Төртбұрыштар. Есептер шығару. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулар
Сабақтың тақырыбы: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» тарауы бойынша қайталау.
Оқыту мақсаты:
8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;
8.1.1.11 трапеция анықтамаларын, түрлерін және қасиеттерін білу;
8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиеттерін дәлелдеу және қолдану.
Сабақтың мақсаты төртбұрыштың түрлері мен қасиеттерін қайталауға, оларды бекітуге және есептеулер мен дәлелдеулерде қолдануға бағытталған.
Сабақтың түрі: Өтілген материалдарды қайталау, жалпылау және жүйелеу.
Сабақтың басында оқушылардың назары 8-сынып геометрия курсынан «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» тарауы бойынша қайталау жүргізілетініне аударылады. «Терминологиямен ауызша жұмыс» арқылы оқушылар 4-слайдта берілген сөздердің үштігін атаулары қажет. Оқушылар жұпта бір-біріне терминдерді үш тілде айтып, өздерінің жауаптарын презентациядағы кесте бойынша тексереді. Берілген сөздерді қолданып, төртбұрыштың түрлерін ажыратып, қасиеттерін атайды. Әр оқушы көршілес сыныптасымен жұптасып, жасаған тұжырымдарына талдау жүргізеді. Оқушылар өз талдауларын тексеріп, қорытындылайды, осы қорытындыларына сәйкес теоремаларға назар аудару жұмысы жүргізіледі. https://bilimland.kz/kk/ сілтеме бойынша төртбұрыштардың анықтамасы мен қасиеттерін еске түсіреді.
Жұптық жұмыста берілген тапсырма бойынша оқушылар тіктөртбұрыш пен ромб қасиеттерін қолданып, есептер шығарады. Әр қатардағы оқушы өз нұсқасын орындайды, содан соң көршілес сыныптасымен жұптасып талдау жүргізеді.
Тест тапсырмасын да оқушылар жеке орындап, жауаптар кілті бойынша бағалайды.
Есептер шығаруда трапецияның қасиеттерін сауатты қолдану мақсатында оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
Жеке жұмыс.
Трапецияның орта сызығы 14 см. Диагоналдарының бірі орта сызықты айырмасы 4 см–ге тең екі кесіндіге бөледі. Трапецияның табандарын табыңыз.
Жауабы: Үлкен табаны 18см, кіші табаны 10см.
Бағалау критерийлері:
- трапеция анықтамаларын біледі;
- трапеция қасиеттерін білу;
- трапецияның орта сызығының қасиеттерін қолданады.
Өзін – өзі тексеру (слайд бойынша)
Бағалау критерийлері:
- трапеция анықтамаларын біледі;
- трапеция қасиеттерін білу;
- трапецияның орта сызығының қасиеттерін қолданады.
Осыдан кейін оқушылар тест тапсырмаларын орындайды, берілген жауаптар кілті бойынша өз жұмыстарын тексереді. Мұғалім әр оқушының материалды меңгеруіне сәйкес баға береді.
Үйде орындауға 2 тапсырма беріледі.
Оқушылардың өз жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруы үшін бағалау критерийлері алдын ала таныстырылғаны жөн. Жалпы жұп жұмысын келесі жұп критерийлер бойынша бағалайды.
Оқушы сабақ әр кезеңінде іс-әрекеттерін бағалап, талдау жүргізуі үшін бағалау парағын дайындауға да болады. Оқушының сабақ кезеңдеріндегі тарауды толық меңгерудегі өзін-өзі бағалауын мұғалім бақылап, қадағалайды.
Сабақ соңында «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» тарауын қайталау арқылы оқушылардың жинақтаған білімдері мен есеп шығару дағдылары бойынша қорытынды жасалып, рефлексия жүргізіледі.
Қолданылған әдебиеттер
Шыныбеков Ә.Н. Геометрия 8-сынып. Алматы, «Атамұра» 2012ж;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру