Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Математика ӘБ жетекшісі: Ахмедиева Г. Б.

Сабақ № 004

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім: Базилева Ю.С., Искакова М.М,

Сынып: 10

Қатысқандар саны.

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A: Ықтималдық

Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.1.1 кездейсоқ оқиға, кездейсоқ оқиға түрлері туралы біледі және мысалдар келтіре алады

10.2.1.2 кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығын, ықтималдық қасиеттерін бойынша анықтау;

Сабақ мақсаты

Оқушылар сабақ соңында

  • Ықтималдықты табуды есептерді шығаруда қолданады

 Бағалау

критерийлері:

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

– ықтималдықты табу үшін есептер шығара алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

– ықтималдықты табу алгоритмін түсіндіреді;

– сынақтың қолайлы және ықтимал нәтижелерінің санын анықтау туралы түсініктеме беру;

– қолайлы сынақ туралы түсіндіреді.

Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды:

– кездейсоқ оқиға;

– мүмкін емес оқиға;

– ақиқат оқиға;

– оқиға ықтималдығы;

– оқиға нәтижесі;

– ықтималдық шарттары;

– толық ықтималдық формуласы;

– тәуелсіз оқиға.

Берілген сөз тіркестерін қолданады:

 оқиғаны үйлесімсіз деп атайды, егер оны …;

 оқиғаны ақиқат деп атайды, егер …;

 сынақ нәтижесі .... болса, мүмкін емес оқиға деп атайды

 берілген сынақта оқиға үйлесімсіз деп аталады, егер …;

 ақиқат оқиғаның ықтималдығы …;

 мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы….

Тілдік мақсаттар

Учащиеся будут

– объяснять, какие исходы являются благоприятными;

– объяснять алгоритм нахождения вероятности события;

– комментировать нахождение количества благоприятных и возможных исходов испытания.

Оперируют такими понятиями как:

– – случайные события;

– невозможные события;

– достоверные события;

– вероятность события;

– исход события;

– условная вероятность;

– формула полной вероятности;

– независимые события.

Используют такими клеше как:

 события называются несовместными, если они …;

 событие называется достоверным, если …;

 невозможным называется событие, которое в результате испытания…;

 случайные события называются несовместными в данном испытании, если …;

 вероятность достоверного события равна …;

 вероятность невозможного события равна….

 Құндылықтарды

дарыту

Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту;

 АКТ қолдану дағдылары

Оқыту барысында қолданатын презентация

Бастапқы білім

Әріпті өрнектерді оқи алуы және олармен жұмыс жасай алуы, мысал есептерді шығара алуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

б) жаңа үй жұмысын жазу:

Теорияны қайталау №№ 54.6-54.10

в) сабақтың жүру жоспарын түсіндіру

г) оқушыларды топқа бөлу (3 адамнан)

д) сыныптағы партаны шеңбер бойымен орналастыру және әр партаға Бэйдж «Аялдама № » және тапсырмалар жазылған парақты қою

е) оқушылармен топтық жұмыстың ережелерін талқылау

Әр партаға тапсырмалар жазылған қағаздар мен Бэйдж қою

Үй жұмысын тексеру (2 мин)

Мұғалім оқушыларға өз жұмыстарын тексеруді ұсынады. Бір оқушы үй жұмысы жауаптарын оқиды. Қалған оқушылар дәптерлеріндегі тапсырмалармен салыстырып, белгілеулер қояды

Оқушылардың жауаптарын тексеру барысында, қате жауабы бар оқушылардың жауаптарын түзетуге көмектесу

Сабақ мақсатын қою. Өткен тақырыппен жұмыс (1 мин)

Мұғалім оқушыларға сабақ мақсатын оқу мақсатына қарап құруды ұсынады

Сабақ мақсаты

Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын анықтау

Оқушылар оқиғаның ықтималдығын өз бетімен шығара алуы керек

Топтық жұмыс «Автобус аялдамасы» (35 мин)

Мұғалім оқушыларға «Автобус аялдамасы» ойынын ойнауды ұсынады.

Ұйымдастыру.

  • Уақытты бақылап отыру үшін таймерді қолдану. Әр тапсырманы орындау уақытын қою.
  • Қоңырау немесе шапалақты жұмыстың басталуы мен аяқталуын білдіруге қолдану
  • Әр топ бастапқы аялдамасын таңдайды.
  • Белгі берілгеннен кейін оқушылар әр партадағы берілген тапсырмаларды орындай бастайды..
  • 3 минуттан кейін келесі партаға өтуге белгі беріледі.
  • Топтағы оқушылар кез-келген бос тұрған аялдамаға ауыса алады және берілген тапсырмаларды орындайды.
  • 3 минуттан кейін тағыда ауысуға белгі беріңіз.
  • Осылай барлық топ 10 аялдаманы аяқтағанша жалғасады.

Жұмыс соңында топтарды жауаптарын тексеруге жинаңыз.

Сыныптағы оқушылардың деңгейіне байланысты аялдама санын өзгертуге болады және тапсырмалардың қиындық деңгейін өзгертуге болады. Топтағы оқушыларды саралаудың әртүрлі әдістерімен бөлуге де болады.

Сабаққа қосымша

Қосымшада оқушылар аялдамада орындайтын есептер берілген

Сабақ соңы

Қорытынды бөлімі

(3 мин)

1. Мұғалім оқушыларға діптерлеріне қиындық туғызған есептерді белгілеп қоюды ұсынады (көк пастамен емес)

2. Мұғалім үй жұмысна түсіндірме жүргізеді

Теорияны қайталау №№ 54.5-54.8

«Алгебра және анализ бастамалары, 10-11», Бөлім 2, Тапсырмалар

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар «жоғары-орташа-төменгі» схемасы бойынша ұйымдастырылды. Өйткені төмен деңгейлі оқушы өзінің қабілетін арттыру үшін, ал жоғарғы деңгейлі оқушы өзінің қабілетін одан ары дамыт алады.

1. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты, жаңа терминдерді түсіну деңгейін қадағалайды;

2. Оқушылар топтық жұмыс кезінде бағалауды бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды;

3. Кестемен жұмысты оқушылармен талқылау кезінде мұғалім оқушыларды бағалау критерийлеріне мән беруді ұсынады, осы арқылы оқушы өзінің мақсатқа жеткенін көре аллады;

4. Сабақ соңында оқушылардан оқу мақсатына жету туралы ауызша рефлексия алынды.

Жұмыс басталмас бұрын «көзге арналған гимнастика» жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Сабақ мақсаты анық және қолжетімді деп ойлаймын.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті.

Мақсат оқушылармен бірге құрылды, бағалау критерийлері талқыланды және мақсатқа жету жолы айтылды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Оқущыларда сабақта топқа бөлу жоспар бойынша жүргізілді

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Барлық сабақ кезеңдері жоспарланған кақыт бойынша өтті.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жоспардан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1: Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылған анимациялы презентация

2: Топтық жұмыс оқушыларды бір-бірін оқытуға ықпал етті.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Егер топтық жұмыс әр сабақ сайын өткізілмесе, онда топтық жұмыстың ережелерін түсіндіріп жіберу керек

2: Оқушылардың назарын өтілген тақырыптағы теориялық материалдарды оқуды, терминдерді жаттап алуды ұсыну керек.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушыда өз ойын еркін жеткізе алмауы. Өйткені оқушының математикалық тілде сөйлей алмауы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу