Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті аймақтың) анықтау». Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: 9.1В Тірі ағзалардың көп түрлілігі.

Биосфера және экожүйе

Сабақ тақырыбы: Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті аймақтың) анықтау».

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаты

9.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану

9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)

Сабақтың мақсаттары

Тірі ағзалардың көптүрлілігін түсініп, бинарлы номенклатураны пайдалану

Бинарлы номенклатураның көмегімен түрлерді сипаттау (анықтағыш бойынша)

Бинарлы номенклатураның өмірдегі рөлін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • Түрді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолданады
  • Анықтауыш көмегімен түрлерді анықтайды

 Тілдік мақсат

Оқушылар:

Бинарлы номенклатураның көмегімен әр түрлі түрлерді сипаттай алады (жазылым және оқылым дағдылары)

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

X желілі құстар класына жатады, себебі …

Жәндіктер тобын сипаттау үшін пайдаланған тән сипаттар … қамтиды

Panthera leo мен Panthera tigris біржатады

Пәндік лексика және терминология

Қазақша: Жіктеу, таксономия, бинарлық жүйе, номенклатура, желілі, омыртқалы, қосмекенділер (амфибиялар), жорғалаушылар, құстар (жылы қандылар, жұмыртқа салушылар), сүтқоректілер, балықтар, буынаяқтылар, бунақденелілер, өрмекшітәрізділер, шаянтәрізділер, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар, басаяқтылар, бунақденелілер, түр, туыс, тұқымдас, тәртіп, топ, тип, патшалық, класс, қатар, отряд.

Орысша: Классификация, таксономия, бинарная система, номенклатура, хордовые, позвоночные, амфибии (земноводные), рептилии, теплокровные. яйцекладущие, птицы, млекопитающие, рыбы, членистоногие, паукообразные, ракообразные, парноногие, парнокопытные, непарнокопытные, головоногие, насекомые, вид, род, семейство, порядок, класс, тип, царство, класс, ряд, отряд.

Ағылшынша: classification, binary notation, nomenclature,

chordata, vertebrata, amphibia, reptilia, aves, mammalia, fish,

arthropoda, arachnida, crustacea, diplopoda, chilopoda, insecta,

species, genus, family, order, class, phylum, kingdom.

Құндылықтар

Құрмет:Жұпта және топта жұмыс жасағанда бір-бірлеріне құрмет көрсетеді, толық тыңдайды, өз ойын ашық жеткізеді

Жауапкершілік: түрлерді атау мен зертханалық жұмыс барысында анықтауыш көмегімен түрлерді өзі анықтайды, ұқыптылық пен жауапкершілігін көрсетеді

Пән аралық байланыс

Түрлердің таралу аймақтарын зерттеу география пәнімен байланысты

АКТ қолдану

Сілтеме ресурстарын, ақпарат көздерін, оқулықтарды, презентация қолдану арқылы жүзеге асырылады

Алдын-ала білімдер

7 сынып: жүйелеу, таксономия, дихотомиялық кілт бойынша білімдері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 5 минут

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру сабақты сілтемеде берілген өлеңмен бастауға болады

немесе

Өткен білімді еске түсіру сұрақтары талқыланылады:

Түрлердің көп түрлілігі дегенді қалай түсінесіз?

К.Линней туралы естідіңіз бе?

Бинарлы номенклатура ұғымын қалай түсінесіз?

Бинарлы номенклатураға мысал келтіре аласыз ба?

немесе

Сабақ басында қабыландар туысы мүшелерінің суреттерін көрсетуге болады:

Panthera leo (арыстан)

Panthera onca (теңбілшер)

Panthera pardus (қабылан)

Panthera tigris (жолбарыс). Осы суреттерді талқылау арқыл сабқ тақырыбын ашуға болады.

Таксономия туралы өлең қызығушылық тудыруы мүмкін:

http://www.youtube.com/watch?v=wic5unxEhDA&feature=related

Сабақтың ортасы

5-35 минут

(I) Оқушыларға патшалық, тип, топ, отряд, тұқымдастар, туыс және түр сияқты сөздерден тұратын карточкалар таратылады.

Содан кейін олар карточкаларды дұрыс ретімен қояды.

Жануарлар:Түр---туыс-----тұқымдас------отряд------топ----тип----патшалық

Өсімдіктер: түр---туыс----тұқымдас-----қатар-----бөлім-----патшалық

Тапсырма: Берілген тізбектегі өсімдіктердің жүйелік систематикасын құру тапсырмасы беріледі.

Дүние, Тип, Бөлім, Класс, Қатар, Отряд, Тұқымдас, туыс, түр, жануарлар, өсімдіктер, жоғары сатыдағы, төменгі сатыдағы, споралы, тұқымды, ашық тұқымды, жабық тұқымды, дара жарнақты, қос жарнақты, раушангүлділер, бұршақ, асқабақ, астық, раушантәрізділер, бұршақтәрізділер, итмұрын, жабайы итмұрын.

(T) Оқушыларға бір тұқымдастардың бірнеше көптүрлілігінің бірнеше биноминалды атауларын көрсету. Оқушыларға олардың арасындағы байланысты анықтауды тапсыру.

Мысалы: Жыртқыштар отряды, мысық тұқымдасы, Азиялық қабылан, қамыс мысығы, шағыл мысық, тау сілеусіні, қар барысы.Осы сөздерді пайдаланып классификация жасауды тапсыру. Осы жануарлардың отряды мен тұқымдасы берілген, олар одан жоғары таксономиялық топтарын анықтауы қажет. (осы тапсырма бойынша құрылатын кластер сабақ жоспарының төменгі жағында бар)

Зертханалық жұмыс. Анықтауыш көмегімен жергілікті аймақтың өсімдіктері мен жануарларын анықтау үшін жергілікті хайуанаттар бағына баруды жоспарласаңыз жақсы болар еді. Бұл зертхананы орындаудың ең қызықты тәсілі болады. Оқушыларға хайуанаттар бағындағы жануарлардың биноминалды атаулары таратылады. Содан соң олар барып, жергілікті атауды табулары қажет. Хайуанаттар бағының көпшілігі экранға түрлердің жергілікті және биноминалды атауларын шығарады, бірақ мұны ең алдымен тексеріп алу қажет.

немесе оқушыларға жергілікті аймақтың жануарлары мен өсімдіктерінің суреттері, ылғалды препараттары немесе кеппешөптері таратылады. Анықтауыш оқулықтар, дихотомиялық кілттер, дайын биноминалды атаулары беріледі. Оқушылар сол түрлерді анықтайды.

Кейбір бұрын бітірген оқушыларға қосымша тапсырма беруге болады

Мұғалімдерге қажетті кейбір негізгі ақпаратты мына мекен-жайдан қараңыз:

http://en.wikipedia.org/wiki/Binomial_nomenclature

http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/ehkologija

http://school-collection.edu.ru/catalog/rubr/8f5d7210-86a6-11da-a72b-0800200c9a66/20772/

Сабақтың соңы

36-40

Формативті бағалау жүргізіледі. Биноминалды номенклатурны пайдаланып, белгілі бір түрдің классификациясын жасау тапсырылады

Сабақ бойынша кері байланыс беріледі

Жұмыстар тексеріледі

Үй тапсырмасына: үйіндегі бір өсімдік немесе жануарды жүйелеу және түрін анықтау тапсырмасын беруге болады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ-мен байланыс

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелейтін элемент)

Кейбір оқушыға тапсырманың бірнеше нұсқауларын таратуға болады. Талдау сұрақтары қосымша сұрақтарды қамтиды.

Сыныппен немесе жұпта өсімдік және жануар түрлерін анықтауға өздері анықтауыш құруы мүкін. Кейбір оқушыға мұғалім көмегі қажет болады.

Сұрақтарға жауап және формативтік бағалауды қамтамасыз ету, зертханлық жұмыстарын бағалау, анықтауышты дұрыс қолданулрын бақылау

АКТ пайдаланылады.

Топта және жұпта жұмыс жасауда бір-бірін сыйлап, ынтымақтстық атмосферасында жұмыс жасау қажет.

Сыныпта қауіпсіздік ережесін сақтау қажет

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен?

Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).

Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?

Жануарлар бойынша дайын кластер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу