Төртбұрыштар. Есептер шығару. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.
Қосымша 1
«Параллелограмм» планетасы
- Параллелограмның екі қабырғасының қатынасы 3:7 қатынасына тең, ал оның периметрі 18 см. Параллелограмның қабырғаларын табыңдар.
- Параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 40° артық. Параллелограммның бұрыштарын табыңыз
«Тіктөртбұрыш» планетасы
- СКМN төртбұрышының С бұрышынан жүргізілген биссектриса оның КМ қабырғасын Е нүктесінен жүргізілген. КЕ кесіндісі МЕ кесіндісінен 3 см кем. СКМN периметрі 51 см болса, МN қабырғасын табыңыз.
- Ғарыш телімі қабырғалары 20 метр және 30 метр-ге тең тіктөртбұрышты пішінді. Басқа планеталық осы телімді шарбақпен қоршауды және дәл сондай шарбақпен бір бөлігі квадрат болатындай телімді екі бөлікке бөлді. Шарбақтың жалпы ұзындығын табыңыз.
«Квадрат» планетасы
«Көп ойланамыз, аз жазамыз».
- Паркет төсеуші, ағаштан квадраттарды кесіп, оларды былай тексерді: қабырғаларының ұзындықтарын салыстырды, егер барлық төрт қабырғасы тең болса, онда квадратты дұрыс кесілген деп тұжырымдады. Мұндай тексеру дұрыс па?
2) Екінші паркет төсеуші өз жұмысын басқаша тексерді: ол қабырғаларды емес, диагоналдарды салыстырды. Екі диагоналі бірдей болса, онда квадрат дұрыс кесілген деп тұжырымдады. Сіз де солай ойлайсыз ба?
3) Үшінші паркет төсеуші квадраттарды тексеру кезінде, диагоналдары бөлетін 4 бөлігі тең болса, онда квадратты дұрыс кесілген деп тұжырымдады. Мұндай тексеру дұрыс па?
«Ромб» планетасы
- Ромбтың бір бұрышы 120°-қа тең, ал кіші диагоналі
- Ғарыштық саябақтың аумағы ромб түрінде жасалады. Оның кейбір өлшемдері суретте көрсетілген. Парк қоршауының ұзындығын табыңыз.
«Трапеция» планетасы
1) Егер бұрыштарының біреуі 200 болса, тікбұрышты трапецияның бұрыштарын табыңыз.
2) Теңбүйірлі трапецияның диагоналы мен бүйір жағы арасындағы бұрыш 120 градусқа тең. Бүйір қабырғасы кіші табанына тең. Трапецияның бұрыштарын табыңыз.
Қосымша №2
Өздік жұмыс
1. АВСМ параллелограммның периметрі 40 см, ал АВ қабырғасы ВС қабырғасынан 4 см артық болса, оның қабырғаларын тап.
2. А бұрышы В бұрышынан 3 есе артық болса, ABСК параллелограммының бұрыштарын табыңыз.
3. Тең бүйірлі трапецияның бір бұрышы 75º болса, оның бұрыштарын табыңыз.
4. Егер , СД=4 см болса, АВСД тіктөртбұрышының диагоналдарын тап.
5 . ABCE ромбының A бұрышы тең. Ромбтың диагоналдары O нүктесінде қиылысады. BOC үшбұрышының бұрыштарын табыңыз.
Қосымша №3
Үй жұмысы.
1. АВСД параллелограммының периметрі 54 см, ал АВ қабырғасы ВС қабырғасынан екі есе артық болса, параллелограммның қабырғаларын тап.
2. А бұрышы В бұрышынан 40 градусқа кем болса, ABСД параллелограммының бұрыштарын табыңыз.
3. Тікбұрышты трапецияның бір бұрышы 120º болса, оның бұрыштарын табыңыз.
4. Егер , СД=6 см болса, АВСД тіктөртбұрышының диагоналдарын тап.
5. Төртбұрыштың айқыш қабырғаларына іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы тең. АВСД параллелограмм екенін дәлелдеңіз.
6. К доғал бұрышты МНРК ромбының диагоналдары Е нүктесінде қиылысады. РКЕ үшбұрышының бір бұрышы 30 градусқа тең. Ромбтың бұрыштарын тап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру