Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім

Мектеп:

ХББ НЗМ Қарағанды қаласы

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Сейлханов Д.С.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

8 сынып геометрия курсын қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 тікбұрышты үшбұрыштың кабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамаларын біледі;

8.3.3.6 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолданады;

8.2.4.4 калькулятордың көмегімен бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін есептей алады;

8.3.3.7 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табады;

 Сабақ мақсаттары

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар тақырыбын қайталау және тақырып бойынша есептер шығаруды бекіту.

 Жетістік ри критерийлері

Оқушы мақсатына жетті, егер:

  • «Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар» тақырыбының теориялық материалын біледі.;
  • Берілген материалды есептер шығаруда қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:

 Оқушылар:

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;

 - есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;

 - дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды;

 - берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын

сауатты қолданады.

Пәндік лексика мен терминология:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

- бұрышқа іргелес жатқан катет;

- бұрышқа қарсы жатқан катет;

-катеттердің квадраттарының қосындысы;

- Египет үшбұрышы;

- негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;

- перпендикуляр, проекция және көлбеу;

- катеттердің гипотенузаға проекциялары;

- геометриялық орта.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы анықтамасынан α бұрышына іргелес жатқан катет ... тең;
  • тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі анықтамасынан α бұрышына қарсы жатқан катет ... тең;
  • Пифагор теоремасын қолданып, ... табамыз;
  • негізгі тригонометриялық тепе-теңдік негізінде ...;

катеттің квадраты ... тең.

 Құндылықтарды

 дарыту

Оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызу. Өзара бағалай білуге үйрету. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Архитектура, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны көрнекі құрал ретінде қолдану

Бастапқы білім

7-8 сыныптардың геометрия курсы бойынша теориялық материалдарын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

I. Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуға

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға

көңіл бөлу қажет

Презентация

5 мин

8 мин

20мин

8 мин

II. Сабақ мақсатына орай бар білімдерді қалыптастыру мен дағдыларды дамытуға бағытталған іс-әрекет.

Іс-әрекет барысында ақпаратты талдау және өңдеу, зерттеу, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптасады және дамиды

IІІ. Карточка бойынша жеке жұмыс.

Тапсырма 1

Тікбұрышты үшбұрыш гипотенузасы 8 см,ал бір катеті 4см. Екінші катетті және үшбұрыштың сүйір бұрыштарын табыңыз.

Тапсырма 2

Берілгені:АВС

АВ=с.

Табу керек: АС, ВС, .

ІV. Есептер шығару.

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар тақырыбына сай, оқушылар жұппен есептер шығарады.

Оқушыларға қиындық тудырған есептерді, тақтаға шығарып,талқылайды.

Мұғалім оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалайды.

Критерии:

6 тапсырманың 8 тапсырмасы дұрыс.

V. Топпен жұмыс. Тарсия ойыны.

Оқушылар топпен Тарсия ойынының карточкаларын жинайды.

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Презентация

Қосымша 3

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Үй жұмысы.

Қосымша 4

Стикерлар

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

  • Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу