Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Ссабаққа қосымша
Сынып жұмысы тапсырмалары
- Фабрикада сумкалар жасайды. Орта емеппен 200 сумканың төртеуі жарамсыз болып келеді. Сатып алынған бір сумканың жарамды болуының ықтималдығын табыңыз.
- Орта есеппен сатылған 500 бақша насосының төртеуінен су ағады. Тексеруге алынған кез-келген бір насостың жарамды болуының ықтималдығын табыңыз.
- Емтиханда 125 сұрақ болды, Азама 5 сұрақты жаттамады. Емтихан кезінде оған жаттамаған сұрақ түсуінің ықтималдығын табыңыз?
- Қорапта 18 қызыл, 2 көк, 10 жасыл конфет жатыр. Оқушы кез-келген бір конфет алады. Алынған конфеттің қызыл түсті болуының ықтималдығы? Сары түсті болуы? Жасыл түсті емес болуы? Қызыл түсті емес болуы.?
Үй жұмысы
1. Такси фирмасында дәл қазір 35 машина бар: 11 қызыл, 17 көк, 7 жасыл. Тапсырыспен бір машина шығып кетті. Осы шыққан машинаның жасыл болуының ықтималдығын табыңыз.
2. Кездейсоқ сынақта үш ойын сүйегін лақтырды. Осы үш сүйектен шыққан сандардың 7 ұпай шығу ықтималдығын табыңыз.
3. Телефон пернетақтасында 10 цифр бар, 0 ден 9 дейін. Кез-келген басылған санның 4 болуының ықтималдығы.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру