Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Математика ӘБ жетекшісі: Ахмедиева Г. Б.

Сабақ № 005

Сынып: 10

Қатысқандар саны.

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A: Ықтималдық

Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.1.1 кездейсоқ оқиға, кездейсоқ оқиға түрлері туралы біледі және мысалдар келтіре алады

10.2.1.2 кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығын, ықтималдық қасиеттерін бойынша анықтау;

Сабақ мақсаты

Оқушылар

  • «оқиға», «тәжірибе», «оқиға түрлері» түсініктерін есептерді шығаруда қолданады
  • Оқиғаның ықтималдығын табуға есептер шығаруды түсіндіре алады.

 Бағалау

критерийлері:

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

– ықтималдықтың анықтамын білсе;

– ықтималдықты табу алгоритмін таба алады;

– оқиғалардың қасиеттерін біледі;

– қарапайым жағдайда кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын таба алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

– ықтималдықты табу алгоритмін түсіндіреді;

– сынақтың қолайлы және ықтимал нәтижелерінің санын анықтау туралы түсініктеме беру;

– қолайлы сынақ туралы түсіндіреді.

Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды:

– кездейсоқ оқиға;

– мүмкін емес оқиға;

– ақиқат оқиға;

– оқиға ықтималдығы;

– оқиға нәтижесі;

– ықтималдық шарттары;

– толық ықтималдық формуласы;

– тәуелсіз оқиға.

Берілген сөз тіркестерін қолданады:

 оқиғаны үйлесімсіз деп атайды, егер оны …;

 оқиғаны ақиқат деп атайды, егер …;

 сынақ нәтижесі .... болса, мүмкін емес оқиға деп атайды

 берілген сынақта оқиға үйлесімсіз деп аталады, егер …;

 ақиқат оқиғаның ықтималдығы …;

 мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы….

 Құндылықтарды

дарыту

Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту;

 АКТ қолдану

дағдылары

Оқыту барысында қолданатын презентация

Бастапқы білім

Әріпті өрнектерді оқи алуы және олармен жұмыс жасай алуы, мысал есептерді шығара алуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

б) жаңа үй жұмысын жазу:

Теорияны қайталау №№ 54.9-54.10

в) сабақтың жүру жоспарын түсіндіру

«Алгебра және анализ бастамалары. 10-11», Бөлім 2, Тапсырма №54

Үй жұмысын тексеру (2 мин)

Мұғалім оқушыларға өз жұмыстарын тексеруді ұсынады. Бір оқушы үй жұмысы жауаптарын оқиды. Қалған оқушылар дәптерлеріндегі тапсырмалармен салыстырып, белгілеулер қояды

Оқушылардың жауаптарын тексеру барысында, қате жауабы бар оқушылардың жауаптарын түзетуге көмектесу

Теориялық материалдарды ауызша бағалау (10 мин)

Мұғалім презентацияны қолданып оқушыларға ауызша сұрақтар қоюды «Иә-Жоқ» ойыны түрінде жүргізеді. «Иә» және «Жоқ» қысқа жауаптары арқылы берілетін күрделіліг жоғары сұрақтар қояды. Оқушыларға сұраққа жауап беріп және сол жауапты толық ашып беруін ұснады.

Сұрақтар:

  • Ықтималдық теориясы – барлық кездейсоқ оқиғалардың сандық құбылыстарын зерттейтін математикалық ғылым
  • Ақиқат оқиға мүмкін орындалатын оқиға
  • Бірлеске оқиға – бұл оқиға тәжірибе кезінде тізбектес орындалады
  • Ықтималдықтар теориясы көзқарасы тұрғысынан оқиғаның шешімі бар ма?
  • Оқиға немесе мүмкін жағдай – тәжірибе нәтижесінде орындалуы да немесе орындалмауы да мүмкін кез-келген құбылыс.
  • Оқиға мүмкін емес деп аталады, егер сынақ нәтижесінде ол ешқашан орындалмайтын болса

Жұмыс барысында дұрыс жауап үшін мотивациялық сөздер шығады

«Егер суда жүзгіңіз келсе, онда қорықпай суға түсіңіз, ал егер есеп шығарып үйренгіңіз келсе, онда сол есепті шығарыңыз.

Д.Пойа»

Презентация

Тапсырмалармен жұмыс (10 мин)

Мұғалім оқушыларға тақтадағы есеп пен оның шығару жолына назар аударуын ұсынады. Есеп шығарылуында қателер жіберілген. Мұғалім оқушыларға сол қателіктерді тауып жөндеуді тапсырады.

Қатесіз шығарылған есептерді де қоюға болады.

Қатемен шығарылған есептерді тақтаға ертерек жазып қою керек.

Өзіндік жұмыс

(10 мин)

Мұғалім берілген тапсырмаларды жеке орындауды оқушыларға ұсынады.

Презентация

Сабақ соңы

Қорытындылау

(3 мин)

1. Мұғалім оқушыларға көрші отырған оқушыларға дәптерлерімен ауысып, дайын жауаптарымен тексеруді ұсынады. Жұмыс соңында дәптерді мұғалімге өткізу

2. Мұғалім үй жұмысына түсіндірме жүргізеді

№№ Теорияны қайталау №№ 54.9-54.10

Презентация

«Алгебра және анализ бастамалары, 10-11», Бөлім 2, Тапсырма, &54

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар «жоғары-орташа-төменгі» схемасы бойынша ұйымдастырылды. Өйткені төмен деңгейлі оқушы өзінің қабілетін арттыру үшін, ал жоғарғы деңгейлі оқушы өзінің қабілетін одан ары дамыт алады.

1. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты, жаңа терминдерді түсіну деңгейін қадағалайды;

2. Оқушылар топтық жұмыс кезінде бағалауды бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды;

3. Кестемен жұмысты оқушылармен талқылау кезінде мұғалім оқушыларды бағалау критерийлеріне мән беруді ұсынады, осы арқылы оқушы өзінің мақсатқа жеткенін көре аллады;

4. Сабақ соңында оқушылардан оқу мақсатына жету туралы ауызша рефлексия алынды.

Жұмыс басталмас бұрын «көзге арналған гимнастика» жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Сабақ мақсаты анық және қолжетімді деп ойлаймын.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті.

Мақсат оқушылармен бірге құрылды, бағалау критерийлері талқыланды және мақсатқа жету жолы айтылды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Оқущыларда сабақта топқа бөлу жоспар бойынша жүргізілді

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Барлық сабақ кезеңдері жоспарланған кақыт бойынша өтті.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жоспардан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1: Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылған анимациялы презентация

2: Топтық жұмыс оқушыларды бір-бірін оқытуға ықпал етті.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Егер топтық жұмыс әр сабақ сайын өткізілмесе, онда топтық жұмыстың ережелерін түсіндіріп жіберу керек

2: Оқушылардың назарын өтілген тақырыптағы теориялық материалдарды оқуды, терминдерді жаттап алуды ұсыну керек.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушыда өз ойын еркін жеткізе алмауы. Өйткені оқушының математикалық тілде сөйлей алмауы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу