Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3B бөлім: Үшбұрыштарды шешу | Мектеп: Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||
Күні: 18.02.2021 | Мұғалімнің аты-жөні: Бектеміс Бірғаным Ізтаңатқызы | |||
Сынып: 9 В | Қатысқандар саны:9 | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: | Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарының үшбұрыш ауданымен байланысы | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.2.2 үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады; | |||
Сабақ мақсаттары | -үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиусының ауданға қатысты формуласын қорытып шығарады және оларды есептеу барысында қолдануды біледі; | |||
Бағалау критерийлері | 1. Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиусының ауданға қатысты формуласын білемін; 2. Формуланы есептер шығару барысында қолдана аламын; | |||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты үшбұрыш ауданының іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарымен байланысын дәйектеп айта алады Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
ауданның жарты периметрге қатынасы ... болады | |||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | |||
Пәнаралық байланыстар | Физика, сызу | |||
АКТ қолданудағдылары | Презентация, интерактивті тақта: қайталау сұрақтары, сабақ тақырыбы, мақсаттары, мысалдар, суреттер көрсетіледі. | |||
Бастапқы білім | Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу. | |||
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Бірінші сабақ First lesson 2 мин | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
| Слайд 1-2 | ||
Сабақтың басы Тақырыпқа шығу 10 мин Т 15 минут ЖЖ 10 | Тақырыпты ашу. Оқушылар екі топқа өз қалаулары бойынша деңгейлестіріліп бөлінген.Мұғалім слайдта екі топқа берілген есептерді көрсетеді. Оқушылар есептерді шешу арқылы және суреттерді байланыстыру арқылы бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын ашады. Тақырып ашылған соң оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері талқыланады. Топтық жұмыс Оқушылар слайдтағы теоремаларды оқып, сабақта қолданылатын негізгі формулалармен танысады. Оқушылар жоғарыда бөлінген топ мүшелерімен, мұғалім берген топтық есептерді шығаруға кіріседі. Топтар өз каналдарында жұмыс жасайды. Бұл топтық жұмыс оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуды мақсат тұтады.Оқушылар алдыңғы екі теораманы өз бетімен дәлелдеу арқылы тақырыпты зерттейді. Топтық жұмыста мұғалім тарапынан кері байланыс болады.Оқушылар тапсырманы шығарып болған соң жалпы командаға келіп өз жұмысын қорғайды. Топтық есептерде дискрептор көрсетілген. Әр топ тапсырманы қорғап болған соң төмендегідей бағалау жұмыстары жүреді. 1-5 аралығында бағалайд. Қай топта жоғары балл ,сол топ жеңеді. Жеке жұмыс Оқушыларға жеке жұмыс ретінде әр оқушыға тапсырмалар кестесі көрсетілген. Оқушылар есепті шығару арқылы, өз жауаптарын дұрыс жауаптармен тексереді, қате шығарған оқушыларға мұғалім кері байланыс береді. Бағалау критерийі - Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиусының ауданға қатысты формуласын білемін; -Формуланы есептер шығару барысында қолдана аламын; | |||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс Оқушылардың сабақты түсіну, сабақ мақсатына қол жеткізу деңгейін анықтау үшін төмендегі сілтеме бойынша опростан өтеді.Бұл арқылы біз оқушылардан кері байланыс алып сабақ мақсатына жету деңгейін анықтаймыз. Үй тапсырмасы Оқушыларға үй тапсырмасы Теамс платформасында «Задание» арқылы беріледі. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Топта сұрақтар құрастыуда оқушылар әр деңгейде сұрақтар құрастырады. Жұппен жұмыста қабілеті жоғары оқушы жұбына көмектеседі (Жұппен жұмыс орындаудың алдында қабілеттерін ескере отырып өзім жұпқа бөлемін). | Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар жетістік критерийі арқылы бағаланады. | Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Кәсіби даму мақсаты:Коллабративті орта құру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру