Энергия алмасу кезеңдері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім: Тыныс алу

Мектеп: «НЗМ» ФМБ Қостанай қ.

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Оқыту мақсаты:

Энергия алмасу кезеңдері

энергия алмасу кезеңдерін сипаттау

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді игеру

 Сабақ мақсаты

Барлығы энергетикалық алмасу кезеңдерін біледі және әр бір кезеңде жүретін үдерістерді сипаттай алады;

Көбісі энергия алмасудың әр кезеңінің ерекшеліктерін талдайды;

Кейбіреулері тақырып бойынша логикалық тапсырмаларға жауап бере алады.

Бағалау критерийлері

  • Тірі жасушада энергияның алмасу кезеңдерін біледі.
  • Энергия алмасу кезеңдерінде жүретін үдерістерді сипаттайды.
  • Энергия алмасудың әр кезеңінің ерекшеліктерін талдайды.
  • Гликолиз процесін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

Энергетикалық алмасу, катаболизм, диссимиляция, дайындық кезеңі, оттексіз – анаэробты кезең, оттекті – аэробты кезең, АТФ молекулалары, оттегі, цитоплазма, митохондрия, асқорыту жолы, жылу, гликолиз, су, глюкоза, пируват, НАДН, ФАДН және т.б.

Энергетикалық алмасу кезеңдері: ...

Дайындық кезеңі ... жүреді және энергия ... түрінде түзіледі.

Дайындық кезеңінде макромолекулалар ... дейін ыдырайды және ... сіңіріледі.

Оттксіз кезең ... жүреді, нәтижесінде ... түзіледі.

Оттекті кезең ... жүреді, нәтижесінде ...

Энергетикалық алмасу кезеңдерінде түзілетін АТФ молекулалары ...

 Құндылықтар

Патриотизм, бүкіл өмір бойыоқу, академиялық шындық, топтық және жұптық жұмыс жасай білу, жауапкершілік, көшбасшылық.

 Пәнаралық байланыстар

Химия: химиялық реакциялар

Қазақ тілі: ауызша және жазбаша түрде митохондрияның құрысы мен қызметін сипаттау.

Өнер: митохондрия құрылысының моделін жасау.

 АҚТ қолдану

Электордық оқулықтарды қолдану, презентациялар.

 Алдыңғы білімдер

Физикалық жаттығулардың тыныс алуға әсері 8 сынып.

Тыныс алу . Қоршаған орта мен ағза арасындағы газалмасу үрдісі 8 сынып.

Анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісі, тыныс алудың химиялық реакциялар теңдеуі, анаэробты және аэробты тыныс алу үрдісінің бұлшықеттің қажуымен байланысы 9 сынып.

Сабақ барысы

Сабақтың этаптары

Жоспарланған қызмет түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин.

Амандасу, сабаққа дайындық.

Ынтымақтастық атмосферасын құру: «Шаттық шеңбері».

Жаңа сабақтың мақсатын құру: төмендегі сұрақтарды қою арқылы.

  • Тірі организмдердің негізгі энергия көзі?
  • Тірі организмдерде энергия қандай молекула түрінде түзіледі?
  • Асқорыту процесінің маңызы қандай?

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын айқындау.

Презентациялар

Сабақтың ортасы

6-9 мин.

10-13 мин.

14-19 мин.

20-30 мин.

31-35 мин.

(С) «Миға шабуыл»

Оқушылардан энергетикалық алмасуға қатысты үрдістерді атауды сұраңыз.

  • Нәруыз молекуласы асқорыту процесінің нәтижесінде қандай затқа дейін ыдырайды?
  • Майлар мен көмірсулар асқорыту процесінің нәтижесінде қандай затқа дейін ыдырайды?
  • Энергетикалық алмасудың соңғы өнімдері?
  • Тірі жасуша энергетикалық алмасу қандай кезеңдерден құралады?

(Т) Оқушыларға энергетикалық алмасу кезеңдерінің ретсіз жазылған тізімін беріңіз. Сол тізімді пайдаланып, үрдістің реттілігін анықтатыңыз және әр кезеңнің жүру орнын анықтауды ұсыныңыз.

  • Дайындық кезеңі;
  • Оттексіз;
  • Оттекті.

(Т/Ж.ж)(Б) Оқушыларға энергетикалық алмасу кезеңдері берілген «мылқау сызбаны» толтыруды ұсыныңыз.

Тақырып бойынша ақпартты түртіп лау әдісінің көмегімен оқу. Мылқау сызбаны тексеру.

Бағалау критерийлері:

  • Энергетикалық алмасу кезеңдерінің атаулары жазылған.
  • Энергетикалық алмасудың кезеңдерін сызбаның қажетті жеріне жазу.
  • Әр кезеңде жүретін үдерістерге қысқаша сипаттама берілген.

(М) Оқушыларға ұсынылған ресурстарды қолданып, гликолиз кезеңдері берілген сызбаны сипаттауды сұраңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Гликолиз үдерісіне кіретін заттарды атайды
  • Гликолиз үдерісіне соңында шығатын/түзілетін заттарды атайды
  • Гликолизде жүретін химиялық процестерді атайды, олардың маңызын сипаттайды.

Оқушылар гликолиздің сызбасымен жұымс жасап болған соң, гликолиз бойынша ақпарат таратылады. Оқушылар өздернің сипаттамаларын, талдауларын тексереді.

Презентация

Қосымша 1.

Қосымша 2.

АП1

Презентация

Қосымша 3.

АП2

Сабақтың соңы

36-40 мин.

Формативті бағалау жұмысы.

1.Тірі жасушада энергияның алмасу кезеңдерін біледі.

2.Энергия алмасу кезеңдерінде жүретін үдерістерді сипаттайды.

3.Энергия алмасудың әр кезеңінің ерекшеліктерін талдайды.

4. Гликолиз процесін сипаттайды.

Рефлексия: плюс, минус қызықты.

  • Маған бүгін жаңалық болды?
  • Маған бүгін қызықты болды?
  • Маған бүгінгі сабақта түсініксіз болды?

ФБ парағы

Стикерлер

Дифференциалдыоқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттерқоюдыжоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардыңберілгенматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексересіз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздікережелері

Оқушылыар бір-бірін бағалайды, жұптасып бағалау жұмысы.

Мұғалімнің бағалауы.

Сабақ барысында ауызша формативті бағалау жұмысы жүргізіледі.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақта физминутканы қолдану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу