Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Сабақ: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы | Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар | ||||||
Сабақтың түрі | Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу; 8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану 8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: Пифагор теоремасын меңгереді, тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәндерін есептер шешуде қолданады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді; - есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді; - дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды; - берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын сауатты қолданады. Пәндік лексика мен терминология - тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі; - бұрышқа іргелес жатқан катет; - бұрышқа қарсы жатқан катет; -катеттердің квадраттарының қосындысы; - Египет үшбұрышы; - негізгі тригонометриялық тепе-теңдік; - перпендикуляр, проекция және көлбеу; - катеттердің гипотенузаға проекциялары; - геометриялық орта. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
катеттің квадраты ... тең. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сұрақтар қою, салыстыру жүргізу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал ету, бірлесіп проблеманы шешуге, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға дағдыландыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Үшбұрыштың ауданын табуды практикалық жағдайларда қолдану. | ||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Компьютерлік бағдарламаларды пайдалану. http://bilimland.kz сайттарындағы тапсырмаларды орындау. | ||||||
Бастапқы білім | Тікбұрышты үшбұрыш және оның элементтерінің анықтамалары туралы біледі. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері туралы біледі және оларды қолдану біліктілігі. Үшбұрыш теңсіздігі және үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар туралы біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қадағалайды. Үй жұмысына берілген тапсырманың шешімін екі оқушы ауызша түсіндіріп айтады, басқа оқушылар өз жұмысн тексеріп, білімінің деңгейін анықтайды
Жауабы: 650,1150 2. Трапецияның орта сызығы 7см-ге тең, ал табандарының бірі екіншісінен 4см артық. Трапецияның табандарын табыңыз. Жауабы: 5см, 9см. | ||||||
Сабақтың Ортасы 10 мин 22 мин | ІІ. Тақырыптарды қайталау «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар» Білімдерін нақтылау үшін жаппай сұрау Ауызша есептеулер 1. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катеті берілген. Екінші катетін табыңыз. Мұнда Жауабы: 2. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17 см, ал табаны 16 см . Үшбұрыштың табанына түсірілген биіктігін табыңыз. Жауабы: 15см 3. Ромбының диагональдары 5 м және 12 м, оның қабырғасын табыңыз. Жауабы: 6,5дм; 4. Тікбұрышты үшбұрыштың биіктігі гипотенузаны ұзындықтары 1 және 9 кесінділерге бөлсе, үшбұрыштың ауданын табыңыз. Жауабы: 15 ІІІ. Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру Сараланған тапсырмалар Тапсырманы оқушылар өздері өз деңгейіне байланысты таңдайды. А деңгей. 1-9- тапсырмалар. В деңгей. 10-16 - тапсырмалар. С деңгей. 17-21- тапсырмалар. Орындаған тапсырмасының шешуін сынып бөлмесінің әр қабырғасында ілінген шешімдермен салыстырады. Тапсырмаларды жеке орындайды, өзін-өзі бағалайды, жіберген қателерін мұғаліммен жеке талдап, талқылайды. Тексеру жұмыстарының қателіктерін талдау. Оқушылардың көпшілігі игере алмаған тапсырмаларды қарастырылады. Қатемен жұмыс жүргізіліп, қажет жағдайларда бағалау жұмысының жауаптары мен нұсқаулықтарын қолданып, оқушыларға жеке көмек көрсетіледі. | Дидактикалық материалдар | |||||
Сабақтың соңы 3 мин | ІV. Үй тапсырмасы.
А деңгей және В деңгей таңдаған оқушыларға - С деңгей. С деңгей таңдаған оқушыларға – В деңгей бойынша порталдан, тапсырмалар орындауға да болады. Кері байланыс Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстарды қолдануда өзіңізді енді суреттегі қандай адаммен сәйкестендіресіз? Неліктен? Стикерге нөмірі мен себебі қысқаша жазылады. | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылардың тақырыпты бекітуде сараланған тапсырмалар орындау барысында қабілеті жоғары оқушыларға жоғары талап қойылады. | Оқушылар ауызша есептер, сараланған тапсырмалар орындау арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды. | Сергіту сәтін ұйымдастыру | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||
Әдебиеттер:
- Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 16-24,78-83 беттер.
- Геометрия. Задачи на чертежах. 7-9кл._Э.Н.Балаян_Ростов на Дону. Феникс. 2013 -223с.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру