Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Сабаққа қосымша 04.

Аялдамада орындалатын есептер

Аялдама №1. «Теңіздегі шайқас» ойынында бірінші жүрістен қарсыластың кемесіне тиюінің ықтималдығы қандай?

Аялдама №2. «Петя Сашаға «теңіздегі шайқас» ойынын: өзінің барлық кемесін алып тастап тек бір торкөздегі кемесін қалдырып ойнауды ұсынды. Егер Саша Петяның ұсынысын қабылдаса ұтуының ықтималдығын анықтаңыз.

Аялдама №3. Ойын сүйегін лақтырғанда шыққан санның жұп сан шығуының ықтималдығын қандай? Тақ сан?

Аялдама №4. Қорапта 20 шар бар. Олардың 7 ақ, 5 қара, қалғандары кемпірқосақ түтес. Алынған шардың кемпірқосақ түстес болуының ықтималдығы қандай?

Аялдама №5. Көпқабаты үйде 93 пәтер бос тұр, оның 3 пәтер бірінші қабатта, ал 6 пәтер соңғы қабатта. Бұл пәтерлер жеребе бойынша таратылады. Пәтерге ие болған тұрғынға бірінші және соңғы қабаттан пәтер алмауының ықтималдығы қандай?

Аялдама №6. Үш тиынды лақтырды. Берілген оқиғаның ықтималдығын табыңыз: а) үш елтаңба жағы түсуі, ә) кем дегенде бір елтаңба түсуі, б) елтаңба жағы түспеуі. (осы есепті шығару барысында алмастыру есептерін еске түсіріп шығаруға болады).

Аялдама №7. Қорапта 12 шар бар. Олардың 3 ақ, 5 қара, қалғаны көк түсті. Көк шардың шығуының ықтималдығы қандай?

Аялдама №8. Ойын сүйегін лақтырғанда 4 санынан кем санының шығу ықтималдығы қандай?

Аялдама №9. Қорапта 3 банан, 4 апельсин және 3 алма бар. Қораптан кездейсоқ алынған жемістің апельсин болуының ықтималдығы қандай?

Аялдама №10. Қорапта 15 шар бар. Олардың 3 ақ, 5 көк, 4 қызыл, 1 жасыл және 2 қара шар бар. Қораптан кездейсоқ алынған шардың ақ немесе қара шардың шығу ықтималдығы қандай?

Аялдама №11. Ойын сүйегін лақтырғанда 5-тен артық санның шығу ықтималдығы қандай?

Аялдама №12. Вазада 13 шоколадты, 7 мармеладты және 5 ирис конфет шатыр. Кездейсоқ алынған конфеттің ирис болуының ықтималдығы қандай?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу