойын ережесін түсіндіру.
- Ойыншылар екі тең командаға бөлініп, екі ойыншыдан колоннада тұрады.
- Екі команда біріне - бірі параллель 2 м. қашықта орналасады.
- Ойыншылардың барлық жұбы қысқа секіргішті 50-60 см.
- Қашықтықта еденнен жоғары көтеріп ұстайды.
- Әр жұптың арақашықтығы 1 м.
- Жетекшінің белгісі бойынша әр жұп секіргіштерін жерге қойып, бірі колоннаның оң жағымен, екіншісі сол жағымен колоннаның екінші жақ шетіне дейін жүгіріп жетеді.
- Кері қарай колонна бойындағы ойыншылардын секіргіштерінің бәрінен секіріп өтеді.
- Орындарына жеткен соң жердегі секіргіштерін алып 50-60 см.
- Биіктікте көтеріп тартып ұстап тұрады.
- Қайтып келген ойыншылар секіргіштерін көтерген бойда, екінші жұп ойынды осы түрде жалғастырады.
- Қай команда бірінші бітірсе, сол жеңеді.
- Екінші жұп ойынды алдыңғы жұп секіргішін көтерген кезде жалғастырады.
- Ойыншылар колоннаның екі жағынан жүгіреді.
- Секіргіштен екі ойыншы қатар немесе бірінен кейін бірі секіруге болады.
- Секіргішті жерге қоюға болмайды, оларды 50-60 см.
- Биіктікте көтеріп тұруы тиіс.
- Қателескендері үшін айып ұпайлар есептеледі.
Әдістемелік нұсқаулық
1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.6. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.7. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
3.Сабақтың соңы.
Сабақты қорытындылау.
Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;
Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;
Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;
Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Рефлексия:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?
Бәрін жақсы түсіндім.
Енді түсініп келемін
Түсінбедім
Барлығын түсіндім
Қоғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:
http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html
«Қындық сандық» – ойыны.Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.
«Қарагие – ойыны.«Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойынның бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайыңнан жаңылған 2 2, 5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды.Ойын жүргізуші көмбеден 15 20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы жалаушаға көп тигізсе, сол ойыншы ұтқан болып саналады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру